Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ
Педагогикалық оқулар
Тақырыбы: "Пәнге деген қызығушылықты арттыра білу – кәсіби бағдар негізі"
Орындаған: Жумагельдина Айгерим Тлеухановна
2024-2025 оқу жылы
"Пәнге деген қызығушылықты арттыра білу – кәсіби бағдар негізі"
Жумагельдина Айгерим Тлеухановна
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ, география пәні
Қазіргі білім беру жүйесіндегі басты мақсат – оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп, олардың қабілеттерін ашу және болашақ мамандық таңдауына бағыт беру. Осы тұрғыда пәнге деген қызығушылықты арттыру – кәсіби бағдар берудің негізгі қадамы болып табылады.
Пәнге деген қызығушылықты қалыптастырудың өзектілігі
Қызығушылық – оқушылардың білімге деген ынтасы мен құлшынысын оятатын күш. Егер оқушы белгілі бір пәнге қызығушылық танытса, ол сол салада тереңірек білім алып, болашақ мамандығын анықтауда өзіндік шешім қабылдай алады.
География сабағында қызығушылықты арттыру жолдары
1. Оқыту әдістерін жаңарту
- Практикалық тапсырмалар: Оқушыларға нақты өмірмен байланысты мысалдар беру. Мысалы, 5-сыныптарда жаратылыстану пәнінен «Жердің құрлысы және оның қабықтары» тақырыбында гидросфера қабатына байланысты суды үнемдеу жолдарын практикалық түрде дәлелдеуге тапсырма бердім. 5-сынып оқушы Ертасова Камиланың практикалық жұмыс жасап келгенін көруге болады. Ол өзінің достарының 1 күнде қанша литр су жұмасайтындарын анықтаған.
К.Ертасованың практикалық жұмысы

-
Интерактивті әдістер: Дебат, топтық жұмыс, ойын элементтерін пайдалану.
Дебат ойынын пайдаланудағы мақсатым – оқушыларды жан - жағына сын көзбен қарап, орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы адамдармен, еркін қарым- қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенді араласуға тарту. Тарих, география апталығында «Ертегілердің тәрбиелік мәні бар ма?» тақырыбында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында 8-9 сыныптар арасында дебат өткіздім.
«Ертегілердің тәрбиелік мәні бар ма?» дебат ойыны

Топтық жұмыс кезінде оқушылар топта жұмыс істеуге, шешім қабылдауға дайын болуға дағдыланады. Топпен жұмыс істеу оқушыларды тиянықтылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін оқушы еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштің бірі. Мысалы оқушылардың топпен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:
Оқулықпен жұмыс істеу - әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді. (көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру
кезеңінде пайдаланған тиімді.)
Атласпен, картамен жұмыс істеу: география пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.
Кескін картамен жұмыс: сабақ барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен- көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.
График, диаграммалар
сызу: Температура графигін
салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша
таралуын сыздырту - оқушыларды төзімділікке, ыждаһаттылыққа
тәрбиелейді. Сондай-ақ статистикалық материалдарды пайдалана
отырып, шеңберлік диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын
дамытуға мүмкіндік болады.
Табиғатқа
бақылау. ( топсеруендегі бақылаулар мен ауа райына күнделікті
бақылау жүргізу).
АКТ жұмыс. Ақпараттық технологияларды сабақ барысында тиімді қолдану география пәні бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асырудың, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың, оқу үдерісін дараландырудың қажетті шарты болып табылады. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар пәннің мазмұнын зерделеу барысында электрондық құралдардың көмегімен оқушылардың танымдық ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының «Зерттеу және зерттеушілер», «Географиялық карталар», «Географиялық деректер базасы, «Дүниежүзі елдері» тарауларының оқу мақсаттары АКТ қолдануды тікелей талап етеді.
Экранды құралдармен
жұмыс. Бейнематериалдар. Географияны оқытуда пәннің ерекшелігіне байланысты
экранды оқу мартериалдарын пайдалану үлкен маңызға ие. Экрандағы
шынайы өндірістік үдерістер мен ақпараттардың бейнесі, сондай – ақ
анимация арқылы табиғаттағы географиялық өзгерістерді көрсету
мүмкіндігі география сабағының тақырыбын ашуға бағалы көмегін
тигізеді. Оқу мақсатына байланысты бейне материалдарды сабақта
немесе сабақтан тыс уақытта көрсетіп, пайдаланамын. Сондай – ақ,
бейнематериалдарды тақырып бойынша соңғы сабақта қорытындылау
құралы ретінде пайдалану тиімді деп санаймын.
Пәннің ерекшелігіне байланысты топтық жұмыс
жасау арқылы білім беру тиімді деп
ойлаймын.
2. Заманауи технологияларды қолдану
Қоғамда цифрландыру процесі қарқынды жүріп жатыр, бұл қазіргі кезде жаһандық трендке айналды. Сондықтан альфа буын интернетті, мобильдік құрылғыларды, цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін жиі пайдаланады. Бүгінде білім алушылардың цифрлық ақпараттық технологияларды білім беру платформаларынан, планшеттерден меңгеріп, жұмыс жасауым заман талабы болып отыр. Жасанды интеллект, STEAM сабақтар, цифрлы қосымшалар (Соның ішінде өзім көп пайдаланытын платформалар Random Group Generator, puzzle maker, flippity, wordwall, googlеclassroom, Piktochart, ЖИ)
Оқу жетістіктері

3. Жобалық жұмыс
- Жобалар арқылы оқушылар өз идеяларын жүзеге асырып, зерттеу және шығармашылық дағдыларын дамыта алады.
- Мысалы, география пәнінде экология және өлкетану бойынша оқушыларым бірнеше жобалар жасады.
Ғылыми жобалар жетістігі

4. Кәсіптік бағыттағы қосымша ақпарат беру
- Мамандықтар туралы таныстыру: Әртүрлі кәсіп өкілдерімен кездесу ұйымдастыру.
- Пән мен болашақ мамандық арасындағы байланысты түсіндіру.
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіптік бағдар беру мақсатында атқарылған жұмыстар:
Кәсіптік бағдар беру бойынша 11 сынып оқушыларының мамандық таңдауға дайындығын анықтау мақсатында сауалнама алынды.
Күні: 16.09.2024
Нәтижесі төмендегідей:

Мамандық бойынша экскурсиялар және кездесулер

5. Құндылықтар мен мотивацияны дамыту
- Пәнді тек оқытумен шектелмей, оның өмірдегі маңыздылығын көрсету.
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары.
Салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында, ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып, сабақ барысында қолданамын.

Мұғалімнің рөлі
Мұғалім – оқушының пәнге деген қызығушылығын оятушы ғана емес, сонымен қатар оны бағыттаушы. Мұғалім:
1. Әр оқушының қабілетін зерттеп, жеке қолдау көрсетуі тиіс.
2. Шығармашылық ізденіс арқылы сабақтарды қызықты және мазмұнды етіп ұйымдастыруы қажет.
3. Оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайту үшін мотивация бере алуы керек.
Қорытынды
Пәнге деген қызығушылықты арттыру – оқушылардың болашақ мамандықты таңдауда сенімді қадам жасауына ықпал етеді. Бұл тек пәнді үйрету ғана емес, оқушылардың өз қабілетін танып, өмірлік мақсаттарын айқындауына бағыт беру. Мұғалімдердің шығармашылық ізденісі мен заманауи тәсілдерді қолдануы арқылы оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру – кәсіби бағдарлаудың басты негізі.
Қолданылған әдебиеттер
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық: Екінші(негізгі) деңгей /Бакиров К.А., Намысова Г.А., Аушева И.У., Шаримова А.Г., Ғабдоллақызы Б., Байкенова Б.А-3-басылым. -Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.-292 б. • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 83-85.
-
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ. 2003
-
Өстеміров К. Айтбаева Қазіргі білім бері техникалары.-Алматы:АГТУ,2006
-
Смайылова М. Практикалық жүмыстарды жоспарлау туралы. /Қазақстан мектебі, №10
-
Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж. Нүржанова. -Алматы, 1991
-
Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. География мектепте. №3 2001
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Педагогикалық оқулар. Тақырыбы: "Пәнге деген қызығушылықты арттыра білу – кәсіби бағдар негізі"

шағым қалдыра аласыз