«Педагог — жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған
барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді,
кінәрәттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам»
А.В. Луначарский
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуде жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Педагог өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын амал-тәсілдер құрамынан этика елеулі орын алады.
Пікір алмасу.
“Педагогикалық этика деген не, сіз оны қалай түсінесіз?” (Педагог жауабы)
Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.Этика (грек. Ethos – дағды, әдет, ғұрып) деген мағынаны білдірсе керек. Педагогикалық этика - педагогтың әріптестерімен, ата-аналарымен және тәрбиеленушілерімен қарым-қатынас жасауда жалпы әдептік нормаларды басшылыққа алуы.Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.
Қандайда бір мамандықтың да айрықша белгісі болады. Ол адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу маңызды болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет. Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады. Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді.
Педагогикалық этика – адамның сырт көрінісі, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті, өзін дұрыс ұстауы әрі өз ортасына (барған жеріне лайықты киіну: жұмысқа, қыдыруға, тойға, т.б) байланысты киім-киісі, сөйлеу мәнері, мимика, жесть, дене қимылы жатады. «Көп сөйлеп, созбайын, әдептен озбайын» деп Абай атамыз әдеппен (қысқа-нұсқа) сөйлеудің өзі әдептілік екенін тіктеп айтады. Әдеппен сөйлеу, артық сөз айтпау, дөрекі сөздерді айтпау, қысқа да нұсқа сөз айту – әдептіліктің белгісі.
Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше ақыл ой мәдениетіне жету қиын. Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік-жігері мен қажыр-қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Педагогтың дауыс ырғағы балаға түрліше әсер етеді.Педагогтың даусы баланың бас миына жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығу керек. Кейбір педагогтардың сөздері естілер естілмес жай, бір сазды болып естіледі. Оның өзі балаға гипноздық түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына келтіреді. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы этикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың «Адамда барлық нәрсесі жүзі де, киімі де , жаны да, ойы да көркем болуы тиіс» деген ұлағатты сөз педагогтарға айтылған сияқты. Орынсыз бояну, шектен асқан сәнді , жасанды киіну, табиғи өңін өзгертуге әуестену немесе өте салақтық, бой басын күтінбей жүру педагогтік этикаға үлеспейді. Әрқашан сұлу болып жүрейік.
Педагогтың киім киісі қандай болу керек?
-
Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ететіндей киіну керек.
-
Педагогтың киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болу керек
-
Педагогтың шаш үлгісі де, киген киімі де, таққан әшекейлері де балаға ықпал ету мақсатында таңдалу керек
-
Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс.Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек.
Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болу керек?
Шебер педагог үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмасфере тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанын сендіре білу, көңіл-күйін айтқызбай ақ түсіну, деркезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер педагог үшін аса маңызды дүние. Педагог өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Педагогтың мінезі жайдары, кең пейілді , сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге өте лайықты.
Педагогтың бойында қандай қасиеттер болу керек?
-
Мейірімділік
-
Балаларға деген шынайы махаббат
-
Эмоционалдық байсалдылық
-
Әділдік
-
Балаларға деген зейін
-
Қайырымдылық
-
Сергектік
-
Өмірді сүйгіштік
-
Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
-
Жігер
-
Қарапайымдылық, сабырлық көрсетуі, өзін-өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы, қарым-қатынас жасай алу ептілігі, ол бала үшін құрметті адам.
Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер
-
Дөрекілік
-
Баланы жеке тұлға ретінде қабылдамау,сыйламау
-
Әділетсіздік
-
Өзін-өзі ұстай білмеу
-
Әдепсіздік
-
Балаларға немқұрайлы қарау
-
Өзінің мамандығына немқұрайлы қарау
Педагогикалық жағдаяттар
-
Сіз балалардың барлығына бірдей тапсырма бердіңіз. Бір бала «Тапсырманы орындағым келмейді»,- деді. Сіздің әрекетіңіз?
-
Тобыңызда бір бала ойламаған жерден «Сіздің маған басқа балаларға қарағанда жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын»,- десе, оның мұндай ұсынысына сіз қалай жауап бересіз?
-
Сізді әріптестеріңіз қандай деп есептейді?
-
Егер сіздің әріптестеріңіздің біреуі сіздің затыңызды рұқсатсыз алса өзіңізді қалай ұстайсыз?
-
Ебедейсіз жүретін бір балаңыз абайсызда сіздің стол үстінде тұрған телефоныңызға қолы тиіп, сындырып алды. Сол кінәсі үшін сіз оған мықтап ұрысып алдыңыз. Ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтты. Ертесіне ата-анасы келді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
-
Балалар түскі аста. Досымен ойнап отырған Бағдаулет ыдысты сындырды. Сіз әрине мықтап ұрыстыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, Бағдәулетте сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жіберді. Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
7.Мына белгілерді ым-ишарамен көрсетуге сізге 5 минут беріледі.
-
Маған көмек қажет;
-
Менің бос уақытым жоқ;
-
Тынышталыңыздар;
-
Асығыңдар;
-
Сабыр сақтаңыз;
-
Мен көмекке келемін;
-
Қонаққа келіңіздер.
Ұйымдастыру.
Психолог: Құрметті тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның дами көзқарасын анықтау.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
1. Сәлемдесу.
Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бір-бірін қайталамай топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз. Жаттығудан кейін талқылау. Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және неліктен?
2. «Сілкіп таста» ойыны.
Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жасайтынынан құтылу.
Уақыты: 10мин.
Психолог: Мен сіздерге жағымсыз әсерлерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: «Әлдекімнің ойына: «Тағы да жолым болмай қалды» Енді бірі «Мен басқалар сияқты ақылды емеспін. Не үшін бекерге тырысамын?»-деген жауаптар мазалайды.Айналаңызда орын қалдырып, еркін тұрыңыздар. Алақаныңызды, білегіңізді, иығыңызды сілкіңіз. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз тіптен дұрыс болар еді. Жағымсыз сезімнен арылғаныңызды біртіндеп сергек, көңілді бола түскеніңізді елестетуге тырысыңыз.
Талдау. Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл-күйіңіз.
3. «Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?» суретті тест.
Суретті тесттер- өзіңді білу мүмкіндігі ғана емес, қандайда бір жаңалық, уақытты қызықты өткізу,
жақсы демалудың бір түрі, теріс күйзелістен арылудың жолы болып табылады.
Сіздің алдыңызда тіктөртбұрыш, ортасы дөңгелекше диагоналдармен бөлінген.
Тапсырма: сіз құстың суретін салуыңыз керек.Оны қай жерге салатыныңызды өзіңіз қалайсыз.
Кілті:
1.Егер сіз құсты ортасындағы шеңбердің ішіне салсаңыз : онда сіздің ойларыңыз өзіңізге және өзіңіздің армандарыңыз бен қажеттілігіңізге бағытталған.Сізге керегі өзіңізді қуантатын және пайдасы тиетін істер. Өзгелердің ісімен керегі сізді қызықтырмайды.
2.Егер сіз құсты сол жақтағы (1-4) секторға салсаңыз, онда сіздің жауапкершілігіңіз және тәрбиелігіңіз жоғары екенін, жақын адамдарыңыз ҥшін жанып-кҥйетініңізді, достарыңызды жолда қалдырмайтыныңызды көрсетеді. Сіз ескеретін жағдай: өзіңіздің болашағыңызды ойламайсыз, өткен өміріңізге кісенделіп қалғансыз.
3. Егер сіз құсты жоғары секторға салсаңыз (1-2), онда сіздің ойларыңыз биікке және ұзаққа, түрлі-түсті армандарға бағытталған.Сізді жердегі істер қызықтырмайды,сізді барлық аспан әлемі қызықтырады.
4.Егер сіз құсты оң жақтағы секторға салсаңыз (2-3), сіз өз болашағыңызды ойлайсыз және қолдан келгеннің бәрін жасайсыз.
5. Егер сіз құсты төменгі секторға салсаңыз (3-4) , онда сіздің барлық ойларыңыз шынайы, жердегі іс-әрекеттерге бағытталған. Сізді қолмен ұстап, дәмін татып, түс –түрін ашып көрмеген заттар қызықтырмайды. Сіз жерде нық тұрсыз.
6.Егер, сіз құсты шеңбер жасай отырып денесін осы барлық сектордың ішіне салсаңыз, онда сіз ертеңгі күніңізді ойлайсыз, өткеніңізді де ұмытпайсыз.
4. Өзін-өзі бағалау әдістемесі
Жеке тұлғаға тән берілген 20 қасиетті асықпай оқып шығыңыз:
-
Өмірге риза болу
-
Ақылдылық
-
Ұқыптылық
-
Кең пейілділік
-
Өз бетінділік
-
Принципшілдік
-
Қарапайымдылық
-
Әділдік
-
Ашықтық
-
Шыншылдық
-
Өзіне сенімділік
-
Еңбекқорлық
-
Батылдық
-
Тұрақтылық
-
Төзімділк
-
Сабырлылық
-
Тіл табысқыштық
-
Сапалылық
-
Бауырмалдылық
-
Сыпайылық
2. Осылардың ішінен өзіңіздің ойыңызша идеал деген 10 сөзді таңдап алыңыз.
3.Осы таңдап алынған 10 сөздің іщінен өз бойыңызда бар қасиеттерді белгілеңіз.
4.Енді реалдық қасиеттерді идеалды қасиеттерге бөліңіз.
С=A/10*100%
Мұндағы С - өзін-өзі бағалау деңгейі
А - реалды қасиеттер (3-ші тапсырма бойынша)
10 – идеалды қасиеттер (2 – ші тапсырма бойынша)
10% - 20% - төмен
30% - 40% - орташадан төмен
50% - орташа
60% - 70%-орташадан жоғары
80% - 90%- жоғары
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Педагогикалық этика туралы не білеміз? (кеңес беру)

шағым қалдыра аласыз