400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық идеялар фестивалі. "Сабақ аяқталған соң..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық идеялар фестиваліне "Сабақ аяқталған соң" бөлімі бойынша ұсынылған оқушының тұлғалық дамуына арналған күнделік.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ - 2024»





ТАҚЫРЫБЫ: Тұлға дамуы: «Әлем айнасы» Күнделік жазу
БАҒЫТЫ: «Сабақ аяқталған соң...»
АВТОРЫ: Ахметкалиева Маншук Ахатовна
ҚЫЗМЕТІ: қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі
8-сынып жетекшісі
Білім беру ұйымының мекен-жайы: ШҚО Зайсан ауданы Дайыр ауылы
Ж.Бітімбаев кӛшесі
«Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
Телефоны: 87234029288
e-mail:akhmetkaliyeva83@mail.ru






Page 2







МАЗМҰНЫ

Аннотация

I КІРІСПЕ.
Тұлға дамуы

II НЕГІЗГІ БӚЛІМ
2.1. Күнделік – баланың ішкі әлемін танудың айнасы
2.2.Тұлға дамуының негізгі бағыттары

III ПРАКТИКАЛЫҚ БӚЛІМ
«Әлем айнасы» күнделігінің тараулары:
«Мен – баламын»
«Мен – оқушымын»
«Мен – бойжеткенмін/азаматпын»
«Мен – доспын»
«Мен – тұлғамын»

IV ҚОРЫТЫНДЫ БӚЛІМ



















Page 3

Аннотация
Жасӛспірім кезең – тұлғалық қалыптасудың ең маңызды шағы. Бұл
кезеңде оқушылар ӛздерін, мүмкіндіктерін, мақсаттарын және ӛмірлік
құндылықтарын түсіне бастайды. Ӛзін-ӛзі дамыту күнделігі оқушыларға
ӛздерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтап, тұлғалық ӛсуге мүмкіндік
береді. Ол оқушылардың ӛмірге деген қызығушылығын арттырып, ішкі
ресурстарын дұрыс пайдалануына кӛмектесетін тиімді құрал ретінде қызмет
етеді.
Зерттелетін тақырыптың ӛзектілігі
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі тек пәндік білім беруді ғана емес,
оқушының жеке тұлға ретінде даму мәселесін де қамтиды. 8 -сынып
оқушыларына арнап жасалған ӛзін-ӛзі дамыту күнделігі олардың ӛзін-ӛзі тану,
жауапкершілік, шығармашылық, уақытты тиімді басқару және мақсат қою
сияқты маңызды дағдыларды қалыптастыруына кӛмектеседі. Жасӛспірімдер ӛз
мүмкіндіктерін тану арқылы қоғамда ӛз орнын табуға және болашақта
жетістіктерге жетуге жақсы негіз қалайды.
Мақсат:
Оқушылардың тұлғалық және рухани дамуына бағытталған ӛзін-ӛзі
дамыту дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттер:
1. Оқушыларға ӛз эмоцияларын, құндылықтарын және мінез -құлқын
талдауға мүмкіндік беру;
2. Жеке мақсаттарды дұрыс қою және оларға қол жеткізу әдістерін үйрету;
3. Ӛз уақытын басқару және басымдықтарды анықтау дағдыларын дамыту;
4. Шығармашылық қабілеттерді дамытуға және ӛзін-ӛзі кӛрсетуге жағдай
жасау;
5. Жеке жетістіктерді күнделікті бақылау және бағалау жүйесін енгізу.
Әдебиеттерге шолу
Ӛзін-ӛзі дамыту тақырыбында әлемде кӛптеген әдістемелік еңбектер бар.
Олар жасӛспірімдерге ӛз дағдыларын жетілдіруге кӛмектеседі. Күнделік құру
барысында келесі еңбектерді негізге алуға болады:
 Брайан Трейси «Мақсатыма жетемін»
 Азамат Скаков «SEN»
"Әлем айнасы" қолдану нәтижесінде:
 Оқушылар ӛз эмоциялары мен іс-әрекеттерін жақсы түсінуге үйренеді;
 Мақсат қою және оған жету қабілеттері дамиды;
 Уақытты тиімді пайдалану дағдылары қалыптасады;
 Шығармашылық қабілеттері жетіледі;
 Ӛзін-ӛзі бағалау және ӛз жетістіктерін талдау әдеті дамиды.
Ӛзін-ӛзі дамыту күнделігі 8-сынып оқушыларына ӛз қабілеттерін ашуға,
мақсатты түрде жұмыс істеуге және жеке жетістіктерін тануға кӛмектеседі. Бұл
күнделік арқылы оқушылар ӛз болашағына сеніммен қарап, білім алуға, дамуға
және ӛзіндік кӛзқарасын қалыптастыруға дағдыланады. Әрбір бала ӛз күшіне
сеніп, ӛзінің ӛмірлік жолын саналы түрде таңдай алатын тұлғаға айналады.


Page 4

Аннотация
Подростковый возраст – один из важнейших этапов формирования
личности. В этот период учащиеся стремятся понять себя, свои возможности,
жизненные цели и ценности. Дневник саморазвития представляет собой
эффективный инструмент, помогающий подросткам выявить свои сильные и
слабые стороны, а также способствует их личностному росту. Этот дневник
направлен на развитие интереса к жизни, раскрытие внутреннего потенциала и
правильное его использование.
Актуальность темы исследования
Современная система образования ставит перед собой задачу не только
передачи знаний по предметам, но и развития учащихся как личности. Дневник
саморазвития, разработанный для учеников 8-го класса, помогает им освоить
важные навыки, такие как самопознание, ответственность, творчество,
управление временем и постановка целей. Понимание своих возможностей
позволяет подросткам находить своѐ место в обществе и закладывать основу
для будущих достижений.
Цель:
Формирование навыков саморазвития, направленных на личностное и
духовное становление учащихся.
Задачи:
Предоставить учащимся возможность анализировать свои эмоции,
ценности и поведение. Научить правильно ставить личные цели и достигать их.
Развивать навыки управления временем и расстановки приоритетов. Создать
условия для развития творческих способностей и самовыражения. Внедрить
систему ежедневного мониторинга и оценки личных достижений.
Обзор литературы
В мире существует множество методических работ, посвящѐнных теме
саморазвития. Эти материалы помогают подросткам совершенствовать свои
навыки. При разработке дневника опирались на следующие труды:
 Брайан Трейси «Достижение цели».
 Азамат Скаков «SEN».
Ожидаемые результаты:
Использование дневника саморазвития позволит учащимся:
 Лучше понимать свои эмоции и поступки.
 Развивать навыки постановки целей и их достижения.
 Эффективно управлять временем.
 Совершенствовать творческие способности.
 Формировать привычку самооценки и анализа собственных достижений.
Заключение
Дневник саморазвития является практическим инс трументом,
направленным на личностное развитие учащихся 8-го класса и раскрытие их
потенциала. Он способствует повышению уверенности в себе, осознанному
подходу к процессу обучения и развития. Используя данный дневник,
каждый ученик сможет планировать своѐ будущее и осознанно выбирать
свой жизненный путь.


Page 5

КІРІСПЕ
Тұлға дамуы – әр адамның болашаққа ұмтылу жолында ӛз қабілеттері мен
қасиеттерін жетілдіру процесі. Бұл жолда әр адам ӛз әлеуетін іске асырып, жеке
тұлға ретінде қалыптасуға және қоғамда ӛз орнын табуға тырысады. Бүгінгі
баяндамада жарқын болашаққа жетелейтін тұлғалық дамудың негізгі
қадамдарына тоқталып ӛтемін.
Ӛзін-ӛзі тану – дамудың алғашқы қадамы. Ӛзін-ӛзі тану адамның ӛз
артықшылықтары мен кемшіліктерін түсінуінен басталады. Әр тұлға ӛзінің
мінезін, құндылықтарын, және мақсаттарын анықтап, ішкі жан дүниесіне
үңілгенде ғана саналы түрде дамуға қадам жасайды. Ӛзін-ӛзі тану арқылы адам
ӛз күшті және әлсіз жақтарын біледі және ӛзін жақсартуға ынталанады.
Ӛзін-ӛзі жетілдіру және білім алу. Білім алу мен ӛзін-ӛзі жетілдіру – кез
келген дамудың негізі. Жаңа білім мен тәжірибе жинау адамның ой-ӛрісін
кеңейтеді, ӛзіне сенімділігін арттырады және мақсаттарына жетуіне
кӛмектеседі. Бүгінгі күнде білім алу тек мектеп қабырғасында емес, интернет,
кітаптар, курстар арқылы да қолжетімді. Білімге құштарлық адамды ізденімпаз,
жаңашыл тұлғаға айналдырады.
Мақсат қою және жоспарлау. Жарқын болашаққа жетелейтін маңызды
қадамдардың бірі – мақсат қою және сол мақсатқа жету жолында нақты жоспар
жасау. Жоспарлы түрде әрекет ету ӛз уақытын тиімді пайдалануға және
мақсаттарға біртіндеп жақындауға мүмкіндік береді. Мақсаттар – адамға бағыт-
бағдар беретін «жұлдыздар» іспеттес. Ал оларды нақты жоспарға айналдыру
жетістікке жетудің негізгі жолы.
Ӛзін-ӛзі реттеу және тұрақтылық. Тұлға дамуының негізгі кӛрсеткіші –
ӛзін-ӛзі реттей білу қабілеті. Бұл адамның ӛз мінез-құлқын, эмоцияларын және
әрекеттерін бақылау және басқару дағдыларын қамтиды. Ӛзін-ӛзі реттей алатын
тұлға ішкі тәртіп пен тұрақтылықты сақтайды, ӛз мақсатына нық қадам басады.
Тұрақтылық, яғни ішкі тәртіпті сақтау, адамның қиындықтарға тӛзімділігін
арттырады.
Шығармашылық ойлау және креативтілік . Жарқын болашаққа қол
жеткізу үшін шығармашылық ойлау дағдысы аса маңызды. Креативті тұлға кез
келген жағдайға жаңаша кӛзқараспен қарайды, стандартты шешімдерден бас
тартып, ӛзгеше ойлап, қиындықтарды оңай шешеді. Шығармашылық тұлға
әркез дамуға, ӛзіндік пікірін қалыптастыруға және жаңа мүмкіндіктерді ашуға
бейім болады.
Әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары. Тұлға дамуының ажырамас
бӛлігі – қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Жарқын болашаққа бет алған адам
басқа адамдармен тіл табысу, оларды түсіну және ынтымақтастық орнату
қабілеттерін жетілдіруі керек. Әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары жетілген
тұлға командада жұмыс істей алады, қоғамда белсенділік танытады және
айналасындағыларға оң әсер қалдырады.
Ӛзіндік рефлексия және ӛзін-ӛзі бағалау
Жарқын болашаққа қадам басуда маңызды нәрселердің бірі – ӛзін-ӛзі
бағалап, ӛткен тәжірибеден сабақ алу. Рефлексия адамның қателіктерін түсініп,
алға қарай дұрыс бағыт таңдауға кӛмектеседі. Ӛзіндік рефлексия жасаудың


Page 6

арқасында адам үздіксіз дамуды кӛздеп, ӛз жетістіктерін арттырып, жаңа
мақсаттар қояды.
Тұлға дамуы – саналы түрде, ӛз болашағын жарқын етуге деген
талпыныспен жасалатын әрекеттердің жиынтығы. Әр адам ӛзіне сеніп, ӛзін-ӛзі
жетілдіріп, мақсат қойып, ӛз әлеуетін толыққанды іске асырғанда ғана қоғамда
ӛз орнын тауып, жарқын болашаққа қол жеткізеді. Тұлғалық дамуға ұмтылу –
адамның ӛмірге деген кӛзқарасын ӛзгертеді, оны табысты әрі бақытты етуге
жол ашады.
Әр оқушыға жыл бойы толтыратын жеке күнделік беріледі, ол күнделік
оқушының ӛзін-ӛзі тануына, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруына және
жеке дамуына кӛмектеседі. Бұл күнделікте оқушы әр ай сайын шағын
тапсырмалар, ой қозғау сұрақтары және түрлі шығармашылық жұмыстар
орындайды.
Жоба кезеңдері:
1. Күнделікті таныстыру және алғашқы тапсырма. Күнделікке алғашқы
беттерде ӛз мақсаттарын жазу тапсырмасы беріледі: "Мен биыл қандай
жетістіктерге жеткім келеді?", "Ӛзімді қалай дамытқым келеді?"
2. Ай сайынғы бӛлімдер. Айлық мақсат қою. Әр айдың басында оқушы
белгілі бір мақсат қойып, оны күнделікке жазады. Әр айға арналған қызықты,
шығармашылық тапсырмалар. Мысалы, "Ӛмірдегі ең ерекше күнді сипаттау",
"Ӛзіңді батыр етіп суретте". Ай соңында оқушы ӛз мақсаттарына жеткенін
бағалайды, қиындықтар мен жетістіктерін жазады.
3. "Құпия серік" әдісі. Әр айдың басында оқушылар жасырын түрде
"Құпия серік" таңдайды, ол серігіне ай бойы қолдау кӛрсетіп, қуаныштарымен
бӛліседі. "Құпия серік" арқылы оқушылар бір-біріне жылы сӛздер айтып,
серіктік қарым-қатынас дамытады.
4. "Ӛзгеріс картасы" бӛлімі. Оқушылар жыл басында ӛзін қалай
сипаттайтынын жазады (мысалы, мінез ерекшелігі, қабілеттері). Жыл соңында
ӛздерінде қандай ӛзгерістер болғанын жазады. Бұл ӛзгерістерді бағалап, ӛз
дамуын кӛре алады.
5. "Жылдық қорытынды жиыны". Жыл соңында барлық күнделіктерді
жинақтап, қорытынды жиын ұйымдастырылады. Әр оқушы ӛз күнделігіндегі
жетістіктерін бӛлісіп, сынып ішінде жылы шырайлы орта құрады.
Жобаның артықшылықтары:
Ӛзін-ӛзі дамыту: Оқушылар ӛздерін тереңірек танып, дамыта алады.
Құндылықтарға баулу: Күнделікті тапсырмалар арқылы рухани және
адамгершілік құндылықтарды меңгереді.
Сынып бірлігін арттыру: Құпия серік әдісі мен сыныптық рефлексия
оқушылар арасында достық пен қолдау атмосферасын қалыптастырады.






Page 7

НЕГІЗГІ БӚЛІМ
2.1. «Күнделік – баланың ішкі әлемін танудың айнасы»
Күнделік жазу — ӛзін-ӛзі тану, ӛзін дамыту және тұлғалық ӛсу үшін ӛте
маңызды құралдардың бірі. Ол адамның ойлары мен сезімдерін жүйелеуге,
эмоцияларын реттеуге, мақсаттарына жету жолын анықтауға кӛмектеседі.
Күнделік жүргізу арқылы адам ӛз ӛмірін сараптап, ішкі дүниесіне терең бойлай
алады, бұл ӛз кезегінде оның тұлғалық дамуына үлкен әсер етеді.
Күнделік жазу адамның ӛз-ӛзімен кездесуіне мүмкіндік береді. Күнделікті
жазбалар арқылы адам ӛз ойлары мен сезімдерін тереңірек түсініп, оларды
талдауға үйренеді. Ӛзін-ӛзі тану — тұлғалық ӛсу үшін маңызды қадам. Ӛмірде
болып жатқан жағдайларға қатысты ішкі сезімдер мен реакцияларды талдап,
оларды жазбаша түрде бекіту адамды ӛзінің күшті және әлсіз жақтарын кӛруге,
ӛз кемшіліктерін мойындауға және оларды жақсартуға ынталандырады.
Күнделік жазу адамның эмоцияларын басқаруға, оларды дұрыс түсінуге
кӛмектеседі. Әсіресе қиын немесе стресс туғызатын жағдайларда, жазу арқылы
адам эмоцияларын сыртқа шығара алады. Бұл оған оларды анықтап, басқаруға
мүмкіндік береді. Эмоционалдық сауаттылық — тұлғаның психологиялық
тұрақтылығын сақтауға септігін тигізеді.
Күнделік жазу — мақсат қою және осы мақсаттарға жету жолын
бақылаудың тиімді әдісі. Әр жазбаның ішінде мақсаттар мен жоспарларды
жазып, олардың орындалу барысын бақылай аласыз. Бұл тәсіл тұлғаның ӛзіне
деген жауапкершілігін арттырып, алдына қойған мақсаттарына жету
жолындағы табандылықты қалыптастырады. Күнделік — даму жоспарын
жүзеге асыруға арналған құрал ретінде жұмыс істейді.
Күнделік жазу арқылы адам ӛзін бағалауды үйренеді. Әр күннің соңында
ӛткен күнді қорытындылап, жетістіктер мен сәтсіздіктерді жазу арқылы ӛз
қабілеттерін жақсырақ түсінуге болады. Қателіктер мен жетістіктерді бағалау,
олардың ішінен сабақ алу — тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытып, келешекте жақсы
нәтижелерге қол жеткізуіне кӛмектеседі.
Күнделік жазу — күйзеліс пен стрессті жеңудің тиімді әдісі. Ӛмірде
қиындықтар мен шиеленістер туындаған кезде, адам сол жағдайды жазу
арқылы эмоцияларын сыртқа шығарып, оны шешудің жолдарын іздей алады.
Күнделік жазу күйзеліс деңгейін тӛмендетуге, ӛзін тыныштандыруға және
проблемаларға жаңа кӛзқараспен қарауға кӛмектеседі.
Күнделік жүргізу — ӛзіндік тәртіпті қалыптастыруға және уақытты тиімді
басқаруға кӛмектеседі. Әр күннің жоспарларын жазу, міндеттерді реттеу және
уақытты дұрыс бӛлу тұлғаның күнделікті ӛміріне құрылым енгізіп, оның
тәртіпті болуына ықпал етеді. Бұл дағдылар тұлғаның жұмыс тиімділігін
арттырып, ӛмірін ұйымдастыруға кӛмектеседі.
Күнделік жазу шығармашылық қабілеттерді дамытуға кӛмектеседі.
Күнделікті жазба барысында адам ӛз ойларын ашық түрде білдіруге, креативті
шешімдер іздеуге, жаңа идеялар туғызуға мүмкіндігі бар. Шығармашылық
тұрғыдан дамуға ықпал етіп, тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытуды қолдайды.
Күнделік жүргізу арқылы адам ӛмірдің жақсы жақтарын кӛруге үйренеді.
Күн сайынғы жазбаларға оң эмоцияларды, қуанышты сәттерді жазу тұлғаның


Page 8

кӛңіл күйін кӛтеріп, ӛмірге деген позитивті кӛзқарасты дамытуға кӛмектеседі.
Бұл жағымды ойлар мен әрекеттер адамның тұлғалық ӛсуіне және
денсаулығына да пайдалы әсер етеді.
Күнделік жазу — тұлғалық ӛсу мен ӛзін-ӛзі дамыту үшін ӛте маңызды
құрал. Ол адамның эмоцияларын басқаруға, ӛзін-ӛзі тануға, мақсаттарын
жүзеге асыруға және қиындықтарды жеңуге кӛмектеседі. Күнделік арқылы
адам ӛз ойлары мен сезімдерін дұрыс реттеп, ӛмірін жақсартуға және тұлғалық
ӛсу жолында табысқа жетуге мүмкіндік алады. Сондықтан күнделік жүргізу —
бұл тек жазу ғана емес, ол ӛзіндік ӛсу мен дамудың маңызды қадамы болып
табылады.



































Page 9

2.2.Тұлға дамуының негізгі бағыттары
Оқушы баланың физикалық дамуы – бұл оның дене бітімінің,
қозғалыс дағдыларының, күш-қуаты мен денсаулығының уақыт ӛте келе
қалыптасу процесі. Бұл даму баланың жасына, генетикалық ерекшеліктеріне,
қоршаған ортаға және күнделікті ӛмір салтына байланысты болады. Оқушының
физикалық дамуы оның жалпы денсаулығы мен психологиялық күйіне әсер
етіп, мектептегі оқу процесін тиімді ету үшін маңызды рӛл атқарады.
Оқушы баланың физикалық дамуы — бұл тек биологиялық процесс емес,
сонымен қатар тәрбиелеу мен оқу үрдісінің ажырамас бӛлігі. Баланың дұрыс
дамуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасау, оның денсаулығын сақтау
және дене белсенділігін арттыру ӛте маңызды. Осылайша, оқушының
физикалық дамуы оның оқу процесіне, әлеуметтік қарым-қатынасына және
жалпы ӛмір сапасына ықпал етеді.
Оқушының интеллект уалдық дамуы — бұл оның танымдық
қабілеттерінің, ойлау дағдыларының, білім мен дағдылардың уақыт ӛте келе
қалыптасу процесі. Интеллектуалдық даму баланың оқу процесінде, қоршаған
ортаға деген кӛзқарасында және тұлғалық дамуында маңызды рӛл атқарады.
Бұл процесс баланың ақыл-ойының ӛсуіне және оның білім алу қабілеттерін
арттыруға бағытталған. Оқушының интеллектуалдық дамуы оның болашақтағы
ӛміріне, шығармашылық қабілеттеріне және әлеуметтік қарым-қатынастарына
әсер етеді.
Бала тәрбиесінде отбасы үлкен рӛл а тқарады. Егер ата-аналар
балаларының білім алуына қолдау кӛрсетіп, оқуға қызығушылық танытса,
оқушының интеллектуалдық дамуы да жоғары болады.
Мектептегі білім беру жүйесі мен оқытушылардың педагогикалық
шеберлігі оқушының интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Оқытушылардың
әдіс-тәсілдері, оқушының оқу мотивациясын арттыру қабілеті баланың
шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады.
Қазіргі заманда ақпараттық технологиялар мен медиа құралдары
оқушының интеллектінің дамуына үлкен әсер етеді. Оқу барысында интернет,
түрлі электронды ресурстар мен бағдарламалар арқылы оқушы ӛз білімін
кеңейтіп, ғылыми ақпараттарды іздеуде дағдыларын жетілдіреді.
Оқушының интеллектуалдық дамуы оның оқу процесінде және болашақ
ӛмірінде табысты болуына негіз болатын маңызды фактор болып табылады.
Оқушының ақыл-ой қабілеттері дұрыс тәрбие, білім беру жүйесі, әлеуметтік
орта және мотивация арқылы дамиды. Интеллектуалдық дамуды қолдау және
оны дұрыс бағыттау баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және болашақта
ӛз әлеуетін толық ашуына мүмкіндік береді.
Рухани адамгершілік даму — бұл тұлғаның ішкі дүниесінің, моральдық
және этикалық құндылықтарының қалыптасуы мен жетілуі, оның қоғамда
адамгершілік нормаларына сәйкес әрекет ету қабілетінің дамуы. Рухани
адамгершілік даму баланың ӛзін-ӛзі тануына, қоғамға деген кӛзқарасының
қалыптасуына, басқа адамдарға және табиғатқа деген қарым-қатынасына әсер
етеді. Бұл процесс адамды ӛмірде дұрыс таңдау жасауға, ӛзінің мақсаттары мен
міндеттерін анықтауға, айналадағы әлеммен үйлесімді ӛмір сүруге бағыттайды.


Page 10

Отбасы — адамның рухани адамгершілік дамуының негізгі тірегі.
Отбасында баланың алғашқы моральдық ұстанымдары қалыптасады. Ата -
аналар баланың дұрыс тәрбиесін беріп, оған адамгершілік құндылықтарды,
жақсылық пен әділдік туралы түсінік береді. Отбасы ндағы қолдау,
сүйіспеншілік, және сыйластық баланың ӛзін-ӛзі бағалауын қалыптастырады.
Балалар ата-аналарының ӛмір сүру принциптерін кӛріп, оларды ӛмірде
пайдаланады. Ата-аналар мен отбасы мүшелері баланың моральдық дамуына
ықпал етіп, оларды адалдық, әділдік, сүйіспеншілік сияқты құндылықтармен
таныстырады. Мектеп — оқушының рухани адамгершілік дамуында маңызды
рӛл атқарады. Мұғалімдер баланың тұлғалық қасиеттерін, адамгершілік
құндылықтарын дамытуда негізгі рӛл ойнайды. Мұғалімдер оқушыларға дұрыс
және теріс әрекеттердің нәтижелерін кӛрсетіп, адамгершілікке қатысты
маңызды шешімдерді қабылдауды үйретеді. Мектепте оқушылар қоғамдық
жұмыстарға қатысып, достық, ынтымақтастық, кӛмек кӛрсету сияқты
құндылықтарды үйренеді. Қоғамдық орта мен мәдениет балалардың
адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруда маңызды рӛл атқарады. Қоршаған
орта, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлар, баланың дүниетанымын кеңейтіп, оның
рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады.
Оқушының рухани адамгершілік дамуының негізінде ӛзін-ӛзі тану, ӛзін-
ӛзі бағалау жатыр. Бұл қабілет адамның ӛз күшін, мүмкіндіктерін және
шектеулерін түсінуіне кӛмектеседі. Ӛзін-ӛзі тану арқылы баланың ішкі дүниесі
мен әлемге деген кӛзқарасы қалыптасады.
Оқушының рухани адамгершілік дамуы оның жеке тұлға ретінд е
қалыптасуына, моральдық ұстанымдары мен адамгершілік құндылықтарының
тереңдеуіне ықпал етеді. Бұл процесс тек қана білім беру жүйесінің немесе
отбасының емес, бүкіл қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі болып
табылады. Рухани адамгершілік даму оқушының ӛмірде табысты
Әлеуметтік даму — бұл адамның қоғамдағы рӛлі мен әлеуметтік
қатынастарына байланысты дамуы. Әлеуметтік даму барысында тұлға ӛзіне, ӛз
қоғамына, отбасы мен достарына, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен
құндылықтарға қатысты жауапкершілігін түсініп, қоғамның толыққанды
мүшесі ретінде қалыптасады. Бұл процесс адамның әлеуметтік қабілеттерінің,
қарым-қатынас дағдыларының, ӛзара әрекеттесу тәжірибесінің дамуына,
сондай-ақ әлеуметтену процесіне байланысты. Әлеуметтік даму тек жеке тұлға
ғана емес, сондай-ақ қоғам үшін де маңызды аспект болып табылады.
Әлеуметтік дамудың маңызды аспектісі — адамның қоғам алдындағы
жауапкершілігін түсіну. Бұл оның әлеуметтік тәртіпке, заңдарға, моральдық
нормаларға сәйкес әрекет етуіне ықпал етеді.
Әлеуметтік даму адамның қоғаммен ӛзара әрекеттесу қабілеттерін
жетілдіреді, оның әлеуметтік ӛміріне және тұлға ретінде қалыптасуына
маңызды әсер етеді. Әлеуметтік дамудың сәтті жүзеге асуы баланың ӛміріне,
оның оқу процесіне және болашақтағы қоғамдағы орнына айтарлықтай ықпал
етеді. Әлеуметтік дамудың негізгі аспектілері — қарым-қатынас дағдыларын
дамыту, жауапкершілікті сезіну және қоғамдық қатынастарға белсенді қатысу.


Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
16 желтоқсан
288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі