Материалдар / Педагог шеберлігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Педагог шеберлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі қоғамда ұстаздың бойында болу керек қасиеттер туралы.Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2022
403
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы


«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Ахмет Байтұрсынов


Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадиаграммасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудің ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде.  Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың  дәстүрлі обьект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады» – дейді өз еңбегінде Марал Мәденқызы Жанпейісова.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі,ең алдымен, мақсат-міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға  тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.

Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.

Ғұлама данышпан Әл-Фараби: «Ұстаз …жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, …алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ  және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»,- деген болатын. Демек, кәсіби шебер мұғалімнің міндетті талаптары осыған сай болса керек.

Оқушының оқылатын пәнге деген қарым-қатынасын, көзқарасын анықтаушы бірден-бір адам – мұғалім. Кез-келген оқушы әуелі мұғалімді, сосын барып пәнді не мәңгілік сүйіп, не өмір бойы жек көріп кетеді. Сол себепті мұғалім оқушының өміріне өзгерістер енгізеді. Жанына жақын пәннің мұғалімі көңіліне жақпаса, оқушы ол пәннен алшақтай береді де, жат дүние болуы мүмкін. Сондықтан әр ұстаз оқушының көңіл пернесін дәл басуы, өз пәнін екі жаққа да тиімді әдістермен өткізуі тиіс. Нағыз кәсіби шеберлік осыдан бастау алса керек. Ал оқушыға бір нәрсені мойындату біраз еңбекті қажет етеді. Әсіресе ХХІ ғасыр «ойыншықтары»- интернет, теледидар, онлайн, т.б. қасында мұғалім беделін арттыру оңай шаруа емес. Олай болса,жаңа  мұғалім қандай болуы керек?

Біріншіден, менің ойымша, мұғалім жан-жақты жаңашыл, қызықтыра алар қабілетті болуы керек. Өйткені оқушының айналасы қызылды-жасыл дүние: теледидар, компьютер, ғаламтор ойындары. Осылармен жарыса жаңарып отыру керек, олардың көлеңкесінде қалып қойып, пәніңіз де, өзіңіз де оқушы өмірінде екінші, үшінші орынға шығып қалсаңыз жағдайды түзету оңайға соқпайды. Жаңашыл болудан қорықпаңыз, оқушылармен бірге олардың өміріне еніп кетіңіз: олар көретін фильмдерін, тыңдайтын музыкаларын, ойнайтын ойындарын, табынатын әнші, әртістерінен түгелдей хабардар болуға тырысыңыз. Оқушымен өз тілінде сөйлесіңіз. Сонда ғана оқушы көңілі сізге ауады. Ал оқушы көңілі сізде болғаннан кейін пәніңізге де қызығушылығы артады. Қызығу бар жерде ынта, ықылас болады. Ынта бар жерде сапа бар. Ал, керісінше, оқушыға есінен тандыра ұрсып, бала санасына сіңген дүниені сыпырып тастаймын деуден сіз де шаршайсыз, бала да шаршайды. Қайта оқушы өзіңізден алшақтап, тәрбие бұлағын мүлде басқа ортадан табуы мүмкін. Жасөспірімдердің түрлі діни секталарға қосылып немесе суицидке бой алдыруы осыдан келуі де мүмкін. Мұғалімін сыйлайтын оқушыға кез-келген ақпаратты сіңіріп, соның жемісін талап етуге болады. Яғни, бір сөзбен айтқанда, оқушының қалыптасуынан қалып қоймауымыз керек.

Екіншіден,ешқашан баланы қинап оқыта алмаймыз. «Қайтсең де осы өлеңді немесе ережені жаттап ал, әйтпесе келуші болма» деген сияқты сөздерден оқушының пәнге деген жиіркеніші оңай туады. Өз санасының жетегімен істелмеген дүние оның көкейіне мүлде қонбайды. Түсінбеген дүниені түйсіну мүмкін емес. Мұндайды болдырмау үшін тағы да оқушымен  «өзінің тілінде» сөйлесіңіз. Қызықтырыңыз, түсіндіріңіз, бірақ қинамаңыз.

Үшіншіден,оқушыдан талап еткенді өзіңіз де орындайтын болыңыз. Оқушы әуелі сізді үлгі етеді. Қызығуын тудырған мұғалім не жасаса, оқушы соны жасауға әрекет қылады. Тақырып барысында өтетін өлеңді жаттап алыңыз, әңгіменің үзіндісін жаттап алыңыз. Түсіндіру барысында қазақ тілінің бар мүмкіндігін қолданып, барынша шұрайлы, барынша сусынын қандыра сөйлеңіз. Оқушыны ақпараттың астында қалдыра бермей, жай ғана негіз салушы болыңыз. Міне, осы үш нәрсені ескерсек, ХХІ ғасыр «ойыншықтарының» алдына шыға аламыз, олардан озық отырсақ, сапалы білім, саналы тәрбие берер кәсіби маман бола алмақпыз.

Мұғалімнің  кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда кәсіби шеберліктің қаншалықты маңыздылығын айқындау мақсатында басқа мемлекеттердегі  шеберлікті шыңдау, біліктілігін арттыру тәсілдерін зерттеп көрдік. Көршілес Қытайда жағдай басқаша. Онда ата-аналар тарапынан жылына екі рет сабаққа қатысып, мұғалімдердің білімін бағалау назардан тыс қалмайды. Мұғалімнің сабақ беру тәсілі, түсіндіруі, балалардың қабылдауы жөнінде пікірін сабақ соңында жазып, қабылдау бөлмесіне қалдырады екен. Жыл аяғында осылар ескеріліп, 3 ай сайынғы ашық сабағы,1 жыл бойғы әр баланың білім сапасы деңгейінің жоғары, төмен болуына қарай жылына 1 рет аттестациядан өтеді. Бұл өте құптарлық іс. Қытайдағы заңға сүйенсек, баланың 8 жылдық білімі болмаса әке-шешесі жұмыстан шығарылады. Бұдан айтпағымыз – әр елдің, әр мемлекеттің өзіндік қоғамындағы білім саласындағы жетістіктерін өзімізге пайдаланып, жақсыларын керегімізге жаратып, жамандарынан қашып отырсақ, кешегі Әл-Фарабилер айтып кеткен кемел қоғамға айналуымызға кім кедергі бола алар?!

Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады.

  • Шебер мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылық, педагогикалық әдебі жоғарылығымен, басқаны түсіне білетіндігімен сипатталады. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі әрі ұстамды болады. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілеті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды.

  • Шебер мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым-қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен, онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан-дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзін де планетарлық ойлауды дамытуына негіз болады.

  • Шебер мұғалім - жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру, жасап көру – оның күнделікті кәсіби жағдайы.

  • Шебер мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойынына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар.

  • Шебер мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен балаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кез келген уақытта өз оқушыларына, жалпы балаларға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес, ата-аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.

ХХІ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – деген екен. Ұлт болашағына жаны ашитын әрбір мектеп мұғаліміне қазақ тілін оқыту үрдісін жетілдіріп, оны ұйымдастыруға аса жауапты міндет жүктеледі. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін, әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер пайдаланады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!