Материалдар / Педагогикалық идеялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогикалық идеялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға көмек ретінде беріліп отыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
6843
30 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









БАЯНДАМА

«Шығармашыл толқын» бағыты бойынша



Picture 2





Ташаева Дилабза Незарматовна

Сұлтан рабат жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі,

педагог-модератор





2021ж.

Ұстаздық-ұлы қызмет. Ал, ұстаз-мектептің жаны, жүрегі. Бұл теңеумен келіспейтін жан жоқ. Өйткені, сіздің де, біздің де, дәрігердің де, ғалымның да, ұшқыштың да бас иетін бір тұлғасы болса, ол-ұстаз.

Мен үшін педагогикалық қызмет жұмыс емес, шығармашылық, өнер, менің сүйікті ісім. Балалармен неғұрлым көп жұмыс жасасаңыз, соғұрлым көп сұрақтар туындайды. Мектеп табалдырығын енді аттаған бала үшін қазірдің өзінде көп

үлкен проблемалар көз алдында тұрады: қорқыныш, мазасыздық, өз-өзіне күмәндану, агрессия және т.б. Және бұл проблемалар әрдайым көрінбейді.

Мен бұл балаларға үнемі қол ұшын созып, көмектескім келеді. Қоршаған әлемді тануға, оны ашуға көмекке дайынмын.

Болашақ педагогикасы баланың жеке басының еркін дамуына, оқуды дараландыруға, өзін-өзі дамытуға деген ынтаны дамытуға және қазіргі әлеуметтік жағдайларға бейімделуге ықпал ететін оқыту мен тәрбиелеудің осындай моделін құруға бағытталған.

Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасын жүзеге асыру алғы шарттары тұрғаны баршамызға аян. Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми – зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтежеге бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі формаларының пайдалануы оқытудың әдіс–тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап – тілегінен туындайтын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет – дамытудың көзі екендігін, қарама – қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, оқыту мазмұны мен жоспар бағдарларының оқу – тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық процесте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімдігімен қатар шекілмес шешендікпен, айшықты бейнелікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал. Мұғалім оқыту үрдісін тиімді өткізіп оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді: а) дидактилық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сайлығы, игерілетін іскерлік, дағдыларының айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу); ә) дамытушылық талаптың ( дамытушылық мақсатының айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамшылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл – ойын дамыту); б) тәрбиелік талаптың ( тәрбиелік мақсатының нақтылығын, білім мазмұны арқылы көз қарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру т.б); в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу – құралдарының,тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын, жарық мөлшерінің сақталуын, оқушылардың сыртқы көрінісі, көрнеі құралдарға , дәптерге, жазуға қойылытын талаптар) сақталуын ескеру г) психологиялық талаптың ( білімге ынталандыру), танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл күйін тудыру, қабылдау, зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескртілуі; ғ) ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. Ол екі кезеңнен тұрады. І кезеңі: сабаққа алдын ала дайындық. Күнтізбелік жоспар негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік және көркем шығармалар педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу. ІІ кезеңі: пән бойынша тақырыптық сабақ жоспарының жасау. Онда сабақтың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, әдіс – тәсілдерін таңдау сабақтың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру. Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс – тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді. Оқыту әдісін таңдау үлкен шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қортындылау, жаңа байланыстыру, жадығатты бекітуге арналған жаттығулар мен педагогикалық есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау, жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін, ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне ( педагогиялық ептілігі икемділігі, шамамен сезе білуі, әдептілігі, тапқырлығы, мәдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым – қатынасы) байланысты шешілетін маселелер. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнының орнын жаңасы басуда жаңа білім пирадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Білім беру саласы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады, сондықтан педагогика ғылымының ерекшелігі де баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр. Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына осы міндетті қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады. Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгерту - өте күрделі де ұзақ үрдіс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үрдіс. Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді. Мұғалім – сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог- ғалым Ахмет Байтұрсынов «Мектепке бірінші керегі – мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама және оқулықтар керек», - деп айтқан өйткені оқыту ісінің сапасы осы – үш қажеттілікке байланысты. Әсіресе мұғалім бағдарламаны оқыту құралдарын оқулықтарды, әдіс тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды білімен қамтамасыз етеді. Олай болса, оқу – тәрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты. Мұғалім ең адымен өз пәнінің оқу жоспарымен, педагогика және психология пәнінің бағдарламасымен танысып бір жылға күнтізбелік және жұмыс жоспарын жасайды. Сонымен қатар әр сабақтың тақырыптық жоспарын дайындайды. Онда ол тақырыптық және пән аралық байлынсты ғылым жаңалығын, алдыңғы қатарлы озат тәжірибені ескеріп, әр сабақтың мақсат – міндеттерін оқу жадығатың дербес жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі және техникалық құралдарын анықтайды. Мұғалім осылайша оқу жадығатын анықтап алып, сабақ жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды. Мұғалімнің аталған талаптарды терең біліп, оларды сабақта кешенді тұрғыда пайдаланса еңбегі нәтежелі болмақ. Мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық сипатта болып жалаң сөздік әдістерінен арылуы, техникалық құралдарды басым пайдаланып, жаңашыл педагогтардың әдіс – тәсілдерін шығармашылықпен қолдануы - өмір талабы. Мұғалім қолданған әр түрлі әдіс – тәсілмен, тынымсыз еңбектің арқасында баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді. Мұндай толық дербестікке жеткеннің өзінде де мұғалім әлі де болса оқушының танымдық қызығушылығын бағыттап отырады, себебі ол терең білімнің шешендіктің оқу әрекетін ұйымдастырудың үлгісі ретінде танылады. Мұғалім мен оқушы бір – бірінің әрекеттерін толықтырып, байытып отырады. Оқушылардың белсенділігі мен дербестігіне сүйеніп, мұғалім олардың шығармашылық мүмкіндіктеріне сенім артады, нәтежесін болжайды. Оқушыда оқуға талпыныс күшейеді, белгілі бір стандартқа сүйенбей-ақ өз тәжірибесін енгізіп шешім табуға тырысады. Бұған, сөз жоқ оқу үрдісінде енгізілген әртүрлі әдіс - тәсілдер себебін тигізеді: еңбек, ойын, таным, көркемдік және қоғамдық іс - әрекеттер. Оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдерді ғылыми негізінде меңгерту және терең білімді, ұлтжандылық ұрпақ тәрбиелеу мәселесін өз жұмысына арқау ету мұғалімнің мақсаты. Жаңаша әдістерді жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу, оларды пайдаланудың жолдарын үйрету. Бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрету, меңгеру, өмірге ендіру, дамыта оқыту. Сабақта жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып педагогтердің кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Оқытудың басты міндеттері: 1.Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуына қамтамасыз ету; 2. Қабілеттерін ашып, дамытып, оқуға деген ықыласын іскерлігін қалыптастыру; 3. Оқу, жазу, санау қарым – қатынасын ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту. Оқытуға қойылатын талаптар: Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оны тұлға ретінде біртұтас үйлесімді (білім мен тәрбие беру) түрде дамыту. Осы іс - әрекеттердің негізінде компонеттерін меңгерту (оқу міндетін түсіну, оқу операцияларын орындау, өзін - өзі басқару, өзін - өзі бағалау, өзін -өзі бақылау, айналасындағылармен дұрыс қарым – қатынаста болу.) Адам тұлғасына тән азаматтыққа рухани және адамгершілікке құндылықтарға танымдық іс - әрекетке өздігінен іс - әрекет жасауға, оқуға және тәрбиелеуге ұмтылу. Міне, осындай мақсат – міндетті қолдай отырып, жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың әдіс – тәсілдерін, жаңа білім беру жүйесінің технологиясын ізгілендіруді қажет етеді. Баланың жеке қасиетін ашу арқылы оның жан дүниесіне жылылық ұялату, танымдық қабілеттерін қалыптастыру білім мен біліктерін кеңейте отырып, тереңдетуге жағдай жасап, тұлға етіп тәрбиелеуді көздейді. Баланың біліп ұққанын тексеру оңай шару емес. Ол мұғалімнің жеке басының шығармашылық шеберлігіне байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерге оқушылырға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс - әрекеттерінің берік негізі әдіс –тәсілдері болатындай етіп оқытудың, оқу тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері мен әр алуан құралдардың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгертуді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді талап етеді. Қазіргі танда «Мұғалім оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдерді ғылыми негізде меңгерту» мәселесін өз жұмысына арқау еткен әр мұғалімнің міндеті деп түсінемін. Бүгінгі таңда педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас пайда болуымен жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясын жеке меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс - әркетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Педагогикалық технологияның негізгі әдіс – тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы қажетіне қарай таңдап қолдануда. Ұстаз естен шығармайтын негізгі мемілекеттік стандарттың талаптарын толық басшылыққа ала отырып, жұмыс істеуінде. Олай болса педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылық пен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Осыдан келіп әр мектепке, мұғалімге оқушылардың оқу танымдық белсенділігін  арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен білім алу даму дағдыларын қалыптастыру. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын, оқуға деген қызығушылығын арттыру барысында мынадый жолдар өз тиімділігін көрсетеді:

  1. Баланың бойындағы пәнге қызығушылық па немесе ынта ма соны ажырату керек.

  2. Оқушы бойында қай пәнге қызығушылығы жоғары, қай салаға қабілетті екенін анықтау. Мұғалім оқыту жүйесінде үрдісті шебер басқара білуі және оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын, таным процестерін дамытып отыру керек.

  3. Баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен қызығушылығын, жас ерекшелігін ескере отырып, сабақты қызықты етіп ұйымдастыру, яғни сабақта жаңа, озық технологияларды пайдалану ( ойын арқылы оқыту, деңгейлеп саралап оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыдан оқыту технологиясының кейбір элементтері т.б ).

  4. Сабақты өткізу барысында мақсатты нақты, айқын белгілеп, соған жетудің жолдары мен тәсілдерін көрсету. Сабақтың уақытын бөлу барысында мұғалімдердің осыған назар аударғаны жөн. Сабақты «қызығушылықты ояту» тәсілімен басталуы да маңызды болып табылады.

  5. Сабақ барысында тақырыпқа қатысы жоқ болса да, балаларға «жаңалықтар» айту. Бұл жаңалық хабар немесе болған оқиға, әлемдегі қызық жайттар түрінде болуы мүмкін.

  6. Баланы мадақтау, ынталандыру, баланың күшіне қабілетіне сенім білдіру, ынталандыру (бағалау барысында балаларға қолдан жасаған суреттер, фигуралар тарату ) баланың жұмысын бүкіл сыныпқа көрсетіп үлгі ету, дәптер тексеру соңында ынталандыру сөздерін жазу.

  7. Шығармашылықпен жұмыстандыру. Бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік көп. Дүниетану, математика, сурет, музыка сабақтарында жеке тапсырма беру арқылы балада ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы оны шешу, оның логикалық дамуы көрінеді. Баланың сабақ бойында ынта, ықыласы жоғары болады.

  8. Оқу белсенділігін арттыруға арналған ойындар мен тренингтерді қолдану. Баланың оқуға ынтасын ояту үшін оған эмоциянальды жағымды көңіл – күй сыйлаудың маңызы зор.

Мұғалім қолданған әр түрлі әдіс – тәсілмен тынымсыз еңбектің арқасында баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды, беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді. Өз іс - әрекетінің, жұмысын нәтежесін көріп масаттанады (үйрендім, білдім, басқаларға көмектестім, қиындықтарды жеңдім) Бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын меңгертумен бірге қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы осы талап тұрғысынан алғанда оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор. Осындай жұмыстардың нәтежесінде бүгінгі күн талабынай сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Менің педагогикалық идеямның мақсаты-әр оқушының жеке басының құндылық, танымдық және коммуникативті әлеуетін дамыту. Осы мақсатқа сүйене отырып, мен өзіме міндет қойдым – әр баланың ашылуына көмектесу, оған сенім ұялату, өзіндік құндылығын сезіну. Бастауыш мектепте тұлғаның "негізі" қаланды, бұл дұрыс тәрбие мен дамумен баланың ішкі әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Бастауыш мектеп мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені ол баланың болашағы құрылатын негіздерге жауап береді. Оқушылар мұғалімнен үлгі алады, оның қағидаларын ұстанады, өйткені бұл жаста балалар "губкалар" сияқты – олар жақын маңдағы ересектерден барлық ақпаратты сенімді түрде сіңіреді.  Қорыта келгенде, «Жүйрік тұлпар шаба келе  жылдамдығы үдей беретіні секілді мұғалімнің де жылдар өткен сайын тәжірибесі артып, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілігі күшейе беретінін байқауға болады». Мен де осы принципті өз жұмыс тәжірибемде ұстанамын.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Хисметова. С. Оқу – тәрбие үрдісінде, оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалана отырып, оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру. \\Қазақ тілі мен әдебиеттер орта мектепте № 10(57)-2013

  2. Қуанаева. Б. С. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттыру жолдары. \\ Ұстаз Ғылыми әдістемелік журнал №1 (54) 2012

  3. Абилова. Ж. Т Жаңа технологияның пайдалану тиімділігі. \\Бастауыш сынып әдістемесі №3(22)

  4. E-mail:45minut.kz. Бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер.

  5. Төлегенова. У. Жаңа технологияны сабақта қолдану. \\Бастауыш мектеп №5-2006




 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!