Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
педагогика
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Билет №1
1. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
2. Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
3. Жеке адамның дамуына әсер ететін факторлар.
1. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци. Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: 1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді. 2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады. Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.
2. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік торбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдык, батылдык, төзімділікті калыптастыру; адамға суйспеншілік, құрмет, кайырымдылык сезімін дамыту; окушыларды өз міндетіне, озгенің муддесіне байыпты карауга уйрету; өз отанын суюге, улттар достыгын курметтеуге тарбиелеу;
3. Даму процесінде негізгі ықпал жасайтын факторлар: туқым қуалаушылық, табиғи және әлеуметтік орта мен тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу. Тұқым қуалаушылық- жеке тұлғаның ата-анамен биологиялық ұқсастығы. Атап айтқанда:
-дене ерекшеліктері: баланың шашы, терісінің түсі, бет келбеті, басының формасы, т.б биологиялық ұқсастығы;
-әлеуметтік қасиеттері: сөйлеуі, көруі, естуі, тік жүруі;
-дара психикалық ерекшеліктері, қабілеттері: музыкаға қабілеттілігі, бейнелеу өнеріне, биге икемділігі, есеп шығаруға, есте сақтау қабілеті т,б нышан түрінде болады. Нышандар қабілеттілікке айналады.
-жоғары жүйке қызметінің белгілі бір түрі-холериктік, сангвиникалық, флегматикалық, меланхоликалық.
Жүсіпбек Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе» атты мақаласында: «Кісі туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки деректік болады» деген көзқарасын баяндайды. Адам дамуында орта зор рөл атқарады. Табиғи орта- бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы: ауа райы, жері, суы. Әлеуметтік орта-жеке тұлғаның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметті қатынас, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасытары көпжақты әрекеттері. Тәрбие- жеке тұлғаның дамуында жетекші рөл атқарады. Адамның туғаннан ержету кезеңіне дейін дамуы негізінен тәрбие арқылы, мақсатты түрде сырттай ықпал ету жүзеге асырылады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ықпал ететін факторларға біржақты көзқарас, шешім болмауы қажет. Мысалы, 30 жылдардың аяғында, кейбір кеңес педагогтары жеке тұлғаның дамуында ортаның рөлі басым деген идеяны қуаттап, тәрбиенің жетекші рөлін бағаламады. Сол секілді тәрбиенің рөлін тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік ортадан жоғары қою факторлары кездеседі.
Билет №2
1. Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
2. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері.
3. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
1. Педагогика өзiнің нақты проблемаларын шешу үшін бiрнеше қоғамдық-әлеуметтiк ғылымдар және арнайы ғылымдар салаларымен байланысты. Қоғамның аса маңызды функцияларының бiрiне саналатын тәрбие туралы ғылым-педагогика ең алдымен педагогиканың методологиялық өкiлi болып саналатын философия ғылымымен байланысты. Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейдi. Педагогика ғылымы педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарай олардың қоғамдық мәнiн ашу, осы заманғы педагогикалық теорияларды дамыту үшін озат прогрестiк педагогикалық идеяларды зерттеу және халықтар арасында ұлтаралық қатынас мәдениетiн орнату мақсатында педагогика тарих саласымен байланыста болады. Оқыту мен тәрбиелеудің объектiсi - адам болып есептеледi. Сондықтан да қалай оқыту керектiгi және оқушыларды қалай тәрбиелеуге болатындығы туралы мәселелердi шешкенде педагогика адамның дене күшi және психологиялық дамуының табиғаты мен заңдылықтарын зерттейтiн ғылымдармен - физиология, психология қалтықсыз бiрiгiп отырады. Себебi қоғамдық сана сферасына жататын құбылыстар жиынтығы, яғни сезiм, көңiл-кұй, талғам, пiкiр, баға беру, наным, әдет-ғұрыптар, салттар, мiнез-құлық сипаттары және түрлi әлеуметтiк жағдайларда тұрған адамдар тобының психологиялық қалыптасу ерекшелiктерi болып табылады. Соңғы уақытта педагогика халықтық педагогикамен де байланысы зор болып отыр. Мысалы, халық ауыз әдебиетi мұраларын және салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, этнографиямен және халықтардың ғасырлар бойы жинақталған педагогикалық ойлары мен көзқарастары, тәжiрибесi көрсетiлген этнопедагогика ғылымымен тығыз байланысты.
2. Баланың табиғатында «Мен өзім» деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады. Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау.
Жазалау - жағымссз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:
-
жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
-
жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
-
жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
-
жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды. Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа
-
тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.
-
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.
3. Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау.
Билет №3
1. Педагогиканың шығуы және дамуы.
2. Педагогикалық зерттеу әдістері. Бақылау және оның түрлері.
3. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері.
1. Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты. ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді. Феодализмнен капитализмге өту деуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті. Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо (17і2-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы "әркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И.Пестолоцци "Лингард и Гәртруда" деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады. Ресейде революқиялық-демократияшыл ойдық негізгі салушылар: А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Гәрцен; XIX ғасырдық 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдық екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н.И.Пирогов, К.Д.Уінинский, Л.Н.Толстой, т.б. болды. Н.К.Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н.К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы. Сонымен катар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.
2. Педагогикалық зерттеу әдістері - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеудің, олар туралы ғылыми ақпараттарды жүйелі байланыстар, қатынастар орнату және ғылыми теорияларды құру мақсатында алу тәсілдері. Бақылау - педагогикалық зерттеудің ең қолжетімді және кең тараған әдісі. Астында ғылыми бақылау арқылы зерттелетін объектіні, процесті немесе құбылысты табиғи жағдайда жүйелі түрде зерттеу түсініледі, оның барысында зерттеуші нақты нақты материалды алады. Бақылау зерттеу әдісі ретінде болуымен сипатталады бақылаудың мақсаттары, міндеттері, бағдарламалары, әдістері мен әдістері. Бақылау әдетте жүргізіледі алдын ала белгіленген жоспар бойынша бөлектеумен бақылаудың нақты объектілері. Ғылыми бақылау қажет фактілерді объективті және нақты бекіту және нәтижелерді өңдеу. Бақылау хаттамаларын, фотосуреттерді, кинофильмдерді, магниттік және бейнежазбаларды жүргізу көзделеді. Орын алады бақылау енгізілген, зерттеуші бақыланатын топтың мүшесі болған кезде және қосылмаған бақылау, яғни сырттан. Бақылаудың артықшылықтары оның жүйелілігі мен жүйелілігінен тұрады. Кемшіліктері олар зерттелетін құбылыста зерттелетін мәселе тұрғысынан маңызды, маңызды нәрсе пайда болған кезде болжау мүмкін еместігінде жатыр, алынған материал әрқашан статистикалық өңдеуге жатпайды. Сонымен бірге алынған материалдарды бақылауға және өңдеуге кететін уақыт өте үлкен. Педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданылады сауалнама әдістері: әңгімелесу, сұхбаттасу, сұрақ қою, тестілеу. Олар ұйымдастыруда салыстырмалы түрде қарапайым және кең тақырыптық спектрден мәліметтер алу құралы ретінде әмбебап болып табылады. Әңгімелесу — алдын ала ойластырылған сұрақтардың көмегімен субъектілермен тікелей қарым-қатынас жасау. Ол мыналарды қамтиды екі жақты байланыс орнату, оның барысында балалардың қызығушылықтары, олардың көзқарастары, көзқарастары, сезімдері, бағалары мен ұстанымдары ашылады. Әңгімелесудің ерекше маңызы жеке қарым-қатынас респонденттің уәждерін, оның ұстанымын тереңірек түсінуге көмектесетіндігінде. Бұл әдіс әр түрлі жағдайларға жақсы бейімделуді қамтамасыз етеді, респонденттің реакциясына сәйкес әңгімені дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіндік береді. Әңгімелесу нәтижелері болуы үшін ең объективті, қажет мақсатты анықтау, бағдарламаны әзірлеу, сұрақтардың жүйелілігі мен өзгермелілігі туралы ойлану. Әңгімелесулерді ажыратыңыз жеке және топтық. Әңгімелесудің бір түрі болып табылады сұхбат - бастамашысы сұрақтар қоятын, әңгімелесуші жауап беретін біржақты әңгіме. Жәнесұхбаттасу ол әлдеқайда аз қолданылады. Сұхбаттың ерекшелігі зерттеуші белгілі бір дәйектілікпен қойылатын алдын-ала қойылған сұрақтарды ұстанатындығынан тұрады. Сұхбат барысында жауаптар ашық түрде жазылады. Сұхбаттасу ережелері мыналарды талап етеді жағдай жасау, субъектілердің шынайылығына бейім. Сауалнама — деп аталатын арнайы әзірленген сауалнамалар арқылы жазбаша сауалнама арқылы ақпарат алу әдісі сауалнамалар бойынша. Сауалнама сауалнаманың құрылымын мұқият әзірлеуді көздейді және, әдетте, басқа зерттеу әдістерімен үйлеседі. Сауалнамаларды әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар болып табылады:
-
сауалнаманың тұжырымдалуының дәлдігі;
-
мазмұндық бағыттылық;
-
тұжырымдардың қысқалығы мен бірмәнділігі.
Қолданылады сауалнаманың үш түрі:
-
ашық сауалнама,
-
жабық үлгідегі сауалнама,
-
аралас сауалнама.
Ашық сауалнама қамтиды ілеспе дайын жауаптары жоқ сұрақтар, респондентке таңдау үшін ұсынылған. Жабық үлгідегі сауалнама, керісінше, дайын жауаптар береді респонденттердің таңдауы үшін. Аралас сауалнамақамтиды ашық және жабық сауалнамалардың элементтері. Педагогикалық тестілеу — бұл мақсатты, барлық субъектілер үшін бірдей, мұқият әзірленген стандартталған мәселелер бойынша қатаң бақыланатын жағдайларда жүргізілетін, субъектілердің жеке ерекшеліктерін объективті түрде анықтауға мүмкіндік беретін емтихан Педагогикалық тестілеу — бұл форма, қолдану негізінде педагогикалық тесттер. Педагогикалық тест — бұл тест тапсырмалары жүйесінен, нәтижелерді жүргізудің, өңдеудің және талдаудың стандартталған процедурасынан тұратын оқушының дайындығын өлшеуге арналған құрал. Педагогикалық тестілеудің өзіндік ерекшеліктері:
- дәлдік;
- қарапайымдылық;
- қол жетімділік;
- автоматтандыру мүмкіндігі.
Педагогикалық зерттеулерде маңызды орынға ие экспериментке — ғылыми гипотезаны тексеру және негіздеу мақсатында кез келген құбылыстар мен процестерді зерттеу. "Эксперимент" сөзі латын тілінен шыққан, аудармада "" дегенді білдіредітәжірибе", "сынақ». Эксперименттің мақсаты — педагогикалық процесті басқарудың тиімді әдісін іздеуде жеке педагогикалық ықпал мен олардың нәтижелері арасындағы заңдылықтарды белгілеу. Эксперимент, шын мәнінде, болып табылады қатаң бақыланатын педагогикалық бақылау арқылы. Оның ерекшелігі бұл экспериментатордың өзі жүзеге асыратын процесті бақылауынан тұрады. Педагогикалық тәжірибеде мыналарды ажыратады эксперимент табиғи(қалыпты білім беру үдерісі жағдайында, пәнге үйреншікті жағдайда) және зертханалық, ол арнайы жасалған және бақыланатын жағдайларда жүзеге асырылады Зертханалық эксперимент үшін жекелеген оқушылар қалғандарынан оқшауланады. Көбінесе табиғи эксперимент әлі де қолданылады. Мақсатына қарай эксперимент ажыратылады:
- айта отырыпы (педагогикалық құбылыстың жағдайын зерттеу);
- қалыптастырушы (алға қойылған гипотезаны тексеру);
- бақылау (алынған нәтижелер мен қорытындыларды негіздеу).
Белгілі бір қалыптасты педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру ережелері. Оларға, ең алдымен, жатады, тәуекелге жол бермеу денсаулық және даму үшін пәндер, зиян келтіруге қарсы кепілдіктер олардың қазіргі және болашақтағы әл-ауқатына, өмірлік белсенділігіне. Педагогикалық құжаттаманы және балалар іс-әрекетінің өнімдерін зерттеу әдісі зерттелетін объект туралы әр түрлі ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі ретінде мектепке дейінгі мекемелердің басшылары мен тәрбиешілерінің жоспарлары мен есептері, сабақ конспектілері, мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті мен қол еңбегінің өнімдері келтірілген. Бұл материалдарды зерделеу зерттелетін құбылыстар арасындағы байланысты орнатуға, жаңа фактілерді анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық зерттеудің әр түрлі кезеңдерінде қолданылады тәжірибені зерделеу және жалпылау әдісі. Педагогикалық тәжірибе бойынша педагогикалық ғылымның даму деңгейін көрсететін оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесін түсіну. Озық тәжірибелер оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары оң нәтижелермен және көп уақыт пен күш жұмсамай нәтижеге жетумен сипатталады. Социометриялық әдістер зерттеуге мүмкіндік береді тұлғааралық қатынастар ұжымда. Бақылау немесе сауалнама жүргізу барысында зерттеуші субъектінің орнын, рөлін, мәртебесін анықтай алады, ұжымішілік қатынастардың қалыптасу кезеңдерін ажырата алады. Педагогикалық тәжірибеде де қолданылады математикалық әдістер қызмет ететін зерттеулер мәліметтер мен нәтижелерді өңдеу үшін, оқу процесінде алынған және графиктерде, диаграммаларда, кестелерде көрініс табады.
Бақылау әдісі - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі. Бақылау жүргізерде зерттеуші нені бақылайтынын, қандай мақсатпен және қанша бақылайтынын, қандай нәтиже күтетінін алдын-ала білуі керек. Бақылау жоспар бойынша жүреді. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі, жүргізу әдісі көрсетіледі. Бақылау материалдары күнделікке не протоколға толтырылады. Сондай-ақ видеопленкаға, магнитофонға жазуға, фотоға түсіруге болады. Бақылаудың түрлері: жаппай, ішінара, ашық, жасырын, тікелей, жанама, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді. Жаппай бақылау - оқу-тәрбие процесіндегі жалпы мәселелерді зерттеу. Жаппай бақылауда барлық оқушылардың іс-әрекетін бақылайды. Мысалы: сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық әрекетін, оқушылардың зейінін бақылау, т.б. Ішінара бақылау - жеке мәселелерді зерттеу. Жеке бақылауда оқушылар ұжымынан бір баланы таңдап, оның қызметін бақылауға болады. Ашық бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын біледі. Жасырын бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді. Жасырын бақылауда зерттеуші жасырын видеокамера немесе магнитофон қолданады. Тікелей бақылау - зерттеуші бақылауды өзі жүргізеді. Жанама бақылау - зерттеуші бақылауды басқа адамның көмегімен жүргізіп, артынан одан барлық мәліметтерді алады. Ұзақ мерзімді бақылау - оқушыны бір тоқсан. жарты жыл не бір оқу жылы бойы бақылайды. Қысқа мерзімді бақылау - оқушыны бір сабақта, үзілісте не бір күн бойы бақылайды. Бақылау әдісінің артықшылығы - қарапайым, жүргізілуі жеңіл. Кемшілігі – педагогикалық құбылыстың ішкі жақтары байқалмайды. Сондықтан бақылауды зерттеудің бастапқы кезеңінде басқа әдістермен қатар қолданады
3. Баланың табиғатында «Мен өзім» деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді. Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады. Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымссз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар: жазаны талап қою әдісімен ұштастыру; жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы; жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады; жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды. Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б. Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.
Билет №4
1. Мектептегі педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестіктер жұмысы.
2. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
3. Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар.
1. Педагогикалық кеңес көп функциялы орган болып табылады. Ол оқу орнында бар басқарушылық, оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешеді. Басқару функцияларының әртүрлі түрлері бар: диагностикалық, кеңестік, сараптамалық, заңнамалық, бақылаушы, болжамдық. Кеңестің әдістемелік қызметінде бірнеше бағыттар бар: дамытушылық, аналитикалық, оқыту, ақпараттық, белсендіру. Ақпараттық бағыттағы педагогикалық кеңесті ұйымдастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі жағдай, оны жақсарту жолдары туралы ақпараттық хабарлама дайындауды көздейді.
Педагогикалық кеңес-педагогикалық қызметкерлердің тұрақты жұмыс істейтін алқалы өзін-өзі басқару органы. Ол мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау және шешу үшін өткізіледі. Оның қызметі "Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық кеңесі туралы Ережемен" анықталады. Педагогикалық кеңес үш мұғалімнен артық жұмыс жасайтын барлық білім беру мекемелерінде құрылады Педагогикалық кеңес құрамы Педкеңестің тұрақты орынбасарлары, құрамына барлық мектеп мұғалімдер, директоры тәрбиешілер, (төраға), Оның сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушылар, әлеуметтік педагогтар, кітапханашы, дәрігер, жалпы мектептік ата-аналар комитетінің төрағасы кіреді. Педагогикалық кеңестің кеңейтілген құрамына талқыланатын мәселелерге байланысты ынтымақтасатын ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, ЖОО оқытушылары, жалпымектептік және сыныптық атааналар комитеттерінің мүшелері, балалар қоғамдық ұйымдарының өкілдері, ата-аналар, оқушылар шақырылуы мүмкін. Мектептің педагогикалық кеңесінің төрағасы мектеп директоры болып табылады (жекелеген отырыстарда ауысымды төраға сайлануы мүмкін).
Дәстүрлі емес педагогикалық кеңестер
Педагогикалық кеңес-пікірталас ұжымның әрбір мұғалімі (немесе көпшілігі) қандай да бір мәселе бойынша өз пікірін білдіруін, әріптестерінің пікірімен танысуын талап етеді. Педагогикалық кеңес-консилиум педагогтардың белгілі бір сынып оқушыларымен жұмыс істеу әрекетін үйлестіру, анықталған қиындықтардың себептерін анықтау және оларды шешу тәсілдерін іздеу үшін өткізіледі. Педагогикалық кеңес-байқау педагогикалық ұжымдағы шеберлік байқауларының қорытындысын шығару, үздіктерді анықтау мақсатын қояды. Педагогикалық кеңес-конференция мектеп педагогтарының белсенді қатысуымен тақырыпты терең және жан-жақты ашуды көздейді. Педагогикалық кеңес -шығармашылық есеп. Педагогикалық кеңесте-жеке мұғалімнің немесе кафедраның (әдістемелік бірлестіктің) шығармашылық есебінде озық педагогикалық тәжірибе жинақталып, оқыту мен тәрбиелеуді жетілдірудің ең тиімді жолдары іріктеледі. Педагогикалық кеңес-аукцион белгілі бір мәселе бойынша ұсынылған көптеген идеяларды (әдістемелерді, әдістемелік тәсілдерді) қарастырады. Мұғалімдер назар аударарлық, нақты, өміршеңдер ғана "сатып алынады". Педагогикалық кеңес-аукцион "жобаны қорғау" түрінде де өткізілуі мүмкін. Педагогикалық кеңес-фестиваль жетістіктердің кең қоғамдық байқауы, мереке ретінде өтеді. Көркем безендірілген әр түрлі оқытудың түрлері, әдістері, тәсілдері, құралдары көрсетіледі.
Мектептегі әдістемелік жұмыс - біліктілікті көтеретін өте маңызды тәсіл. Әдістемелік қызметің басты жұмысы оқыту процесін дамыту үшін оқу тәрбие жұмысын түзету. Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты: мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне шығармашылық оқушыларды оқыту әрекетке баулуда мен тәрбиелеуде, білім беру оларды саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі мекеме, мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді. Мектепте бір пән бойынша 3 мүғалім болғанда әдістемелік бірлестік қүрылады. Ал мұғалім саны аз болса пәнаралық, мектепаралық бірлестіктер қүрылады. Аудандық әдістемелік бірлестіктер аудан мұғалімдері үшін жылына 2-3 рет мәжілістерін өткізеді. Аз қүрамды мектептерде де әдістемелік бірлестіктер қүрылады. Шет тілі мұгалімдері бірлестігінің жұмысына облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты басшылық етеді. Әдістемелік бірлестік тікелей директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына бағынады. Бірақ көп жұмыстарға директор басшылық етеді. Әдістемелік бірлестік мүшелері директорға есеп береді. Әдістемелік бірлестікті жетекшісі басқарады. Бірлестік жұмысы оның жетекшісі жасап, директор бекіткен жылдық жоспар бойынша жүреді. Әдістемелік бірлестік мәжілісі айына 1 не 2 рет өтеді. Мектептiң әдiстемелiк кеңесiне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жеткен тәжiрибелi мұғалiмдер, шебер мұғалiмдер, пәндiк әдiстемелiк бiрлестiктердiң жетекшiлерi енеді. Ол әдiстемелiк бiрлестiктердiң жұмысын бағыттап әрбiр мұғалiмнiң теориялық және әдістемелік бiлiмiн жетілдіруін бағыттап отырады.
Жеке: өздігінен білім алу; оқулықтар жазу; әдістемелік ұсынбалар жазу; тәлімгерлік; сайыстарға қатысу; өз тәжірибесінен баяндама оқу; жеке ақыл – кеңестер.
Топтық: жаттықтырушылар кеңесінің отырысы, шығармашылық топ отырысы, семинарлар, дискуссиялар, «дөңгелек жоза, іскерлік ойындар,топтық консультациялар, шеберлік –класс, ұжымдық ұсынбалар, ашық сабақ.
Ұжымдық: ғылыми-практикалық конференциялар; педагогикалық кеңес; әдістемелік кеңес; әдістемелік және теориялық семинарлар, білім жетілдіру; педагогикалық идеялар фестивалы; сайыстар; көрмелер; әдістемелік
апталық; білім жетілдіру институттары жанындағы қысқа мерзімді курстар
2. денешынықтыру тәрбиесінің негізгі мақсаты - қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткіштеріне жету. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне жатады:
-
Денсаулықты нығайту;
-
Функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімінің дамуының үйлесімділігін жетілдіру;
-
Қимыл — қозғалыс дағдыларын, бұлшықет күшін дамыту;
-
Жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру;
-
Еркіндік пен тәртіп саласын дамыту;
<