Педагогикалық тәжірибе. "Оқытудың әдістемелік тәсілдері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық тәжірибе. "Оқытудың әдістемелік тәсілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы




Оқытудың ұсынылатын әдістемелік тәсілдері

Мұнда осы оқу құралында берілген сабақтарды жүргізу үшін пайдалануға ұсынылған әдістемелік тәсілдер қарастырылады. Олар қарапайым және тәжірибе алу барысында жеңілдей түседі. Егер сіз мұндай әдістердің өз сыныбыңызға кері әсер етеді деп күдіктенсеңіз, онда қарапайым әдістен бастаңыз. Сіз “мұғалім” ретінде билігіңіздің шектеліп, босаңсуы өз оқушыларыңыздың белсенділігін көтеріп, олардың еркін ойлануына көмектесетіндігін байқайсыз.

Әрбір әдістемелік тәсіл бойынша “Бұл қандай тәсіл және ол не үшін қажет?” деген сұраққа қысқаша жауап беріліп, артынша “әдісті қалай пайдалану” туралы түсінік жасалады.

Рөлдік ойын

Бұл қандай тәсіл және ол не үшін қажет?

Рөлдік ойын - бүл оқушылар өздері қоятын шағын қойылым. Негізінде, ойдан құрастырылады. Оның мақсаты - оқушыларға таныс жағдайлар немесе оқиғаларды жандандыру. Рөлдік ойындар жағдайды жақсы түсінуге және оған тап болған адамдарға жанашырлықпен қарауға шақырады. Мысалы, оқушының тоналғандығы туралы рөлдік ойында жәбірленушінің рөлін ойнай отырып, қылмыс құрбаны болған адамның жан-дүниесін түсінуге болады.

Әдіс қалай пайдаланылады?

  • Оқушылармен:

  • Рөлдік ойында бейнеленетін мәселені анықтаңыз. Мысалы, мүлікті иелену құқығы (АҚЖД 17-бап, 159-бетті қараңыз).

  • Жағдайды, мәселені және қатысатын адамдарды анықтаңыз. Мысалы, егер сыныпта мүлікті иелену құқығы талқыланса, оқушылар белгілі бір этникалық топқа жатқандығына немесе тиісті заңның жоқтығына байланысты өз пәтерінен айырылған жағдайды ойластыруы мүмкін.

Оқушылармен бірге қанша адам қатысатынын, қанша адам бақылаушы болатынын, рөлдік ойынды шағын топтарда немесе бүкіл сыныпта қалайша қою керектігін ойластырыңыз. Ұялшақ оқушыларды да тартуға көңіл бөліңіз.

Сондай-ақ рөлдік ойынның қандай нысанда керсетілетіндігін шешіңіз. Мысалы, ол мынадай нысанда көрсетілуі мүмкін:

  • сөйлеуші жағдайды баяндаушы әңгіме ретінде, ал қалған оқушылар “өз” кейіпкерлері атынан бұдан әрі не болғанын баяндайды;

  • қатысушы адамдар іс-әрекет барысында сұхбат құрастыра отырып, сахналық көрініс ретінде;

  • оқушылар куәгер ретінде сот залында айғақ беру көрінісі;

  • Оқушыларға жағдай мен өз рөлін ойлау үшін бір-екі минут беріңіз. Егер жиһазды қозғалту керек болса, оны бірден жасаңыз.

  • Оқушылар рөлдік ойынды керсетеді.

  • Рөлдік ойын кезінде іс-әрекетті тоқтатып, қатысушылар мен бақылаушылардан не болып жатқанын сұрайтын қандай да бір қысылтаяң сәт те пайда болуы мүмкін. Мысалы, азаптау туралы рөлдік ойында оқушылардан олардың мәселені шешу үшін қандай да бір бейбіт жолды ұсына алатындығын сұрап, бұдан кейін қатысушылардан осы ықтимал көріністерді ойнап беруін өтініңіз.

  • Рөлдік ойын аяқталғаннан кейін оқушылардың ойынның жай ғана жаттығу емес, танымдықтәжірибе екендігі туралы ойлауы өте маңызды. Рөлдік ойынды жоспарлаған кезде мақсат пен сабақтың танымдық құндылығын түсіндіру үшін міндетті түрде уақыт қалдырыңыз. Мысалы, егер рөлдік ойын куәгерлер қатысатын “сот залы” болса, сабақтың танымдық құндылығын арттыру үшін оқушылардың үкім шығаруларын сұрап, одан соң үкімді қалай шығарғандарын талқылау қажет.

  • Егер рөлдік ойын сәтсіз шықса, оқушылардан оны қалай түзеуге болатындығын сұраңыз. Егер ол жақсы етсе, оның тақырыбын түсіндіре отырып, бүкіл мектепке керсетуге болады.

Есіңізде ұстаңыз:

  • Рөлдік ойындар нақты өмірден алынатындықтан олар қарапайым жауабы жоқ мәселелерді көтеруі мүмкін. Мысалы, көріністегі кейіпкердің жүріс-тұрысының дұрыс немесе бұрыс екендігі туралы. Әрбір сұраққа тек бір ғана жауап бар деген тұжырымда болмаңыз. Мүғалімнің де, оқушылардың да табиғи, қалыпты жағдайлар туралы әртүрлі көзқарас білдіруі аса маңызды. Мұғалім даулы мәселелерге байланысты басқалардың өз пікірін ғана қолдауларын немесе қандай да бір жолмен бірдей көзқараста болуларына итермелемеуі керек. Сонымен қатар, сіз бір бағыттағы тұжырымдарды қорытындылап, келіспеушілік туғызғандарын ашық қалдыруларыңызға болады.

  • Рөлдік ойынды пайдалану сезімталдықты қажет етеді. Мұғалім әрбір оқушының сезімімен санасуға және сыныптың әлеуметтік құрылымын назарға алуы тиіс. Мысалы, егер сыныпта этникалық азшылық топ өкілдері болса, онда осы тақырыптағы рөлдік ойын оқушылардың өзін шет қақпай қалғандығын сезінбеуі үшін мұқият қарауды қажет етеді.


Жұптар мен топтар

Бұл қандай тәсіл және ол не үшін қажет?

Сыныпты жұптар мен топтарға бөлу оқушылардың белсенділігін арттыру мен қарым-қатынас жасауларына үлкен мүмкіндік береді.

Жұптар мен топтарға бөлуді әртүрлі идеяларды жылдам айту қажеттігі немесе сыныптың өзінің жеке тәжірибесі тұрғысынан қандай да бір абстрактілі идея туралы ойлануы үшін пайдалануға болады. Мысалы, егер сіз өмір сүру құқығын талқылайтын болсаңыз, онда бұл мәселені бүкіл сынып болып талқылардан бұрын сіз жұптар мен топтарға: “жағдайдың қандай болғандығына қарамастан біреудің өмірін қию дұрыс па?” деген мәселені шешуі үшін бес минут уақыт беруіңізге болады.

Тәсіл қалай пайдаланылады?

Топтарға бөлу кезінде өзіңізден “Менің оқушыларды қабілеттері бойынша бөлгім келе ме?”, “Менің балалар мен қыздарды біріктіргім келе ме?”, “Мен достардың бірге жұмыс істеуін қалаймын ба?” деп сұраңыз. Кейде топтар аяқ асты іріктелуі мүмкін. Мысалы, туған күн немесе ай атының бірінші әрпі немесе қандай да бір басқа өлшем бойынша.

  • Егер үстел мен орындық еденге бекітілген болса, оқушылар арттарында отырғандарға бетпе-бет қарап, топ құра алады.

  • Егер тапсырманы орындау үшін топқа көп уақыт жұмсауға тура келсе, онда төраға мен хаттама жүргізушіні қосу қажеттігі туындайды, онда топ бұл міндеттерді кімдердің атқаратындығын шешуге тиіс.

Сыныпты жұмысқа даярлаңыз. Тапсырманы нақты түсіндіріңіз. Оқушыларды бір-бірін көретіндей етіп отырғызыңыз. Оларға тапсырма орындау үшін қаншама уақыт барын айтыңыз.

Топтар мен жұптар жұмыс істеп жатқан уақытта:

-Шетке таман тұрыңыз, бірақ көмекке келуге дайын болыңыз.

  • Топ не істеу керектігін дұрыс түсінбеген өзге жағдайда топ жұмысын үзбеңіз.

-Топтарға бірдей назар аударыңыз.

  • Топтар мен жұптарға еркін талқылау мүмкіндігін беріңіз, тек топтың сұрауы бойынша араласыңыз.

  • Қосылу” үшін топтарды ынталандыру қажет.

-Топ сіз жақындаған кезде өз жұмысын тез тоқтатады.

  • Есеп: Топтың өз жұмысы туралы бүкіл сынып алдында есеп беру қажеттігі туындауы мүмкін. Бұл қабылданған шешім, пікір-сайыс қорытындысын шығару туралы есеп немесе жұмыстың қалай істелгендігі туралы ақпарат болуы мүмкін. Мүндай есеп мұғалім мен сыныпқа топ жұмысы техникасын жақсарту үшін аса пайдалы болмақ. Егер топ есеп беруге тиіс болса, олар бұл туралы алдын ала білуге тиіс, өйткені оларға есепті кімнің тапсыратындығын анықтау қажет.

  • Бағалау: Оқушылардан сабақтың пайдасы бар-жоғын және нені білгендігін сұраңыз. Егер жауап жағымсыз болса, олардан сабақты өздері қалай ұйымдастыратындығын біліңіз. Олардың идеясын пайдаланыңыз.

Ой шабуылы”

Бул қандай тәсіл және не үшін қажет?

Ой шабуылы” - бұл оқушылардың белсенділігін арттыру және идеяларды тез қабылдау әдісі. Бұл әдіс нақты мәселені шешу немесе сұраққа жауап іздеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, сынып “ой шабуылы” әдісімен азаматтық алу құқығы мәселесін оқып-үйрене бастауы мүмкін. “Үкімет қандай да бір адамды азаматтығынан айыру үшін қандай желеу пайдаланады деп ойлайсыз?”. Осы әдісті пайдалану жөніндегі кейбір ұсыныстар:

  • Мәселені шешу жолын іздеу кезінде оқушылар арасындағы туындаған қақтығысқа байланысты “кикілжіңнен” кейін, “ой шабуылын” жүргізіп, қақтығысты бейбіт жолмен шешудің барлық ықтимал нұсқасын беру.

  • Жаңа тақырыпты енгізу кезінде оқушылардың бұл тақырыпқа байланысты білетін барлық ақпарат бойынша “ой шабуылын” туғызыңыз. Бұл оларда қызығушылық тудырудың, сондай-ақ олардың нені білетіндігін анықтаудың жақсы әдісі.

Жедел шығармашылық жаттығу ретінде. Мысалы, аяқталмаған әңгіме үшін аяқтаудың ықтимал нұсқалары бойынша “ой шабуылын” жүргізіңіз.

Тәсіл қалай пайдаланылады?

  • Қандай мәселе бойынша “ой шабуылын” жүргізгіңіз келетіндігін шешіңіз. Оны көптеген әртүрлі жауаптар беруге болатын сұрақ түрінде тұжырымдаңыз. Сұрақты барша жұртқа көрінетіндей етіп жазыңыз. Мысалы, “біз өз сыныбымызға қандай жақсы өзгеріс жасай аламыз?”.

  • Оқушылардан өз пікірлерін білдіруді сұраңыз. Оны басқаларға көрінетіндей етіп жазыңыз. Бұл жеке сөз немесе қысқа түсінік болуы мүмкін.

  • Оқушыларға “ой шабуылы” кезінде олардың “шабуыл” аяқталмайынша бір-бірінің пікіріне түсінік беруге немесе айтылған пікірді қайталауға болмайтынын түсіндіріңіз.

  • Барлық оқушылардың белсенділігін көтермелеңіз, алайда сыныпты шеңбер етіп отырғызбаңыз және оларды өз пікірін білдіруге мәжбүрлемеңіз

  • бүл олардың белсенділігін тежейді.

  • Өзіңіз жазып жатқан кезде пікірге баға бермеңіз. Егер мүмкін болса, оны оқушылардың бірінен жазып алуын өтініңіз. Өзіңіздің жеке пікіріңізді тек сынып белсенділігін көтеру қажеттігі жағдайында ғана ұсыныңыз.

  • Егер қандай да бір ұсыныс түсініксіз болса, оны айтқан оқушыдан мұны түсіндіруді немесе өз түсініктемеңізді ұсыныңыз және онымен оқушылардың келісетіндігін тексеріңіз.

  • Әрбір жаңа сөйлемді жазыңыз. Тосын, кездейсоқ және шытырман сөйлемдер пайдалы және ең қызықты болмақ.

  • Пікірлер саябырсыған кезде “ой шабуылын” тоқтатыңыз. Бүдан кейін сіз барлық сөйлемдерді қарап шығып, оқушылардан оларға түсінік беруін сұраңыз.

Сыныптағы жалпы пікірталас

(Фелиза Тиббиттстің “Пікір-сайыс жүргізу тәртібін әзірлеу” (“ЕзіаЫізһіпд Ниіез Іог Әізсиззіоп") очеркі бойынша)

Бұл қандай тәсіл және не үшін қажет?

Пікірталас мұғалім мен оқушы үшін оңтайлы тәсіл болып табылады, ол адам құқығына қатысты мәселелерге олардың қаншалықты қатысты екендігін білуіне мүмкіндік береді. Бұл адам құқығын оқыту кезінде аса маңызды фактілерді білумен қатар, оқушылар осы сұрақтарды өздері зерттеп, талдай алуға тиіс. Пікір-сайыс, сондай-ақ тыңдай білу, кезек бойынша сөйлеу, сонымен қатар басқа адамдардың құқығына құрметпен қарау сияқты маңызды өзге де дағдыларды қалыптастырады.

Пікірталастың ашық болуы үшін сыныпта өзара сенім мен сыйластық болуы қажет. Ұтымды ахуал жолдарының бірі - бұл оқушылардан “пікірталасты жүргізу тәртібін” әзірлеуді сұрау. Мүны қалыптаса бастаған оқу жылының басында істеген жөн немесе оларды кез-келген басқа уақытта даярлауға болады.

Тәсіл қалай пайдаланылады?

  • Оқушылардан өз сыныптарының еркін сезінетін және өз сезімдерін білдіре алатын және бір-бірімен пікірлесуі арқылы білім алатын орынға айналуын қалайтын-қаламайтыны туралы сұраңыз (бұл тақырып сыныптағы қиын пікір- сайыстан кейін туындауы мүмкін).

Сыныпқа тыңдау және сөйлеу әдебі тәртіптерінің ортақ түсінігіне қол жеткізуге болатындығын түсіндіріңіз.

  • Оқушылардан олардың пікірінше, барлығы да сақтауға тиіс сынып пікір- сайысын жүргізудің бірнеше қағидасын ұсынуын өтініңіз. Осы ұсыныстардың барлығын барша жұртқа көрінетіндей етіп жазыңыз. (“Ой шабуылын” жүргізу жөніндегі ұсыныс берілген 27-бетті қараңыз).

  • Осы мәселе бойынша “ой шабуылын” жүргізгеннен кейін біріктіруге болатын ұсыныстардың бар-жоғын қараңыз және сыныптан оны талқылауды немесе түсіндіруді өтініңіз. Егер төменде келтірілген қағидаларды сынып ұсынбаған болса, онда олардың кейбірін өзіңіз ұсынуыңызға болады:

  • сөйлеп тұрған адамды тыңдаңыз

  • бір уақытта бірнеше адам жарысып сөйлеуге болмайды

  • егер сөйлеу ниетіңіз болса қолыңызды көтеріңіз

  • сөйлеп тұрған адамды бөлмеңіз

  • сұхбаттасушы адаммен келіспеген жағдайда, айтушыны емес, пікірді сынаңыз

  • адам сөйлеп тұрған кезде күлмеңіз (егер әңгіме айтушы қалжыңдамаса!)

  • барлығын пікірталасқа қатысуға ынталандырыңыз.

  • Сыныппен тұжырымдаған тәртіпті сақтау керектігі туралы келісіңіз. Сонда оқушылар осы тәртіптердің өздеріне және сыныптастарына қатысты сақталуына жауап беретін болады. Осы тәртіптер өрескел бұзылған жағдайда,оқушылармен талқылау жүргізіп, осындай тәртіп бұзушылықтың қандай салдарға соқтыратынына көз жеткізіңіздер.

Тәртіптерді үлкен қағаз парағына жазып, оны сыныпқа іліңіз және оған сілтеме жасау үшін немесе оған өзгеріс пен толықтыру енгізу үшін жыл аяғына дейін сақтаңыз. (Сынып тәртіптерін әзірлеудің осындай процесі келтірілген 104-бетті қараңыз).

Сұрақтар

Бұл қандай тәсіл және ол не үшін қажет?

Әрине, мұғалімдер сауалды күн сайын қояды, алайда бұл қандай мәндегі сауалдар? Олар көбінесе сыныпқа бақылауды қалпына келтіру мақсатында немесе тіпті оқушыларды күлдіру үшін қолданылатын “Мен не айттым?” үлгісіндегі сұрақтар болып келеді. Басқа да жиі қолданылатын түрі - “жабық” сұрақтар. Бұл сұрақ түріне тек дұрыс бір-ақ жауап бар және олар білімді тексеру үшін қолданылады. Осы құрал адам құқығын оқу жөніндегі көптеген сабақтарды сыныптарда жалпы пікір-сайыс өткізу жолымен құруды ұсынады. Осы пікір-сайыс кезінде сіздер қойған сұрақтар сыныптың белсенділігін көтеру және тіпті қаралатын мәселелерді жасы кіші оқушылармен де талдау үшін маңызды рөл атқарады.

Өздеріңіз пайдалана алатын “ашық” сұрақтардың бірнеше мысалын келтірейік. Тәжірибе жинақтау шегінде сіздерге оңай бола түседі. Ең бастысы, бұл жерде “Осы пікірталастан мен не аламын?”. “Иә” немесе “Жоқ” деген жауап па не болмаса ашық түрде қызу талқылау ма дегенді есте ұстау керек?”.

Ой салатын сұрақтар: “Егер... сіз не істер едіңіз /не ойлайсыз?”. Олар оқушыларға қандай да бір жағдайды елестетуге көмектеседі, ойлау қабілетін қал ы птасты ра д ы.

Ойлауға жетелейтін сұрақтар: “Біз осы мәселені шешуге қалай көмектесе аламыз?”.

  • Ынталандырушы / қолдаушы сұрақтар: “Бұл қызық екен, ал одан әрі не болды?”. Олар оқушыларға жеке тәжірибесімен және көзқарастарымен бөлісуге мүмкіндік береді.

  • Пікірді анықтайтын сұрақтар: “... жөнінде сіз не ойлайсыз немесе сезінесіз?”. Мұндай сұрақтар оқушыларға олардың пікірінің сізге маңызды және қызық екендігін байқатады.

Тұспалдау сұрақтары: “Сіз неге бұлай ойлайсыз?”. Шамшылдау қойылған бұл сұрақ оқушыларға өз пікірі туралы терең ойлануға және түсіндіруге / талдауға көмектеседі.

Түсіндіруші / қорытындылаушы сұрақтар: “Егер сіздің... туралы не ойлайтыныңызды айтатын болсам, менікі дұрыс болып шыға ма?”. Оқушы айтқанды қорытындылау және сіздің оны дұрыс-қате түсінгендігіңізді тексеру оқушыларды айтылғандармен келісу-келіспеу тұрғысынан ойлануына мәжбүр етеді.

  • Келісімнің бар-жоғын анықтайтын сұрақтар: “Көпшіліктеріңіз оның... екендігіне байланысты келісесіздер ме?”. Мұндай сұрақтар пікірталасқа итермелеу үшін қойылады. Немесе келесі тақырыпқа көшуге рұқсат алу үшін пікір-сайыстың аяғындағы “Біз бұл бөлімді аяқтадық па?” үлгісіндегі сұрақтар.

Ең соңында еліктіргіш сұрақтардан немесе “X. дүрыс айтты, солай емес пе?” сияқты ілдіргі сұрақтардан айналып өтудің маңызды екендігін есте ұстауға тырысыңыз. Бұл сұрақтар оқушылардың белсенділігін тежейді, сондай-ақ көп сұрақты бірден қоюға тырыспау қажет және түсінілуі әртүрлі сұрақтардан айналып өткен жөн.

Сонымен қатар бас изеудің, жымиюдың немесе тіпті оқушылармен қатар отырудың өзі-ақ олардың белсенділігін көтеретіндігін ұмытпаңыз!

Жобалар

(Хью Старкидің кеңестері бойынша)

Бұл қандай әдіс және не үшін керек?

Жобалар - оқушылардың ұзақ уақыт бойғы жүмысының нәтижесінде ұсынатын жұмыстарға қатысты түрлі тақырыптар бойынша өз бетінше жүргізетін зерттеуі. Жобалар адам құқықтарын оқытуда пайдалы. Өйткені:

  • Оқушыларға кейбір пәндер, олардың мектептегі сабақтары мен сыртқы әлем арасындағы байланысты байқауға көмектеседі.

  • Оқушыларды қандай да бір жұмысты атқаруда өзін-өзі жұмылдыруға, кестеге сәйкес өз уақытын және ісін жоспарлауға көмектеседі.

  • Мұғалімнің жетекшілігімен оқу барысын басқаруға септігін тигізеді.

  • Оқушылардың өзара және мектептен тыс түрлі адамдарман өзара ықпалдастық жасауына мүмкіндік туғызады.

  • Оқушылардың адам құқықтарын насихаттауда маңызды дағды болып табылатын өз зерттеулерінің қорытындылары мен пікірін жұрт алдында ұсынуға және оларды қорғауға үйретеді.

Әдіс қалай қолданылады?

Жобалар белгілі сатыларға бөлінеді. Мұндағы басты нәрсе - оқушылардың оқуына өздерінің жауап беруі.

Тақырып немесе мәселе. Бұлар мұғалім тарапынан анықталып, сынып қалауына немесе тікелей сынып тарапынан, мәселен, “ой шабуылы” жолымен таңдалуы мүмкін, - (27-бетті қараңыз). Егер сұрақ пен мәселе оқушыларды тікелей қызықтырса, жақсы. Мәселен:-Сіздің қалаңызда шетелдік босқындарға жақсы қарайды ма?” немесе “Сіздің мектептегі балалардың ата-аналарын есірткіге байланысты не нәрсе қатты алаңдатады?” Сауал оқушылар тақырыптан жаңылмас үшін нақты болуы тиіс.

Өз тарапыңыздан оқушылардың жұмысқа пайдаланулары үшін жобаға қатысты өзіңіз қалайтын ерекше әдісті немесе техникалық құрал- жабдықтарды ұсына аласыз. Мәселен: магнитофон.


Жоспарлау. Мұғалімдер мен оқушылар жобаға қатысты жұмыстың қашан басталатынын, қанша уақытқа созылатынын, не нәрсе пайдаланылатынын, оларды қайдан табуға болатынын, оқушылар жеке немесе топ болып жұмыс істей ме, жалғыз немесе әртүрлі тақырып бойынша ма, деген мәселелерді шешулері тиіс.

Зерттеу жүргізуде тәжірибесі жоқ оқушылардың топпен жұмыс істегені жөн. Бұл сатыда жобаның қалай аяқталатынын талқылау маңызды (төменде берілген).

Материал жинау/әдістер. Жоба бойынша жұмыс түрлі дағдыларды бойға тезірек сіңіреді. Мәселен, аудандық медициналық қызметке байланысты жоба сапар, сұхбат, әдебиеттерді оқу, суретке түсіру, статистикалық мәліметтерді жинау және деректерді сараптауды қамтиды. Шығармашылық жобаны орындауда бейнекамерамен жұмыс істеу секілді техникалық, жалаулар мен ұрандарды дайындауда көркемдік бейнелеу дағдылары қажет болуы мүмкін. Ең дұрысы - оқушылардан олардың шығармашылық, әлеуметтік және зерттеу қабілеттерін талап ететін жобалар. Бұл сатыда мұғалімдер сауалдарға жауап қайтарып, кеңестер беруі мүмкін. Бірақ оқушылар жұмысының орындалуына өздері жауап берулері керек.

Зерттеу нәтижелері. Бұл есеп, фильм, керме, үнтаспа, лекция, қылқалам туындысы, жыр түрінде болуы мүмкін. Жұмыс тек оқушылардың зерттеулерінің қорытындысын ғана емес, олардың түрлі сатыдағы жұмыстарының барысын көрсеткені жақсы. Айталық, оқушылар зерттеген тақырыбына орай қандай сезімге бөленеді. Мәселен, оқушылар өз қаласындағы ішімдіктің зиянына қарсы плакат арқылы күрес жүргізгенде жұмыс кезіндегі өз фотосуреттерін ұсынып, өз плакаттарындағы кескіндерді қалай таңдағандары туралы жазуларына болады.

Жұмыс сыныпқа немесе одан да ауқымды аудиторияға ұсынылуы мүмкін. Мәселен, ауданыңыздағы кедейшілікке қатысты жоба жергілікті газетті қызықтыруы немесе ондағы үкімет орындары қоршаған ортаға келген зиян туралы зерттеген жұмыс қорытындысымен танысқысы келуі мүмкін.

Баға. Жобалар кебіне көптеген салаларды қамтитындықтан жұмыстарды бірнеше мұғалімнің бағалауына тура келеді. Онда жобада қолданылған түрлі әдіс-дағдылар ескеріліп, тек академиялық талаптармен бағаланбауы тиіс.

Ортақ талқы”

Бұл қандай әдіс және не үшін керек?

Ортақ талқы” сабақ ырғағын ауыстырғанда ыңғайлы болуы мүмкін. Мәселен, мүғалімнің ұзақ сөзінен кейін. Бұл оқушыларға топтарда екі-үш адам боп сөйлесулеріне мүмкіндік береді,

Әдіс қалай пайдаланылады?

Оқушыларға сол сәтте айтылған немесе көрсетілген нәрсеге орай өз пікірін білдірулеріне бес минут уақыты бар екенін айтыңыз. Олар нені сезінді немесе не жайында түсінбегендіктері туралы бір-біріне сауал қоюы мүмкін. Осыдан соң топтар мен жұптарды өз ойларын сыныппен бөлісулерін сұрауға немесе сауалдар қоюға болады.


«Сурет салу»

Бұл қандай әдіс және не үшін керек?

Сурет салу байқампаздық, ортақ жұмыс дағдылары, аңғарымпаздық, картинадағы адамдардың жан толғанысын бөлісу немесе сыныптастарын жақынырақ білу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бейнелеу адам құқықтарын үйретуде де пайдалы. Өйткені, оқушылардың еңбектері мектепте қойылып, адам құқықтары ұғымдарымен өзге оқушылар да таныса алады. Төменде суреттерді пайдалануға байланысты бірқатар тұжырымдар берілген.

Әдісті қалай пайдалануға болады?

  • Түрлі тақырыптағы сурет, фотосурет, картиналарды газет - журналдан, кітаптардан... жинаңыз.

  • Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Әрқайсысына сурет салуға қажетті құралдар беріңіз. Оқушыларға картиналарды бір-біріне көрсетпеулерін тапсырыңыз.

  • Оқушылардың бірі серігіне өз суретін баяндайды, екіншісі соған қарап суретін салады. 10 минуттан соң оқушылар жұп күйінде рөлдерімен алмасады. Уақыт шектеулі, сол себепті суреттер барынша қарапайым болады. Сурет емес, суреттеу маңызды.

  • Оқушылар одан соң кезектесе өз суреттерін түпнұсқамен салыстырады. Олардан қалыс қалған мәнді ештеме жоқ па деп сұраңыз. Не? Неліктен?

Немесе:

Егер сізде жаңа сынып болса, әр оқушыдан өз көршісінің суретін салуын етініңіз. Мәселен:

  • Қандай заттарды ұнатасың?

  • Қай жаққа барғың келеді?

  • Не туралы армандайсың?

Әрбір оқушыдан көршісінің портретінің жиегінде осы сауалдарға жауаптар нені аңғартатынын салуларын тапсырыңыз. (Бұл тапсырманың қарапайым әдісі ретінде оқушыдан сурет орнына өз көршісінің есімін жазуын өтініңіз. Тапсырманың қалған бөлігі езгермейді).

«Суреттер мен фотосуреттер»

Бұл қандай әдіс және не үшін керек?

Сурет немесе фотосуретке қарағанда, бәрі бірдей көретін секілді. Шындығында оларды біз әртүрлі қабылдаймыз. Сондықтан сурет немесе фотосуреттер арқылы оқушыларға көргеніміздің бәрін бірдей қабылдамайтынымызды тамаша дәлелдей аламыз.

Әдіс қалай пайдаланылады?

  • Жұптарға суреттерді таратыңыз. Оларға суретке байланысты туындаған барлық сауалдарды жазып алулары үшін бес минут уақыт беріңіз. Төрт аса маңызды сауалды таңдасын. Сурет оқушылардың сізбен немесе өзге мұғаліммен зерттеп жүрген тақырыбымен байланысты болуы мүмкін.

  • Енді әрбір жұп өз суреттерін және аса маңызды 4 сауалды көрсетсін. Бұл сауалдарға жауап дайындаулары үшін 10 минут бөліңіз. Олар екі тізім әзірлесін:

  1. жауабын таба алмайтын сауалдар

  2. жауап ұсына алатын сауалдар

  • Сауалдарға келсек, көрші партада отыратын оқушылар оларға жауап таба алса, олардың НЕЛІКТЕН осы жауапты таңдағандарын жазғандары жөн. Мәселен, суреттегі бөбек терістік елден деп ойласа, бұлай деулеріне не түрткі болды?

  • Барлық сурет, сұрақ және жауаптарды қабырғаға іліңіз. Оқушылар басқалардың сурет, сұрақ және жауаптарына қарап, қажет жағдайда пікір айтсын. Мұғалімдер, ата-аналар немесе өзге оқушылар суретке байланысты өз ойлары мен пікірлерін айта алулары үшін бос орын қалдырыңыз.

(77 және 99-беттердегі фотосуреттер пайдаланылатын өзге сабақтарға көңіл аударыңыз).


«Әжуа сурет (Карикатура| және күлдіргі сурет»Комикс)

Бұл қандай әдіс және не үшін керек?

Карикатуралар мен комикстер балалар мен жасөспірімдерге елеулі ықпал етеді. Олар көңіл көтеру және құлақтандыру немесе сенім мен стереотиптерді бекемдетуге қызмет етеді. Оларды сыныпта әрқилы пайдалануға болады. Мәселен, сіз бұқаралық ақпарат құралдарындағы қысым туралы пікірталас ұйымдастыра аласыз. Бұл үшін оқушылар айталық бір аптадағы карикатуралар мен комикстердегі күш қолдану оқиғаларын тауып, санамалап береді. Оқушылардың өздері салған карикатуралар басқа сынып оқушыларын адам құқықтары мәселелерімен таныстыруда мектепте пайдаланылуы мүмкін.

Әдіс қалай қолданылады?

  • Зерттелетін тақырыпқа қатысты карикатураны/суретті газет, журналдардан, сықақтар мен жарнамадан алыңыз. Мысалы, озбырлық, төзбеушілік немесе нәсілшілдік. Оқушылардан топ болып карикатура мен суреттерді талқылауын тапсырыңыз. Одан кейін мынаны сұраңыз:

  • Карикатурадан алған алғашқы әсеріңіз қалай?

  • Карикатураның немесе комикстің идеясы қандай?

  • Пайдаланылған бейнелер тарихтың өзін керсету, автордың көзқарасын білдіру, адамдарды осы мәселе бойынша ойлануға мәжбүр ету үшін тиімді ме?

  • Әжуа-сықақтар идеяны сынай ма, әлде адамдар тобын ба?

  • Адамдардың нақты бір тобына мысалы, қандай да бір этникалық топтағы әйелдерге, босқындарға, дене бітімі кеміс адамдарға қатысты стеоретиптер мен сенімдерге негізделген бе?

Карикатураның (комикстың) сипаттамасы қандай: салиқалы, мысқылды немесе әжуалы? Бұл идеяны қалай игереді?

немесе:

Оқушылардан адам құқығына қатысты мәселені таңдауын және осы тақырыпқа қатысты карикатураны немесе комиксты салуын етініңіз. Осы тақырыпты адамдарға ой салатындай етіп аса әсерлі күйде беруге тырыссын.

Сәтті шыққан суреттерді қабырға газетіне іліңіз.

«Бейнематериалдар»

Еуропа Кеңесі мен Халықаралық Амнистия сияқты ұйымдар мектептерге арнап бейнетаспаларды шығарды (200-бетті қараңыз), сондай-ақ теле- жаңалықтардың немесе деректі фильмдердің үзінділері пайдаланылуы мүмкін. Бейнематериалды пайдалану кезінде есте сақтайтын кейбір ұсыныстар:

  • Оқушылар бейнетаспадан алынған ақпаратты естерінде жақсы сақтайды. Мысалы, олар өзін бейнефильмдегі кейіпкер ретінде сезінеді және оның атынан күнделік жазып, бейнефильмді талқылауды ұйымдастыруы мүмкін. Басқа ұсыныстар өзге әдістемелік тәсілдерге арналған осы бөлімнің тарауында келтірілген.

«Газеттер»

Бұл қандай тәсіл және ол не үшін қажет?

Бұқаралық ақпарат құралдары демократиялық қоғамға ақпараттардың таралуын қамтамасыз ету үшін қажет. Алайда, кейде біз стеоретиптер мен сенімдерге құрылған сыңаржақ репортаждарды кездестіреміз. Газетте кездесетін сенімдерді анықтау мен талдау оқушыларды оларды күнделікті өмірде анықтауға және оған қарсы тұруға даярлайды. Мұндай сабақтар, сондай-ақ, оқушылардың пікірлесу дағдыларын қалыптастырады.

Тәсіл қалай қолданылады?

Епіміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен суреттелген көкейкесті құқық қорғау мәселесін таңдаңыз, мысалы, азшылық үлт өкілдерімен жүздесу. Немесе әртүрлі бірнеше мақала үшін ортақ болып табылатын басқа бір мәселені талдаңыз, мысалы, төзбеушілік туралы мәселе.

  • Сыныпты 4-5 адамнан тұратын топқа бөліңіз.

  • Әрбір топқа кем дегенде жергілікті немесе орталық газеттен тақырып бойынша таңдап алынған бір мақаладан беріңіз. Қажет болса, барлық топ бір мақаланы пайдалана алады. Бір оқиға туралы әртүрлі газеттердің ақпараттарын салыстырған пайдалы.

  • Әрбір топтан төменде келтірілген тізімдегі сұрақтар қатарын талқылауын сұраңыз. Пайдаланылған мақалаға дөп келетін сұрақты таңдаңыз немесе өз сұрағыңызды ойластырыңыз:

  • Газет айдарында онда талқыланған мәселеге көзқарас білдірілген бе?

  • Суреттелген оқиға туралы алғашқы әсеріңіз қандай? Біреуді кінәлі деп ойлайсыз ба? Ол кім?

  • Біреуге қарсы тағылған айыптаулар бар ма? Бар болса, қандай?

  • Тағылған айыптауларға қандай да бір дәлел келтірілді ме?

  • Мақаланың қандай бөлігі біреуді сынауға арналған?

  • Осы адамдарды қолдайтын немесе қорғайтын бөлімі қайсы?

  • Сынға ұшыраған адамдардың қандай да бір пікірі келтірілді ме?

  • Мақаладағы қандай сөздер сіздің көзқарасыңызға қатты ықпал етті деп ойлайсыз?

Осы мәселе төңірегінде қатардағы адамдардың қандай да бір көзқарасы көрсетілді ме?

  • Билік тұтқасындағы адамдардың көзқарасы қандай? Мысалы, әлеуметтік сала, милиция қызметкерлері, лауазымды тұлғалар және т.б.

  • Мұндай талдау әртүрлі әдіспен келтірілуі мүмкін. Мысалы, оқушылар өздерінің жеке пайымдауын газет стилінде мазмұндап, газеттегі, радиодағы және теледидардағы қандай да бір мәселенің керсетілуін салыстыра алатын үлкен пікір-сайыс өткізулеріне болады.

Сіз сондай-ақ оқушылардан газеттен тапқан қызықты мақалалар мен хабарларды алып келуін етіне аласыз, сонымен қатар ортақ пікірталас өткізу үшін негіз бола алатын коллекцияны сыныпқа жинауға болады. Бұған ез балаларына қызықты мақалалар іздеуге кемектесе отырып, ата-аналар да қатыса алады.

«Сұхбат алу»

Бұл қандай әдіс және ол не үшін қажет?

Адам құқығын оқыту кезінде заңға сәйкестікті білу үшін іс-әрекеттегі құқықтардың нақты мысалын табу мақсатында кітапқа үңілу қажет. Өзіміз өмір сүріп отырған айналамызға көз жүгіртудің өзі де жеткілікті. Мысалы, егер сынып бала құқығын оқитын болса, онда еткен жылдарда балалардың өмірінің қалайша өзгергендігі, олардың жеке ата-анасының, атасы мен әжесінің болатындығы туралы ақпарат көздері аса маңызды.

Сұхбат алу - оқушылардың әлеуметтік көзқарасын кеңейтудің, сондай-ақ адам құқығын зерттеуді нақты өмірмен байланыстырудың, сондай-ақ оқушылардың әртүрлі санаттағы адамдармен пікірлесу дағдысын дамытудың ең жақсы әдісі.

Әдіс қалай қөлданылады?

Сыныппен сұхбат мысалы келтірілген75-бетті қараңыз.

«Сөз сайысы ассоциациялары»

Бұл қандай әдіс және ол не үшін қажет?

Бұл әдіс тақырыпты зерттер алдында оқушылардың нені білетіндігін және соңында нені үйренгендіктерін анықтау мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

Әдіс қалай қолданылады?

Талқыланатын мәселеге қатысты негізгі сөзді алыңыз.

Оқушылар бұл негізгі сөзді естіген кезде олардың ойына түскен кез- келген сөзді жылдам жазуын өтініңіз. Бұл өте қысқа жаттығу, бір-екі минут жеткілікті.

Бірде бір сөзді жазбауға болатындығын түсіндіріңіз. Нәтижөсінде оқушылар бастапқы сөзбен байланыста “қас-қағым сәтте” сөз қорын құрайды.

Оқытуды салыстыру үшін нәтижені ол басталғанға “дейін” және одан “кейін” салыстыруға болады. Бұл сізге ез сабағыңызды бағалауға және

оқушыларыңыздың өздерінің жеке прогресін көруіне көмектеседі.

Немесе тақырыпты оқуды аяқтарда әр оқушыдан олардың осы тақырыпқа байланысты не ойлайтындығын немесе сезінетіндігін бір сөзбен білдіретіндігін сұраңыз. Оқушылардан осы тақырыпқа қатысты сөзді келтіруін өтініңіз. Сыныпты аралап сөздерді жинап, бір немесе бірнеше оқушыдан осы сөздердің тізімін жасауды сұраңыз.

«Ақпаратты қабылдау»

Бұл қандай әдіс және ол не үшін қажет?

Ақпаратты игеру мен түсінудің ең жақсы әдісі - бұл оны басқа нысанда қабылдау. Мысалы, әңгімені тыңдай отыра, оны сурет түрінде елестету. Оқушылар ақпаратта ненің басты екендігін анықтап, оны қалай қабылдайтындығын шешуі қажет. Оқушы мынаны шешуге тиіс; “Мен мұны былай етіп жасамақшымын, өйткені...”.

Бұл әдіс тек елестетуді ғана емес, сондай-ақ бақылағыштықты, тыңдай білу қабілеті мен логикалық ойлауды дамытуға көмектеседі.

Әдіс қалай қолданылады?

Оқушылармен бірге әңгіме арқауы ретінде суретті, өлеңді, карикатураны немесе фильмді таңдаңыз. Мысалы, егер сынып жанұяда өсу және тәрбиелену құқығын зерттесе, онда босқын баланы бейнелейтін сурет пайдаланылуы мүмкін.

Оқушылар бастапқы нұсқаны мұқият оқиды, қарайды және тыңдайды.

Олар әңгіменің қандай бөлігін жаңа құралдармен беру керектігін шешеді және өз таңдауын түсіндіреді. Егер сіз суретті пайдалансаңыз, онда бейнеленген тарих жан-жақты ашылуға тиіс.

Егер олар түпнұсқада болмаған нәрселерді қосқылары келсе, себебін түсіндірулері тиіс.

Оқушылар жаңа нұсқаны ұсынады.

Ақпаратты қабылдаудың әртүрлі әдістері:

пленкаға жазылған “радиоқойылым”

үнтаспаға түсірілген қысқа әңгіме

суретті сықақ-әңгіме

баяндалатын (эпикалық) поэма

сурет

сыныпқа немесе мектептің өзге оқушыларына ұсынылған әңгіме

сыныптағы көрме немесе қабырға газеті

«Адам құқығы Жөніндегі жеке сабағыңызды қалай даярлауға болады»

Бұл оқу құралында керегіңізге қарай саралап, пайдалану үшін кейбір ұсыныстар берілген. Сіздің өз еліңіздегі адам құқығы саласындағы ережелерге негізделген сабағыңызды әзірлегіңіз келсе, сізге мынадай қарапайым үлгі көмектеседі:

Оқуды одан әрі жалғастырудан бұрын дағдыны, білімді, нұсқау мен әдістемені көрсететін 5-беттегі схемаға, “Адам құқықтарын оқыту деген не?” бөліміне назар аударыңыз.

(Осы бетте келтірілген усыныстар “Ситизеншип Фаундейшн”-мен өткізілген пікірталастар мен Фелиза Тиббиттстің “Сабақты әзірлеу" очеркінен алынған).

Талқылаудың немесе тақырыптың жалпы жобасын таңдаңыз. Талқылау пәні күнделікті оқиғалардан (мысалы, жергілікті сайлау), ал тақырып өзіңізді қызықтыратын жәйттардан (мысалы, төзімділік) немесе оқу бағдарламасына енген сұрақтан алынуы мүмкін.

  • Осы тақырыпты қарастыра отырып, өз оқушыларыңызда қандай ДАҒДЫНЫ, БІЛІМ мен НҰСҚАУДЫ дамытқыңыз келетіндігін шешіңіз. Оны анықтаңыз (дағдыға, нұсқауға және білімге қатысты ұсыныстар берілген 5 және 6-беттерді қараңыз).

Өз сабағыңызда қолдану үшін оқыту ӘДІСІН немесе материалдарды таңдаңыз. Сабақ құруға негіз болатын қызмет түрін анықтау пайдалы. Бұған мәтінді оқу және оны пікір-сайыс немесе шығарма жазу кезінде талқылау сияқты дәстүрлі қызмет түрлері, немесе әлі де толық ене қоймаған зерттеу жобасы газетті пайдалану, сөз сайысын немесе өлең шығаруды ұйымдастыру сияқты қызмет түрлерін жатқызуға болады.

Сабақтың кезеңдерге бөліну жоспарын әзірлеңіз. Осы оқу құралындағы көптеген сабақтардың мынадай құрылымы бар:

желісі бойынша жаттығу, байқап көру (ашық сауалдар сияқты)

нақты тапсырмалар (жеке немесе шағын топтарда орындалатын)

жалпы пікір-сайыс (егер қажет болса, шағын топ жұмысы көрсетілгеннен кейін)

қорытынды бөлім және материалды орнықтыруға арналған тапсырма.

Оқушыларға алдын-ала қандай білімнің қажет екендігін, сондай-ақ

сабақты қалай бағалайтындығыңыз туралы ойланыңыз (183-бетті қараңыз). Сабақтың әрбір бөліміне арнап уақыт белгілеуді ұмытпаңыз.

Бастапқы қойған мақсаттарыңыздың тізіміне назар аударыңыз, олар дерлік сіздің жоспарда қамтылған ба? Оларда сыныптағы талқының, ойлану мен іс-әрекеттің бір деңгейде үйлесуіне назар аударыңыз.

«Стеоретип бойынша сабақтың үлгісі»

Мақсаты/Сабақ міндеттері:

(Ескерту: Сіз оны дағды, білім және нұсқаулық тұрғысынан қарастыра аласыз - 5-бетті қараңыз).

  • Оқушылар қорытынды мен стеоретипті ажырата алуға тиіс.

  • Оқушылар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы стеоретип мысалдарын анықтай алуға тиіс.

  • Оқушылар жағымсыз стеоретип объектісі болатын адамдар тобына қатысты сезімталдықты дамытуға тиіс.

Қажетті білімдер:

  • Мәдениеттің, қорыту мен стеоретиптің нені білдіретіндігі туралы жалпы түсінік.

Сізге не қажет:

  • Сынып тақтасы немесе үлкен қағаз парағы

  • Газет-журналдар

Уақыты: 45-минут.

Әдіс қалай қолданылады?

  • Кіріспе (10 минут)

Мұғалім тақтаға белгілі бір адамдар тобының атауын жазады (қарт адам, қыз, бала, мүгедек) және оқушылардан осы топты сипаттауға көмектесетін сын есімдерді айтуын сұрап, оларды тақтаға жазады.

Мұғалім осы топтардың ішкі байланысын табуға талпына отырып, нәтижелерді қорытындылайды және оқушылармен бірге тізбеленген сын есімдердің жағымды, жағымсыз немесе бейтарап мағынасының бар-жоғын шешеді.

Мұғалім қорытындылау мен стеоретип арасындағы айырмашалықты көрсетеді. Мұғалім оқушылардан: “Сіздерде осындай көзқарас қалай қалыптасты деп ойлайсыздар?”, “Жеке тәжірибеңізден бе, бұқаралық ақпарат құралдарынан ба, отбасыңыз бен достарыңыздан ба?” деп сұрайды.

Топтық жұмыс (10 минут).

Мұғалім оқушыларды бес адамдық топқа бөлінуін сұрайды.

Әрбір топқа газет пен журнал беруге болады немесе топ танымал теледидар бағдарламаларын немесе кітаптарды қамти отырып, әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын талқылай алады. Оқушылар мәтіндер мен иллюстрацияларда қандай да бір топтардың қалай берілгендігін іздеу мақсатында материалдарды қарастырады. Олар сабаққа кіріспедегі мысал ретінде ұсынылған топтар, сондай-ақ сіздің қоғамда кемсітушілікке ұшыраған өзге де топтар болуы мүмкін. Өз сипаты бойынша стеоретиптер оң, жағымсыз немесе бейтарап болуы мүмкін.

Топтар өз дәлелдерін ұсынады (10 минут).

Талқылау (10 минут).

Сыныпқа төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

Оң стеоретиптер қалыптасқан топтарға қатысты олардың арасынан және жағымсыз стеоретиптер қалыптасқан топтарға қатысты олардың арасынан сіз ортақ нені таптыңыз?”.

Мұғалім мынаны түсіндіреді:

  • егер белгілі бір топтарға байланысты қорытынды жағымсыз болса, онда олардың қайта сендірулер деп аталуы мүмкін екендігін

  • адамдар топтары туралы жағымсыз қорытындының осы топпен шынайы, жеке қарым-қатынастарға негізделмегендігін түсіндіре алады.

Қорытынды (5 минут).

Осы стеоретиптердің қайнар көздері қандай?”.

Осы сабақтарға сүйене отырып, қорытындылар мен стеоретиптер туралы қандай тұжырым жасауға болады?”.

(Мысалы, қорытындылар мен стеоретиптер мәдениеттің көптеген саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, достар мен отбасы мүшелерінің пікірлерінде табылуы мүмкін. Жағымсыз стеоретиптердің қорқыныштан, ал жағымды стеоретиптердің көре алмаушылықтан туындайтындығы).

  • Есте сақтауға арналған жаттығулар.

Оқушылар ол жағымды болсын, жағымсыз болсын өздерінің қалайша стеоретип объектісі болғандығын, оның қашан пайда болғандығы және қалай сезінгендігі туралы қысқаша шығарма жаза алады.

  • Бағалау. (Адам құқықтары бойынша өз сабағыңыздың бағалануы туралы жан-жақты айтылған 183-бетті қараңыз).

Осы сабақты бағалудың ықтимал өлшемі:

  • әрбір оқушы ортақ пікірталасқа не қосты?

  • әрбір оқушы топтық жұмыста басқалармен қалай өзара іс-әрекет етті/ қатысты?

  • топтық жұмыстың нәтижесі (топтық бағалау)

  • шығарма” тапсырмасы.

  • Сабақ барысындағы көндігу

Сабақты жүргізу кезінде белгілі бір икемділік танытыңыз. Сабақтың кейбір белігі басқаларына қарағанда оқушыларда үлкен қызығушылық туғызады және де сіз сабақтың сатысын немесе өзге талқы нысанын байқап, таңырқауыңыз мүмкін, сондықтан да ол біраз уақытты қажет етеді. Сабақтың жеке бөлігі оқушылардың қабылдауына байланысты созылып-тартылатын “аккордеон” қағидасы бойынша құрылуға тиіс. Сабақтан кейін, келесіде есте болуы үшін өзіңізге белгілеп алыңыз.

Адам құқықтары бойынша сабақтарыңыздың бағалануы

Өз мектебіңіздегі адам құқығын оқытудың қалайша енгізілетіндігіне байланысты баға қою сіздің міндетіңіз немесе ұйғарымыңыз болуы мүмкін. Алайда сіздің бағаны не үшін қоятындығыңыздан тыс, бағалаудың пайдалылығы жөнінде көптеген дәлелдер бар:

  • Бұл сіздің күш-жігеріңіздің зая кетпейтіндігін және жақсы нәтиже беретіндігін өз-өзіңізге дәлелдеу мүмкіндігі (немесе олардың еш нәтижесіз екендігін көру және оны өзгерту жолын табу).

  • Білім беру орындары тарапынан сіздің беделіңізді көтереді

  • Балаларға өздерінің жетістіктерін қадағалау мүмкіндігін береді.

  • Оқушылардың өз оқуы үшін жеке жауапкершілігін көтеретін процестің бір бөлігі бола алады.

Төменде сынып жұмысын бағалау жөніндегі кейбір ұсыныстар беріліп отыр: семинарлардағы жұмысты бағалау женіндегі ұсыныстар берілген, 183-бетті қараңыз.

Академиялық бағалу әдістері БІЛІМДІ бағалау үшін тиімді болғанымен, (шығарманы деректердің нақтылығы үшін бағалау, 5-бетті қараңыз), ДАҒДЫЛАР мен НұСҚАУЛАРДЫ бағалау кезінде қолдануға тиімсіздеу.

Салыстырмалы түрде үйге шығармалар топтамасын тексеруге алып кету оңай, алайда жалпы сыныптың жұмысы кезінде дағдылар мен нұсқаулардың дамуын, әсіресе оқушылар шағын топтарда жұмыс істесе, қадағалау өте қиынға түседі. Бұл адам құқығы оқытушыларын бағалаудың дәстүрлі әдістерін оқытудың дағдылары мен нұсқауларының тиімділігін бағалауға арналған жаңа әдістермен үйлестіруіне алып келді.

Мен дағдылар мен нұсқауларды қалай бағалаймын?

Дағдылар мен нұсқауларды бағалау оңай, егер:

  • оқушылардың жұмысын бағалай алатын нақты өлшемдер немесе нормаларыңыз болса (мүмкіндігінше олардың оқушылармен келісілгені жөн)

  • оқушылардан өз тәртібін бағалауын сұраңыз

  • сіз оқушылардан бір-бірінің тәртібін сындарлы түрде бағалауын өтініңіз.

Оқушылардың өзін-өзі және өз сыныптастарын бағалаудың қосымша бір артықшылығы, олардың өз тәртібіне үлкен жауапкершілікпен қарауын оятады. Кейбір мұғалімдерді, алайда, бүкіл оқушылар мен мұғалімдердің қарама-қайшы баға қоятындығы алаңдатады. Мұндай келіспеушілікті талқылауға және қажет болса баға қою рәсімін түзетуге болады.

Мысалы, “ой шабуылы” әдісімен (27-бетті қараңыз) оқушылармен бірге жұмысқа қатысу белсенділігін бағалаудың өлшемін немесе нормасын пысықтауға болады. Олардың үлгілік тізбесі мынадай:

Шағын топтардағы жұмыс дағдылары:1

  • оқушы сабақтың мақсатына бейімделе ала ма?

  • ол топтың басқа мүшелерімен іс-әрекет ете ме?

  • ол басқаларға кедергі келтірмей жұмыс істей ала ма?

  • ол өз тобының барлық мүшелерімен сыпайы ма?

  • ол өзіне жұмыстың үлкен бөлігін атқаруды жүктей ала ма?

  • топ жұмысын жақсарту жолын табуға жәрдемдесе ме?

Нұсқауларды да осындай тәсілмен бағалауға болады. Мысалы:”Көзкарастар кендігін” бағалау2

  • оқушы жаңа идеялар мен әрекеттің жаңа түрлерін қабылдауға дайын ба?

  • ол жұмыста жаңа әдістерді пайдалануға дайын ба?

  • ол пікір-сайыстарда деректерді сезімнен жоғары қоя ма?

  • ол жаңа деректер шеңберінде өз пікірін езгерте ме?

  • ол өз пікірін әр адамға қатысты әділдік сезімімен орайластыра ала ма?

  • ол мәселенің барлық жақтарын қарады ма?

  • ол стеоретиптер мен сенімдерді бөлісе ме?

Өзін-өзі бағалау үшін де осындай тізбе пайдаланылуы мүмкін.

Мысалы: Моральдык өлшемдерді бағалау3

Сіз өзіңізді төменде берілгендерге қатысты қалай бағалайсыз? (А=өте жақсы, Ә=жақсы, Б=қанағаттанарлық, В=өте жаман).

  • өзгелерге құрмет

  • өзгелерге қызығу

  • өзгелерді тыңдай білу

  • жұмысқа деген табандылық

  • басқалардың мүқтажына назар аудару

  • басқалар туралы әділ пікір айту

  • басқалармен бірге іс-әрекет ету

  • әрнәрсені алдымен ойланып барып істеу

  • басқаларға көмектесуге даяр болу

  • қатені мойындай білу.

Ең соңында топтық жұмыстың, пікір-сайыстың және бірлескен жобалардың, сондай-ақ дәстүрлі жаттығулар мен тестілердің бағалануын қамтитын бағалау жүйесінің мысалын келтіріп отырмыз:

Тоқсан үшін бағалау жоспарының үлгісі (12 апта)

  • Мыналарға негізделген топтық қызметтің (аптасына 1 түр) әрбір түрін бағалау:

  • қатысу деңгейі (өзін-өзі бағалау жолымен алынған және өзге оқушылар қойған жеке баға)

  • топ жұмысының нәтижелері (мұғалім топқа жалпы қояды).

Жазба тестілері мен үй тапсырмалары (мұғалім бағалайды).

Жобамен жұмыс (тоқсанына бір жоба)

  • оқушыға дизайн, орындалу және білім құндылығын бағалау (ауызша пікір білдіру негізінде мұғалім мен өзге оқушылар бағалайды).

  • Сыныптағы жалпы пікір-сайысқа қатысу және үлес қосу (мұғалімдер мен сыныптастар бағалайды).

Адам құқықтарын оқытудың өзге басқа да қырларымен қатар, бағалаудың осындай түрін қолданғаннан кейін, сіз де бұны өз сыныбыңызда қалайша жақсы өткізуге болады деген ой пайда болады. Осы беттерде келтірілген ұсыныстар тек бағдарлық үлгі ғана.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі