400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Патриоттық әндер байқауының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий әндер байқауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Патриоттық әндер байқауының сценарийі


Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

Бүгін тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Әнімді саған арнаймын»

атты мерекелік ән байқауына қош келіпсіздер!


Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздіке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жылдың ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президент Н.Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан да айтып өтеміз.

Осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен отті. 120-дан астам ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған , төрт түлігі өрбіген , өндірісі өркендеген мекенде өмір сүретін әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Халқым менің, саған қарап жұбанам!

Тарих беті қатпар- қатпар бұралаң.

Талай зардап қайғы-мұңның соңынан,

Егемендік алғаныма қуанам!

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,

Қай қазақ бар әншісін қарсы алмаған?

Бастауыштың әншілері ән шырқаса -

Жан бар ма екен қызығып тамсанбаған?

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Ән салып, би билеуден қашпайық біз.

Ал енді , сіздер рұқсат етсеңіздер,

Әуелетіп бұл сайысты бастайық біз!

Таңданайық өнерге тамсанайық,

Әншілерді қошеметтеп қарсы алайық!

Шабыттансын көңілі көтерілсін,

Өнерліні мадақтап жар салайық! Қошемет!


Ал енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.Шынтореев Бейімбет – мектептің музыка пәнінің мұғалімі

2.Қалдыбеков Өркен - мектебіміздің әншісі, мұғалім

3. Әлмешова Бибігүл - мектебіміздің тәлімгері

4. Момбекова Фатима - мектебіміздің кітапханашысы.


Байқауда әннің орындалу шеберлігі ескеріледі және ұпайы бірден хабарланады. Жоғары ұпай - 10, төменгі ұпай - 5. 1, 2, 3- орындар және номинациялар белгіленеді.


1.Адамзаттың нұр құйған санасына, Мейірімін сезінсең табасың мән.Жақсы үміттер күтетін баласынан, Сәлем барша әлемнің анасына!

Ортада 1 «Б» сынып оқушысы Сабыржанова Аяулым «Ақ мамам» әнімен

2. Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем!Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай, Көрсең де талай қорлық азаппенен!

Ортада 1 «А» сынып оқушысы Умирали Қадыр «Алға, қазақ жігіттері»

3. Туған жердің көз жетпейді шегіне, Шашырайды шұғыласы төгіле. Талай ғасыр арман болып оралған, Тәуелсіздік бақ сыйлашы еліме!

Ортада 1 «А» сынып оқушысы Аманбай Гаухар «Туған жер» әнімен.

4. Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік ел бақытты ертеңі, О халайық,құтты болсын қуаныш!

Ортада 1 «Ә» сынып оқушысы Арапбек Жансая «Бұлқынды жүрек» әнімен

5. Нұрын төккен көк аспан күмбезінен,Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне, Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем- Бар байлығын әлемнің бір сіздерге!

Ортада 1 «А» сынып оқушысы Райым Ұлдана «Ұстазым» әнімен

6. Кең байтақ коз жетпейтін жерім менің,Таулы орман жасыл жайлау көлім менің. Бүгінгі күн бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

Ортада 2 «А» сынып оқушысы Төлегенова Әсел «Мерекем» әнімен.

7. Армысың, атақоныс,атамекен!Киелі қасиетті туған өлкем!Саған деген сезімім сағынышым, Ән болып төгіледі жүрегіммен!

Ортада 2 «Ә» сынып оқушысы Бектай Азамат «Атамекен» әнімен

8. Өзіңсің Қазақстан ән арманым да, Аяулым алтын бесік орманым да. Бір нәрсе жетпейді деу қате болар, Осындай ұлан-байтақ ел барында!

Ортада 2 «Ә» сынып оқушылары Әшірханова Ақнұр мен Әділбек Ақнұр дуэті - «Егемен Қазақстан» әнімен

9.Еліме төксін дәйім аспан нұрын, Жерімде еркін өссін жас балғыным! Күмбірлеп көкірегімде әнұраным. Баянды болсын мәңгі бостандығым!

Ортада2 «Б» сынып оқушысы Көшкінбай Гүлназ «Бал балалық» әнімен

10.Саған әннен сый арнадым, Қиял құсын қуған жерім. Туған жерін сүйе алмаған, Сүйе алар ма туған елін?

Ортада 2 «Б» сынып оқушысы Қынабек Аружан «Туған жер» әнімен

11. Сен неткен Отан анам ғажап едің? Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін, Жайнай бер, ұлы Отан,қазақ елім!

Ортада 2 «В» сынып оқушыларының триосы - Миркамалова Алина, Мурадуллаева Анел, Абдулла Нурсултан «Туған жер – Моя земля» әнімен.

12. Көптен күткен көк байрақ желбіреді, Күннің көзі көктемдей елжіреді. Мұнан асқан от-жалын бар ма сірә, Отан-әнмен жүрегім тербеледі!

Ортада 3 «Ә» сынып оқушысы Артықбай Назерке «Қазағым» әнімен.

13. Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан-жүректі ұғысқан. Ата-бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан, Гүлстан!

Ортада 3 «А» сынып оқушысы Рахымберді Көркемай «Түркістан» әнімен

14. Бейбітшілік жанымыздың, Гүл саясы бүршік атқан. Ырғағы ол әніміздің, Көгершіндей қанат қаққан.

Ортада 3 «Б» сынып оқушсы Ынтықбай Ақмарал «Ақ көгершін» әнімен

15. Отаным менің кең байтақ Қазақстан. Аман өткен талай дүлей азаптан. Бар әлемді өз аузына қаратқан, Кім бар екен мықты дейтін қазақтан?

Ортада 3 «Б» сынып оқушысы Қалмахан Сүндет «Әрқашан күн сөнбесін»

16. Көк байрағым желбірейді төрімде, Қалықтасын қыран құсым көгімде! Ашық аспан бейбітшілік бейнесі, Әуелесін Қазақстан жерінде!

Ортада 3 «В» сынып оқушысы Боранбай Гаухар әнімен.

17. Қазақстан! Еңселі елмін егеменді! Кеңейттім кең әлемге керегемді, Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар, Таныды тепе-тең деп тереземді!

Алдарыңызда 4 «Б» сынып оқушысы Артықбаева Алтынай «Қазақ елі осындай!» әнімен

18. Алаулаған жанарына нұр толып, Бүгін сені бүкіл әлем жүр танып. Көк байрағың желбірейді жоғары, Әнұраның әлемде жүр шырқалып!

Ортада 4 «Б» сынып оқушысы Фазлитдин Динара «Менің қазағым» әні

19. Гүл жайнаған Астанам! Егеменді елімді болашаққа бастаған! Ешкімге де бас ұрма, алғысыңды айт уақытқа. Тәуелсіздік басыңда – басқа бақыт бақыт па?

Ортада 4 «А» сынып оқушысы Бекжан Жасұланның орындауында «Болашағы елімнің» әні

20. Қазақ елі, туды бақыт дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын! Тәуелсіздік құтты болсын қымбатты ел! Егемендік құтты болсын Алыбым!

Ортада 2 « В» сынып оқушысы Ходжамбетова Адия «Столица Астана» әнімен

21. Қойнауында қазына-құт, береке!Сенде өткізген әрбір күнім мереке. Жадыратар жанымды бұл сен екен, Құшағыңда еркелеген мен екем!

Ортада 3 «Б» сынып оқушысы Сансызбай Ұлтөре «Қазақстан – қыран далам» әнімен

22.Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді, Шежіреңе Ән- өлең боп кіреді. Мендегі өнер сен деп өмір сүреді, Менің жерім, ғажап елім – жыр елі

Ортада 4 «Ә» сынып оқушылары Қошқаров Бейбарыс пен Сарсенбаев Оразалы « Отанның ұланы» әнімен

Жиырма бес жыл егеменді елімізге,

Тәуелсіздік шықты енді төрімізге.

Әлемнің тыныштығын ойлап жүрген,

Ел тізгіні - Елбасы, өзіңізде!

Жиырма бес жыл міне, жұлдызды күндер өтіпті,

Тарихта өшпес іздерін тастап кетіпті.

Төзімді қазақ өз бейнетінің арқасы –

Аңсаған талай бақытты күнге жетіпті!

Мәңгілік болсын тәуелсіздіктің тұғыры!

Көңілді өтсін бейбіт күнімнің ғұмыры,

Татулық пенен бірліктің туын көтеріп,

Арманшыл елдің лайланбасын тұнығы!

Байқау қорытындысы шыққанша сахна төріне мектебіміздің жас әншісі Аяжан Таженді шақырамыз. «Ризамын» әнімен.

Тәуелсіздік пен бостандықтың игі мақсаттарын баянды етіп, өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда ел алдындағы азаматтық, саясаткерлік, қайраткерлік және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегін бүкіл төрткүл дүние біледі.

Тәуелсіздіктің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары , егемендігіміз баянды болсын, ағайын! деген тілекпен ән байқауын аяқтаймыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі