Материалдар / "Педагогтарға арналған сергіту жаттығулары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Педагогтарға арналған сергіту жаттығулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2018
3167
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Педагогтармен жұмыс.



Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізуімен көзге түсіп ерекшеленеді.

Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен – күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай мұғалім - білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан жан- жақты хабардар болуы керек.

Балалар терең білімді, адамгершілік және танымдық тәжірибесі мол, мінезге бай мұғалімді жоғары бағалайды. Әділетсіздік, ашуланшақтық, дөрекілік- мұғалім бойындағы ең үлкен кемшіліктер.

Мұғалім – мектеп атты үлкен шаңырақтағы ата- ана. Ал, шаңырақ қазанында қайнап піскен ас- ғылым, білім, мәдениет бала жан дүниесіне ең керекті дәрумен және рухани азық.

Жас өспірім ұрпақты тәрбиелеу процесі өте қиын. Себебі- адамдардың жан дүниесі, санасы өте күрделі, мінез құлқы біркелкі емес. Ал, мұғалім мінезі балалармен қарым-қатынас кезінде бірқалыпты, ұстамды, ал көңіл – күйі жаймашуақ болғаны абзал. Ал үнемі бұлай болуы мүмкін бе?

Өмірде түрлі жағдайлар болып жатады. Отбасы мәселесі, өзара келіспеушілік секілді жағымсыз жайттар адам мінез – құлығына, оның психологиялық ахуалына ауыр тиеді, адамдармен қарым-қатынасын күрделендіріп жібереді.

Ал мұндай келеңсіздікті болдырмауға болады.





















Әуенді терапия


Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл- күйін

көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат көріністері

бейнеленген сурет.

Уақыты: 5-7 минут.

Ұйымдастыру кезеңі: а) Мұғалімді жайлы крислоға отырғызып, еркін, ыңғайлы

сезінуін қадағалау;

ә)Суретті мұғалімге қарама- қарсы іліп, оған зейін салып, мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе: - Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.

  • Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

  • Ал, бастаймыз. (Музыка қосылады)

  • Соқпақ жолмен жүріп келесіз...

  • Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз...

  • Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді...

  • Алма бағы...

Қып-қызыл алмалар қол созым жерде...

  • Сіз үзіп алып жей бастадыңыз...

Дәмі керемет...

Жеген сайын жегіңіз келеді...

-Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз...

-Күн кешкірді... Қайту керек... Бақтан шығып жолға түстіңіз... Иығыңызда дорба...

-Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. “Тастап кетсем бе екен ?” деген ой келді...

  • Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз...

  • Міне, қалашыққа да жеттіңіз... Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты...

  • Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз...

  • Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма ? Сізге балалар да, олардың ата- аналары да дән риза...

  • Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

Музыка тоқталып , мұғалім көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.





Ескерту:

1) Әрбір сөйлемнен соң міндетті түрде үзіліс жасалынуы тиіс.

2)Психологтың дауыс ырғағы мәнерлі, жағымды шығуы керек.


Мен кіммін ? тренингі


Тренинг мақсаты: триненгтік қарым-қатынастың белсенді стилін орнықтыру,

әрі қарай ашық сөйлеуге, өзіндік”Мен - тұжырымдамасын”

айқындауға, өзін-өзі тануға, өзінің және өзгелердің

психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектесіп, оларға

талдай жасай алуды дамыту.


Тренинг жүргізілуі:


  1. Мен кіммін? тренинг


  1. Демалыс күніңіз көңілді өте ме? ( тест)


3. “ Ойлан тап”ойыны


4. “ Есте сақтау”қабілеттерін бақылау.



Әр адамның жеке басының ерекше қаситі бар. Өзі жайлы оны ерекшелейтін теорясы да бар. Ол осынысымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Сондықтан мынадай сұрақ туындайды: “ Менің көзқарасыммен өзгелер бөлісе ме?...”. Ойыншыларға ақ парақ алып, оны көлденеңнен 3 қатарға бөлу тапсырылады. 1 – қатарға “ Мен кіммін?” сұрағына тез арада 10 сөзді жазып жауап беріңіз. 2 – қатарға осы сұраққа Сіздің туыстарыңыз, достарыңыз не деп жауап береді деп ойлайсыз, соны жазасыз. 3 - қатарға топ ішінен біреу жазады. Ол үшін жауап сұрақтары үстел бетіне қойылады, әркім өзіне түскен парақты алып, иесі туралы 3 – қатарды толтырады. Болған соң әркім өз парағын алады.

Талқылау:

Талқылау барысында мына мәслелерге көңіл аударған жөн:

  • 3 қатардың ішінде қайталанған сөз бар ма?;

  • бұл сөз нені білдіреді?

  • қаншалықты адам өзіне жақсы біледі? ( 1 – қатарағы сөздер саны )

  • өзіне деген қатынасы ( жағымды немесе жағымсыз );

  • өзіндік “ Мен – тұжырымдамасы “ басқалардың айтқанымен сәйкес келе ме?









Демалыс күніңіз көңілді ме?

  1. Демалыс күні сізді қонаққа шақырады, сіз...

а ) “ әрине, барамын”деп қуанып кетесіз –3

ә) Біраз ойланып, келісім беремін –2

б) “ Басқа жер шақырып қойды деп сылтау айтасыз -1


2. Қонаққа шақырған жерден сіз:

а) Қалмайсыз –3

ә) Көңіліңіз қаласа, барасыз –2

б) Сирек барасыз -1



3. Жұмыстағы әріптестеріңіз саяхатқа шығуға жоспар құрып жатыр, сіз:

а ) Міндетті түрде барасыз –3

ә) “ Бару – бармауым белгісіз “, деп селсоқ қарайсыз –2

б) “Бара алмаймын “ деп, бірден кесіп айтасыз –1


  1. Сіз заңды демалысыңызды қалай өткізесіз?


а) Міндетті түрде бір қалаға барып қыдырасыз –3

ә) Саяжайда өткізесіз -2

б) Үцге жөндеу жұмысын жүргізесіз –1

  1. Сіз мерекелерде қалай демаласыз?


а ) Қонақ шақырасыз немесе қонаққа барасыз –3

ә) Уақытыңызды теледидар алдында өткізесіз –2

б) Үйдегі шаруаларыңызбен айналысасыз –1




11 – 15. Сіз демалысыңызды өте көңілді өткізеді екенсіз. Шақырған жерден қалмайсыз, өзгелерді қонаққа шақыруды да жек көрмейсіз.


8 – 10. Сіз уақытыңызды орынды пайдалана аласыз.

Сонымен қатар, қыдыра да білесіз. Жұмысыңызды да ұмытпайды екенсіз.


5 – 7. Сіздің ұғымыңызша көңіл көтеру дегеніміз - өмірдің бәрін босқа өткізумен тең. Дегенмен, бұл дұрыс емес. Айналаңызға қараңыз, өмірдің қызығынан құр қалмаңыз.



Ойлан, тап“ ойыны


Мына суретте қанша аң мен құс бар?

Мұғалімдер интерактивті тақтадағы суреттерден тез аң мен құстарды табулары керек.

3 минут.


Есте сақтау “ қабілеттерін бақылау.



Ортаға 8 мұғалім шығады. 1 – ші тұрған адам 1 сөз бастайды

Қалғаны тағы да сөз қосады. Сөйлем болып шығу керек.






Қорытынды:


  • сіздер тренингке дейін өзіңдеріңізді қалай сезіндіңіздер?

  • не ұнады?

  • қандай қиындықтар болды?

  • кімді бағалаған қиын - өзіңді ме өзгелерді ме?

- сіздер қазір қандай сезімдесіздер?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!