Арынғазина
Алтынай Қонырқызы
«Табыс
формуласы»
Педагог
жайында біраз сөз
Жоспар:
І.
Кіріспе
1.
Армандаған мамандық
ІІ.
Негізгі бөлім
1.
Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден
балаға
2.
Жас маман, келер ұрпақтың сәулеткері
ІІ.
Қорытынды
1.
Жеті қырлы, бір сырлы - педагог.
Жаз.
Әсем табиғатпен тамсанып саябақтың
ішімен өтіп барамын. Айнала толған
қызғалдақ гүлдер, жапырағын кеңге жайып
өскен ағаштар, сайран салып ойнап жүрген
балалар. Бір мезетте отырып дем алуға
бел будым. Айналамды зерттей қарап едім,
көз алдыма қатарлас тұрған екі ғимарат
көрінді. Бірі болашақ дәрігерлерді
оқытатын медициналық университеті,
бірі шағын ғана мектеп еді. Ойыма сол
мезетте өзімнің болашақ мамандығым
жайында көп сұрақтар сарп ете түсті.
Мен болашақта кім боламын? Менің бұл
өмірдегі орным қандай? Қандай салада
қызмет атқарады екенмін? – деген сұрақтар
төңірегінде көп отырып ойланғаным бар.
Дегенмен де өмірдің өз ағысы бар, әр
оқиғаның өз орны бар емес-ті. Сол мезетте
ақ халат киіп, адамдарға өз көмегімді
тигіземін деген ойым басым болғанымен,
қазіргі таңда білім ордасында қызмет
атқарып, өз үлесімді білім саласына
қосып жатқаныма еш өкінбеймін.
Ұстаз
сөзін естіген кезімде жүрегіме жылулық
ұялайды. Өз санамда ұстаз деген сөзге
үлкен құрмет пен махаббат бар. Оқушының
жүрегінде ойып отырып орын қалдыратын
ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе
қоймасы анық. Сол себептен де ұстаз
деген атқа лайықты болуға тырысудамын.
Ұстаз
– шәкірттерін білім нәрімен сусындататын
адам. Ұстаздық үлкен жауапкершілікті
және шыдамдылықты қажет ететін жұмыс.
Өйткені, бұл да дәрігер сынды жас
бүлдіршіндердің, болашақ түлектердің
болашақ өміріне жауапты адам. Әр
адам бұл өмірде мұғалім алдынан өтеді.
Мектеп
— балалардың екінші үйі болса, ал
ұстаздар екінші анасы десек те артық
етпейді. Мектеп
табалдырығын
аттаған сәттен бастап саған жеке тұлға
ретінде қарап, білім беріп, саған
ар-намысты, ұятты, адамгершілік,
мейірімділік нұрын сеуіп, ақылын айтатын
ол – ұстаз болып табылады.
«Ақырын
жүріп, анық бас,
Еңбегің
кетпес далаға.Ұстаздық
қылған жалықпас, үйретуден балаға», деп
Абай атамыз айтқандай ұстаздық жолында
үздіксіз ізденіп, аянбай еңбек ету
керек.
Ұлы
ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай
мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім
түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби
икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы
шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару,
өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы
біліктілікті қажет етеді. Өйткені
қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі
келбеті.
Оқу орындарын енді ғана бітіріп отырған
жас мамандар, келер ұрпағымыздың
сәулеткері болып табылады. Қандай
тәлім-тәрбие, білім нәрімен сусындатса,
болашақта сондай еліміздің дамуына өз
үлесін қосатын, отан алдында жауапкершілігін
түсінетін азаматтар мен азаматшалар
қалыптасады. Біз өзіміз, яғни білім
саласында жұмыс жасайтын адамдар, басқа
саладағы мамандықтардан сапалы қызмет
көрсетулерін талап етеміз. Атап өтетін
болсақ, дәрігерлерден толық және сапалы
тексерілу, тігіншілерден сапалы және
сәнді киім-кешектерді тігу, шаштаразда
шашыңды сапалы қию. Алайда сол дәрігерің
де, тігіншің де, шаштаразшың да мұғалім
алдынан өтетіні хақ емеспе. Білім сапасы
қандай деңгейде берілсе, қызмет көрсету
сапасы да сондай деңгейде болмақ.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың
ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық
- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да,
ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге
ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,
сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды
да сондай ардақтауға міндеттіміз”
деген.
Осындай
ақын-жазушыларымыздың, батыр
ата-бабаларымыздың сөздерінен кейін
қайтіп ұстаз деген ұлағатты есімге кір
келтірмей, ізденіп, шығармашылықты
дамытып, ұстаз деген атқа лайықты
болмасқа.
Қорытындылай
келе, педагог – жеті қырлы, бір сырлы
болуы керек және де қазіргі таңда сондай
мақсатта жұмыс жасап жатқан сияқты да.
Педагог – зерттеуші де, педагог – рухани
бай тұлға, педогог – шығармашыл тұлға,
педагог – бәсекелестікті тұлға. Себебі,
заман талабына сай мұғалім болу ең
жауапкершілігі мол, күрделі, ең зиялы
мамандық болып табылады. Баланы жеке
тұлға етіп қалыптастыруға, дамытуға
бағытталған зор жауапкершілікті қажет
ететін мамандық. Ата-ана рөлінде
атқарасын, тәрбиеші де боласын, досы да
боласын, ұстазы да боласын. Қандай
бір әдістермен педагогикалық технологияны
пайдаланасын, әр сабағына шығармашылықпен
дайындаласын, зерттеуші де боласын,
ғалым да боласын. Бірақ та баланың рухани
жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз
тұлғасының әсері де ерекше екендігін
атап өткен жөн.
Қазақ
халқының біртуар перзенті, қоғам және
мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет
зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист,
педагог, аудармашы, ұлттық жазудың
реформаторы, ағартушы ретінде жадымызда
қала білген ұлтымыздың рухани көсемі
бола білген, ұлт ұстазы болған Ахмет
Байтұрсынұлына ұқсап бағудың өзі де
бір керемет.