Пән мен тілді қатар дамыту:CLIL әдісі білім беру жүйесінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пән мен тілді қатар дамыту:CLIL әдісі білім беру жүйесінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада пән мен тілді кіріктіре оқытудың тиімді әдісі-CLIL технологиясының маңызы мен ерекшеліктері қарастырылады.Әдістің оқушылардың тілдік және пәндік дағдыларын қатар дамытуға ықпалы нақты деректер арқылы сипатталады.CLIL-үштілді білім беру жүйесін қолдаудың заманауи жолы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қағазбаев Ж.А.,Жумахан Б.Б

ПӘН МЕН ТІЛДІ ҚАТАР ДАМЫТУ:CLIL ӘДІСІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті

Аннотация.Бұл мақалада пән мен тілді кіріктіре оқытудың тиімді әдісі-CLIL технологиясының маңызы мен ерекшеліктері қарастырылады.Әдістің оқушылардың тілдік және пәндік дағдыларын қатар дамытуға ықпалы нақты деректер арқылы сипатталады.CLIL-үштілді білім беру жүйесін қолдаудың заманауи жолы.

Кілт сөздер:CLIL технологиясы,Қосарлы құзыреттілік,Шет тілін меңгеру,Интеграциялық әдіс

Дэвид Марштың айтуынша CLIL — бұл оқушылардың шет тілін пән арқылы үйреніп, ал пән мазмұнын сол тіл арқылы меңгеруіне мүмкіндік беретін кіріктірілген тәсіл [Марш, 1994].

CLIL әдісінің тарихы

CLIL (Content and Language Integrated Learning) әдісі алғаш рет 1990-жылдары Еуропада пайда болды. Бұл әдістің негізін қалаушы — Дэвид Марш (Ювяскюля университеті, Финляндия, 1994), ол CLIL-ді оқушылардың пәндік білімін шет тілі арқылы меңгеріп, сол тілдік дағдыларын бір уақытта дамытуға мүмкіндік беретін тәсіл деп сипаттаған.1990–2000 жылдары CLIL әдісі Еуропаның бірнеше елінде (Италия, Испания, Финляндия) мектептерде енгізілді. Ал 2000 жылдан бастап ол әлемдік білім беру тәжірибесінде кеңінен таралып, оқыту процесінде екі негізгі мақсатқа қызмет ететін әдіс ретінде танылды:

1.Пәнді шет тілі арқылы меңгеру

2.Пән мазмұны арқылы шет тілін меңгеру

CLIL технологиясы - пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. "CLIL" терминін 1994 жылы ғылыми айналысқан Дэвид Марш оқыту жағдайларын белгілеу п пәндер немесе жеке бөлімдері "қосымша" тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын.

Мақсаты- бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады.

Мағынасы- өзге пәндерді шет тілінде тілдік-пәнаралық байланыс арқылы оқыту. Нақтылап айтқанда, кез келген оқу бағдарламасындағы пәнді бір уақытта екі тілде де оқыту (өз тілі+шет тілі)

CLIL әдісінің 4 негізгі құрылымдық принциптері:

1. Content (Мазмұн)

«Мазмұн» өрісі оқушылар меңгеретін пәндік білім мен дағдыларды білдіреді. Бұл — CLIL әдісінде тілдік оқытумен қатар жүретін пәндік құрам (мысалы, математика, жаратылыстану, тарих) немесе тақырып (мысалы, тұрақты даму, жаһандану) болуы мүмкін. Мазмұн оқыту бағдарламасында белгіленген білім, түсінік, дағды деңгейлерін қамтиды.

2. Communication (Қарымқатынас / Тілдік қолдану)

«Қарымқатынас» компоненті тілдің ролін көрсетеді: оқушы шет тілін үйрену үшін емес, оқу арқылы қолдана білуі тиіс. Яғни, тіл — оқыту құралы және оқытудың объектісі. Бұл жерде тілдік дағдылар (тыңдау, сөйлесу, оқу, жазу) пәндік контекст арқылы дамытуға бағытталады.

3. Cognition (Ойлау / Танымдық процесc

«Танымдық» компоненті оқушының пәндік мазмұн мен тілдік материал арқылы ойлау, түсіну, талдау, синтез және бағалау сияқты жоғары деңгейдегі танымдық процестерін дамытуды мақсат етеді. CLILоқытуда оқушы жай ақпаратты қабылдап қана қоймайды — өз бетімен ойлап, жаңа білімді құрастырады.

4. Culture (Мәдениет / Мәдениаралық түсінік)

«Мәдениет» компоненті оқушылардың өзінің мәдениетімен қатар басқа тілдегі мәдениетті де түсінуін, мәдениаралық сезім мен құзыреттілігін дамытуын көздейді. Бұл — көптілді және көпмәдениетті әлемде жұмыс істейтін тұлға қалыптастыру үшін маңызды. CLILоқытуда тіл мен пәнге қоса оқушылардың мәдениәлеуметтік контексті қарастырылады.


CLIL әдісінің негізгі міндеттері:

CLIL әдісінің басты міндеттері оқушылардың пәндік білім мен шет тілін біртұтас жүйе ретінде меңгеруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың қостілділік пен қосмәдениеттік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Бұл әдістің көмегімен оқушылар пән мазмұнын шет тілінде түсініп, ақпаратты талдау, салыстыру және сыни тұрғыдан бағалау қабілеттерін дамытады, сонымен қатар оқыту процесін интерактивті және қатысымды етіп ұйымдастыру арқылы белсенді оқу дағдыларын жетілдіреді (Marsh, 1994; Coyle, Hood & Marsh, 2010).

CLIL әдісінің мүмкіндіктері:

-Халықаралық деңгейде білім беру сапасын арттыруға жағдай жасайды,себебі оқушылар көптілді ортаға бейімделеді;

-Танымдық қабілеттерді (сыни ойлау,талдау,синтездеу) дамытады;

-Тілдік кедергіні жояды,себебі тіл-тек мақсат емес,пәнді меңгерудің құралына айналады;

-Пәнаралық байланысты нығайтады,тіл мен пән арасындағы шекараны жоя отырып,білімнің тұтастығын қалыптастырады;

-Оқушылардың халықаралық академияда және кәсіби ортада еркін әрекет етуге дайындайды

CLIL әдісінің артықшылықтары:

1. CLIL және ми когнитивтік пластикасы

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, CLIL әдісі тек тілдік дағдыларды емес, миның нейропластикасын белсенді түрде арттырады.Яғни, бір мезгілде пән мен тіл үйрену ми нейрондарының байланысын күшейтіп, ақпаратты тез өңдеуге және есте сақтауға мүмкіндік береді.

2. CLIL және интердисциплинарлық инновация

Кейбір мектептерде CLIL тек тіл пәнімен шектелмей, математика, физика, биология сияқты STEM пәндерін шет тілінде оқытуда қолданылады.Бұл пәндердің бір-бірімен байланысын жақсартып, интеграциялық ойлауды дамытады.

3. CLIL және цифрлық технология

Қазіргі заманда CLIL сабақтарын VR/AR платформаларында өткізу, интерактивті онлайн құралдарды пайдалану арқылы тиімділігін арттыруға болады.

Мысалы, оқушы виртуалды лабораторияда ағылшын тілінде тәжірибе жасап, пәндік және тілдік дағдыларын бірге дамытады.

4.Когнитивтік икемділікті арттыру

CLIL оқушыны бір мезгілде пәндік мазмұнды түсініп, шет тілінде ақпаратты өңдеуге мәжбүр етеді. Бұл ми үшін “кофликтілік” тапсырма болып, когнитивтік икемділікті — жаңа ақпаратты жылдам қабылдап, логикалық байланыстарды құру қабілетін арттырады. Яғни, оқушы тек тіл үйреніп қана қоймай, ойлау жылдамдығы мен адаптивтілігін дамытады (Coyle, Hood & Marsh, 2010).

5.Мәдени кодтарды интеграциялау қабілеті

CLIL сабақтары тек тіл мен пәнді емес, сонымен қатар мәдени контексті де біріктіреді. Мысалы, тарих немесе әдебиет сабақтарында шет елдің мәдениетін зерттеу арқылы оқушы өз мәдениеті мен басқа мәдениет арасындағы айырмашылықтарды салыстырып, көпмәдениеттілік пен мәдени кодтарды түсінуді үйренеді. Бұл болашақта халықаралық ортада тиімді әрекет етуге ерекше мүмкіндік береді.


CLIL әдісінің нәтижесі:

1. Көп тіл білетін, басқа ұлттардың салт-дәстүрлерін қадірлей білетін мәдениетті, отансүйгіш тұлға болып қалыптасады

2. Білім алушы бір мезгілде екі тілді меңгереді.

3. Толеранттық тұлға болып қалыптасады

4. Білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді

5. Пәндік және тілдік білімді қатар меңгерген,Қостілді әрі Қосмәдениетті тұлға қалыптасады

Зерттеудің өзектілігі – CLIL әдісінің қазіргі білім беру кеңістігінде интеграциялық, коммуникативтік және практикалық бағыттарды біріктіретін әмбебап құрал екендігінде. Бұл тәсіл Қазақстандағы үштілді білім беру тұжырымдамасының мазмұнын нақты іске асыруға мүмкіндік береді. CLIL (Content and Language Integrated Learning) әдісін зерттеу Қазақстандағы Үштілді білім беру саясатын тиімді жүзеге асырудың негізгі тетігі болып табылады. Елдің білім беру жүйесі халықаралық стандарттарға бейімделіп жатқан қазіргі кезеңде пән мен тілді кіріктіре оқыту тәсілі оқушылардың көптілді және көпмәдениетті тұлға ретінде қалыптасуына нақты жағдай жасайды. CLIL әдісі оқыту процесінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің үйлесімді қолданылуын қамтамасыз етіп, тілдік және пәндік құзыреттердің қатар дамуына ықпал етеді.

CLIL әдісінің болжамды кемшіліктері

CLIL технологиясын білім беру процесіне енгізу барысында бірқатар әлеуметтік-лингвистикалық және әдістемелік шектеулердің туындау қаупі бар. Ең алдымен, оқу пәндерін шет тілінде меңгеру оқушылардың ана тілін қолдану белсенділігін төмендетіп, нәтижесінде қазақ тілінің ғылыми дискурстағы орнын әлсіретуі ықтимал. Мұндай жағдай ұлттық терминологиялық жүйенің дамуын баяулатып, ғылыми ұғымдарды ана тілінде дәл және толық жеткізуде қиындық тудырады.

Сонымен қатар, CLIL сабақтарының құрылымында басым екпін шет тіліне қойылғандықтан, кейбір оқушылар пәннің мазмұнын терең түсіне алмауы мүмкін. Бұл әсіресе күрделі жаратылыстану немесе техникалық пәндерде айқын байқалады, себебі тілдік тосқауыл ақпаратты қабылдау мен ұғыну процесін баяулатады. Мысалы, оқушы ағылшын тілінде терминдерді жаттап алғанымен, олардың мағынасын қазақ тілінде нақты түсіндіріп бере алмауы ықтимал (Coyle, Hood & Marsh, 2010).

Тағы бір маңызды шектеу — педагогтердің екітілді кәсіби даярлығының жеткіліксіздігі. CLIL әдісін тиімді жүзеге асыру үшін мұғалім бір мезетте әрі тілдік, әрі пәндік құзыреттілікке ие болуы тиіс. Алайда мұндай мұғалімдердің үлесі аз болғандықтан, әдістің сапалы орындалуы әрдайым қамтамасыз етіле бермейді (Marsh, 2002). Бұл жағдай әдістің тиімділігін төмендетіп, білім алушылардың нәтижесіне тікелей әсер етуі мүмкін.

CLIL әдісін енгізудің негізгі шектеулері мен мәселелері

1.Тілдік тепе-теңдіктің бұзылу қаупі.

Кей пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы қазақ тілінің ғылыми ортадағы қолданысын азайтады. Бұл ұлттық ғылыми терминологияның әлсіреуіне және ғылыми ойды ана тілінде жеткізудің қиындауына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдай білім беру жүйесінде тілдік теңгерімнің бұзылуына себеп болады.

2.Мұғалімдердің кәсіби дайындығы жеткіліксіз.

CLIL сабақтарын жүргізу үшін пән мен тілді қатар меңгерген мамандар қажет. Алайда қазіргі таңда мұндай екітілді педагогтар саны аз. Marsh (2002) және жергілікті зерттеулер көрсеткендей, мұғалімдердің шет тілін жетік меңгермеуі әдістің сапасын төмендетіп, сабақтың тиімділігін шектейді.

3.Оқу және әдістемелік материалдардың тапшылығы.

CLIL форматына бейімделген оқулықтар мен оқу құралдары аз. Қазақ және орыс тілдеріндегі терминологиялық глоссарийлердің жеткіліксіздігі де оқушылар мен мұғалімдер үшін қиындық туғызады. Соның салдарынан сабақ сапасы әртүрлі деңгейде қалыптасады.

4.Бағалау жүйесінің әлсіздігі.

CLIL сабақтарында пәндік білім мен тілдік дағдыны қатар бағалау қажет. Бірақ қазіргі уақытта бұл екі бағытты бір мезгілде өлшейтін нақты және сенімді құралдар жоқ. Үштұғырлы білім беру жағдайында бірыңғай бағалау жүйесін қалыптастыру — шешуді қажет ететін өзекті мәселе.

5.Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық.

CLIL жобалары негізінен ірі қалалардағы лицейлер мен арнайы мектептерде іске асып жатыр. Ал ауыл мектептерінде мұндай тәжірибе сирек кездеседі. Бұл — білім беру сапасында айқын теңсіздік тудырады.

CLIL енгізу барысындағы типтік жағдайлар

•ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үштұғырлы тіл» тұжырымдамасы (2019) CLIL әдісін енгізуді стратегиялық бағыт ретінде бекітті. Алайда құжатта қазақ тілінің мәртебесін сақтау және әдісті кезең-кезеңімен енгізу қажеттігі нақты көрсетілген.

•2024 жылғы Қазақстандағы CLIL тәжірибесіне арналған шолулық зерттеу нәтижелері бойынша, тілдік жетістіктер айқын болғанымен, пәндік үлгерім мен ұзақ мерзімді тиімділік туралы дәлелді деректер әлі жеткіліксіз.

•Bedeker (2023/2024) жүргізген зерттеу жаратылыстану пәні мұғалімдерінің негізгі қиындықтарын анықтады: олардың академиялық ағылшын деңгейі төмен және сапалы әдістемелік материалдар аз.

CLIL әдісін енгізудегі қиындықтарды жоюдың практикалық және институционалдық амалдары:

CLIL әдісін тиімді енгізудің негізгі бағыттары

1.Мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау

Пәнді және шет тілін қатар меңгеретін педагогтарды дайындауға арналған кешенді бағдарламаларды әзірлеу маңызды. Мұндай дайындық CLIL сабақтарының сапасын қамтамасыз етеді және әдістің тиімділігін арттырады.

2.Оқу және терминологиялық ресурстарды жетілдіру

Қазақ және орыс тілдерінде сапалы оқулықтар мен ғылыми терминологияны дамыту қажет. Бұл ұлттық ғылыми тілдің сақталуына және оқушылардың екітілді академиялық ойлау қабілетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

3.Бағалау жүйесін жетілдіру

CLIL сабақтарында пәндік білім мен тілдік дағдыларды бір мезгілде бағалай алатын сенімді құралдарды енгізу керек. Бұл оқушылардың жетістігін нақты және әділ бағалауға мүмкіндік береді.

4.Кезең-кезеңімен енгізу және мониторинг жүргізу

CLIL тәжірибесін бірден барлық мектепке енгізу дұрыс емес. Алдымен пилоттық жобалар арқылы сынақ жүргізіп, нәтижесін талдап барып кеңейту қажет. Бұл әдістің тиімділігін арттырып, қателіктерді азайтады.

5.Аймақтар арасындағы теңсіздікті азайту

Ауыл мектептеріне қажетті ресурстар мен онлайн-оқыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету маңызды. Бұл CLIL әдісін ел бойынша тең дәрежеде қолдануға мүмкіндік береді және білім беру сапасын біркелкі етеді.

Жалпы CLIL әдісінің негізгі принциптерін анықтауда бес аспект белгіленді. Оның әрқайсысы оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-тілдік ортасына және CLIL әдісіне тереңдеу деңгейіне байланысты жүзеге асады.

1.Мәдени аспект

2.Әлеуметтік аспект

3.Тілдік аспект

4.Пәндік аспект

5.Оқыту аспектісі

Осы әдісті тәжірибеде қолдану оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқа оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзім жетті. Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі мұғалімнен сабақтың өтілуіне байланысты жаңа тәсілді талап етеді. Мұғалім оқу материалын берерде, жұмысты ұйымдастырғанда түрлі формаларды қолдануы, оқушының шығармашылық және жеке іс-әрекетіне назар аударуы қажет. Бұл оқушының пәнді оқуына деген қызығушылығы мен ынтасын оятары сөзсіз. Мұғалім кәсіби даму мақсатын оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру негізінде ала отырып, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру барысында әртүрлі формадағы тапсырмаларды дайындауды дағдыға айналдырады. Әсіресе, карточкаға жазылған түрлі терминдерді сипаттау арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуы байқалады. Қандай да болмасын оқылып жатқан тақырыпқа байланысты тапсырма құрастыру кезінде әрдайым көмекші терминдер үлестіріліп немесе мұғалім қадағалап айтып отырса, оқушы жадында терминдердің жатталуы сөзсіз, әрі оқушы осы пән бойынша өз ойын академиялық тілмен жеткізетін болады. Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: "Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек" деген тұжырымында "Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды" деген ой айқын аңғарылады.


Зерттеуді қорытындылайтын болсақ, CLIL әдісі Қазақстандағы көптілді білім беру саясаты үшін тиімді құрал болып табылады, себебі ол пәндік мазмұнды шет тілінде меңгеру арқылы оқушылардың тілдік, когнитивтік және мәдени қабілеттерін бір мезгілде дамытады. 4C моделі (Мазмұн, Қарым-қатынас, Танымдық процесс, Мәдениет) осы процестің құрылымдық негізін қалыптастырады. Дегенмен, әдістің тиімділігі мұғалімдердің дайындығына, оқу-әдістемелік ресурстардың жеткіліктілігіне, бағалау жүйесінің сапасына және енгізудің кезең-кезеңімен жүргізілуіне тәуелді. Зерттеу CLIL әдісін Қазақстан жағдайында қолданудың теориялық және практикалық негіздерін көрсетті, бұл оның көптілді білім беру саясатын жүзеге асырудағы рөлін нақтылай түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Marsh, D. (1994). Developing content-based language teaching. Oxford: Oxford University Press.

2.Marsh, D. (2002). CLIL/EMILE – The European dimension: Actions, trends and foresight potential. European Commission, Brussels.

3.Coyle, D., Hood, P., & Marsh, D. (2010). CLIL: Content and Language Integrated Learning. Cambridge: Cambridge University Press.

4.Bedeker, J. (2023/2024). Challenges of CLIL implementation in science education in Kazakhstan. [Unpublished master’s thesis]. Nazarbayev University.

5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. (2019). «Үштұғырлы тіл» тұжырымдамасы. Астана: ҚР БҒМ.

6.Қазақстандағы CLIL тәжірибесіне арналған шолулық зерттеу. (2024). Review of CLIL practices in Kazakhstan. Алматы: Қазақ Ұлттық Университеті, Педагогика факультеті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі