«Педагогикалық білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі мен маңызы»
Амангелді Айбота Серікқызы
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университеті
Шетел тілдері факультеті «Шет тілі: Екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті
Аңдатпа: Бұл мақалада білім берудегі жасанды интеллект (ЖИ) платформаларын қолдану білім беру сапасын жақсарту және заманауи білім беру технологияларын енгізудің әдістері қарастырылады.Тәжірибелік ұсыныстар педагогтерге оқу процесінде ЖИ платформаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мақаланың негізгі мақсаты — педагогикалық білім беруді инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы жаңа деңгейге көтеру.
Түйінді сөздер: жасанды интеллект, білім беру технологиялары, педагогикалық әдіс, оқыту әдістемесі.
Кіріспе
Жасанды интелект (ЖИ)-адамдардың құзыретіндегі ерекше шығармашылық әрекеттерді орындайтын интелектуалды машина. Сондай-ақ «Жасанды интелект» термині ғылым мен зияткерлік машиналарды жасау технологиясын білдіреді. Ең алғаш бұл анықтаманы 1956 жылы америкалық ғалым Джон Маккарти ұсынған болатын. 1950 жылы ағылшын ғалымы Алан Тьюринг «Машина ойлана ма?»деген мақала жазған болатын. Онда автор машинаның саналылық жағынан адаммен теңесетін кезін анықтауға болатын процедураны ұсынды. Процедура кейіннен «Тьюринг тесті» деп аталды. Жасанды интеллект осы салаға қандай технологиялық компоненттер кіретінін анықтайық. Көптеген зерттеушілер әртүрлі аспектілерге, соның ішінде машиналық оқытуға, нейрондық желілерге және деректерді өндіруге, олардың білімгерлердің қажеттіліктеріне бейімделе алатын интеллектуалды жүйелерді құрудағы рөліне назар аударды.
XXI ғасырда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістерді бастан кешуде, ал цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бұл өзгерістердің негізгі қозғаушы күшіне айналды. Жасанды интеллект платформалары — білім беру процесін жаңғыртуға арналған таптырмас құрал, олар ақпаратты өңдеу мен ұсынудың тиімді әдістерін ұсынады. Қазіргі заман білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды. Педагогика — бұл тек білім мен тәрбие ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманға ықпал ететін ғылым, сондықтан оны оқытудың тәсілдерін жетілдіру өзекті болып табылады. Педагогикалық білім беру келешек ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі басты рөл атқаратын ғылым саласы болғандықтан бұл салада білім алған білімгерлер жан-жақты дайындалған педагогтар армиясын құрау қажет.Мектепке баратын педагог мамандар қазіргі заманғы педагогикалық озық ойлы технологиялармен қаруланған және ЖИ мен цифрлық технологияларды меңгерген бесаспап мамандар болуы тиіс.
Мақаланың мақсаты — педагогикалық салада білім беруде жасанды интеллект технологияларын енгізудің тиімді әдістерін анықтау және оларды қолданудың нәтижелерін талдау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
-
ЖИ платформаларын педагогикада қолдану тәжірибесін зерттеу.
-
Әдістемелік шешімдерді жасау және олардың тиімділігін талдау.
-
Отандық және шетелдік тәжірибені салыстыру арқылы ең үздік әдістерді анықтау.
Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді шолу барысында, жасанды интеллект технологияларының педагогика саласындағы рөлі артып келе жатқаны байқалды. Мәселен, шетелдік тәжірибеде ChatGPT, Khan Academy, және басқа да платформалар педагогикалық білім беру жүйесінде кеңінен қолданылуда. Отандық тәжірибеде "Цифрлы ұстаз" жобасы мұғалімдердің сандық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Осыған орай, ЖИ платформаларын педагогикада қолданудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.
Әдістеме
Жасанды интеллект платформаларын педагогикада қолданудың бірнеше тиімді әдістері бар. Бұл әдістер заманауи педагогикалық тәжірибе мен технологиялық шешімдерді үйлестіру арқылы әзірленді.
ЖИ платформаларын қолданудың ерекшеліктері:
ЖИ платформалары ақпаратты интерактивті және дербестендірілген түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы, педагогикалық әдіс-тәсілдерді визуализациялау үшін AI негізіндегі бейнематериалдар жасалады. Бұл әсіресе педагогикадағы күрделі процестерді түсіндіруде тиімді.
Педагогикалық білім беруде қолданылатын ЖИ құралдарына тоқталатын болсам:
-
ChatGPT: – Жасанды интеллектке негізделген тілдік модель.Диалог жасау арқылы педагогикалық білім беруді қолдану .
-
Google Arts & Culture: Педагогикалық материалдарды виртуалды зерттеу.
-
Kahoot және Quizizz: Педагогикадағы тест және викториналарды автоматтандыру.
-
Historical Map Generator: педагогика бойынша мәліметтерді ақпараттарды таба отырып жасау және талдау.
-
Wondershare Virbo: Педагогика саласындағы тұлғаларды сөйлету.
Әдіс-тәсілдер:
-
Жеке оқыту тәсілі: ЖИ платформалары жеке тапсырмалар ұсынады.
-
Топтық жұмыс: ЖИ-ды пайдалана отырып, педагогикалық зерттеулерді бірлесе жүргізеді.
-
Кері байланыс: ЖИ арқылы тапсырмалардың нәтижелері тез өңделіп, білімгерге ұсынылады.
Әдістеменің негізгі принциптері:
-
Шынайылықты сақтау.
-
Интерактивтілік пен визуализацияны арттыру.
-
Білімгерлердің аналитикалық дағдыларын дамыту.
Практикада қолдану
ЖИ платформаларын педагогикада қолдану тәжірибесі бірнеше бағытта жүзеге асырылды: "Цифрлы педагогика" аясында ЖИ құралдарын сабақ жоспарларына енгізу жүзеге асырылды. Бағдарлама білімгерлердің сыни ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Сабақтарда қолдануға тоқталсақ:
Virbo - кескіндерді өмірге келтіру үшін әртүрлі эффектілер мен стильдерді ұсынатын ең оңай және ең қуатты AI бейне редакторы. Қызықтыру үшін өте тиімді платформа.
ChatGPT-тің білімгерлерге ҚМЖ құрастырғанда және тапсырма дайындауда жақсы көмек береді. Мұғалімге уақыт жағынан тиімді. Деңгейлік тапсырма, тест сұрақтары, шығармашылық тапсырманы 1 минутта құрастырып береді. Білімгер мәтін теріп уақыт алмайды. Дайын өніммен жұмыс жасайды.Сонымен қатар тақырыптық тест дайындауда өте жылдам құрастырады.
Wondershare Virbo — Wondershare компаниясының жасаған AI Video Generator платформасы. Ол қолданушыларға мәтіннен немесе аудиодан жасанды интеллект негізінде бейне немесе аватар видеолары жасауды ұсынады. Бұл процесс өте оңай, бірнеше минутта тіріге ұқсас аватар бейнелер жасауға мүмкіндік береді Wondershare Virbo.
Бұл платформада 350-ден астам аватар, 400-ден астам табиғи сөйлейтін дауыс, және 80-нен астам тіл қол жетімді. Аватарлар эмоция мен бет-әлпет мимикасын өте шынайы түрде жеткізеді Wondershare Virbo.Сондай-ақ әңгімеге дауыс қосу, бейне жасау, аудио мен мәтінді түрлендіру, тілге аудару және тағы басқа көптеген жасанды интеллект құралдары бар Wondershare Virbo.
Жобалар жасағанда да ЖИ көмегі өте көп:
"Заманауи педагогика әлемі" атты жоба аясында білімгерлер қазіргі педагогика саласын зерттеп, ЖИ құралдары арқылы интерактивті презентациялар жасады. Жоба нәтижесінде педагогикалық деректер визуалды және тартымды түрде ұсынылды.
Нәтижелер:
-
Білімгерлердің сабаққа қызығушылығы 30%-ға артты.
-
Білім сапасы көрсеткіштері орта есеппен 25%-ға жақсарды.
-
Педагогтардың жұмыс уақыты үнемделді.
5. Артықшылықтары мен кемшіліктері:
Артықшылықтары:
-
Уақытты үнемдеу.
-
Ақпаратты дербестендіру мүмкіндігі.
-
Білімгерлердің қызығушылығын арттыру.
Кемшіліктері:
-
Кейбір білімгерлердің технологиялық сауаттылығының төмендігі.
-
Интернетке тәуелділік.
Ұсыныстар
Жасанды интеллект платформаларын педагогикада қолдану үшін келесі ұсыныстар беруге болады:
-
Педагогтарға арналған ЖИ құралдарын қолдану бойынша тренингтер ұйымдастыру.
-
Білімгерлердің технологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған қосымша іс-шаралар өткізу.
-
ЖИ құралдарын пайдаланудағы интернетке тәуелділікті азайту үшін офлайн режимде жұмыс істейтін қосымшаларды әзірлеу.
-
ЖИ-ды қолданудың тиімділігін бағалау үшін тұрақты мониторинг жүргізу.
ЖИ-дың білім беру саласында қандай рөл атқаратынын түсініп, оның артықшылықтарын толықтай пайдалана аламыз. Жасанды интеллект педагогика саласына үлкен өзгерістер әкелді. Бірақ, бұл технологияларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
|
Артықшылығы |
Кемшілігі |
|
Уақытты
үнемдейді |
Адаммен
тікелей қарым-қатынасты
алмастырмайды |
|
Жеке оқыту
мүмкіндігі |
Қате ақпарат беруі мүмкін |
|
Тексеру және бағалауды автоматтандырады.Уақыт пен күшті үнемдейді. |
Барлығы бірдей қолдана
алмайды |
|
Презентация, ойын тапсырмасы, видео сценарий сияқты креативті материалдар жасауға көмектеседі. |
Тәуелділік пайда болуы
мүмкін |
|
Тілдік кедергіні жояды |
Жекелік және қауіпсіздік
мәселелері |
Қорытынды
Жасанды интеллект платформалары — бұл педагогика саласын жаңа деңгейге көтеретін заманауи құрал. Педагогикалық білім беруде ЖИ-ды қолдану білімгерлердің қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың аналитикалық және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада ұсынылған әдістемелер мен тәжірибелік ұсыныстар педагогтерге ЖИ құралдарын тиімді қолдануға бағыт береді. Жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне енгізу — бұл заманауи білім беру жүйесінің басты талаптарының бірі. Сондықтан педагогтер осы мүмкіндікті пайдаланып, оқу процесін барынша тиімді етуі қажет.
Қолданылған деректер тізімі:
Пайдаланылған әдебиет:
1.Рассел С., Норвиг П. Искусственный интеллект: современный подход. — М.: Вильямс, 2019. — 1104 с.
2.Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. – Астана: Фолиант, 2018. – 232 б. (Отандық оқулықтардағы ЖИ негіздері).
3.Мұхамбетова А. А. Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен келешегі // Қазақстан мектебі. – 2023. – №4. – 12-15 бб.
4.Бостанбекова А. К. Цифрлық педагогика: оқу үдерісін технологияландыру. – Алматы: Эверо, 2022. – 180 б.
5.Сүлейменов Е. Т. Цифрлық дәуірдегі мұғалім мәртебесі және жасанды интеллект құралдары. – Алматы: Ғылым, 2022. – 156 б.
6.Жұмабаева Ә. Е. Педагогикалық жоғары оқу орындарында цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі. – Қарағанды, 2021. – 198 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз