Материалдар / "Патриотизм-ұлттық рухтың белгісі" ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Патриотизм-ұлттық рухтың белгісі" ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
2189
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Патриотизм ұлттық рухтың асқақ белгісі»

Қатысушылар: 9-10-11- сынып оқушылары

Мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.

1-жүргізуші: Сымбат

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен, 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі 9-10-11 сыныптар араласуымен өтетін «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбы аясында өтетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!.


2-жүргізуші: Нариман

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын өз еліміздің яғни Қазақстанымыздың

әнұранымен бастамақпыз.

Әнұран орындалады


1-жүргізуші: Сымбат

Биыл 2018 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 27 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, «Астана қаласына 20 жыл», «Қызылорда қаласына 200 жыл» , «Шиелі ауданына 90 жыл»


2-жүргізуші: Нариман

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.


1-жүргізуші: Сымбат

Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.


2-жүргізуші: Нариман

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Өз бойымызда және бабаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек». Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», - деген сөзінің өзі «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей.


1-жүргізуші: Сымбат

Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып,

аңыз - ертегілер, жырлар. Ендеше оқушылар сіздерге осы тақырыпта сұрақтар қойылады. Белсенділікпен өз жауаптарыңызды ортаға салыңыздар.

1. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім? (Жұбан

Молдағалиев). Міне керемет,бұл өлеңнің тарихы өте жақсы қазақтың қазақ

екенін білдіреді.Олай болса келген қонақтарға осы өлеңнің бірер шумақ

айтып жіберсеңіз.

2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан күрес,

көкпар, тоғызқұмалақ, асық)

3. Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)

4. Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық

т.б.)

5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (Домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз,

жетіген)

6. Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

7. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер?

(«Еңбек түбі-мереке», «Ат-ер қанаты», «Еңбегі аздың – өнбегі аз», «Туған

жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген

ер болар» т.б.)

8. Батырлар туралы қандай жырларды білесіз? («Қобыланды батыр», «Алпамыс

батыр», «Ертарғын батыр», «Қамбар батыр», «Ертөстік»).

10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, түйемұрындық

(ғұрып), өңір салу (дәстүр), шаңырақ көтеру (салт), қыз ұзату (салт, той),

тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, асату, қазан шегелеу т.б. )


2-жүргізуші: Нариман

Негізгі ұғымдармен жұмыс

«Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Заңға бағыну;

  • Үкіметті сыйлау;

  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;

  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру


Рухани жаңғыру дегеніміз------------- дәуір талабына сай жаңғыру»

«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»

1-жүргізуші: Сымбат

Жалпы патриот дегеніміз ол сіздер айтқандай елін сүйетін, отанын сүйетін жас

өрең. Осындай патриот жастарымыз көбейе берсін дей отырып

патриоттық әнге кезек береміз. 9-сынып оқушысы Назарбекеова Іңкәр:


2- жүргізуші: Нариман

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп уанған,

Бұл даланы көріп алғаш қуанған.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


Патриотизм - бұл өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншілктен басталады дегендей келесі кезекті оқушылардың өлең жырларына берсек :

1. 9-сынып оқушысы Назарбекова Іңкәр: «Астана»

2.9 -сынып оқушысы Сайлаубай Шапағат: «Қызылорда»

3. 11-сынып оқушысы Әбілқайырова Сымбат: «Шиелі»


1-жүргізуші: Сымбат

Бір ата,бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.


Келесі кезекте «»Катюша» биін тамашалаңыздар

Орындайтын: бір топ қыздар 


2 – жүргізуші: Нариман
Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам, 
Осы күнді аңсаған, армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді. 
Қазақтың Астанасы – арман қалам! – деп кезекті оқушылардың шығармашылық жұмыстарына береміз. 



Оқушы шығармашылығы «Мен - Астана болашағымын»

9-сынып оқушысы Әбдіхалықова Гүлдана

  1. жүргізуші: Сымбат

Постер қорғау

9-сынып: « Қандай патриот адамдарды білесіңдер? (Сипаттаңдар)

10-сынып: « Қазіргі заманның патриоты қандай болу керек? » (Мінезі,ерекше қасиеттері,ұстанымы,ұраны)

11-сынып: « Мен патриотпын. Себебі........»


1- жүргізуші: Сымбат


Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары


Көк туымыз мәңгілік   желбірей  берсін,  өйткені біздің  ЕЛ– 
Мәңгілік ел . Бізді нұрлы жол,  нұрлы болашақ күтеді

«Көк тудың  желбірегені»  әнімен  шараны  аяқтау.


2-жүргізуші: Нариман


Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет.

2-жүргізуші: Сымбат

Сабағымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәжкенов Ғани ағайға береміз.











«№228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ



«Тексерілді»

Мектеп директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары: Ғ.Мажкенов

« »__________2018 жыл



Shape1

Тақырыбы: «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі»

Сыныбы: 9,10,11

Күні: 1.09.2018 жыл

Сынып жетекшілері: Бекова Гүлнур

Абенова Нурайм

Абдурахманова Мухаббат















2018-2019 оқу жылы

















ПАТРИО

РУХТЫҢ

ТИЗМ -

АСҚАҚ

ҰЛТТЫҚ

БЕЛГІСІ


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!