Педагогикалық шеберлік
тәрбие мен оқыту
өнері қашанда
ортақ
Түркістан жоғары көпсалалы,
аграрлық колледжінің әдіскері
Оспанова Назира
Ахылбекқызы
«Ең әуелі мектепке
керегі-білімді, әдістемеден
хабары мол,ізгілікті оқыта
білетін мұғалім»
(А.
Байтұрсынов)
Бүгінгі заман талабына сай
терең білім мен ой-өрісі жетілген, қоғам дамуына бірден-бір үлесін
қосатын жеке тұлғаны
қалыптастыру уақыт талабы. Технологиясы да
өте жылдам, ақпараттық құралдар да жаңарып, озық техникаға тәуелді
болып тұрған заманда терең білім мен ұшқыр ой қажет. Алайда, білім
мен ұшқыр ой адамда өзінен-өзі пайда болмайды, оқу, білім алу,
іздену арқылы және білімді де, білікті ұстазға шәкірт болудың
арқасында ойымыз жетіліп, қабілетіміз артады. Білім мен тәрбие-егіз
ұғым, осы екі ұғым қадам басып келе жатқан жас кәсіби маман бойынан
табылу арқылы өмірге деген көзқарасы қалыптасқан тұлғаға айналуы
мүмкін. Менің пайымымша, шебер педагог оқушыларды жеке тұлға етіп
қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені
ұштастырады.
«Мұғалімдер-қоғамның ең
білімді, ең отаншыл, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады»,-деп Н.Ә.
Назарбаев бекер айтпаса керек. Ендеше, осы айтылған сөз өз
бойымыздағы қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіре білуіміз қажет.
Әрине, ол педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Оқушыларды жеке
тұлға етіп қалыптастыру үшін тек қана білім беру, әрине,
жеткіліксіз деп айтар едім. Сондықтан білім мен тәрбиені қатар
ұштастыру керек деп ойлаймын. Әл-Фараби атамыз айтқандай:
«Тәрбиесіз берілген білім, апат әкеледі»,- демекші, алдымен,
бойымызға ұлттық құндылықтарымызды, адамгершілік, секілді тәрбиені
сіңіру арқылы ары қарай тәрбиені білімге ұштастырамыз. Жас ұрпақ
бойына тәрбие мен оқыту өнерін дамыту үшін, біріншіден, әр оқушының
дарындылығын анықтау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау,
екіншіден, бір-бірімен тізбектелген колледж, жанұя, мұғалімнің
рөлін айқындау. Әр оқушы -дарынды. Осы дарындылықты аша білетін де,
кейде оны тани алмай бұзықтыққа балап, баланың ашылуына кедергі
жасап қалатын кезімізде болып жатады. Сондықтан осы екі
айырмашылықты толық ажырата білу-педагог шеберлігі деп айтар едім.
Баланың дарынын аша білу-тек қана білім бере білумен шектелмейді.
Әуелі, баланың өмірге икемделуіне жағдай жасап, ойлау қабілетін, өз
еркімен жұмыс жасай білуге жұмылдыру. Бір ғана сызықтың бойымен
жүргізбей, жағдаяттан шығудың жан-жақты тәсілдерін өзіне ойлатып,
әрекет жасата білсек, онда баланы оқытып қана емес, сонымен бірге
тылсым сыры көп өмірге қадам басқанда адаспайтын даңғыл жол табуға
көмектесеміз деп ойлаймын. Өте тез дамып жатқан заманда тек
оқулықпен шектелу баланы жалықтырып, әрі оның дамуына шектеу қойып
аламыз. Сондықтан әр сабағымызды түрлендіріп өтуге, ақпараттық
технологияны пайдаланып, жаңартылған бағдарламаның негізінде
оқушының ой-өрісін, сөйлеу қабілетін жетілдіруге көп күш салыну
арқылы, тілдік дағдылар (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым)
дамиды.
Колледжімізде 10130300 -
«Тамақтандыруды ұйымдастыру», . 10130200 - «Тамақтану саласында
қызмет көрсетуді ұйымдастыру», 07210300- « Нан пісіру, макарон және
кондитер өндірісі» мамандықтары оқытылады. Кәсіби тамақ саласының
мамандарын даярлау өте күрделі жауапты іс. Кәсіби салада маман
даярлау үшін мұғалім теория мен практиканы қоса дамыта отырып,
шәкірт қабілетін дамытуға үлкен назар аударуы керек. Бұл салада
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің білікті ұстаздарын
өз ісінің нағыз мамандары деп айта аламын Мен өз тәжірбиемнен
байқағаным, білім алып жатқан шәкірттеріміздің теориялық біліммен
қатар тәжірибелік сабақтарға қызығатындығы және тез меңгеруге
бейімділігі қуантады. Бұл дегеніміз мұғалім еңбегінің жетістігі деп
білуіміз керек. Бұл барлық педагогта кездесетін жайт. Білімді
шәкіртті шығару үшін педагогтың педагогикалық шеберлігі және тәсілі
керек деп ойлаймын. Оқушыны көтермелеп, жүрегіне сенім отын ұялату,
әр сабағын түрлендіріп өту, оқушының деңгейіне орай тапсырмалар
беру арқылы «боламын деген баланың бетін қақпай, белін бууға»
әрекет жасап, болашақта жеке тұлға болуына әсер етеді деп
ойлаймын.
Ал, енді бір-бірімен
тізбектеле байланысқан колледж, жанұя, мұғалімнің бала болашағына
әсері қандай болмақ керек? Ата-ана, колледж, ұстаз бір - бірімен
тығыз байланыста болу арқылы баланың тәрбиесіне, бос уақытта немен
айналысуын қадағалау баланың дұрыс қалыптасуына бірден-бір себеп
болады. Балаға сенім білдіру арқылы бала жүрегінде өзіне деген
сенімділік пайда болып, болашаққа жоспар құрып, «армансыз адам
қанатсыз құспен тең» дегендей арманын қиялдау арқылы соған жетуге
талпынады. Бүгінгі таңда ұялы телефонға деген тәуелділік белең алып
бара жатқан заманда баланың немен шұғылданып, бос уақытын қалай
өткізетіні туралы ұстаз бен ата-ана тығыз байланыста болу арқылы
бала келешегіне даңғыл жол салуға себепкер болады. Ол үшін ұстаз
өзінің шеберлігі арқасында баланың жүрегінен орын алып, ата-ана
сеніміне білім, тәрбие, адамгершілік, ибалық секілді асыл
қасиеттерімізбен енуіміз керек.
Қорыта айтқанда, педагогтің
шеберлігі халықтың балаларын өз баласындай көріп ұлтжандылық,
адамгершілік деген қасиеттерін бала бойына сіңіріп, сауатты, көзі
ашық, қарымды азамат тәрбиелеу. «Шәкіртсіз-ұстаз тұл» демекші қазақ
елінің жалауын көкке желбіретер шәкірттерімізбен мақтана
жүрейік!