Педагог психологтың оқушылардың цифрлық әлеуетін дамыту жұмысы
Әбтай Е.
7M01105 Педагогика. Білім беру менеджменті мамандығының
2 курс магистранттары,
Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Кудайбергенов Алия Маликовна
Аннотация. Мақалада педагог-психологтың оқушылардың цифрлық әлеуетін дамытудағы рөлі қарастырылады. Автор оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру, цифрлық сауаттылығын арттыру және онлайн ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру жолдарын сипаттайды. Сонымен қатар, педагог-психологтың цифрлық кеңістіктегі эмоциялық тұрақтылықты қолдаудағы психологиялық қолдау тәсілдері талданады. Мақалада заманауи білім беру жағдайында цифрлық әлеуетті дамыту педагогикалық-психологиялық жұмыстың маңызды бағыты екені айқындалады.
Тірек сөздер: цифрлық әлеует, педагог-психолог, оқушы, цифрлық сауаттылық, психологиялық қолдау.
Аннотация. В статье рассматривается роль педагога-психолога в развитии цифрового потенциала учащихся. Описываются методы повышения цифровой грамотности, формирования навыков безопасного поведения в онлайн-среде и развития умений работать с информационно-коммуникационными технологиями. Особое внимание уделяется психологической поддержке эмоциональной устойчивости в цифровом пространстве. Подчеркивается, что развитие цифрового потенциала становится важным направлением педагогико-психологической деятельности в условиях современного образования.
Ключевые слова: цифровой потенциал, педагог-психолог, учащийся, цифровая грамотность, психологическая поддержка.
Annotation. The article explores the role of the educational psychologist in developing students’ digital potential. It outlines methods for enhancing digital literacy, improving skills in working with information and communication technologies, and fostering safe behavior in online environments. Particular attention is paid to psychological strategies for supporting emotional resilience in the digital space. The study highlights the importance of digital potential development as a key area of psycho-pedagogical work in modern education.
Keywords: digital potential, educational psychologist, student, digital literacy, psychological support.
Қазіргі заманның ерекшелігі қоршаған ортаның қарқынды өзгермелі болуында. Орын алып жатқан өзгерістер бұрын-соңды болғандарға мүлдем ұқсамайды, ол адамзаттың өмір сүру саласының барлық деңгейіне өз ықпалын тигізуде. Бұл өзгерістердің негізгі сипаты - үздіксіздік, үдемелілік, жылдамдық және жаһандық. Осы дәуірде ақпарат пен білімге негізделген жаңа экономика, саясат, жаңа қоғам орын алуда. Аталған факторлардың барлығы «ақпараттық қоғам» ұғымын кеңірек қолдануынаәкелді. Жарияланған ғылыми еңбектерде
«ақпараттық қоғам» түсінігіне қатысты әртүрлікөзқарастар бар.
Қоғамның қазіргі уақыттағы даму кезеңі жеке тұлғаның базалық мәдениетінің құрамдас бөлігіретінде танылатын болашақ маманның цифрлық әлеуетін дамыту өзекті болып отыр. Осыған орай адам-білім беру-мәдениет жүйесіндегі байланыстарды мұқият зерделеу қажеттілігі туындауда.
Зерттеліп отырған сұрақ «ақпараттық мәдениет» ұғымын терең түсінуді талап етеді. Ақпараттық мәдениет ұғымы жас болғанына қарамастан, оған қатысты әртүрлі көзқарастар бар. Бұл жағдайға әртүрлі факторлар әсер етуде: ұғымның зерттелу саласы, қоғам дамуында ақпараттың алатын орнына байланысты мазмұнының өзгеруі және т.б. Сондай-ақ бұл термин құрамына екі ұғымның енуі, оның мәнін түсіну үшін «ақпарат» және «мәдениет», соған қоса
«ақпараттық қоғам» ұғымдарын әлдеқайда тереңталдауды міндеттейді.
ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап дамығанкапиталистік елдерде, әсіресе Жапония және АҚШ-та, ақпарат пен ақпараттық ресурстар қоғамда өзіндік ерекше орны бар екені анықтала бастады. Осыған орай, ақпараттық ресурс материалдық өндірістіңдамуын анықтайтын фактор статусына ие болабастады. Бұл жағдай ақпараттың және ақпараттық үдерістердің қоғамдағы ықпалын бағалауға әкелді. Бұл терминді қолданысқа енгізген Токия технологиялық институтының профессоры Ю.Хаяши болып табылады. Ақпараттық қоғамның сипаты жапондық Экономикалық жоспарлау агенттігі және Өндіріс құрылымы бойынша кеңестің есептерінде көрсетілді: «Жапондық ақпараттық қоғам» (1961ж.), «Ақпараттық қоғам жоспары» (1971 ж.). Бұл есептерде ақпараттық қоғам компьютерлендіру адамға көлемді ақпаратқа қолжеткізуге және оны жылдам өңдеуге мүмкіндік беретіні, адамбірсарынды жұмыстан арылып, өндіріс жоғарыдеңгейге көтерілетінін баяндайды. Дәл осы кездеқоғамның қалыптасуы мен дамуының қозғаушы күні материалдық өнім емес, ақпараттық өнім болатынытуралы идея тұжырымдалған. Ақпараттық қоғамтұжырымдамасының дамуына У.Мартин,М.Кастельса, М.Маклюэна, И.Масуда, Т.Стоуньереңбектері өз үлесін қосты [16].
11
Л.И.Арзамасова өзінің еңбегінде бұл ұғым анықтамаларын мазмұны жағынан талдай келе екі бағытқа жіктейді. Бірінші бағытта ақпараттық қоғамның ерекшелігі жинақталған ақпарат көлемі мен сапасы, оның қолжетімділігі мен еркіндігіарқылы түсіндіріледі. Екінші бағытта ақпараттық қоғам ерекшелігі ақпараттың фундаментальды рөлін түсінумен, әлеуметтік- мәдени мәнмәтіндегіақпараттық ресурс, жаңа ақпараттық технологияларсияқты феномендердің ғылымның дамуына қомақты үлес қосуымен сипатталады. Бірнеше анықтаманы қарастыралық [17].
Ақпараттық қоғам – өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам [18].
Бір жағынан ақпараттық қоғам – тұжырымдама болатын болса, екінші жағынан бұл қоғамда өндірісдамыған және негізгі рөлді ақпарат пен ақпараттық қызмет алады. Олай болатын болса, бұл бағытқа сүйенетін болсақ ақпараттық қоғамның ерекшелігі ақпарат және ақпараттық қызметтер, оның дамуы әртүрлі ақпаратты қолданумен байланысты болады. Бұл қоғамда ақпарат басты орында болатын болса, тұлғаның цифрлық әлеуетін дамыту өзекті екені анық.
Зерттеушілердің ұғымға қатысты әртүрлі көзқарастарына қарамастан ақпараттық қоғамғақатысты ортақ фундаментальды сипатын көрсетугеболады:
- қоғам өміріндегі ақпарат рөлінің өзгеруі және ақпарат пен білімнің әлеуметтік-экономикалық дамудағы маңызды ресусқа түрленуі;
- ақпараттық индустрия өндірістің әлдеқайда қарқынды, табысты саласына айналуы;
- қоғамның ақпараттануы Ғаламтор желісін, ақпараттық- технологияларды, дәстүрлі және электронды бұқаралық ақпарат құралдарын қолдануымен үдемелі болуы;
- адамдардың тиімді ақпараттық өзара қарым-қатынасын, әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін және олардың ақпараттық өнім мен қызметке қанағаттануын қамтамасыз ететін жаһандық ақпараттық кеңістіктің құрылуы;
- қоғамның барлық саласындағы орталықтандырылған иерархиялық құрылымды ұйымдар жедел өзгерістерге және инновациялық дамуға икемді желілік типтеріне алмастырылуына байланысты әлеуметтік ұйымдастыру мен ынтымақтастық моделінің түбегейлі өзгеруі.
Ақпарат адам өмірінің маңызды ажырамас бөлігіекені белгілі. Алайда ХХ ғасырдың ортасына дейін оны мемлекетке және жеке тұлғаға ықпалы тұрғысынан талдау, қоғамның басты назарындағы пән болмады. Осы уақытқа дейінгі түсіндірме сөздіктерде «ақпарат» сөзі болмаған.
Г.Л. Ильиннің пікірінше, адамзаттың ақпаратқа деген көзқарасы Екінші дүниежүзілік соңыстан кейін өзгерді, себебі бұл кезде экономикалық көшбасшылық терең біліммен және ақпаратты өңдей білу арқасында кәсіби әлеуетін жылдам жетілдірубілігімен бара-бар сипаттала бастады [19]. Егер өткен уақыт кезеңінде адамның өндірістік-тәжірибелік іс-әрекетінде адамзаттың даму
22
келешегін толығымен анықтайтын заттық және энергетикалық ресурстарға маңызды орын берілген болса, ал қазіргі кезде ақпарат пен білім материя мен энергияны толықтыра отырып басты үшін ресурс бола бастады.
Сонымен, ақпаратты табиғи, қаржылық, еңбек және басқа ресурстар сияқты стратегиялық ресурс ретінде қабылдай бастады.
Әдебиеттерді зерделеу нәтижесінде «ақпарат» ұғымының әлдеқайда күрделі және көпмағыналы екенін анықтауға болады. Зерттеу саласына байланысты ақпараттың көптеген анықтамасы бар.
Ақпарат сөзі латын тілінен аударғанда «түсіндіру», «мазмұндау» деген мағынаны береді.Ақпарат феномені пәлсапашылар, тіл мамандары,физиктерді, генетиктерді, әлеуметтанушы, тарихшы және т.б. саладағы ғалымдарды қызықтырды. Мамандардың айтуынша бұл ұғымға қатысты 200-ден астам анықтама бар және олардың барлығы қоғамда қолданыста. А.Н.Дулатова, Н.Б.Зиновьева өзеңбектерінде ақпарат пәніне қатысты пәлсапалықпікірталаста кем дегенде үш көзқарас бар екендігін көрсетеді. Біріншіден, ақпарат қарым- қатынас сферасы және жалпы ғылымдық рефлексия құралы ретінде түсіндіріледі. Екіншіден, өзараәрекеттестікті реттеумен байланысты өздігінен ұйымдастырылатынжүйе ретінде сипатталады. Үшіншіден, ақпаратматерия мен энергияның таралуының әртектілік өлшемі, әлемнің бастапқы әртектілігін тіркейтін материалдық жүйенің қасиеті ретінде ұсынылады. Бұл айтылған үш тұжырымдама заманауи теорияда коммуникациялық, кибернетикалық және атрибуттық деген атаулармен беріледі. Бірінші тұжырымдама психология, педагогика, лингвистика, журналистика сияқты ғылымдарда зерттеледі. Екіншісі, басқару және байланыстар теориясының негізіне кіріктірілген. Бұл информатика ғылымындатехникалық байланыс арналары бойыншахабарларды кодтау және сигналдарды тасымалдау арқылы көрініс табады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы. 27.07.2007 ж.,
№319-III ҚРЗ. Астана. Ақорда
2 Қазақстан Республикасының білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндеттібілім беру стандарттары. –31.10.2018 ж.,ҚР Білім және ғылым министрінің №604 бұйрығы
3 Қазақстан Республикасының ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – Егемен Қазақстан, 12.04.2017ж.
4 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттікбағдарламасы.- 12.12.2017 ж., Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 қаулысы
5 Атаян А.М. К вопросу о формировании информационной культуры.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Педагог-психологтың цифрлық сауаттылығы

шағым қалдыра аласыз