Материалдар / «Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Медициналық колледж студенттері, мейіргер ісі пәні оқытушылары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2020
11493
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Оқу- әдістемелік құрал



Пәні: «Мейіргер ісі негіздері»

Мамандығы: 0302000 «Мейіргерлік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»



Тақырып:

«Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.»

«Үй жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.»













Құрастырған: Кулмырзаева Э.С.



























Тақырыптық оқу- әдістемелік құралдың мазмұны

  1. Жұмыс оқу бағдарламасынан үзінді- 4-5 беттер

  2. Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары- 6-13 беттер

  3. Оқытудың міндеттері, тақырыптың негізгі сұрақтары, дәрістің мазмұны, дәріс- 14-16 беттер

  4. Стандартты операциялық рәсімдер, стандарттар- 16-30 беттер

  5. Жағдаяттық тапсырмалар жауабымен- 30-34 беттер

  6. Тест тапсырмалар- 35-38 беттер

  7. Тест жауаптары- 39 бет

  8. Бақылау сұрақтары- 39 бет

  9. Қолданылған әдебиеттер- 39 бет

  10. Қосымша №1 - дидактикалық материалдар: фотосүреттер , кластерлер,венн диаграмма,сөзжұмбақтар,ребустар, бейнетаспалар,презентация.



































Жұмыс бағдарламаСЫнАН үзінді

11

Құзыреттілік тарауы- С


Оқыту модулі-С 1


Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.


6

«Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Өмір сонында медициналық қызмет көрсетуге кедергі болатын факторлар. Паллиативті күтімнің этикалық аспектілері. Хоспис және паллиативті емдеудің тәжірбиелі қызметі. Паллиативті емдеу сапасын жоғары көтерудегі мейіргер рөлі. Күтім түсінігі (жалпы, арнайы, компенсациялықалмастыратын).

Ойылуды алдын алу және емдеу. Жеке бастын гигиенасын сақтауды қамтамасыз

ету.Төсек ыңғайлығына қойылатын талаптар, төсек орын ауыстыру тәсілдері.

Дене биомеханикасы және эргономика түсінігі. Пациентті ауыстырудағы негізгі ережелер, эргономиканың техникалық құралдары.

Паллиативті пациенттерді бақылау және күтім көрсету. Пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз ету. Пациенттің жағдайын бақылауды, АҚ өлшеуді, пульсті қадағалауды, ТАЖ санауды, температураны өлшеуді қамтамасыз ету. Ағзаның түрлі функциялар-

ның бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудын

ерекшелік-

тері. Клизма қою, асқазан жуу, қуыққа катетериза-

ция жүргізу техникасы.

Тестер

Есептер

Фотосүрет-

тер

Слайдтар

Стандарттар

ҚР денсаулық сақтау министрлігі-

нің бұйрықтары

Дезинфектан-

тар

Ыдыстар

Антисептик-

тер

Күтім заттар

Дәрет қабылдағыш-

тар

Төсеніштер

Тонометрлер

Дәріс


Оқулықтар:

Муратбекова С.К.

167-170 бет

Байболина А.Т.

182- 191 бет

Момынов Е.Ө.

169-175 бет

Стандарттар

Дәріс


12

Оқыту модулі- С 2


Үй жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.


6

Пациенттің туыстарын үй жағдайында паллиативті күтімнің этикалық нормаларына үйрету. Пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз ету. Ойылуды алдын алу және емдеу. Пациенттің жағдайын бақылауы бойынша күнделік жүргізу. Ағзаның түрлі функциялары-

ның бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудың ерекшеліктері. Пациентті ауыстырудағы негізгі ережелер, эргономиканың техникалық құралдары.


Пациентті өзіне өзі көмек көрсетуді үйрету. Пациент туыстарына пациенттің жеке гигиена ережерелерін сақтауын, дұрыс тамақтану тәртібін, төсек ыңғайлығын қалыптастыру және төсек орын ауыстыру тәсілдерін үйретуді қамтамасыз ету. Пациенттің жағдайын бақылауды, АҚ өлшеуді, пульсті қадағалауды, ТАЖ санауды, температураны өлшеуді қамтамасыз ету. Клизма қою, асқазан жуу, қуыққа катете-ризация жүргізу техникасы.

Дәріс

Тестер

Есептер

Фотосүрет-

тер

Слайдтар

Стандарттар

ҚР денсаулық сақтау министрлігі-

нің бұйрықтары

Дезинфектантар

Ыдыстар

Антисептик-

тер

Күтім заттар

Дәрет қабылдағыштар

Төсеніштер

Тонометрлер

Дәріс

Оқулықтар:

Муратбекова С.К.

171-175 бет

Байболина А.Т.

192- 193 бет

Момынов Е.Ө.

176-185 бет

Стандарттар




Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары- 270 мин

Пән: Мейіргерлік ісі негіздері

Тобы, мамандығы, курсы:_________________________________________________________

Күні____________________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.

Сабақтың түрі: клиникаға дейінгі тәжірибе,жаңа практикалық білімді және шеберлікті үйрету.

Оқыту формалары мен әдістері : ауызша түсіндіру, муляждан көрсетіп түсіндіру.Паллиативті көмекті ұйымдастыру ,пациенттерді күту ерекшеліктерін меңгеру үшін презентациялар, фотосуреттер, бейнетаспалар көрсету арқылы талқылау және үйрету.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:«Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Паллиативті күтімді мейіргерлік үрдістің бес кезеңі бойынша жүргізіп ,дәрігерлік және мейіргерлік диагноз айырмашылығын біліп , ұзақ,қысқа мерзімді мақсатты қоя білу. Халі нашар науқастарды тамақтандыру.Науқастың функциональді жағдайын бағалау.Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу.

Дамытушылық: Болашақ мейіргерлерге паллиативті көмекті көрсету мақсатын түсіндіру, паллиативті пациенттердің физикалық,психикалық,рухани жағдайын анықтау дағдыларын дамыту.Білімгерлерді болашақта паллиативті науқастарға және олардың отбасының қайғысына ортақтасып,психологиялық көмек көрсете алатын өз күшіне сенімді жеке тұлға ретінде дамыту. Студенттерді мейіргерлік үрдіс кезеңдері бойынша 1 кезеңде науқас туралы обьективті және субьективті зерттеу жұмыстарын жүргізіп,толық ақпарат жинақтап,2 кезеңде мейіргерлік диагноз коя білуге және 3 кезең бойынша күтімге байланысты жоспар кұрып паллиативті науқастарға сапалы көмек жүргізуді үйрету. Мейіргерлік үрдіс бойынша тәуелді ,тәуелсіз,аралас көмекті 4 кезеңде іске асырып, нәтижені бағалау дағдылырын дамыту. Дәрігер тағайындауларын жазып алып, уақытында орындап, науқас жағдайын дәрігерге бірден хабарлап асқынулар алдын-алу, және әр түрлі жүйелер мен ағзалардың қызметі бұзылған науқасты бақылауда және күтуде,жедел жағдайларда науқасқа дәрігергі дейін жедел көмек көрсетуді үйрету.

Тәрбиелік: Паллиативті науқасқа және оның отбасынының ауыр қайғысына жан ашырлықпен қарап,оларға психологиялық,мейіргерлік көмек көрсетуге тәрбиелеу .Паллиативті науқастармен болашақта жұмыс істегенде мейіргерлердің пациенттерге мейіріммен қарап, қайырымды,шыдамды болуға және науқастың денсаулығы үшін жауапкершілік,ұқыптылық қасиеттерін дамытып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Жұқпалы аурумен ауырытын науқастарға күтім жүргізгенде мейіргердің техникалық  қауіпсіздік ережелерін сақтап, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдана білуді, науқастармен, олардың туысқандармен, қызметтестерімен қарым-қатынас жасағанда этико-деонтология сақтауға тәрбиелеу. Студенттерді хәлі ауыр науқастар кіші дәретін іш киімге ,төсекке жіберіп қойса адамгершілік және аяушылық сезіммен қарап уақытысында күтім жасауға және ойылудың алдын-алып,күтім жүргізе білуді үйрету.

Пән аралық байланыс: 1. «Латын тілі» - анатомиялық, фармацевтік терминологиялар:паллиатив инкурабельді пациент , катетр , суппозиторий, парентеральді, энтеральді, сублингвальді және т.б. Сұрақтар: 1) Паллиатив терминін қалай түсінесіз? 2) Инкурабельді науқас терминін қалай түсінесіз?

2.«Фармакология негіздері» - қатты және жұмсақ дәрілік түрлері, сүйық дәрілік түрлері, инъекцияға арналған дәрілік түрлері, олардың әсері;ұлы, күшті әсер ететін, есірткі және есенгірету әсері бар дәрілерді жазып алу. 1) Есірткі әсері бар дәрілерді атаңыз?

3.«Қалыпты физиология» - Ағзаның түрлі жүйесінің физиологиясы.Сұрақтар: 1) Ауыз арқылы дәрілер қалай сіңеді, механизмі;2) Тік ішек арқылы дәрілер қалай сіңеді, механизмі;3) Ағзада өкпе қандай қызмет атқарады?

4.« Психология және коммуникативті дағдылар негіздері»- Паллиативтік көмек,күтім көрсетуде психологиялық ерекшеліктерді ескеру, эмоциялық күю синдромын жете меңгеру,психологиялық мәселелерді шешу. Сұрақ:1.Харди бойынша мейіргерлер типтарын атаңыз?

5.«Жұқпалы аурулары»- терминалды сатыдағы ЖИТС науқастарды күтіміндегі қауіпсіздік ережелері,дезинфекциялайтын ертінділерді қолдану,қолдың деконтаминациясы; ҚР ДСМ № 111 23.04.13ж.

6.«Жалпы хирургия»- асептика және антисептика ережелері,ойылуды емдеу. Сұрақ:1. Асептика және антисептика түсінігі қалай түсінесіз?

Пән ішілік байланыс: «Мейіргер ісінің философиясы. Кәсіптік этика және деонтология.». 2.Байболина А.Т.-182- 191 бет

3.Момынов Е.Ө.-169-175 бет

«Медициналық мекемелердің түрлері. Әртүрлі медициналық мекемелер түрлеріндегі мейіргерлердің лауазымдық міндеттері». «Аурухана ішілік жұқпалы ауру. Жұқпалы ауруды бақылау. Жұқпалық қауіпсіздік. Медициналық қалдықтарды жинау, зиянсыздандыру және сақтау» 2.Байболина А.Т.-182- 191 бет

3.Момынов Е.Ө.-169-175 бет

, «Медициналық мекемелеріндегі санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар. Зарарсыздандыру.» «Терминалды жағдай. Мәйітпен жұмыс істеу ережесі».Нурманова

«Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері» тақырыбының көрнекі құралдар тізімі (қосымша 1):

І.Оқулықтар :

1.«Муратбекова С.К.-167-170 бет

2.Байболина А.Т.-182- 191 бет

3.Момынов Е.Ө.-169-175 бет

4. «Латын тілі» -С.Қ.Мұратбекова,Г.Қ.Сердалина 99 бет Астана -2011ж

5.«Фармакология негіздері» - Сұлтанов М.Ә., Ербасова А.А. 24-115 беттер, Шымкент 2008ж

6.«Адам физиологиясы » -Х.К.Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов Алматы 2012ж

7.« Коммуникативті дағдылар »- Молотов-Лучанский В.Б.,Мациевская Л.Л.,Цаюкова М.М

70-72 беттер,Караганда-2009ж.

8.«Жұқпалы аурулар » Ұ.А .Маемер 28-30 беттер ,Алматы «Асем- Систем» 2008ж

9. «Хирургия аурулары және мейірбикенің ісі »- Р.Ә.Әбижанова,С.С.Шомыров 23-26 бет, Асем 2006ж

Фотосуреттер «Паллиативті көмек», бейнетаспалар : «Қазақстандағы паллиативті көмек », «Хоспис –өмір күзі», «Балалар хосписі»,кластерлер,сөзжұмбақ,ребустар.

2.Үлестірме материалдары: мейіргерлік технологиялық стандарттар, бақылау сұрақтары, тестілік түрдегі тапсырмалар ,жағдаяттық тапсырмалар,ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары,дезинфектантар,антисептиктер,күтім заттары,дәрет қабылдағыштар,төсеніштер,тонометрлер.

Сабақ өтілетін орын: Мейіргер ісі негіздері №403 оқу бөлмесі

Тәжірибелік сабақты өткізу уақыты – 270 минут


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!