Класс жетекші:
Тақырыбы: «Парасаттылық туралы
Мақсаты: Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, татулық,
достық, қамқорлық, мейрімділік адами қасиеттердің өмірдегі
маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар адамдардың өмірінде – отбасы,
білім ордасы және қоғамда әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше
екені туралы ой - пікірлерін
кеңейту.
Құндылық:Талап
Индикатор:Әр ісініе еліне деген жауапкершілік
сезім ояту
Жүргізу барысы:
Саламатсыздар ма!
Парасат сөзін қалай түсінесіздер және парасат сөзі ұғымына тоқталып
өтейік?!
Парасат – жеке тұлғаның қадір - қасиетін, кісілік кемелдігін
білдіретін жиынтық ұғым.
Мысалы: Парасатты адам деп айтамыз, ол кім және қандай адам?
Парасат сөзі жастардан гөрі көбіне оң - солын ажыратып, ақыл
тоқтатқан, сақа жастағы және үлкен адамдарға қатысты
қолданылды.
Парасат - жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез - құлық жағынан
толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді.
Француз философы Г. Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің
ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі - парасат», — дейді.
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын
шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп - инабат,
адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салиқалық пен мейірімділік,
ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат даналық ұғымына
жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай
артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды
парсатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан
кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет
инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын
білдіреді.
Бір сөзбен айтсақ, Парасаттылық - адами қасиеттердің ең жоғарғы
сатысы деп айтуға болады, ал адами қасиеттердің көркем болуы білім
мен тәрбиенің еншісінде жатыр.
Парасаттылық туралы қанатты сөздер
Халқымызда «Тәрбие – тал бесіктен» деген мағналы сөзі бар. Баланы
тәрбиелеу шынымен бесіктен басталады. Ол дүниеге келген сәттен
бастап адам қоғамның бір бөлігіне айналады. Оның одан әрі
дүниетанымы мен қоғамдағы мінез - құлқы оның отбасында,
балабақшада, мектепте және университетте алатын барлық білімі мен
тәжірибесі оған қаншалықты дұрыс берілетініне байланысты.
Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына
Қазақ даласы қай заман, ғасыр болмасын ұлы даналарды дүниеге
әкелген. Ел үшін, дін үшін еңбек еткен ұлы тұлғаларымыз аз емес.
Солардың бірі және бірегейі, әлемнің екінші ұстазы – Әбу Насыр әл -
Фараби. Қазақтың ойшыл – хәкімі ұлы Абай Құнанбаев, Дала ұстазы Ы.
Алтынсарин, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы т. с. с
Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі
анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген,
ашкөздікке, жемқорлыққа салынып арсыз әрекеттерге баратын азаматтар
ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқандар
бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен
сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш
өзегін өртейтіні сөзсіз.
Қазақтың бала тәрбиесін Абай атамыздың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз, Бес асыл іс көнсеңіз – деген өлең
жолдары адам баласын жақсылыққа жетелейтін және жамандыққа
итермелейтін қасиеттерді айқын айтып көрсеткен.
Сергіту сәті: Кім тапқыр?
ІІ. Мақал –
мәтел
Көрдіңіз
бе, нағыз тәрбие төркіні тереңде жатқанын, осы халықтың дана
сөздерінен аңғаруға болады. Көзі ашық, көкірегі ояу адам - мұндай
мысалдардың астарында өмірлік тәжірибе мәні жатқанын түсінеді.
Ендеше келешек ұрпаққа тәлімді тәрбие беру ісі әркімнің өз
тәрбиелік ісінен басталатынын ұмытпайық.
Себебі «Не ексең – соны орасың» деп, бекер айтылмаған.
адамзатты сұлулықпен, мансаппен, байлықпен, дүниемен өлшеуге
болмайды. Адамзаттың өлшемі – оның руханиятында, оның тектілігінде,
мәрттігінде, адами құндылығында», – деп бекер айтылмайды.
Парасаттылық – қоғамдағы саяси, сондай - ақ әлеуметтік және
экономикалық тұрақтылықтың негізі. Ол адалдық, әділдік, заңға
құрмет, патриотизм сияқты құндылықтарды біріктіреді. Парасатты
қоғамда азаматтар ережелерді өздері үшін емес, ортақ игілік үшін
ұстанады, жеке емес, қоғамдық мүдделерге басымдық береді.
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен
дауласудың өзі артық.
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар
буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік
сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да
мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы.
Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.
Жас қазақстандықтардың алдында кәсіби өсу мен өз күш - жігерін
ашуға үлкен мүмкіндіктер бар. Алайда бірінші кезекте, қазіргі
заманғы жастардың жеке басының берік адамгершілік негіздері,
азаматтық ұстанымы және қоғамға зиян келтіретін факторларға қарсы
мінез - құлықтың орнықты дағдылары болуы тиіс. Бұл қасиеттер
болмаса, бәсекеге қабілетті және дамыған мемлекет құру оңай
болмайды. Қазақстанның болашағын өркендететін білімді және
парасатты жастар – Сіздер!
Назарларыңызға
рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Парасаттылық туралы

шағым қалдыра аласыз