Пазлдан сурет құрастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пазлдан сурет құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

І кіші «Болашақ» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Күні: 20.11.2019 жыл.

Білім беру саласы: «Таным».

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика.

Тақырыбы: «Пазлдардан сурет құрастыр».

Мақсаты: екі бөлікті пазлдан заттың бейнесін құрастыруға үйрету. (үтік, ток көзі, бағдаршам)

Білімділік: Геометриялық пішіндерді атауды, оларды салыстырып бекіту.

Дамытушылық:Түстерін атай білу дағдысын дамытуды.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Ойыншық қоян, геометриялық пішіндерден құрастырылған суреттер үлгілері: үтік, ток көзі, бағдаршам .

Үлестірмелі материалдар: әр балаға: түрлі түсті фигуралар, екі бөлікке бөлінген суреттер.

Сөздік жұмыс: Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.

Қостілділік компонент: Үшбұрыш-треугольник.

Шаттық шенберге тұру

Қайырлы таң балалар!
Сәлем бердім саған жерім!

Сәлем бердім саған күнім!
Сәлем бердім бәріңізге!


Мотивациялық – қозғаушылық

Ойындық жағдаят.

Есікті қаққан дыбыс шығады. Тәрбиеші есіктің сыртына шығып кетіп кішкентай ойыншық қоян алып келеді.

-Балалар, бізге қонаққа қоян келді. Ол жылап тұр екен. Оған бірдеңе болған сияқты. Кәне, балалар, қояннан оның неге ренжіп тұрғанын сұрайықшы.

- «Қояным, саған не болғанын айтып берші балаларға? Неге сен көңілсізсің?»

Қоян:

-Балалар! Мен сурет салғанды сондай ұнатамын, бірақ менде не қылқалам, не бояу жоқ. Мен не істесем екен?

-Жылама, қоян! Біздің балалардың қолдарынан келмейтіні жоқ. Олар саған осы біздің топта бар фигуралардың көмегімен сурет салуды үйретеді. Балалар, қандай фигуралар біздің топта бар?

-Тақтаға қараңдаршы. Онда пішіндерден құралған суреттер бар. Маған суретте не салынғанын, қандай пішіндерден құрастырылғанын айтып беріңдерші?

Сөздік жұмыс: Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек


Балалар үтіктің суретіне қарайды.

«Төртбұрыш», «үшбұрыш», «дөңгелек» сөздерін қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Үтік қандай пішіндерден тұрады? (үшбұрыш, дөңгелек).

Қостілділік компонент: Үшбұрыш-треугольник.

-Бағдаршам қандай пішіндерден құрастырылған.

-Ал үшбұрыштардың барлығы бірдей ме?

-Ал қандай пішін үстелді бейнелейді? (Балалар жауап береді.)

-Балалар, қазір біз «Болады, болмайды» ойынын ойнайтын боламыз.

Ал қоян сендердің жауаптарына қарап отырады.

(Балаларға әртүрлі суреттер көрсетіледі, балалар дұрысын таңдау қажет)

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар,өте жақсы жауап бердіңдер!

-Ал, қоян, саған біздің балалардың жұмыстары ұнады ма? Сен фигуралардың көмегімен қалай суретті салу керектігін үйрендің бе? Міне, саған қалташадағы пішіндер, сен оларды өзіңмен бірге үйге алып кет және өзің де сурет салуға тырысып көр.

-Рақмет, балалар! Сау болыңдар,-деп қоян кетіп қалады.

Балалар қоянмен қоштасады. (Сау бол, қоян!)

Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: Геометриялық пішіндерден бағдаршам, үтік, ток көзін құрастырады;

Қандай түсініктерді игереді: Бірнеше бөліктен тұратын зат пішінін көрнекті талдау жән жинақтауды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Геометриялық пішіндерді атауды, оларды салыстыруды, түстерін атауды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2019
6774
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі