400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

"Патриоттық тәрбие" (мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық оқырмандарға керек, патриоттық тәрбие барлық оқушыларда, ұстаздарда, қарттарда да болуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Патриоттық тәрбие (мақала)

Білім берудің ең өзекті мәселесі – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, елін сүйетін патриот тұлғаны қалыптастыру, құнды қасиеттерге ие болу. Қазіргі кезде патриотизм тақырыбы оның ішінде Қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық, мемлекеттік, мәдени, рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Олай болса, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбиенің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек. Өз халқының тарихын білу, еліңнің кешегі және бүгінгі батырларын мақтаныш ету, бабалар рухына сай ұрпақ болып қалыптасу – патриотизмнің басты бөлігі болып табылады.

Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – жас ұрпақтың рухын көтеру, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықтың үздіксіз дамуы, өзін – өзі дамыту, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлау, адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру және тәрбиелік ортаны құру, қолдау. Адам бойындағы салмақтылық, орнықтылық, ерлік, еңбекке қабілеттілік, жауапкершілік – патриоттық тәрбиенің басты сипаттары мен қасиеттері.

Патриотизмнің басты қажеттілігі: біріншіден, бұл бастамалардың белсендірілуі, шығармашылық және жасампаздық жұмыс, барлық ішкі, жасырын потенциалдың көрінуі, эгоизмді шектеу, азаматтық қасиеттер мен бірлікті кеңейту. Бұл бағыт бойынша, алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу, шығармашылықты дамыту, ғылыми іздене білетін, ұжымшылдық рухта тәрбиеленген жоғары білікті мамандар дайындауымыз қажет. Жеке тұлғаның мотивациясын ашатын білім алушыларды корпоративтік этикаға, ұжымшылдыққа, өзінің қоғамға керектігін сезінуге үйрететін көптеген үйірмелерге бару. Екіншіден, бұл кеше мен бүгіннің байланысы, ұлттар мен ұлыстардың дәстүрлерінің, құндылықтарының тоғысы. Патриотизмнің қайнар көзі – ел тарихын терең білуде, оның гүлденуін қамтамасыз ету, оған кұш салған аға ұрпақтардың іс – әрекетін ұғыну мен құрметтеу. Үшіншіден, Отанның мәнін және оған қатысты міндеттемелерді ұғынуға бағытталған патриоттық білім мен тәрбие беру идеяларын ең жоғары деңгейге дейін жүзеге асыру.

Патриотизм – адамдарды біріктіретін сезімдерден көрініс табады. Олардың ішіндегі ең бастысы – әр адамның өзінің туған жері мен тұрақты еңбек етіп жатқан жерін өз Отаны ретінде қадір тұтуы, бірлік, махаббат пен қамқорлық, салт – дәстүр мен рухани құндылықтарды құрметтеу. Сөз соңында айтарым, еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігі мәңгі, жастарымыз арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, елім, жерім дейтін үлгілі патриот болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі