Материалдар / Пәнаралық байланысқа берілген есептерді шығарудың қарапайым жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пәнаралық байланысқа берілген есептерді шығарудың қарапайым жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология, геграфия, технология және т,б пәндерге берілген есептерді физика жолымен шығару
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2017
921
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ордабасы ауданы

"Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Shape1



Тақырыбы:

"ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСҚА БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ЖОЛДАРЫ"


Пәні: физика

Пән мұғалімі: С. Ерсинов








Picture 4









2017 - 2018 оқу жылы



ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСҚА БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ЖОЛДАРЫ.


Ерсинов Сейтжан Сапарұлы

Ордабасы ауданы, Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі, физика пәні мұғалімі

Болашақта  еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр” – деп Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, бүгінгі ұстаздардың алдыңдағы міндет жоғары да әрі жауапты.


Осы жауапкершілікті жүзеге асыру үшін өзіме мынадай міндеттерді жүктеймін:

  • Оқушының сана сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;

  • Оқушылардың алған білім, білік дағдыларын одан әрі дамытып, терендету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;

  • Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, интеллектуалдық дамуын жетілдіру;

  • Пәнаралық байланыстар арқылы жеке пән әдістемелерінің бір-бірімен байланысын ашу, ғылыми білім негіздерінің бірлігін көрсету және оқушының ізденісін арттыру;

  • Адами мәдениетке жеке құндылық ретінде адам табиғатында өзгеше, таптырмайтын құбылыс – дарынды оқушылармен жұмысты жүргізу.

Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін бүгінгі білім беру мен тәрбиелеудің бағытына сәйкес оқытудың инновациялық технологияларын қолданып отырамын:

1) Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – оқушылардың  белсенділіктері жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды;

2) «Тест бойынша жүйелеп оқыту» әдісі – мемлекеттік стандарт талабына сай тексеру арқылы білім, білік  дағдылары бақыланады;

3) Ж. Қараевтың «Оқытудың педагогикалық технологиясы» – шәкірттерге деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады;

4) М. Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы» – оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық потенциялы дамиды;

5) Ақпараттық технология – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады, яғни алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білуі, өз еркіндігін шектей отырып қолдана білуі артады.

Пәнаралық байланыс тиімділігі:

- Оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтау;

- Жеткіншектердің ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтауына мүмкіндіктер тудырып, жағдай жасау.

- Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары пәнаралық байланысты күшейтуге себебін тигізеді;

- Дербес компьютерді қолдану, оның графикалық мүмкіндігі арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады;

- Жұмыс түрлері топпен, жеке дара, ұжымдық түрде ұйымдастырылып, оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасы нығаяды, әрі үйрету, шешім қабылдау, зерттеу қабілеттері қалыптасады;

- Теорияда алған білімдерін практика жүзінде қолдана білу арқылы іскерлік қабілеттері және тәжірибелік біліктілігі артады, бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынасы жүзеге асады;

- Политехникалық оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыстары пәнаралық мазмұндағы есептерді шығару мен орындау барысында жүзеге асады.

Пәнралық байланыстар – ғылыми циклдағы физика сабағында жеке тұлғаны дамытудағы кешенді мәселе болып табылады. Оны үш бағытқа бөлуге болады:

1) Пән бойынша алғашқы білім мен дағды;

2) Пән бойынша екінші білім мен біліктілік;

3) Осы білім мен дағдылардың бірлігі, оны оқу үрдісінде қолданылу үрдісін кеңейтеді, яғни аннимациялық тәжірибелер арқылы.

Педагогикалық тәжірибемді пәнаралық байланыстарды ашық кіріктірілген сабақтар, семинар сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, ғылыми-практикалық конференциялар арқылы жүзеге асырып отырамын.

Физиканы басқа пәндермен байланыстыру үшін қолданылатын нәтижелі әдістердің бірі - пәнаралық байланыс мазмұнындағы есептерді шығару. Мұндай есептерге негізінен екі немесе бірнеше пәндерді қамтитын тапсырмалар мен есептер жатады. Физика сабағында пәнаралық байланысқа берілген есептерді оқушылардың алған білімдерімен дағдыларын жалпылау мен жүйелеу үшін, теория мен практиканы байланыстыру үшін, жалпы ғылыми түсініктерді қалыптастыру үшін политехникалық оқыту және кәсіби бағдар беру үшін қолданылады. Бірақ, оқу үрдісінде мұндай есептердің ролін асыра бағалауға болмайды. Есептерді таңдауда мұғалім дидактикалық материалдарды, "Математика - физика" мен "Физика және Астрономия" сияқты жұрналдардан мақалаларды және басқа әдістемелік әдебиеттерді пайдалануына болады. Мазмұны бойынша мұндай есептерді 3 түрге бөлуге болады:

1) есептеу есептері.

2) сұрақ ретінде берілген есептер.

3) физиканың, биологиямен, технологиямен, географиямен және т.с.с пәнаралық байланысына арналған дидактикалық тапсырмалар. Есептердің бұл түріне карта мен масштабты пайдаланатын есептерді жатқызуға болады.

Мысал келтірейік. Бірқалыпсыз қозғалыстың орташа жылдамдығын оқып-үйрену барысында ("Денелердің өзара әрекеттесуі" тақырыбында) 7-сынып оқушыларына оқулық пен физикадан есептер жинағындағы қарапайым есептермен қатар мынадай есептерді ұсынуға болады.


1. Орманшы өз үйінен оңтүстік бағытқа қарай 3,5 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ, 4 км/сағ жылдамдықпен 1,5 сағ батысқа, қалған 1 сағ 20 мин уақытта 3 км/сағ жылдамдықпен солтүстік шығысқа қарай жүрді. Орманшының үйіне дейін қанша қашықтық қалды?

Шешуі: 1 см = 1 км масштабқа тең деп аламыз. Орманшының жүру траекториясын саламыз.

Shape2

С

Shape3

Shape5 Shape4 З Е В

Д А



1- сурет.

Әр бөлікті жеке-жеке есептейміз: ОА = 3,5км/сағ * 2 сағ = 7 км, АД = 4 км/сағ * 1,5сағ =6км, ДЕ = 3 км/саг * 1(1/3) сағ = 17км, Яғни, L = ОА+АД+ДЕ = 17 км


1-суретті пайдаланып, белгісіз бөліктің ОЕ=5 см тең екенін табамыз. Масштабты ескере отырып орманшы өз үйінен 5км қашықтықта екенін білеміз.

Осындай есептерді шығару кезінде оқушы география сабағында алған білімін физика сабағында пайдаланады.

2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Е-34 танкінің массасы 31,4т. Шынжыр табанының жерге тиетін бөлігінің ұзындығы 3,5м, ені 50см. Танктің жерге беретін қысымы мен 7-сынып оқушысының жаяу жүргендегі жерге беретін қысымын (Р=36кПа) салыстыр.

Берілгені: Формуласы;

b = 3.5м, a = 0.5м P = F/s; S = ba; F = mg;

P1 = 36000Па n = P1/P; P = mg/2ab=9.8v/2ab

m = 31400 кг Р=9,8Н/кг * 31400кг/2 * 3,5м * 0,5м = 8970 Па

n = 36000Па/8970Па = 4рет

т/к: Р-? n-?

Жауабы: Танктің жерге беретін қысымы 89870Па, ал оқушының жүргендегі қысымы танктен 4 есе аз.


3. "Кировец" тракторы бірінші жылдамдыққа салған кезде орнынан қозғалады, ал жүргізуші 15с өткен соң басқа жылдамдыққа ауыстырды. Мына графикте (3-сурет) трактор жолының уақытқа тәуелділігі көрсетілген. График арқылы бірінші жылдамдыққа салған трактор жылдамдғын анықтаңыз? Жылдамдықты қосқаннан кейін ол қандай болады? Қозғалғаннан бастап 35с ішінде трактор қанша жол жүреді? Осы жол бойындағы жылдамдығы қандай?

Shape10 Shape9

70

60

50

40

30

20

Shape11 10


Shape12

5 10 15 20 25 30 35 t, с


Материалды қайталау немесе бақылау жұмыстарын жүргізу үшін келесі пәнаралық сипаттағы есептерді қолдануға болады.

1. Не үшін өзендегі суға қарағанда теңіздегі суда оңай қалқып тұрасыз?

Жауабы: Теңіздегі судың тығыздығы тұщы суға қарағанда көбірек. Яғни Архимед күші көп.

2. Не үшін дене шынықтыру сабағында кейбір снарядтарда жаттығу жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал табанды конифольямен сүртеді?

Жауабы: Үйкеліс күшін көбейту үшін, сырғанауды азайту үшін.

3. Кемпірауыз бен қысқаш ернеулеріндегі бүдірлер не үшін орналасқан?

Жауабы: Аз күш жұмсау арқылы үлкен қысым тудыру үшін.

4. Судан шыққан жануар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қай заңдылығына негізделген?

Жауабы: Инерция заңына байланысты.

5. Көтергіш кранда қандай қарапайыммеханизм қолданылады?

Жауабы: Рычаг, блок және т.б олардың бірігуі.

6. Оқу шеберханасында жұмыс істей отырып, сіздерге шайба қою арқылы бұранданы бұрауға тура келеді. Шайбаның қызметі қандай?

Жауабы: Бұранданы дұрыс бұрауды қамтамасыз ететін тірек алаңын үлкейту үшін.

7. Су өсімдіктері сабақтарының жағалауда өсетін өсімдік сабақтарынан айырмашылығын физикалық көзқарас тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Оларға су тарапынан кері итеруші күш әсер ететіндіктен су өсімдіктерінің сабағы жіңішке болады. Олар қатты ағыстарда сынбау үшін өте иілгіш келеді.

8. Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?

Жауабы: Өйткені балықтың денесі үйкелістіазайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған.

9. Лимонад пен газды су неліктен жабық ыдыста тыныш, ал тығынын ашқан кезде көпіршіп тасиды?

Жауабы: Бұл сусындарға үлкен атмосфералық қысымдағы көмірқышқыл газы араластырылған. Тығынды ашқан кезде шөлмектегі қысым төмендейді, ал сұйықтықтағы газ ұлғаяды, осының әсерінен сұйықтық көпіреді де дауыс естіледі,.

10. Жел двигателінің жұмыс істеуі үшін қандай механикалық энергия қолданылады?

Жауабы: Желдің кинетикалық энергиясы.


Физикадан пәнаралық байланысқа арналған тест.

1. Биология пәнінде "Балықтар тереңдікке батқан сайын оның торсылдақтарының көлемі кішірейеді", - делінген. Балық тереңдікке батқан сайын оның торсылдағының көлемінің өзгеру себебі неде?

А. Дене жүзуінің бірінші шартының пайда болуы;

Б. Дене жүзуінің екінші шартының пайда болуы;

В. Дене жүзуінің үшінші шартының пайда болуы;

Г. Балықтың суда өмір сүруіне байланысты бейімделуі;

Д. Балық су жұтады да ауырлайды.


2. Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы ішкі энергияның өзгерісі болып табылады?

А. Химиялық жанармайдың жануы кезінде

Б. Балғаның шегеге ұрылғаны кезінде

В. Токарь станогында заттарды өңдеу кезінде

Г. Қыздырылған суға тұзды араластырған кезде

Д. Мыс купоросының ерітіндісінен ток өткен кезде


3. Салмақсыздық жағдайда ғарыш кемесінде жылу берілудің қандай түрі қолданылады?

А. Конвекция. Б. Сәулелену мен жұтылу. В. Жылу өткізгіштік.

Г. Ауаның электрлік қыздырылуы. Д. Жылу берілудің ешқандай түрі қолданылмайды.


4. 23592 U ядросы салмағы бойынша теңдей екі бөлікке бөлінеді. Менделеев кестесін пайдалана отырып, осы екі бөлікті тап?

А. Барий және странций. Б. Уран - 235 екі изотобы. В. Кадмий және барий

Г. Странцийдің екі бөлігі. Д. Трансурандық элементтің тұрақсыз ядросы


5. Сендер 6-сыныптың география курсында периодты, яғни күндізгі және түнгі шашыранды желдердің сипаты мен пайда болу себебін оқып үйрендіңдер. Осының негізінде қандай физикалық құбылыс жатады?

А. Конвекция. Б. Сәулелену. В. Жылу өткізгіштік

Г. Конвекция және жылу өткізгіштік. Д. Сәулелену және конвекция


Қорытындылай келе «Білім беруді пәнаралық байланыстар арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбы бойынша шығармашылық және өздік жұмысдың атқарылу нәтижесінде: 

  • Жоғары нәтижелі үлгерім;

  • Иновациялық әдістемелерді қолдану барысында дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді;

  • Дербестігі, өз-өзіне сенімі қалыптасады;

  • Білімді өз бетімен алуды үйренеді;

  • Танымдық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім жасау әрекеті дамиды. 

  • Оқушының шығармашылығы дамып, кәсіби білім беру жүзеге асады.

  • Ғылым мен техника жаңалықтарын қолдана отырып, ой-өрісі кеңейеді. 


Болашағы:

  • Баланың дарындылық қабілеті дамиды;

  • Олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын ала алады;

  • Бала өз білімі мен жоғары оқу орнына түсе алады;

  • Жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптасады.



Әдебиеттер:

1. «Математика және физика» журналдары.

2. «Информатика негіздері» журналдары.

3. «Физика в школе» журналы.

4. И.Д. Зверев, В.Н. Максимов " Межпредметные связи в современной школе" -М. Педагогика, 1981г.

5. Ц.Б. Кац "Биофизика на уроках физики" -М. Просвещение, 1974г.

6. "Межпредметные связи дисциплин естественно-математического цикла" - под.ред. В.Г. Разумовского, В.А. Фабриканта, А.Е. Глазунова -М. Просвещение, 1984г.

7. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Б. Дүйсембаев, Г. Байжасарова, А. Медетбекова. Алматы: Мектеп. Физика және астрономия.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!