400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға сабақ жоспары ретінде, оқушыларға қосымша материал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ»


Кейде мұғалім өз тәжірибесі жөнінде айтпаса,қаншалықты пайдалы нәрсе істегенін сезінбейді.
Білім көтеру,білім арттыру жүйесі мұғалімнің әркезде де шығармашылықпен жылдам ұтымды ойлау білу қажеттігін талап етеді.Оқу мен оқыту үдерісі барысында өзімнің және гимназия мұғалімдерінің кәсіби даму траекторияларының кеңейту мақсатында атқарылатын және жоспарланған жұмыс мазмұндары-мұғалімнің көшбасшылығын арттыра отырып оқушының тұлғалық қабілеттерін ашу мүмкіндіктерін арттыру.

Ұдайы жасалынған жұмыстардың нәтижесі-мұғалімдер кәсіби өсудің қажеттілігін түсінді себебі; коучинг пен тәлімгерлік үдерістеріне шынайы қатысады,әрбір сессия сайын белгілі бір жаңалықты өз тәжірибелеріне қолданғылары келетінін және ұтымды тиімді жақтарын саралай алатын болды.Бұрын лезде шығармашылық сабақ беру тек жоғары санатты немесе тәжірибелі мұғалімдерге ғана тән дағды еді,ал қазір деңгейлік оқуды меңгерген мұғалімдер өз сабақтарын шебер құрылымдай алып,сапалы оқытуға бағыттала бастады. Алғашқы кездерде өз тәжірибемізде әдіс-тәсілдерді сараптамай қолдану ,кез келген сабақты постер қорғаумен әрлеу қажеттігі немесе сергіту сәтін тек би –әнмен шектеу үрдіске айналған.Ал қазіргі кезде мұғалімдер ақпаратты өз сабақтарына қолдану аясын яғни бағдарламалардың тың нұсқаларын қолдануға машықтана бастады.Әріптестер арасындағы кәсіби сұхбаттар да өзгерістерге толы деуге болады.себебі мұғалімдердің сөздік қорында жаңа терминдер ,ұғымдар мен атрибуттар қалыптаса бастады.

Ғұлама ғалым әл — Фараби «Адам мақсатына өзін — өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез — құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді.Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс- тәсілдерінің барысында және іс- әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез — құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін — өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез — құлыққа тікелей байланысты.Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик, Н.Д.Хмель т.б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы».

Мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерінің арттыру бағытындағы жұмыстар арқылы байқалған өзгерістер траекториясы:
1.Мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік сауаттылықтарының артуына өзіндік құлшыныстарының жоғарылауы;ағылшын тілін игеруге ұмтылыс ;
2.Республикалық,халықаралық байқауларға қатысуы артты;
3.Оқушылар арасында логикалық,онлайн бағытындағы сайыстарға белсене қатысу көрсеткіші жоғарылады;
4.Мұғалімдер ресурстың қажеттігі және білім сапасына тигізер әсерін сараптай алады;
5.Желілік қоғамдастық аясындағы іс шаралар мазмұнына қызығушылықпен қарау,қатысу арқылы өздернің құзіреттіліктерін таныту қадамдары қалыптаса бастады,дегенмен де кей мұғалімдер арасында сыңаржақтылық пікірдің болуы кездеседі;
6.Әр түрлі мазмұндағы ,ойлануға ,қолдануға мүмкіндігі жоғары ресурстарды коучтармен талқылай отырып ұсыну қалыпты үдеріске айнала басталды
7.Мұғалімдер арасында бөлінген көшбасшылықтың тиімді ұйымдастыру арқылы сапалы жұмыстар атқарылып оң нәтижелер беруде;
8.Интернет сайт ашып өз тәжірибелерін тарату,бақылаушы әріптестердің пікірін алу мүмкіндігі,қарым-қатынас мүмкіндіктері артуда,
8.Әдістемелік талқылаулар ,зерттеу топтарының жазбалары мұғалімдердің кәсіби дамуына оң септігін тигізгені жұмыстар барысында көрінуде.
Өз тәжірибеңізде орын алған өзгеріс туралы ойлану пайдалы болуы мүмкін.Сіз жаңа тәсілді және оны пайдалану әдістерін толық ұғынғанша дейін , қаншама қателер мен сынақтардан ,түсінбеушіліктен ,қиындықтар мен қуаныштан өтесіз.Бірте-бірте сіздің өзіңізге деген ,өз күшіңізге деген сеніміңіз арта береді.Уақыт өте келе осы тәжірибе және оның қағидаттары сіздің бойыңызға дарып,ойлау мен тәжірибемен байланысып,сіңісіп кетеді.

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл - әр жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі мақсаттардың бірі – жастарды сапалы біліммен, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Орыс педагогі К.Д.Ушинскиий айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері
Бүгінгі қоғам – үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Ақпараттың маңызы өскен сайын ол тез ескіретін болуы да заңды құбылыс. Қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласын қамтып отырған ақпараттық – технологиялық инновациялар ел дамуына шешуші рөл атқаратын маңызды факторлардың біріне айналып отыр.
Білім беру саласын ақпараттандыру қоғамды ақпараттандырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да білім беру мекемесінің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың білім мазмұнының жаңаруына сай сапалы білім алуына қажетті мүмкіндік жасау, яғни жоғары ақпараттық – коммуникациялық әлеуеті бар білім беру ортасын құру.
Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері:
- Кәсіптік жаңашылдық қызметі;
- Біліктілігін көтеру;
- Кәсіптік тұлғасы;
- Әдістемелік жұмыстар;
- Сыныптан тыс жұмыстар;
- Педагогикалық қоғамдық қызметі.
Мұғалімнің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтиже үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру;
2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағытттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Мұғалімнің кәсіби деңгейін дамыту бүгінгі таңда әдістемелік жұмысының жүйелі, жаңаша бағыт негізінде ұйымдастыруды көздейді. Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады».
Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:
- педагогикалық – психологиялық деңгейін көтеру;
- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу;
- өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
- авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету;
- педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.

Мұғалімнің кәсіби өсуінің өзекті мәселелері:
- кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту;
- біліммен қамтамасыз етудің ғылыми - әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту;
- оқытудың алдыңғы қатарлы оқу – тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою;
- білімдегі жаңашылдықты саралау;
- білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру;
- қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Мұғалім жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде әрбір ұстаз өз пәнінің аясында қалып қоймай қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек ете білуге баулуда кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт қызметкерлерінің атқаратын жұмысы аз болмайды. Олар:
- заман талабына лайықталған курстар ұйымдастыру;
- оқу семинарларын ұйымдастыру;
- байқаулар, олимпиадалар, конкурстар;
- педагогикалық оқулар, т.б.
Ә) Мұғалімнің кәсіби ізденісі.
Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияларды ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпы адамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырылуда.
Ұрпақ тәрбиесінің өзектілігі қазіргі таңда қоғам алдында бұрынғыдан да өткір қойылып отырылуына байланысты, тек білім беруде ғана емес, тәрбие саласында да жаңа технологиялардың қажеттілігі сөзсіз артуда.
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл - әржақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілеттерін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. Себебі, педагогикалық, психологиялық зерттеулерге сүйенсек, мұғалімнің жоғарғы оқу орынында алған теориялық білімді қайта жетілдіру қажет етеді.

Педагог қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады. Мұғалім қызметі басқа еңбек түрлерінен өзінің ерекше шығармашылық сипатымен өзгеше. Өйткені, нағыз педагог болу үшін үнемі іздену, өз білімін заман талаптарына сай ғылыми – теориялық ақпараттармен толықтырып отыру қажет.
Тәрбие бағытында өз кәсіби біліктерін арттыруға келетін облыс педагогтарымен курс барысында кеңінен пайдаланылып жүрген арттерапия, СТО, АКТ, жобалау, дебат технологиялары, тәрбиенің интерактивті әдістері, соның ішінде тренингьер, топпен жұмыс, т.б. жоғарыда аталған технологияларды да тереңірек зерттеп, өз жұмыстарына шығармашылықпен пайдалану - әр педагогтың кәсіби деңгейінің жоғарылауына апаратын бірден – бір төте жол дер едік. Қай технологияны пайдалансақ та, қанша жерден жаңашыл педагог атансақ та ұлттық тәрбиені, халық педагогикасын жадымыздан шығармайық, яғни өз тамырымыздың үзілмеуіне күш салғанымыз абзал.

Үстаз тұлғасының моделі

Кәсби шеберлік

1. Жаңашыл түрлендірулер мен шығармашылық қызметке дайындығы.

2 .Оқу-тәрбие үрдістеріне, балаларға жаңаша қарауды меңгерту.

3. Танымдық іс-әрекеттің мәдениеті.

4. Ледагогикалық үрдіс пен ой еңбегінің нәтижесіне обьективті талдау жасау.

5. Болжауға, жоспарлауға, диагностикалауға, мониторингілеуге қабілеттілік.

6. Зерттеушілік дағдыларының дамуы.

Тұлғалық қасиеттері

1. Жоғары азаматтық, белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілігі.

2. Ізгілікке бағытталғандық, рухани қажеттіліктер.

3. Оқушыны тұлға ретінде тануға және сендіре білу  қабілеттілігі, оның

   күшіне деген  сеніміне жәрдем жасай білу.

4. Зиялылық.

5. Қарым-қатынас жасау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті.

6 .Жаңашылдық сезімі.

7. Эмоцианалды байсалдылық.

8. Жауаптылық, еңбек сүйгіштік.

Құзырлық (біліктілік)

1. Өзі оқытатын пән бойынша педагогикалық, психологиялық, теориялық

   білімінің жоғары деңгейі.

2. Үздіксіз білім алуға деген қажеттілік.

3. Технологиялық білім мен білікті, бірлікті игеру.

4. Педагогкалық міндеттерді  тиімді шеше білу.

5. Шығармашылық, шеберлік.

Өнімділігі

1. Педагогикалық мақсатты іс-әректтердің бірізділігінің көмегімен берілген

   уақыт ішінде оқушылардың  барлығына қатысты жоспарланған нәтижеге

   жету.

2. Педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.

3 .Оқушылардың танымдық қызығуы мен интеллектуалдық біліктерін  

   дамыту.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі