Материалдар / Педагогика пәнінен аттестацияға дайындық тест сұрақтары 1021-нұсқа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогика пәнінен аттестацияға дайындық тест сұрақтары 1021-нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге аттестациядан дайындалу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Шілде 2021
1409
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жоспары:





  1. Қазіргі білім жүйесінің мақсаты



  1. Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды

қолдану



  1. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру тәжірибемнен





























































Ағылшын тілі сабағында және сыныптан тыс шараларда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.


Сайлаукенова Диана Қанатқызы

Атырау облысы, Индер ауданы

М.Сиранов атындағы орта мектеп

Ағылшын тілі пәні мұғалімі



Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдың үшінші он жылдығындағы негізгі мақсаты – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін сеніммен қадам басу ниетінде.Осы

жағдайларда аға буынның жасампаздығын жалғастыру, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылату, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз ету – білімді, білікті жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктейді.Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырғанын атап өтті.Білім беру – инновацияны ендіру үшін қолайлы кеңістік. Бүгінде біз ағарту саласының отандық жүйесі өз дамуының кезекті кезеңіне енуінің куәсі болып отырмыз. Салаларды жаңарту халықаралық тәжірибе мен қазақстандық білім берудің дәстүрлі құндылықтарын ескере отырып жүргізілуде.[ 2 слайд ]

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы білім беру саласына зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Негізгі көздейтін мақсатым:

  • Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру

  • Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету

  • Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту


Міндеттерім:

  • Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру

  • Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу


Күтілетін нәтиже:

  • Қызығушылықты оятады

  • Сабақ беру әдісі өзгереді

  • Оқушылар ізденуге үйренеді

  • Уақыт тиімді пайдаланылады

  • Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз

  • Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.

Бүгінгі таңда Қазақстан «білім – ғылым – инновация» сияқты үштік басқаратын постиндустриялық әлемге бет алған кезде білім мен кәсібилік үшінші мыңжылдыққа рұқсаттама болып табылатыны сөзсіз. Осыған байланысты жаңғырту үдерісі білім беру жүйесінде жалғасын тауып, ол нарықтың нақты қажеттіліктері мен әртараптандырылған экономиканы егжей-тегжейлі есепке алуға бағытталуы тиіс.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы.Әлемдік қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына – ақпараттық қатынастық технологиялардың тіршілік іс-әрекетінің барлық саласына қарқынды енуімен сипатталатын ақпараттық қоғам фазасына кірді, ал ақпараттық ресурстар заттық және энергетикалық ресурстарға қарағанда кем емес маңызды рөл атқаратын болды.Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам.Педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру мұғалімнің, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері

7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.

Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында мына жеті модульді қамтыған:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылы.[ 4 слайд ]

Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.

Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады:

оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;

сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;

сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.

Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану – сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы. АКТ-сын қолданғанда оқушыларға ұсынысым: сабақта АКТ құралдарының қатарын түрлендіріп отыру, бастысы АКТ құралдарын оқушылардың өздеріне пайдалануға мүмкіндік беру, интернет жүйесін тек білім алу мақсатында қолдануға жетелеу керек.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін тәжірбиемен ұштастырады;

-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді; .

[ 6 слайд ]

Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар,топпен жұмыс,миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, инсерт әдісі т.б.Жоғарыда көрсетілген әдістер оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады.Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңғалып, шабыттанып отырып білім алады.Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының

Шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Мысалы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

1.Интернет

2.қызықты, ақпаратты

3.Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.

4.Интернет- компьютерден құралған.

5.Ақпараттық өріс.

Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. .[ 8 слайд ]

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.Орта мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, ағылышын тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде оқыған тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға ағылышынша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп,өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді.

Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.

Алдын-ала слайд түрінде жасалған сабақтың мүмкіндіктері де молшылық екенін байқағандаймыз. Мұның барлығы да мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты деп есептеймін. Мысалы, деңгейлік үлестірмелі тапсырмаларды оқушыларға ұсынатын болсақ, бірінен екіншісіне ауысқанша біраз уақытты қажет етеді. Ал оларды интерактивті тақтаға алдын ала енгізген жағдайда оқушылардың көз алдында үлкен көлемде көрсетіліп тұрады.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқытушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады деп сенемін.Алдағы уақыттарда әрдайым ақпараттық технологияларды сабақтарыма кіріктіре отырып өтуде оқушылардың ағылшын тілінде танымдық қабілеттерін арттырамын деп деген ойдамын.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!