Паллиативті көмек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Паллиативті көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
Хоспис
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары

Онкологияға кіріспе.Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Паллиативті көмектің психологиялық, әлеуметтік және рухани аспектілері. Хоспис. Қазақстан Республикасындағы хоспистер.

(сабақ тақырыбы)


Модуль/ пән атауы: Диагностика және емдеу 3/ «Паллиативтік көмек және онкология»

Дайындаған педагог: Қапсеметова Тоғжан Сержанқызы

2023 жылғы «____» ___________


1. Жалпы мәліметтер

    1. Курс: ІV

    2. Оқу жылы: 2022-2023.

    3. Топ:

    4. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы



2. Мақсаты, міндеттер: «Паллиативтік көмек және онкология» пәнінің оқу мақсаты:

Білімділік: «Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Паллиативті күтімді мейіргерлік үрдістің бес кезеңі бойынша жүргізіп, дәрігерлік және мейіргерлік диагноз айырмашылығын біліп, ұзақ, қысқа мерзімді мақсатты қоя білу. Халі нашар науқастарды тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу.

Дамытушылық: Болашақ мейіргерлерге паллиативті көмекті көрсету мақсатын түсіндіру, паллиативті пациенттердің физикалық, психикалық, рухани жағдайын анықтау дағдыларын дамыту. Білімгерлерді болашақта паллиативті науқастарға және олардың отбасының қайғысына ортақтасып, психологиялық көмек көрсете алатын өз күшіне сенімді жеке тұлға ретінде дамыту. Студенттерді мейіргерлік үрдіс кезеңдері бойынша 1 кезеңде науқас туралы обьективті және субьективті зерттеу жұмыстарын жүргізіп,толық ақпарат жинақтап,2 кезеңде мейіргерлік диагноз коя білуге және 3 кезең бойынша күтімге байланысты жоспар кұрып паллиативті науқастарға сапалы көмек жүргізуді үйрету. Мейіргерлік үрдіс бойынша тәуелді, тәуелсіз, аралас көмекті 4 кезеңде іске асырып, нәтижені бағалау дағдылырын дамыту. Дәрігер тағайындауларын жазып алып, уақытында орындап, науқас жағдайын дәрігерге бірден хабарлап асқынулар алдын-алу, және әр түрлі жүйелер мен ағзалардың қызметі бұзылған науқасты бақылауда және күтуде,жедел жағдайларда науқасқа дәрігергі дейін жедел көмек көрсетуді үйрету.

Тәрбиелік: Паллиативті науқасқа және оның отбасынының ауыр қайғысына жан ашырлықпен қарап, оларға психологиялық, мейіргерлік көмек көрсетуге тәрбиелеу. Паллиативті науқастармен болашақта жұмыс істегенде мейіргерлердің пациенттерге мейіріммен қарап, қайырымды, шыдамды болуға және науқастың денсаулығы үшін жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттерін дамытып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Жұқпалы аурумен ауырытын науқастарға күтім жүргізгенде мейіргердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдана білуді, науқастармен, олардың туысқандармен, қызметтестерімен қарым-қатынас жасағанда этико-деонтология сақтауға тәрбиелеу. Студенттерді хәлі ауыр науқастар кіші дәретін іш киімге , төсекке жіберіп қойса адамгершілік және аяушылық сезіммен қарап уақытысында күтім жасауға және ойылудың алдын-алып,күтім жүргізе білуді үйрету.

Пәнді игеру міндеттері: «Паллиативтік көмек және онкология» оқу пәнінің негізгі міндеттері:

1) Дәлелдік медицина тұрғысынан негізгі онкологиялық ауруларды, оның асқынуының алдын алуды, диагностикасын, клиникалық симптоматикасын, негізгі даму механизімін үйрету.

2) Онкологиялық науқасты қарау және емдеу кезінде аргументтер келтіру және мәселені шешу.

3) Социалды, этикалық және ғылыми сұрақтарды ескере отырып ішкі ағзалар ауруларының түйткілдері бойынша ақпаратты синтездеу, жинау және анализ жасау, ақпаратты компилирлеу, өз пікірін айту, халық алдында өзін ұстай білуге дағдыландыру.

4) Паллиативті көмектегі негізгі сұрақтарды мамандарға сонымен қатар, маман еместерге ақпаратты, ойды жеткізу; науқастарға салауатты өмір салты туралы нұсқаулар беру.

2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі :

Студент білуі тиіс:

«Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Паллиативті күтімді мейіргерлік үрдістің бес кезеңі бойынша жүргізіп, дәрігерлік және мейіргерлік диагноз айырмашылығын біліп, ұзақ, қысқа мерзімді мақсатты қоя білу. Халі нашар науқастарды тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу.

Студент істей білуі тиісті:

Паллиативті науқасқа және оның отбасынының ауыр қайғысына жанашырлықпен қарап, оларға психологиялық, мейіргерлік көмек көрсету. Паллиативті науқастармен болашақта жұмыс істегенде мейіргерлердің пациенттерге мейіріммен қарап, қайырымды, шыдамды болуға және науқастың денсаулығы үшін жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттерін дамыту. Жұқпалы аурумен ауырытын науқастарға күтім жүргізгенде мейіргердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдана білуі, науқастармен, олардың туысқандармен, қызметтестерімен қарым-қатынас жасағанда этико-деонтология сақтау.

3. Сабақты жабдықтау: презентация, оқулық.

3.1. Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бланк М. А., Бланк О. А. Фитотерапия в онкологии. – СПб.: Роза ветров, 2012. – 480 с.

  2. Болевой синдром в онкологии / под ред. М. Е. Исаковой. – М.: Практическая ме-дицина, 2011. – 384 с.

  3. Введенская Е. С. Паллиативная помощь: быть рядом с больным до конца… − Н. Новгород: Изд-во НГМА, 2011. – 356 с.

  4. Венедиктова М. Г., Доброхотова Ю. Э. Онкогинекология в практике гинеколога. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015. – 288 с.

  5. Ганцев Ш. Х., Старинский В. В., Рахматуллина И. Р., Кудряшова Л. Н., Султанов

3.2. Техникалық құралдар, материалдар: мультимедиялық тақта, теледидар, компьютер.

4. Сабақтың барысы:

4.1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут). – Сәлеметсіздер ме? – Отырыңыздар. – Кім кезекші? – Сабақта кім жоқ?

4.2. Оқытушының кіріспе сөзі (3 минут). Бүгінгі бірінші сабағымыздың тақырыбы: Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Паллиативті көмектің психологиялық, әлеуметтік және рухани аспектілері. Хоспис. Қазақстан Республикасындағы хоспистер.


4.3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40 минут).

Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Паллиативті көмектің психологиялық, әлеуметтік және рухани аспектілері. Хоспис. Қазақстан Республикасындағы хоспистер.


Жоспары:

1. Хоспис жайлы түсінік.

2. Палиативті көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері.

3. Паллиативті көмектің негізгі міндеттері

4. Қазақстан Республикасындағы хоспистер.


1. Хоспис жайлы түсінік.

Паллиативті көмек - деген өмірмен қоштасуға уақыты аз ғана қалған пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту. Оның ішінде пациенттерге және

олардың жақындарына психологиялық қолдау көрсету. Жалпы паллиативті көмектің негізгі мақсаты өмірден үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқан

адамдарға жарық дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріпе мейірім сыйлауға, тән азабын сездірмей ажалды саналы түрде қарсы алуға септігін

тигізу болып табылады.

Хоспис дегеніміз - қарттар үйіне немесе адаптация (бейімдеу) орталығына ұқсас мекеме. Хосписта науқастарға күтім (төсек-орын, тамақ, медбикелердің бақылауы) көрсетіледі. Қажетінше ауырсынуды басатын дәрі- дәрмек салынады, яғни симптомдық ем қолданылады

2. Палиативті көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері.

Паллиативтік көмек - дегеніміз, қатерлі ісіктердің асқынуларын мүмкіндігінше азайтуға арналған, науқастың жағдайына қарай қолдануға болатын медициналық көмек көрсету.

Паллиативтік көмек қатерлі ісікті толық емдеп шығу үшін емес, оның асқынуларын басып, науқастың өмірінің сапасын мүмкіндігінше жақсартуға арналған ем. Паллиативтік ем хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық тәсілдермен жүргізіледі және қосымша симптомдық ем қолданылады.

Палиативті көмек. «Паллиативті» термині латынның «pallium»: «бетперде» немесе «жамылғы» деген сөзінен шыққан. Бұл паллиативті көмек дегенді білдіреді: тегістеу – емделмейтін аурудың көрінуін жасыру немесе «қорғансыз» қалғандарды қорғау үшін сыртқы қабатын жамылғымен қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта паллиативті көмек –медициналық және әлеуметтік қызметтің маңызды бағыты. Оның мақсаты физикалық, психикалық, рухани – басқа да симптомдарды және ауырсынуды тоқтату, мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында алдын алу және қайғы - қасіреттерді жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар мен олардың отбасының өмір сапасын жақсарту.

Анықтамаға сәйкес паллиативті көмек:

қалыпты заңды үдеріс ретінде өмірді бекітеді және өлімді қарастырады;

өмір сүру мерзімін ұзарту немесе қысқарту ниеті жоқ;

науқастың мүмкіндігінше белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге тырысады;

- емделушінің ауыр науқастанған кезінде оның отбасына көмек ұсынады және ауыр қайғыдан кейінгі уайымдау кезеңінде психологиялық қолдау көрсетеді;

емделуші мен оның отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпаралық тәсілді пайдаланады

емделушінің өмір сүру сапасын жақсартады.

3. Паллиативті көмектің негізгі міндеттері

1. Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату.

2. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру

3. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыстарына психологиялық қолдау көрсету.

4. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу.

5. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру.

6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады

Өмірінің соңында арнайы паллиативті көмекті талап ететін науқастардың үш негізгі тобын анықтауға болады

1. 4-сатыдағы қатерлі ісігі бар науқастар

2. Терминалды сатыдағы ЖИТС науқастары

3.Дамудың терминалдық сатысындағы онкологиялық емес күшейген ауруы бар науқастар (жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі декомпенсациясы сатысы, ұмытшақ склероз, ми қанайналымының бұзылуынан болатын ауыр салдар және т.б.)

4. Қазақстан Республикасындағы хоспистер.

Паллиативтік орталық- соңғы тұрақ Алматы қаласында 1999 жылы салынған Қазақстандағы алғашқы хоспис қазір «Паллиативтік көмек орталығы» деп аталады. Бұл талай жанның соңғы тұрағы. Мыңдаған науқастың өмір жолын азапсыз аяқтауы үшін келіп, ажал үкімін күтетін жері.Елімізде мұндай орталық Павлодар,Өскемен, Қарағанды, Қостанай және Семей қалаларында бар. Жалпы мұндай орталықтар Европа елдерінде 70-80-ші жылдардан бастап салына бастаған екен. Бұл мекемелерде жұмыс істейтін арнайы мамандардың міндеті - айықпас дертке ұшырап, соңғы демін күтіп жатқандарға тән азабын сездірмей , моральдік-психологиялық көмек көрсете отырып, о дүниеге дайындау.

«Қазақстанда паллиативті көмекке мұқтаж 18 мың адам бар. Ол науқастардың 75 пайызы онкологиялық ауруларға шалдықса, 25 пайызы созылмалы, дауасыз дертке душар болып отыр. Қазір Қазақстан бойынша паллиативті көмек көрсететін 11 орталық бар. Сол 11 орталық аймақ және 9 қалада 75% онкологиялық аурулар 25 % созылмалы аурулар.

«Паллиативті көмек деген ұғым - Қазақстан қоғамына әлі сіңе қоймаған ұғым. Бірақ, әлемнің дамыған елдерінің медицинасы осы паллиативті көмекті қатар дамытып келеді. Өкінішке орай, Қазақстанда осы көмек түрі хоспистердің жұмысымен ғана байланыстырыла айтылады, ал елімізде хоспистер 1999-2000 жылдары пайда болған. Содан бері паллиативті көмек көрсету саласы көп дамыған жоқ. 2009 жылы "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы туралы" заң жобасы қабылданса да, 2013 жылы паллиативті көмек көрсетудің ұлттық стандарты қабылданса да, бұл сала әлі тиісті дәрежесіне жеткен жоқ.

Небәрі 20 жылда ел ішінде кешенді және тиімді паллиативтік көмек көрсету жүйесін құруға болатындығын дәлелдеген Данияның паллиативтік көмек көрсету жүйесі үлкен қызығушылық тудырады. Алғашқы хоспис пен үй жағдайында көмек көрсететін бригадалар Данияда 90-шы жылдардың басында пайда болды. Қазіргі уақытта Данияда 18 хоспис, 28 үй жағдайында көмек көрсететін жылжымалы қызметтер және үлкен клиникалар аясындағы паллиативтік медицина бөлімшелері бар. Сонымен қатар, Даниядағы хоспистердің барлығы дерлік мемлекет тарапынан қаржыландырылатынын және олардың жағдайлары Еуропа бойынша ең озық екенін атап айту керек.


4.4. Жаңа тақырыпты бекіту (10 минут).


  1. Хоспис дегеніміз не? (Хоспис дегеніміз - қарттар үйіне немесе адаптация (бейімдеу) орталығына ұқсас мекеме.)

  2. Паллиативті көмек көрсетудің міндеттері? (1. Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату.

2. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру

3. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыстарына психологиялық қолдау көрсету.

4. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу.

5. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру.

6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады)

  1. Паллиативті көмектің клиникалықтан айырмашылығы? (психологиялық көмек көрсетіледі)

  2. Қазақстандағы қазіргі паллиативті көмектің жағдайы? ( Қазақстанда паллиативті көмекке мұқтаж 18 мың адам бар. Ол науқастардың 75 пайызы онкологиялық ауруларға шалдықса, 25 пайызы созылмалы, дауасыз дертке душар болып отыр.)

  3. Қазақстандағы алғашқы хоспис қайда ашылды? (1999 жылы Алматы қаласында)


4.5. Баға қою (5 минут)


5 Сабақ бойынша рефлексия (2 минут)


6. Үй тапсырмасы (3 минут)


А) Дәрісті оқу, мазмұндау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2023
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі