Материалдар / Педагогикалық әдеп хаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық әдеп хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық әдеп отырыстарының хаттамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2024
121
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогикалық әдеп

Сатыбалды НОМ Педагогикалық ұжымның жиналысының

1 хаттамасы « 15 » наурыз 2023 жыл

Жиналыс төрағасы:Қабдолов

Хатшысы: Темиргалиева Н.

Қатысқандар: 19

Педагогикалық ұжым- 19

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» туралы.

2. Мұғалімдердің іскерлік киім үлгісіне қойылатын талаптар туралы.


Жиналысты О.С Кабдолов ашып, жиналысқа қатысушы педагогтарды күн тәртібі бойынша қаралатын «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» Осы Педагогикалық әдеп қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген.

2. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары

5. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1) адалдық:

Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;

2) әділдік:

Педагог әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке окушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;

3) өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:

Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады.

4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:

педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетін ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды.

Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді;

Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады;

5) кәсіби ынтымақтастық:

педагог мамандық мәртебесі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.

Педагог, қандай да бірдұрыс емес нәрселерді жасауға, өз әріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек беруге жәрдем көрсетеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;

6) үздіксіз кәсіби даму.

Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.

Педагогикалық әдептің негізгі нормалары

6. Педагог қызметкер өз қызметінде:

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;

2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;

3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;

4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдіру мен белсенді түрде айналысады;

5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;

6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;

7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;

8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;

9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;

10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.

7. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кезкелген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;

2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;

3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;

4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.

8. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;

2) баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.


2.Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Амирова Э: 2020жылғы 11мамырдағы № 190 бұйрығының 3 тармағының 10 тармақшасына сәйкес мұғалімдер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгіде болуы туралы талаптар, осыған байланысты талаптармен таныстырып, арнайы, ыңғайлы түс пен классикалық үлгідегі киімді алдағы уақытта кию қажет екенін ескерткім келеді.

Ұжым ақылдасып, кеңесіп алдағы оқу жылына арнайы үлгіде тігілген киімді киеді деп шештік.

Бүгінгі жиналысқа ұсынылған мәселелер толық қаралды.

ШЕШІМ:

1Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы

№ 190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» нормаларының орындалуы басты назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы 9«Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3 тармағының 10 тармақшасына сәйкес мұғалімдер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгіде болуытуралы талаптар жөнінде жұмыстар жүргізілсін.





Кеңес төрағасы: О.Кабдолов

Хатшы: Н.Ф.Темиргалиева







Педагогикалық әдеп

Сатыбалды НОМ Педагогикалық ұжымның жиналысының

2 хаттамасы « 19» мамыр 2023 жыл

Жиналыс төрағасы:Кабдолов О

Хатшысы: Темиргалиева Н

Қатысқандар: 19

Педагогикалық ұжым- 19

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» туралы.

2.«Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп »- семинар-тренинг.


Жиналысты Кабдолов О ашып, жиналысқа қатысушы педагогтарды күн тәртібі бойынша қаралатын «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» Осы Педагогикалық әдеп қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделгендігі туралы әңгімеледі.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз мектеп психологы Темиргалиева Г «Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп » туралы семинар-тренинг өткізді.Мұғалім– ақыл кемістігін жоя отырып, жер бетінде бейбітшілік орнауын қамтамасыз етіп, өзін ұстай білуге үйретеді. Егер оқушы өзін нашар ұстаса, бір адамның мінезі азап, шегеді, егер мұғалім өзін нашар ұстаса, бұл көп оқушының мінезіне зиян келтіреді. Егер мұғалім өз ісіне беріліп, таза болса, онда мындаған оқушы жақсара түседі және еліміз білімді, кемел ұл-қыздарға ие болады.

Ежелден мұғалімнің рөлі барлық әлем халықтарында ұлық болған, мұғалімнің міндеттері басқарушылар мен ата-аналардың міндеттерімен қатар құрметтелген. Мұғалімдер кез келген қоғамда жоғары сұранысқа ие, себебі әлеуметтік ортаны қалыптастыру солардың қолында, олар өмірге жүзжылдықтан жүзжылдыққа болашақ ұрпақты даярлайды.

Педагогтың 3 стилі:

Авторитарлық( өктем)--

Мұғалім оқушыға қатал болады

Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді

Бұлжерде педагог жоғары, ал оқушытөменсатыдаболады

Либералдық- Педагогтар үшін ешқандай мақсат – мүдде болмайды, тек қана дәрісін өткізсе болды.

Ізгіліктік-Педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.

Дұрыс – бұрыстығын айту, қатені сүйіспеншілікпен сол сәтте көрсету.

Мұғалімнің жұмысында ең нәтижелі ізгіліктілік стилі.

Педагогтың 3 типі:

Арызқой

Түсіндіруші

Шабыттандырушы

Эмоционалдық қолайлылық, құндылықтарға бағыттылық, қатынас стилі мен екпіні, тұлғааралық қарым-қатынас өте маңызды құбылыс.

Бастысы "Сүйіспеншілік кеңістігінде” оқушы тіршілік етеді және дамиды.

Сондықтан қазіргі заманның педагогы ізгілікті, шабыттандырушы, зерттеуші және өзін-өзіжетілдірушітұлға болу қажет.

Уильям Артур Уорт айтпақшы, «Тек тұлға ғана тұлғаны тәрбиелей алады.

"Орташа мұғалім баяндап береді, Жақсы мұғалім түсіндіреді, көрнекті мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады”.

Мұғалімге ең бастысы екі қасиет қажет:

- қарапайымдылығы, өз кемшіліктерін ұғыну үшін кемелденугеұмтылыс: (Ертеде мұғалім балалардың алдына бармақ бұрын ойларын тазалап алған).

Мұғалімнің бойында:

Балаға сүйіспеншілік

Әрбір баланың ерекшелігін құрметтеу, шыдамдылық

"Ізгі ақыл” мен "Жылы жүрек”

Мәдениеттілік

Оқу үдерісінде рухани-адамгершілік білім беруді ықпалдастыра білу шеберлігі болу.

Сүйіспеншілік энергиясы сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, іспен, түсінусімен, оймен беріледі. Сүйіспеншілік энергиясының көзі АДАМ болып табылады.

Сүйіспеншілік ұстанымы:

Сабақта талап етуден гөрі көмектесу, үйретуден бұрын сүю маңызды.

Сабақты сүйіспеншілікпен жүргізу үдерісі нәтижеден де маңызды.

Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке ғана ашылады.

Негізінен алғанда жұмыста да нақ тұрмыстағы сияқты міңез-құлық нормалары қолданылады. Ең біріншісі сыпайылық. «Сыпайылық » деген ұғымға кіретін жолдастық сезім, достық пейіл, ілтипаттылық және ізгі ниеттілік ұжымшылдық сезімінің жарқын көрінісі болып табылады. Сыпайы қызметкер – ұжымның жақсы мүшесі. Егер біз бір-бірімізге сыпайы болсақ, біздің жанымызда жақсы ұжым болса, жұмыс та өнеді, көңіл-күйі де көтеренкі болады, қиыншылықты да жеңу оңайға түседі. Егер жұмыста кемшіліктер кездессе немесе қателіктер жіберілсе, мұны жолдастық ниетпен және әдепті түрде көрсетіңіз. Егер сізден көмек сұраса, өзіңіздің қолыңыздан келгенінің бәрін істеуге тырысыңыз. Жолдасыңызды ренжітпей, іскерлікпен және байсалды түрде түсіндіріп беріңіз.

Барлық жердегі сияқты, жұмыста да өзіңді салмақты және тыныш ұстау керек. Әріптерстеріңді мазасыздандыруы мүмкін нәрсенің бәрінен аулақ болу қажет.

Сондықтан айқайлауға, шу көтеруге, есікті қатты жабуға, ұрысуға, екіұшты және намысқа тиетін ескертпелер жасауға болмайды. Әңгіменің әуені биязы болуға тиіс.

Жұмыста әр алуан түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Егер біреу өзіне қиянат жасалды деп санайтын болса, кикілжінді ашықтан-ашық және асықпай анықтап алу керек. Ашу шақыру және өзін-өзі ұстай алмау ешқашанда қалаған нәтижеге жеткізбейді, оның үстіне мұндай міңез-құлық сабырсыздық көрсеткен адамның өзіне да жаман әсер етеді.

Жоғарғы сезімдердің екінші бір түрі – эстетикалық сезімдер. Бұлар нағыз сұлулықты сезіне білуде байқалады.

Жоғарғы сезімдердің енді бірі – интеллектілік сезімдері. Мұндай сезімнің турлеріне білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, ықтималдық, жаңаны сезу, болжау жатады.

Бұл айтылғандар білім алу барысында, тәрбиелеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Әсіресе педагогтар қауымына. Мұғалімде осы сезімдердің барлық түрі болуы тиіс, өткені ол жас ұрпақты тәрбиелеуде.

ШЕШІМ:

1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы

№ 190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» нормаларының орындалуы басты назарға алынсын.

2.«Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп »- семинар-тренинг жоғарғы деңгейде өткізілді





Кеңес төрағасы: О.Кабдолов

Хатшы: Н.Ф.Темиргалиева











Педагогикалық әдеп

Сатыбалды НОМ Педагогикалық ұжымның жиналысының

3 хаттамасы « 2 » қараша 2023 жыл

Жиналыс төрағасы:Кабдолов О

Хатшысы: Темиргалиева Н

Қатысқандар: 19

Педагогикалық ұжым- 19


Күн тәртібінде:

1.Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау.

Кеңес мүшесі: Кабдолов О

2.Педагогикалық әдеп және педагогикалық тактика.

Кеңес мүшесі: Амирова Э

3.Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті.

Кеңес төрағасы: Тлепбергенова А


Барысы:

Бірінші сұрақ бойынша кеңес төрағасы Кабдолов О:

Ұстаз – мектеп тұтқасы. Сондықтан ұстаздар қандай кездеде, қандай ортада да педагогикалық әдепті ұстағаны жөн. Өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған кезде ұстаз деген атына лайық суреттер жариялау тиіс деп ойлаймын. Көпшілік алдына шыққанда да ұстаз екенін ұмытпауы тиіс. Қазір әлеуметтік желіде көріп жүрсіздер, бейәдеп суреттермен жүрген жас мамандар кездесіп қалып жатады. Сондай әрекеттерден аулақ болғаны жөн. Әр мәселені көтерген кезде де, өз пікріңді білдірген кезде де әдептен озбай сөйлеу керек. Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік таныту кажет.

Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермеу керек.


Екінші сұрақ бойынша кеңес мүшесі: Амирова Э:

Педагогикалық әдеп – педагог әрбір нақты жағдайда балаларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке балалар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады.

Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады. “Педагогикалық әдебі нашар” қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей. Ал педагогикалық тактиканың тым күрделі – аса жақсыдан жаманға дейін, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсінділікке тұқыртылған мәні болуы мүмкін. Әрбір педагог балалармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық әдептің болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда педагогтердің бірсыпырасының балаларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі, т.б. жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Педагог балаларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның ұйымдастырылған оқу-ызметтерінде тәртіпсіздік үстемдік етеді, балалар тапсырмаларды орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай педагогті әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда педагогтің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.


Үшінші сұрақ бойынша кеңес мүшесі :Тлепбергенова А

Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті. Тұлғаның қалыптасуына, берілген білімді жақсы меңгеруіне педагогтың әдістемеден хабарының болуы, білімділігі, біліктілігі ғана емес бар білімді тиісті деңгейде жеткізе алуы ең маңызды қатынас құралы тілге байланысты екендігі даусыз. «Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік», — деген А.Байтұрсыновтың сөзі де педагогтің жұмысы барысындағы сөйлеудің, жай ғана сөйлеу емес, шебер шешен сөйлеудің қаншалықты маңызды екендігін аша түседі.

Сөйлеу мәдениетін игеру – болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту – болашақ педагог-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы.

Егер педагог өзі оқытатын және тәрбиелейтін адамдар алдындағы жауапкершілікті сезініп, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылатын болса, өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын болса ғана, біз оқытып отырған адамдар сыныпқа қызығушылық танытады, сонда ғана олар ұстаздарын есте сақтап, бағалап құрметтейді.


Шешімі:

Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау назарға алынсын.

Пеадгогтің педагогикалық әдебін сақтауда педагогтің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін, құқықтық шара өткізілсін.

Жас ұстаздар арасында педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениетін арттыру үшін іс-шаралар өткізілсін.



Кеңес төрағасы: О.Кабдолов

Хатшы: Н.Ф.Темиргалиева



Педагогикалық әдеп

Сатыбалды НОМ Педагогикалық ұжымның жиналысының

4 хаттамасы « 20 » желтоқсан 2023 жыл

Жиналыс төрағасы:Кабдолов О

Хатшысы: Темиргалиева Н.Ф

Қатысқандар: 19

Педагогикалық ұжым- 19


Күн тәртібінде:


Педагогтардың құқықтары. Кеңес төрағасы : Кабдолов О.С

Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары

Кеңес мүшесі:Б.Бакытова

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау

Кеңес мүшесі Амирова Э

Барысы:

Бірінші сұрақ бойынша кеңес төрағасы: Кабдолов О

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы №645 қаулысы бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заңының педагог құқытары бойынша айтылған тармақтарын атап өтті.

7-бап. Педагоггің кәсіби қызметтегі құқықтары

Педагог өзінің кәсіби қызметінде:

1) білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтау жағдайында педагогикалық қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

2) лауазымды және басқа да адамдардың оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғатын кәсіби қызметіне араласуынан қорғауға;

3) өзінің кәсіби ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;

4) кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және қажетті жағдайлар жасауға;

5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

6)шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;

7) оқу құралдарын, материалдарды және білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын таңдауға;

8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, әдістемелік материалдарды және білім беру қызметінің өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;

9) жұмыс орны бойынша сайлануға және сайланбалы лауазымды атқаруға;

10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;

11) білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының, әдістемелік бірлестіктері мен кеңестерінің, өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға;

12) бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруға;

13) үздіксіз кәсіби дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;

14) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін қоспағанда, мерзімінен бұрын біліктілік санатын алуға;

15) ұйымдардағы кітапхананы және ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық желілер мен деректер базасына, оқу және әдістемелік материалдарға, кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыруға қажетті білім беру қызметін қамтамасыз етудің материалдық-техникалық құралдарына қол жеткізуге;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысандарда және тәртіппен қоғамдық кәсіптік ұйымдарға бірігуге;

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік қызметке;

18) кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуге;

19) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;

20) педагогикалық әдеп нормалары бұзылған жағдайда Педагогикалық әдеп қағидаларына сәйкес әділ және объективті қызметтік тергеп-тексеруге;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіби дағдыларды қолдау және арттыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;

22) өзіне қатысты қабылданатын білім беру ұйымы басшысының актілеріне, әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға;

23) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне;

24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

8-бап. Педагогтің материалдық қамтамасыз етуге құқығы

9-бап. Педагогтің көтермелеуге құқығы

Екінші сұрақ бойынша кеңес мүшесі: Б.Бақытова

Педагог тек мұғалім, тренер, тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар халық ағартушысы, мәдени құндылықтардың сақтаушысы, лайықты білімді адам. Педагог қоғамдастықтың барлық салаларында өзара әрекеттесудің дұрыс қалыптасуына үлес қосуға тырысады. Педагог жеке өмірде ғана емес, қоғамдық өмірде де жанжалдан, керісуден, аулақ болады. Ол проблемаларды, келіспеушіліктерді болжауға және шешуге бәрінен гөрі дайын, және ол оларды шешудің жолдарын табады. Педагог өзінің азаматтық борышын, әлеуметтік рөлін жақсы түсінеді және орындайды, ерекшеленуден аулақ болады, сонымен бірге ол кез-келген таныс емес ортаға түсіп, онымен қосыла кетуден аулақ болу тиіс.


Үшінші сұрақ бойынша кеңес мүшесі: Амирова Э.

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау бойынша құрылған Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заңдарына, осы Ережеге, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділеттілік, этика, қоғамдық пікір мен ашықтықты ескеруі тиіс. Жеке және заңды тұлғалар мұғалімдердің педагогикалық этиканы сақтауына қатысты білім беру ұйымының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне жүгіне алады.

Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселесін қарастыру кезінде мұғалімнің құқықтары қарастырылып отырған мәселе туралы жазбаша ақпарат алу; қарастырылып отырған мәселе бойынша барлық материалдармен танысу; өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен жеке өзі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өкіл арқылы қорғау; жазбаша шешім алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданған шешімге шағымдану құқықтарына ие.



Шешімі:

Берілген ақпаратты ескере отырып, әрі қарай жұмыстар жалғасын тапсын.

Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары қатаң сақталсын.

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.


Кеңес төрайымы: Кабдолов О


Хатшы: Темиргалиева Н













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!