Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пандемия жағдайында жаратылыстану пәндерді оның ішінде биологияны қашықтықтан оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың ақпараттық коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асыратын оқыту түріне жатады. Бұл жүйе әлем әлдерінде жақсы дамыған. Соның ішінде алдыңғы орында Ұлыбритания, АҚШ елдері тұрғанын айтуға болады. Ал елімізде сырттай білім алу жүйесінің орнына қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілген еді. Карантин жарияланғалы қашықтықтан оқыту жүйесінің мектеп оқушыларына арналған бірнеше форматы да ұсынылған болатын. Олардың ішінде күнделікті жалпы білім беретін мектептер үшін және арнайы оқушыларға арналған телесабақтар, интернет арқылы оқу жүйесін таңдау, цифрлық білім беру ресурстары мен электронды почтаны пайдалану арқылы кері байланыс орнату негізінде оқыту түрлері бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пандемия жағдайында жаратылыстану пәндерді оның ішінде биологияны қашықтықтан оқыту және сын-қатерлер кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер мен ізденістер


Ұрпаққа қамқорлық жасау - бүкіл адамзат үшін ортақ парыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлемге таралған коронавирусты пандемия деп жариялады. Осыған байланысты әлем елдерінің алдына осы індеттен туындаған зиянды үрдістерді азайту және білім беруде жаңа мүмкіндіктер ашу міндеті қойылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде Президент жүйелі қашықтықтан білім беруге ерекше назар аудару қажеттігіне назар аударған болатын. Білім жүйесін қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру, әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі болғаны шындық. Бұл үлкен сынақ.

Жалпы қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асыратын оқыту түріне жатады. Бұл жүйе әлем әлдерінде жақсы дамыған. Соның ішінде алдыңғы орында Ұлыбритания, АҚШ елдері тұрғанын айтуға болады. Ал елімізде сырттай білім алу жүйесінің орнына қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілген еді. Карантин жарияланғалы қашықтықтан оқыту жүйесінің мектеп оқушыларына арналған бірнеше форматы да ұсынылған болатын. Олардың ішінде күнделікті жалпы білім беретін мектептер үшін және арнайы оқушыларға арналған телесабақтар, интернет арқылы оқу жүйесін таңдау, цифрлық білім беру ресурстары мен электронды почтаны пайдалану арқылы кері байланыс орнату негізінде оқыту түрлері бар.

Мектеп бағдарламасындағы негізгі іргелі пәндер жаратылыстану-математика пәндері болып табылады. Оларды халықаралық сарапшылар және беделді ұйымдар (PISA, TIMSS және т.б.) мойындай отырып, бұл пәндер (математика, физика, биология, химия және т.б) біздің еліміздің стратегиялық саясатын, экономиканы нығайтуды, әл-ауқатты нығайтуды жүзеге асыратын бірден-бір пәндер деп атап көрсетті[1].

Қашықтықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет[2]. Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шабытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады. Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.

Ал мен биология пәнінің мұғалімі ретінде өз сабақтарымда ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраны жадында сақтаған білікті тұлғаны қалыптастыруға үйретуде жаңа амалдың 7 модулін қолданамын. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан айырмашылығы жеті модульде жатыр. "Сабақ - бұл мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы", - деді А.Сухомлинский, осы жеті модульдің ішінен мен өзімнің пәнім үшін пайдалы, оны жарықтандыратын, оқушының қызығушылығын тудыратын, білімін жетілдіретін нәрсе туралы көп ойлағаным рас. Саралау арқылы мен әр сабақта бірден бір немесе бірнеше модульді қолдануға болатындығын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал оқушыны дұрыс бағыттай білу ол мұғалімнің, яғни біздің өз шеберлігімізге байланысты. Жалпы, оқудағы менің міндетім-оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып түсіндіру.

Цифрлық технологиялар дәуірінде және қазіргі жағдайда барлық оқу орындарының қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуі-заман талабы. Біз әріптестерімізбен бірге қашықтықтан оқытудың қиындықтарын жеңіп, көптеген тиімді сәттерді өткерудеміз.

Осылайша, оқу жылының ІІІ тоқсанның ортасына келіп жетті. Мен өзімнің еңбек өтілімнен алынған тәжірибем бойынша айтар болсам, жаратылыстану пәндері яғни оның ішінде биология пәні үшін де интернет-платформалардың мүмкіндіктері өте тиімді. Себебі бүгінгі ұрпаққа білім беруде біз әлемдік көшбасшы елдерден тіпті бір секундқа да артта қалмауымыз керек. Сондықтан да мен оқушыларыма сабақ беруде daryn.kz. bilimland және де әлі күнге дейін қолданатын басқа белгілі интернет-платформаларды пайдаланудамын. Осы платформалардағы бейнероликтер, тапсырмалар, тест сұрақтары оқушылар үшін түсінікті және қолжетімді жағдайда құрастырылған. Мұндай сабақтарды мұғалімдер өздері жасайды және әртүрлі сайттарға жүктейді, бұл қазіргі заманғы интернет жүйесімен басқа әріптестерімізбен қашықтықтан тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Білім беру жүйесін қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге көшіру бүкіл әлемге таралып жатқан коронавирустық індетті болдырмауға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.

Қашықтықтан білім беру – жаһандық ауқымдағы сын-қатерлер кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер мен ізденістер. Осы күрделі кезеңде барлық компоненттерді, оқу процесінің тәсілдерін қолдана отырып, белсенді әрекет ету, әріптестермен пікір және тәжірибе алмасу маңызды. Ақпараттандыру дәуірінде озық технологиялардың үздік жемісін пайдалану - дамыған елдердің шешімі. Сондықтан біздің мемлекетіміз үшін бұл да жаңа белес, жаңа шың!

Әлем күн сайын жаңарып тұрады. Күн сайын түрлі ашылымдар ашылады. Күн сайын жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Сондықтан әр күнімізге жаңа көзқараспен қарауға дайын болуымыз керек. Себебі, бұл - заман талабы. Дегенмен, мектепте оқушылармен бетпе – бет отырып, дәстүрлі сабақ өткенімізге жетпейтіні белгілі. Бәрі де уақытша екенін білеміз, ендеше қашықтықтан оқыту да уақытша. Мәңгілік елдің ұрпағы – біздің болашағымыз! Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын. Мыңдаған жылдар көк туымыз көк аспанда мәңгілік желбірей  берсін!



Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Білім» бағдарламасы – Астана: 2010

  2. Ғаламдық білім беру – А: 2005


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2021
354
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12