400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ- ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім берудің негізі міндеттерінің бірі -патриотизмге тәрбиелеу болып табылады. Міне, осы тәрбиенің маңыздылығы мен мәні жайлы мақалада жазылған. Және осы тәрбиені беретін педагог қандай болу керектігі айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ- ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ»

Қабдуалиева Жаннұр Қайратқызы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК

Мамандық: 0105000 Бастауыш білім беру

Топ: 31

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.

«Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді .Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты ХХІ ғасыр жаһандану ғасыры. Әр ел бұл үрдіске өз бетінше қам - қарекет жасау үстінде. Мысалы, Жапон елі өз мәдениетін, салт - дәстүрін, тілі мен дінін жоғары деңгейге көтеріп, мемлекеттік дәрежеде қорғауда. Бізде Қазақ елінің жаһандану үрдісіне сіңіп кетпей, өркендеп, өсуі үшін өзіміздің мәдениетіміз, тарихымыз, салт - дәстүріміз, тіліміз бен дінімізді қорғап, оларды өркендету үшін күресуіміз керек. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған. Ата - бабаларымыз кең далада өмір сүрген де, сондықтан оларға «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді.

Жерлесіміз ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш.Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді.

Қазақстан Республикасының үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие  — тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз. 

Тәрбие мен білім нәрінің көзі - мектеп және мектептегі аяулы ұстаздар. Еліміздің жарқын болашағын айқындайтын, жастарды тәрбиелеп шығаратын білім ордасына артылатын жауапкершілік өте үлкен. Баланы қандай жолға бейімдесең, сол жолмен жүруге қалыптасады. Демек, мектеп қабырғасынан отанға деген сүйіспеншілікті, оның салт-дәстүрін дәріптеуді, ана тілін қастерлеуді бойына дарытсақ, өмір бойы сол тәрбиемен шыңдалатынына толықтай сенім білдіруге болады.

Жаһандану заманындағы патриоттық тәрбие дұрыс бағытта ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін педагогтің өзі саяси сауатты, ұлттық санасы қалыптасқан өз елінің патриоты болуы тиіс. Сонда ғана өскелең ұрпақты сапалы біліммен сусындатып, саналы тәрбие беруге қабілетті болмақ. Ал педагог патриоттық-азаматтық тәрбие берер алдында мына сұраққа жауап беріп, сол сұрақтың шешімімен жұмыс жасау қажет.

Патриоттық тәрбиенің мазмұны қандай қассиетті қалыптастыруды көздейді?

Ол мынадай қасиеттерді көздейді: Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу халқының салт- дәстүрін,ерекшеліктері білу, діңге, тарихи мұраларға құрметпен қарау.

Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі пәндерге ел тарихы, тәуелсіздік жолында күрескен батырларымыз жайлы, салт-дәстүр, ұлтық ойындар, т.б жайлы сабақ тақырыптары енгізілді. Бұл дегеніміз, балалар тек қана теориялық білім ғана алып қоймай, өз отанының тарихымен таныс болады.

Мысалы, әдебиет және қазақстан тарихы пәндерінде патриотизмге байланысты тақырыптар меңгеріледі.

Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу- Насыр әл- Фараби , Махмұд Қашқари, жыршы – жыраулары Асан Қайғы, Даспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтірілді. Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан байқауға болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмететуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейтін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптық озбырлық ниеттерін айқын әшкерлеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлендерінің балалар үшін маңызы ерекше Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлендерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра.

Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жасөспірімдерге арнап талай өлендер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер – білімге шақырды. Абай өз өлендерін жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған.

Міне, осындай алып тұлғалардың отан алдындағы атқарған ерен еңбектерін мектеп қабырғасынан ғана емес, балабақшадан бастап сіңіру қолға алынды. Жоғарыда айтылған қазақ халқының мақтан тұтар тұлғаларының атаулылары ғана. Алайда, шығармашылық жолында еңбек еткен тұлғалар қаншама!

Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.

Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, батырлық, ерлікке мадақталу, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтық батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Егер, бала жас кезінен ұлттық жырларымыздың сұлулығын сезініп, мазмұнындағы адами құндылықтарды бағалай білсе, оның өз Отанына, халқына, төл өнеріне сүйіспеншілігі артатыны сөзсіз. Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі — ертегілер. Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өз заманының адамдарына да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруді көздеген.

Қорытындылай келгенде, еліміздің болашағы жастардың қолында екіні бәрімізге мәлім. Олай болса тәрбиені мектеп қабырғасынан біліммен қатар алып жүруге дағдыландыруымыз қажет.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қалыбекова Г. Жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі.

  2. Ұлт тағылымы, № 4, 2010, 76–78б.

  3. Философиялық сөздік. Ред. кол: Р. Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов және т. б. — Алматы:

  4. Қазақ энциклопедиясы 1996, 80 б.

  5. Момышұлы Б. Совет баблаларын патриотизмге тәрбиелеу. — Алматы 1989, 95 б.

  6. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Алматы. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 2001, 95 б.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі