Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Көрнекіліктер Іс-шаралар Турнир Орталық туралы Ойындар
Аттестация Байқау Материалдар Журнал Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • Күніне 2 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • 30 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу
  • 90 көрнекілік жүктеу
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Тақырып 1.1.3. Педагогикалық менеджмент ұстанымдары, басқару əдістері

    МU ақсаты:U Педагогикалық менеджмент ұстанымдары (принциптері), инновациялық үрдістер, білім беру мекемелерін басқару əдістеріне сипаттама беру

    Негізгі ұғымдар:U басқару ұстанымдары (принциптері), инновациялық

    үрдістер, басқару əдістері

    UЖоспары:

    1. Педагогикалық жүйелерді басқару қызметін жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық - бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нəтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар.

    2. Басқару ұстанымдарына (Ю.А. Конаржевский) сипаттама

    3. Басқару əдістері. Əлеуметтік-психологиялық басқару əдістері. Басқарудағы ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер. Экономикалық басқару əдістері.

    Педагогикалық жүйелерді басқару оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, жүйенің өмір сүру жəне дамуы жағдайлары түсініктерді ұғынуды қажет етеді. Ю.А. Конаржевский ұсынған басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата - аналар белсенділіктерін жүйе құрылымында пайдалануға ықпал етеді. Осылайша, жүйенің компоненттері мен құрылымы, олардың байланыстары, жүйе құраушылық (жүйені жаңа сапаға өткізуге қабілетті ішкі механимі) факторы жəне қоршаған ортамен байланысы терең қамтылып, белгілі бір принциптерге сүйенеді. Педагогикалық жүйелерді басқару қызметін жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық - бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нəтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар жүйесін басшылыққа алуды көздейді. Басқарудағы жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық үрдістің жүйелік жəне тұтастық табиғатын басшылыққа алу оны тиімді басқарудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Басқарудағы жүйелік тұрғы педагогикалық үрдісті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Бұл ұстаным барлық деңгейлердегі педагогикалық жүйелердің құрамы, құрылымы, жүйе құраушы факторлары мен қызметтік компоненттері мен өзара байланыстарының түгел қамтылуын қамтамасыз етеді. Синергетикалық ұстаным. Əлеуметтік жүйелер ашық жəне өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар жүйелер. Осындай сапаларына сай педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиеті көрінеді. Синергетикалық принциптің сақталуы педагогикалық жүйе субъектілерінің өзін-өзі басқару негізінде өзіндік дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзгерістер тұтас жүйенің жəне оның компоненттерінің дамуына, өзгеруіне, белсенділігін арттыруға жағдай туғызып, жүйенің жаңа сапаға өтуін қамтамасыз етеді.

    Мақсаттық – бағдарлылық ұстаным белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі, кіші жүйелердегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сəйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік əрекеттер негізінде талдау мен шешім қабылдау қызметін де қамтиды. Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық алгоритмі құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың

    қызметтерін бөлісу жəне оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип қатысушы адамдардың мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сəйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді.

    Құзыреттілік ұстанымы жүйенің өзгерістерін ұйымдастырушы субъектілердің мақсатты орындауға қажетті құзыреттіліктері болуын талап етеді. Басқару – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық əрекеттер арқылы жүзеге асырылады, өйткені, қызмет барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау əрекеттері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне тығыз байланысты.

    Кері байланыс ұстанымы. Жүйені басқаруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нəтижелер белгіленеді. Педагогикалық немесе басқару процесінде нəтиженің орындалу барысы, жолдары мен тəсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе – ашық əлеуметтік жүйе ретінде ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, ұжым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынаста болады.

    Нəтижелілік ұстанымы күтілетін нəтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді əдіс - тəсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нəтижелердің мақсатқа сəйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады. Күтілетін нəтижелер соңғы кезеңде ғана емес, жұмыс барысын бағалау үшін бірнеше кезеңдер бойынша аралық нəтижелер ретінде де жасала алады. Басқару ұстанымдары-басқаруда басшылыққа алатын жетекші идея, қағида. Басқару ұстанымдары іс əрекет пен шешім қабылдауға жалпы нұсқау береді.

    1. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан Ю.А. Конаржевский

    «Менеджмент жəне мектепішілік басқару» (2000) еңбегінде [13] басқарудың мынадай ұстанымдарды бөліп қарастырады, осы ұстанымдарға қойылатын талаптарға сипаттама беріп өтсек,

    Қазіргі этикалық құндылықтарға деген терең сенім ұстанымы – құндылық бағдарды қалыптастыру, басқарушының жəне педагогикалық ұжымның негізге алатын ұстанымы, оның негізінде əр педагогтың, жалпы ұжымның іс əрекетін, мінез-құлқын ынталандыру жатыр.

    Талаптары: əр адамның жеке басына деген құрмет, құқықтарын қорғау, мүмкіндіктерін мойындау;адамдарға адам ретінде құрмет көрсету; адамдарға деген сенім; жеке тұлғалардың таңдау жасауына мүмкіндік беру;

    Мықты ішкі корпоративтік мəдениет-ұйым ішіндегі этика мен ұйым мəдениетін қарастырады.Талаптары:басқару этикасы талаптарын сақтау; ұйым ішінде ішкі мəдениетті сақтау;педагогикалық ұжымды қалыптастыру, жүйе құру; өзара құрмет, сенімді туғызу;

    Адамға деген біртұтас көзқарас ұстанымы – басшы педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкерді кəсіби қызмет түрін атқаратын жұмысшы ретінде емес, педагогикалық үрдіс барысында өзіндік қажеттілігі, өзіндік мақсаттары, мотивтері бар жеке тұлға ретінде қарастырады. Талаптары: педагогтармен қызмет саласында ғана емес, жеке өмірі, ішкі жан дүниесіне ене отырып қарым-қатынасқа түсу (қызмет барысында ғана емес жеке басы,

    жеке өмірі жайлы сөйлесу); педагог өмірінің көп бөлігін оның жұмысы құрайды, сондықтан оның жұмыстағы орны оған қуаныш сыйлайтындай болуы керек;

    Педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсу ұстанымы – басшылықтың педагогтың кəсіби қызметін əртүрлі етіп ұйымдастыруға тырысуы, сол арқылы кəсіби қызығушылығын ояту жəне оның кəсіби сенімділігіне қолдау жасау. Талаптары: педагогтарды жаңашылдық іс əрекет түрлеріне тартуға барынша жағдай жасау; педагогтардың біліктілік деңгейін көтеруін қадағалап отыру т.б.

    Жеке тұлғаларды еңбекке ынталандыру ұстанымы - педагогтың жұмысқа деген жеке қызығушылығы, оның білім беру мекемесі мен педагогикалық ұжым алдындағы белгілі бір міндеткерліктерді қабылдап атқаруға ықпал етеді. Талаптары: əр басшының ынталандыру жүйесі болуы тиіс: моралдық жəне материалдық;басшы адамдарға деген ілтипат, ерекше назар аудару, зейін қою, жағымды қарым-қатынас техникаларын меңгеруі тиіс; өзара келісімде болу, өзара қолдау т.б.;

    Консенсус (ортақ, біріккен келісімге келу) ұстанымы - басшының педагогтардың жеке көзқарастарын ескере отырып, ұжымды өзара келісімге, ынтымақтастыққа əкелу. Талаптары:ұжым мүшелерінің мəселені талқылауда немесе шешім қабылдауда шынайы баға беруі;ұжым алдында өз көзқарасы мен пікірін нақты, дəлелдермен айта білуі тиіс т.б.;

    Барлық қызметкерлер үшін ортақ статус ұстанымы – қызметкерлермен тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.Талаптары:қызметкерлердің құқықтарын сақтау;барлығын тең көру;«педагог» мəртебесіне лайықты қарым-қатынасқа түсу; педагогикалық этика нормаларын сақтау; педагогтардың қоғамдағы беделін көтеру.

    Барлық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлауды кеңейту ұстанымы – кəсіби білімді үздікссіз жетілдіру, арнайы білім беру бағдарламаларынан өту, қызмет түрлерін орындауға бағыттауға негізделеді.

    Талаптары:кəсіби мамандарды дұрыс іріктеу; «педагогикалық өнімнің» сапалығын қамтамасыз ету;басқару билігін төмендегілерге (мұғалім) беру; жұмысты толықтыру, жұмысқа қажетті жағдайды жасау; жаңа білім беру мазмұны талаптарына сай мұғалімдердің білімдерін көтеру: курстардан өту т.б.желілік қауымдастықтардың жұмысын жетілдіру; педагогтардың кəсіби өсуіне қолдау көрсету, бағыттау.

    Толық жұмыспен қамту саясаты ұстанымы.Талаптары: қазіргі нарықтық қоғам заңдылықтарына сай сапалы кəсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету; негізгі моралдық міндеткерліктерді орындауы; жақсы даярлықтан өткен мамандармен 5 жылда бір рет мамандардың құзыреттілігін жаңартып отыруға жағдай жасау.

    Сапаға бағыттылық ұстанымы – сапа менеджменті талаптарына сай нəтижеге бағытталған білім беруді ұйымдастыруды, басшылық етуді анықтайды. Талаптары:нəтижеге бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру; білім алушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастыру

    ортасын құру; мектеп-оқушы-ата-ана байланыстарын жетілдіру; басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету; білім сапасын арттыру; жоғары сапалы

    «педагогикалық өнімдерді» шығару; басқаруға ұжым мүшелерін қатыстыру.

    Жанама бақылау ұстанымы-ашықтық, шынайылық, дəлдік негізінде бақылауды жүйелі, бірізді, жүргізу, тиімді бақылау. Талаптары:қызметкерлерге деген құрмет пен сенімнің болуы;барлық қызметкерлерге тең қарау;қызметкерлердің шығармашылық еңбегі мен идеяларын қолдау;бақылау арқылы дер кезінде түзетулер енгізуді жүзеге асыру.

    Ұжым боп шешім қабылдау ұстанымы - демократиялық басшылық етудің негізгі құралының бірі, ортақ шешім қабылдау. Ол басқару ақпаратының ашықтық жағдайында ғана мүмкін болады. Талаптары: ұжым болып шешім қабылданатын ақпаратпен сол ұжымның əрбір мүшесі таныс болуы тиіс; педагогтардың қабылданатын шешімнің жасалуына белсенді қатысуы, ұжымның белсенді қолдануына ие болады;т.б.

    Міндетерліктерді жолдау ұстанымы-басқаруға педагог қызметкерлерді қатыстыру, бұл ұстаным «төменнен жоғарыға» қағидасына сай əрекет етеді.

    Талаптары: педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсуді тəжірибеде жүзеге асыру;басқаруды автоматтандыру т.б.

    Көлденең байланыс ұстанымы – барлық педагогикалық ұжым мүшелерімен өзара байланысты туғызу, ақпарат, іс тəжірибе алмасуды қамтамасыз етеді. Талаптары: ұйымның нақты мақсатына жетуі үшін басшы өзінің кейбір міндеткерліктерін беру (делегирлеу), ұжым болып шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады; ұзақ уақытқа арналған бағдарламалар негізінде көлденеңінен байланыстар мақсатты түрде қалыптастырылады; педагогтар арасындағы формальды емес байланыстар ескеріледі. [13]

    Қазіргі педагогикалық менеджментте қоғамдағы, жүйедегі болып жатқан өзгерістерге байланысты басқарудың келесі ұстанымдары ұсынылады: ынтымақтастық, демократиялық, ізгілендіру, мақсатқа сай үйлесімділік, үнемі жаңғырып отыру, тиімді басқару (рационалистік), басқарудың ғылымилық ұстанымдары. Аталған басқару ұстанымдары өзара бір-бірімен тығыз байланыста, бір жүйеде қарастырылады, олардың негізінде адамға деген сенім мен құрмет жатыр. Басқару ұстанымдарын бірлікте қарастырғанда ғана нақты жетістіктерге қол жеткізуге жəне олардың жүзеге асырылуы осы байланысты сақтағанда ғана тиімді болады.

    Басқару əдістері. Білім беру мекемесін басқару ұжымға, оның жеке бөліктеріне, қызметкерлер мен оқушыларға ықпал ету əдістері мен тəсілдерін анықтаумен байланысты. Басқару əдіснамасы басқару əдістерін зерттеуді қарастырады. Əдіс (грек тілінен аударғанда «methodos»- жол) - мақсатқа жету жолы деген ұғымды білдіреді. Басқару əдістерінің көмегімен басқарушылық қызметтің негізгі мазмұны жүзеге асырылады. Басқару əдістерінің жеке мəні мен өзіндік даму жолдары бар.[7] Басқару əдістері –бір жағынан, басқару функцияларын жүзеге асыру үдерісі, ал екінші жағынан, өз жұмысын

    жандандыру жəне оны шығармашылық, мүдделі, белсенді сипатқа ие ету мақсатында ұйым қызметкерлеріне əсер ету процесі.В. Веснин басқару əдістері басқару стилдерін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, соның нəтижесінде басшы мен қызметкерлер арасында өзара байланыс қалыптасатынын жəне басқару стиліне негіз салатын орындаушылардың қызметін ұйымдастыру əдістері екенін айтады. [14] Басқару əдістері сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:əлеуметтік-психологиялық, ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер,экономикалық əдістер.

      1. Əлеуметтік-психологиялық басқару əдістері - адамның жəне ұжымның мінез-құлқына ықпал ету жолдары, ұйымның күйі мен көңіл-күйі туралы, жоғары моральдық мəдениет негізінде ұйымда жағымды климатты жандандыру, адам мен ұжымға терең құрмет көрсету тəсілдерін қарастырады.Əлеуметтік-психологиялық əдістер жақсылық жəне қатыгездік, өмірдің мəні, қоғамдағы моральдық қағидаттар, жеке адаммен қарым- қатынас жəне т.б. сияқты əлеуметтік жəне жеке маңызды моральдық құндылықтар бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мен дамытуға негізделген. Олар жеке тұлғаларға əсер етудің нақты жолдарының еңбек ұжымында туындайтын қатынастар мен байланыстарын қарастырады. Əлеуметтік-психологиялық əдістер – білім беру мен тəрбие құралы ретінде оқыту мақсатына жетуге бағытталған педагогтар мен оқушылар іс əрекетінің өзара байланысын, тиімді қарым-қатынасын анықтау тəсілдері, педагогикалық ұжым мүшелерінің жауапкершілігін көтеру жəне белгіленген міндеттерді орындауға дайындау, ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Əлеуметтік əдістер қызметкердің ұжымдағы орны мен рөлін, бейресми көшбасшыларды анықтау жəне қолдау көрсету, еңбектің соңғы нəтижесіне жету үшін қызметкерлерді ынталандыру, тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету жəне топтағы адамдар арасындағы қақтығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік басқару əдістерінің ішіне: əлеуметтік жоспарлау, əлеуметтік зерттеулер, жеке қасиеттерін бағалау, мораль, серіктестік, бəсекелестік, жанжалды жағдайларды басқару кіреді.

      2. Басқарудағы ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер.Басқару субьектілерінің мемлекеттік, жарлықтар, заңдар, ережелер, бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар негізінде обьектілерге ықпал ету тəсілдерін анықтайды, əр басшы мен атқарушылардың міндеттерін, құқықтарын, жауапкершіліктерін тағайындайды. Ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер басқару мен басқарудың барлық деңгейлеріндегі адамдардың құқықтары мен міндеттеріне, басшының өз билігін жүргізуіне, бағыныштылардың жауапкершілігіне жəне ұйымдастырушылық қатынастар жүйесін құруға негізделген. Мұндай əдістер үш топқа бөлінеді:

    1. Ұйымдастыру тұрақтандыру - адамдар арасында басқару жүйелерінде ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату (ұйымды басқару тұжырымдамасы, басқару құрылымының құрылымы, қызметкерлер, нұсқаулық, рационализация, реттеу, бақылау жəне қадағалау).

    2. Ұйымдастырушылық-əкімшілік – адамдар мен бөлімдердің бірлескен қызметін жедел басқаруды қамтамасыз етеді. (бұл əдістер келісімшарттар, бұйрықтар, нұсқаулар, шешімдер түрінде жүзеге асырылады).

    3. Ұйымдастыру жəне тəртіптік - ұйымдастырушылық қатынастар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызметкерлердің міндеттерді орындау үшін жауапкершілігі.

    Ұйымдастыру əсерлері қызметкерлердің қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар: ұйымның жарғысы, бөлімшелердің ережелері, ұжымдық шарт, лауазымдық нұсқаулықтар, ішкі ережелерге негізделеді. Бұл құжаттар ұйым басшысының міндетті бұйрығымен жүзеге асырылады.

    Бұл топқа жататын əдістер: директива (өткізілетін іс-шаралардың мақсаты, міндеттері, тəртібі, реті жəне орындалу мерзімі көрсетілетін, жазбаша түрдегі қызметтік құжат); тəртіпті белгілеу, міндеттерді бөлу, реттеу, нұсқау беру, бұйрық, қаулы, жалпыға бірдей талап қою, жауапкершілік жүктеу, тапсырмалар беру жəне оны орындау критерийлерін анықтау. Бұйрық - бағыныштыларды өз уақытында қабылданған шешімдерді нақты орындау үшін міндеттейді. Тапсырыстар ұйым басшысының атынан беріледі. Жарлық бұйрыққа қарағанда ұйымның барлық функцияларын қамтымайды, ол басшылықтың жəне құрылымдық бөлімшенің нақты функциялары шеңберінде орындау үшін міндетті болып табылады. Жарлықтарды, əдетте, ұйым басшысының орынбасары атынан беріледі. Нұсқаулықтар мен нұсқаулар басқару процесін жедел түрде реттеуге жəне қызметкерлердің шектеулі санына бағытталған. Тəртіптік жауапкершілік пен айыппұлдар. Тəртіп Еңбек кодексіне, басқа заңдарға, ұжымдық шартқа, келісімдерге, еңбек шартына жəне ұйымның жергілікті нормативтік актілеріне сəйкес айқындалған тəртіп ережелеріне бағынатын барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбек тəртібін сақтауға қажетті жағдайларды жасауға міндетті. Мектептің жұмыс тəртібі ішкі еңбек нормаларының ережелерімен анықталады. Тəртіптік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни, жұмыс берушінің өз міндеттеріне жүктелген кінəсінен қызметкер орындамаған немесе тиісінше орындамағаны үшін жұмыс беруші келесі тəртіптік жазаларды қолдануға құқылы: ескерту, сөгіс, тиісті негіздер бойынша жұмыстан босату. Бұл əдістердің негізгі механизмдері: ықпал ету, жауапкершілік, талап қою. Аталған əдістер нақты атқарушылардың, орындау мерзімін көрсетеді жəне орындау талап етіледі. Ұйымдастырушылық- реттеушілік əдістерді қолдану білім беру мекемесі қызметінің жағдайына, басшының кəсіби құзыреттілігіне байланысты.

    Экономикалық əдістер – педагог мамандар мен білім алушылардың еңбектерін бағалауға негізделген, іс əрекет нəтижелерін материалдық ынталандыру тəсілдері, экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, жанама əсер етеді, қажетті бағытта қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру.

    Экономикалық əдіс- ұйымның қызмет етуі мен дамуына жағымды жағдайды құруға мақсатты түрде ықпал ететін құралдар мен тəсілдердің жиынтығы. [5]

    Бұл топқа жататын əдістер: экономикалық есеп, жоспарлау, болжау, экономикалық талдау, экономикалық негіздеме, қаржыландыру, экономикалық ынталандыру:сыйақы, еңбекақы, марапаттау, материалды көмек. Ал міндеттемелерді бұзушыларға айыппұл əдістері (қызмет лауазымын төмендету, жұмыстан босату т.б.) қолданылады. Қорытынды нəтиже үшін марапаттау əдісі топтың мүдделерін ынталандырады, ұжымдастыруды көтермелейді жəне жекелеген құрылымдық бөлімшелердің белгілі бір нəтижелерге қол жеткізу үшін жалақы қорынан төленеді: еңбек өнімділігін арттыру; өнімдердің, жұмыстардың жəне қызметтердің сапасын арттыру; ресурстарды үнемдеу жəне т.б.

    Басқару əдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, қызметкердің лауазымы өсетін болса, соған сай оның еңбекақысы да өседі.Басқарудың барлық əдістері бір-бірінен оқшауланбайды, өйткені олар белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару жүйесіне ықпал ету жолдарын білдіреді. Белгілі мақсаттарды, сондай-ақ басқару функцияларын жүзеге асыру үшін жоғарыда аталған басқару əдістері қолданылады.

    Сұрақтар мен тапсырмалар

    1. Құндылық бағдарды қалыптастыруға негізделген ұстанымдарға талдау жасаңыз

    2. Жеке тұлғаларды еңбекке ынталандыру ұстанымы талаптарына сай басшының іс əрекет жүйесінің болжамдық үлгісін ұсыныңыз.

    3. Барлық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлауды кеңейту ұстанымының жаңартылған білім беру жүйесіндегі орнын тəжірибелік дəлелдермен қарастырыңыз.

    4. Басқару əдістерінің өзара байланысын сипаттаңыз.

    5. Басқару ұстанымдарының өзара байланысының алгоритмін құрыңыз.

    Тапсырма.1 Басқарудағы психологиялық əсер ету əдістерінің

    механизімін толықтырыңыз.

    əдіс

    механизмі

    əдіс

    механизмі

    Сендіру əдісі

    Еліктеу

    Ықпал ету

    Мəжбүрлеу

    Талап қою

    Тыйым салу

    Өтініш

    Бұйрық

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    ann
    05 Желтоқсан 2023
    1108
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    Педагогикалық менеджмент ұстанымдары, басқару əдістері

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    Педагогикалық менеджмент ұстанымдары, басқару əдістері

    Материал туралы қысқаша түсінік
    ….

    Файл форматы:
    docx
    Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
    05.12.2023
    1108
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    ann
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации