ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАКТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ РӨЛІ.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАКТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ РӨЛІ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік рәміздер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы Байқадам ауылы

Қорғантұз ЖОББ мектебі

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Нұриманов Бекболат Нұрлыбекұлы



ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАКТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ РӨЛІ

Жаһандыру үрдісі қоғамдық, рухани, әлеуметтік салалардың барлығына дерлік өз әсерін тигізді. Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы келіп жатқан толассыз еркін ақпарат ағымы жас буынның тәрбие мәселесіне қатысты алаңдаушылық туғызып отырғаны белгілі. Мемлекетіміз осы құбылысқа ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, өз құндылықтарымызды сақтап қалу жолында жан-жоқу-ақты күресуде. Мемлекет тарапынан оқу-білім, тәрбие жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мәселесі басым бағыттардың біріне айналды. Ұлт,Отан деген сөздің мағынасына ежелден жете мән беріп, «Туған жерге туынды тік», «Туған жердің топырағы да ыстық», « Туған жерден топырақ бұйырсын», деп, отансүйгіштік сезімді дәріптеген халқымыз « Отанды қорғау – азаматтық парызың» дейді.

Сондықтан бүгінде ұстаздар мен тәрбиешілер қауымының алдында тек білім бәсекесіне қабілетті дарынды балалар даярлап қана қоймай, сонымен қатар, елінің нағыз отансүйгіштік жастарын қалыптастыру міндеті тұр. Бұл – бүгінгі күннің өзекті әрі үлкен жауапкершілік жүгін арқалаған маңызды ісі.

Отансүйгіштік - туа пайда болатын сезім. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Сол себепті де ол еш шеңбер-қалыпқа сыймайтын, мағынасы терең әрі үлкен ұғым. Бұл ретте мектеп қабырғасынан бастап ұлтжанды азамат тәрбиелеу жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қояды:

  1. Мемлекеттік тілді оқыту;

  2. Ұлттық мәдени мұраны игеру;

  3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

  4. Қазақ халқының тарихын терең меңгеру;

  5. Салт – дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу, т.б.

Осы міндеттер жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениеті бойына сіңіре білген ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білген рухы биік, жігерлі, нағыз отансүйгіш шәкірт тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастыру мақсатына бағытталады. Біріншіден, тәрбие жұмысының қандай саласы болсын жастарды елінің нағыз ұлтжанды азаматы етіп тәрбиелеуді мақсат тұтады. Патриоттық тәрбие жүйесі білім беру мекемелерінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде әлеуметттік маңызды құндылықтарды, азаматтықты қалыптастыруды көздейді. Осы орайда ҚР мемлекеттік нышандарын зерделеуге ерекше мән берілуде. Себебі, мемлекеттік нышандардың көмегімен жастардың бойына еліне сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер дәйекті де табанды сіңері хақ. Олардың әрқайсысындахалқымыздың, Отанымыздың басынан кешкен кешегі, бүгінгі тарихы, бейбітшіл саясаты бейнеленген. Сондықтан Туымыз, Елтаңбамыз сияқты халықтың қасиетті, киелі белгілерін оқушы қауымға қайталатып оқытып тұрудың артықтығы жоқ. Өйткені, отансүйгіштік тәрбие – үздіксіз әрі жүйелі жұмыс. Қазақстандық патриотизм , ұлтжандылық идеялары мемлекеттік, ұлттық мүдде ұғымдарымен тығыз байланысты. Осы орайда елімізлдегі барлық жастардың патриоттық рухын көтерудің қайнар көздернінің бірі әрі бірегейі – мемлекеттік тіл мәселесі мен өзге ұлт өкілдерімен сыйластық, адамгершілік қарым-қатынас . Екіншіден , жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанын, жерін сүюге үндеу әскерилермен қатар білім саласы қызметкерлерінің де алдына қойылған үлкен міндет болғандықтан, оқушылармен кездесуге осы салада тәжірбиесі мол арнайы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың мамандарын шақыру. Үшіншіден, оқушы жастарды « Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңының патриоттық тәрбиеге қатысты баптарымен таныстыру;

Төртіншіден, оқушылардың отансүйгіштік дүниетанымын қалыптастыратын қосымша оқу материалдарын беру, дөңгелек үстелдер, әскери – патриоттық ойындар, әскери училище сарбаздарымен кездесулер ұйымдастыру, тәрбие сағаттарын өткізу;

Бесіншіден , патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өң бойындағы ұрпақтан- - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының патриоттық санасын дамытуда халқымыздың біртуар ұлы, жазушы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырған шығармаларын оқу . Ал, ең бастысы - отансүйгіштік тәрбие, отансүйгіш сезімі отбасы жағдайында қалыптасып, өмірге деген негізгі көзқарасы мен өзіндік ұстанымдары ата- ана тәрбиесінен бастау алатынын ұмытпааған абзал.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2020
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі