ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖК «Әміров М.» «Қазығұрт»
бөбекжайы
Педагогикалық
кеңес
ХАТТАМА
№2
№
2 « 12 » қараша 2021
жыл
ТАҚЫРЫБЫ: Заттық- кеңестік дамытушы ортаның бала
дамуындағы рөлі
Мақсаты: балабақшадағы заттық –кеңестік
дамытушы ортаның бала дамуындағы рөлі мен маңызымен
таныстыру.
Міндеті: педагогтың жұмысын саралау
және тәрбиеленушілердің денсаулығын қорғау және сақтау; аталған
мәселенің шешімі бойынша педагогтың кәсіби шығармашылық
белсенділігін ынталандыру; педагогтың идеясының банкін жаңа
бастамасымен орталықтардың кеңістіктегі дамытушы ортамен өзара
әрекеті арқылы балаларды ынталандыру жұмысымен
толықтыру.
Қатысушылар саны: 10 тізім
бойынша, (тізім 1-қосымшада)
Кеңес төрағасы: Таженова
Айдана Жакеновна
Хатшы: Кабытаева Акмарал
Болатовна
Өтілу
түрі: коучинг
Педагогикалық кеңестің күн
тәртібінде:
-
«Балалардың жаңа ортаға
бейімделуі» А. Таженова - психолог
-
«Мнемотехника әдісі»
шебер-сынып А. Құдайбергенова – тәрбиеші
-
«Заттық-кеңестік дамытушы
ортаның балаларды әлеуметтендіру орны» воркшоп Г.Тұрсынбекова –
тәрбиеші
-
Ағымдағы
мәселелер
Тындалды:
-
Бірінші мәселе бойынша
«Балалардың жаңа ортаға бейімделуі» психолог А. Таженованың үлгілік
жоспарлы жұмыстарға сөйкес сөзінде, кіші және ерте топтардың
бейімділік қалыптасуы қана,аттанарлық деңгейде келе жатқандығын
атап өтті. Жас ерекшелігі мен қалыптасу ортасына дағды мен
іс-әрекеттері жоспарлы түрде орындалып жатқандығын, ал орта мен
жоғары топтардың қалыптасуы қалыпты жағдайда орындалып жатқанын
алға тартты. «Балапан» тобындағы, яғни ересек топқа ауысқан Дастан,
Нұрәли және Бекайдар атты балалардың сөйлеу деңгейінде айтарлықьтай
оң нәтиже бар екені аталып өтті.
-
Екінші мәселе бойынша
«Мнемотехника әдісі» шебер-сынып А. Құдайбергенова өз баяндамасымен
таныстырып өтті. Аталған баяндамада осы әдістің тиімді жақтары мен
тиісті тұстарымен таныстырылып өтті. Слайд арқылы балабақша мен
бөбекжайларға бала дамуындағы тиімді жақтарын атап
өтті.
-
Келесі мәселе бойынша
«Заттық-кеңестік дамытушы ортаның балаларды әлеуметтендіру орны»
воркшоп тәрбиеші Г.Тұрсынбекова баяндамасы слайд арқылы болып өтті.
Бұл баяндама барысында «Таным», «Қатынас», «Дамытушы орта»,
«Театралды-музыкалық орталық», «Патриоттық тәрбие», «Мазмұнды-рөлді
ойын орталығы», «Қауіпсіздік», «Денсаулық сақтау» орталықтарын
жасау арқылы жүйелі жұмыс ұйымдастыруды жоспарға енгізу керектігін
атап өткен болатын.
Сөзталас. «Әжемнің ертегісі» және «Көрме
мен театралды орталық» танымдық жұмыстарын қолға алу туралы Г.
Тұрсынбекова мен Н. Қатарова айтып өтті. Гүлден Ахметова мен Арай
Маратовна келесі педсоветке жүргізілген жұмыстан фотоотчет ретінде
жұмыс нәтижелерін көрсету туралы сын
қосты.
-
Соңғы ағымдағы мәселелер
бойынша алдынғы айларда өткен шараларға қорытынды жұмыстарымен
таныстырылып өтті. Топтарда жоспар бойынша өткізілген шаралармен
таныстырылып өтіп, оқу басынан бастап жүргізілген жұмыстарға баға
берілді. Атап айтқанда білім күніне орай өткізілген «Тәуелсіздік
жетістіктері», тілдер апталығының ашылуы мен викторина түрінде
өткен орыс тілінен іс-шарасына оң баға берілді. Сонымен қатар
топтардың безендіруі мен «Жомарт күз» атты тақырыпта болып өткен
барлық топтар арасындағы мерекелік іс-шара эстетикаға сай екенін
атап өтті. Аталған шарада «Балапан» тобының дайындығы жоғары
деңгейде өткендігі айтылып өтті.
«Индиго» сайты жұмыстарының
электронды қол қою жұмыстарының нәтижесіне шолу жүргізіліп,
анықтама берілді.
Санитарлық-эпидемиялық
талаптарды қатаң сақтау және бөбекжай формасымен маска кию, ашық
программасын қолдану шараларының маңыздыларына қысқаша тоқталып
өтті.
Педагогикалық кеңес
отырысында қабылданған қаулы:
-
Педагогикалық кеңесте оқылған
баяндамаларға қанағаттандырарлық деген баға
берілсін.
-
«Мнемотехника
әдісі» мен «Заттық-кеңестік дамытушы
ортаның балаларды әлеуметтендіру орны» атты баяндамада
таныстырылған орталықты жандандыру жұмысы қолға
алынсын.
-
Келесі педсоветке жүргізілген
жұмыстан фотоотчет ретінде жұмыс нәтижелеріне слайд түрінде шағын
анықтама дайындалсын.
-
«Индиго» сайтына электронды
қол қою жұмыстарын аяқтау мақсатында ата-аналармен байланыс жасау
жұмысы жалғастырылсын.
-
«Әжемнің ертегісі» мен
театралды орталық жұмысын жүргізу шаралары қолға алынсын. Жауапты
етіп, Г. Тұрсынбекова тағайындалсын.
-
2021-2022 оқу жылының
басындағы жылдық статистика есептерінің НОБД мен «Индиго» сайты
жұмыстарын жүйелі және сапалы толтыру жұмыстары үздіксіз бақылауға
алынып, талапқа сай жүргізілсін. Жауапты етіп топ тәрбиешілері мен
әдіскер сайлансын.
-
Бөбекжайдағы
санитарлық-эпидемияға қарсы қойылатын талаптар және дезинфекциялық
талаптардың сақталуы қатаң түрде баұқылауға
алынсын.
Төрағасы: __________________ Таженова
Айдана Жакеновна
Хатшысы:__________________ Кабытаева
Акмарал Болатовна