Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

педагогикалық тәжірибеден өткендігі жөніндегі есеп жазудың үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық

мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы, құқық және

экономика негіздері кафедрасының

ІV- курс студенті Каженова Маржанның педагогикалық тәжірибеден өткендігі

туралы қорытынды шығармашылық

Есебі


Мен, Каженова Маржан жалпығылыми, мәдениеттілік, психологиялық- педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерімді тереңдетіп және сонымен қатар теориялық білім негізінде педагогикалық дағды мен құзіреттілігімді қалыптастыру мақсатында кәсіптік (педагогикалық) тәжірибемді Арқалық қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектепте 26.01- 21.03.15 жыл аралығында өттім.

  1. апта кәсіптік (педагогикалық) тәжірибені ұйымдастыру кезеңі болғандықтан, ең алдымен тәжірибе бағдарламасымен, мектеп әкімшілігімен, педагогикалық ұжыммен, білім беру мекемесінің ішкі тәртібімен таныстым. Сыныптарға бөлу және сағаттық жүктемені белгілеу, сыныппен танысу үрдісінен кейін пән бойынша сабақтарға, бекітілген сыныбымның сабағына қатысып, ұлағатты ұстаздар қауымының сабақтарынан мол тәжірибе жинақтадым.

  2. апта мен 7- апта аралығында тәжірибе жоспарында көрсетілгендей тарих сабағы, оны дайындау және өткізу, көрнекі құралдар дайындау, сабақтан тыс оқу жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізу, сыныпқа жетекшілік ету сынды маған жүктелген жұмыстарды атқардым. Педагогикалық тәжірибе барысында күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақ жоспарларын дайындап, оқу сабақтарын ұйымдастырып өткіздім. Әрбір сабағымда тақырыпқа сай көрнекіліктер жасалынды, сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдандым. Практика барысында барлығы 36 сабақ, оның ішінде 8 «Б» сыныбына «Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты», «Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісу өлкесіне қоныс аударуы» атты міндетті 2 ашық сабақ өткіздім.

9 «А» сыныбының 2014- 2015 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына бекітілген әлеуметтік- мәнді, жеке қасиеттерін









қалыптастыру аясында «Сенім менің серігім» (әңгіме, жаттығулар), эстетикалық тәрбиеге байланысты «Әсемдік әлемі» (ойбөліс), экологиялық тәрбиеге байланысты «Туған қаламның табиғаты» (танымдық сабақ) және «Абайла, балам, жарайма?!», отбасы тәрбиесіне байланысты «Мен және жанұям» атты шығармашылық сайыс, азаматтық- патриоттық тәрбиеге байланысты «Алаш арыстары», 8- наурыз қыздар мерекесіне орай «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тәрбие сағаттарын өткізіп отырдым.

Мен сынып жетекшілікке бекітілген сыныбымның құқықтық тәрбие жұмыс жоспарындағы «Әлеуметтік норма», «Ұрлық түбі қорлық», «Балалардың құқықтары», «Балалар тең құқықтылығы», «Баланың мүліктік құқықтары» сынды 15 минуттық сабақтарды өткізу арқылы оқушыларды қоғамның саяси құқықтық жүйесімен таныстырып, құқықтық білімдермен және құқықтық мәдениетпен қаруландырдым.

Жалпы мектепішілік іс- шараларда да белсенділік таныта білдім. Студент- практиканттармен қазақ хандығының – 550 жылдығына, Ұлы Отан соғысының – 70 жылдығына, Конституцияның 20 жылдығына орай «Тарихқа тағзым» атты үлкен конференция өткіздік. Конференцияға қатысқан 8 «Б» сыныбының оқушысы Әбдіхамитова Әлияға мақала жазуға жетекшілік еттім. Жазған мақаламыз үздік мақалалар қатарынан орын алды. Қазіргі заман жастарының арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Идеям бар..» атты жобаға оқушымды дайындап, жоғары дәрежеге көтере білдім.





Қорытынды кезеңде пән бойынша әдіскер-мұғалімнің, сынып жетекшісінің және тәрбие ісінің орынбасарларының мінездемесін алып, педагогикалық тәжірибе бағдарламасында көрсетілген есеп беру құжаттарын дайындадым.

















Мен осы тәжірибеден түсінгенім мұғалім болу үшін ең алдымен білімділік, шыдамдылық және еңбекқорлық қасиеттері болу қажет. Мен бұл тәжірибеден өту барысында “Ұстаз жолы ұлы жол” екендігін оқушылармен жұмыс жасау барысында сезіндім. Болашақта осы тәжірибеден үйренгенімді іс жүзінде жүзеге асыратыныма сенімдімін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2019
11831
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12