Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Педаоогикалық шығармагылық эссе
Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалык эссе шығармашылық жұмыс өз бетіне орындалған, оқушыларды еңбекке білімге баулу қызығушылығын ояту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
26 Қараша 2021
291
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Республикалық www.orleu.kz порталы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ WWW.ORLEU.KZ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО МЕН ОРТА
МЕКТЕПТЕРДЕ ТӘРБИЕ МЕН
БІЛІМ БЕРУ:
ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ДАМУ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
(ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ)
ЖИНАҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ
ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
Алматы, 2020
2
Республикалық www.orleu.kz порталы
ӘОЖ 373
КБЖ 74.26
Қ 18
Республикалық www.orleu.kz порталы
Рецензент:
Данабаева Маржан Айкыновна Абай атындағы ҚазҰПУ-нің PhD докторанты
Қ
18
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ТӘРБИЕ МЕН
БІЛІМ БЕРУ: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ӘДІСТ.ОҚУ
ҚҰРАЛЫ. - Алматы: Республикалық www.orleu.kz порталы, 2020. – 99 б.
ISBN 978-601-344-117-7
(VІІІ-шығуы). - 2020. – 99 б.
ISBN 978-601-7872-01-4
Ұсынылған еңбектер жинағында ұстаздардың еңбектері, мұғалімнің кәсіби дайындық
сапасына қойылатын талаптары, құзыреттілік пен кәсіби шеберлік сапасы, кәсібитеориялық білім мен тәжірибелік біліктілігі туралы, сонымен қатар жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстанның оқу жүйесіндегі заман талабына сай өзгерістері жөнінде өзекті мәселелер
мен жаңалықтар, үздік жұмыстар, сабақ жоспарлары көрсетілген.
Бұл еңбектер жинағы мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық жоғары оқу
орындарының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 373
КБЖ 74.26
© Республикалық www.orleu.kz
порталы, 2020
ISBN 978-601-344-117-7 (VІІІ-шығуы)
ISBN 978-601-7872-01-4 (жалпы)
3
Республикалық www.orleu.kz порталы
АЛҒЫСӨЗ
ДАНАБАЕВА МАРЖАН АЙКЫНОВНА
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің PhD докторанты
Нашар көретін бастауыш сынып оқушыларын оқытудың маңызы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын іске асыру барысында білім саласын
демократизациялау, биік парасаттылыққа жеткізу мақсатында ерекше білімді қажет ететін
балаларға арнайы білім беру жүйесін жан-жақты ойластырып іске асырудың қажеттілігі
маңызды болып отыр. Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу күрделі
әлеуметтік және педагогикалық мәселе ретінде жоғарыда айтылған балаларды
мүмкіншілігіне қарай қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз бетінше өмір сүре алатындай
дайындау мақсатындағы негізгі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Арнайы білім беру жүйесінде ерекше білімді қажет ететін балалардың жеке тұлға ретінде
оқытып тәрбиелеп дамыту бүгінде күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі. Ерекше білімді
қажет ететін балаларды оқытып тәрбиелеу мен жетілдіру – білім берудегі және меңгерудегі
іс-әрекет дағдыларын, еңбекке және өмірге тәрбиелеудегі негізгі құрал мақсаттық үрдіс
болып табылады.
Ерекше білімді қажет ететін балалардың, соның ішінде нашар көретін оқушылардың белгілі
бір қасиеттерін, көзқарастарын, сенімін қалыптастырумен қатар, ақыл-ойы, сана-сезімдері,
ой еңбегі, өнегелік, эстетикалық тәрбиелік сұрақтарға байланысты нақтылы бір тәрбиелік
міндеттерді шешуді қарастыру көптеген ғалымдарды, оқытушылар қауымын алаңдатуда.
Әйгілі кеңес психологі Л.С.Выгодскийдің пікірінше, бала бойындағы кемістікті оларға үнемі
қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі жүргізу арқылы әлеуметтік жолмен
толықтыруға болатынын айтып өткен [1].
Қазіргі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар өзіне деген сенімділігін арттырып және
қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесуін толыққанды жағдайларға лайықты өмір
сүруге, яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіліп,
әрбір оқушы өз мүмкіндігіне қарай білім көлемін меңгеруде [2].
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішіндегі нашар көретін балаларды қарастырмақпыз.
Жалпы көру қызметі адамға кеңістікті бағдарлау, өзінің қозғалыс аймағын кеңейту,
әлеуметтік тәжірибесін байыту сияқты құндылықтарды меңгеру үшін қажет екенін білеміз.
Көру адамдардың қызмет түрінің әртүрлі болуына байланысты басқа адамдармен қарымқатынас орнатуында да маңызды рөл атқарады. Осыдан көзі нашар көретін бала жан-жақты
ақпаратты ала алмағандықтан, баланың психологиялық және физиологиялық дамуында
кідіріс болатыны сөзсіз.
Көру мүмкіндігі шектелген жандарға осындай өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін
олардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін терең біліп қызмет ету
4
Республикалық www.orleu.kz порталы
тифлопедагогиканың басты мақсаты. Ал тифлопедагог негізгі мәселеге талдау жасай
отырып, көру мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық, педагогикалық, медициналық
зерттеу жолдарын айқындап, көру қабілетінің бұзылу себептерін, психологиялық және
педагогикалық ақаулықтарын анықтау, оларды толықтыру, кемістігі бар сезім мүшелерін
түзету және қалпына келтіру жолдарын анықтап, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасауға
көмек береді.
Жалпы көру мүмкіндігі шектелген балалар өте күрделі және әртекті топ құрайды. Олар:
- көру қызметінің нашарлау деңгейіне қарай;
- көру қызметінің бұзылуына қарай;
- көз ауруының үдеуіне қарай;
- жалпы денсаулығына байланысты көру мүмкіндігіне қарай ажыратылады.
Бұл айырмашылықтар балалардың қызмет мүмкіндігінің әр түрлі екенін, олардың еңбекке
деген қабілет деңгейінің бірдей еместігін анықтайды. Сондықтан, көру қабілеті бұзылған
балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарастырып,
оларды кешенді түрде зерттеудің қажеттілігін көрсетеді. Көру қабілеті нашарлаған
балалардың психо-физиологиялық даму процесі дені сау балалардың даму заңдылығымен
бірдей өтеді, бірақ психикалық дамуында өздеріне тән ерекшелік болады.
Бұл ерекшелік бала дамуындағы ауытқушылық түрімен анықталады. Көруінде
ауытқушылығы бар балалардың дамуы – ауруының сипатына, басталған уақытына және
түзету жұмысының уақытылы басталуына тәуелді болады. Ғалымдардың көптеген
зерттеулерінде, көруінде кемістігі бар жандардың көбінесе заттардың басты белгілері, яғни
пішіні мен көлемі арқылы қабылдай алатындықтарын анықтады. Осы белгілерден заттың
сапасы мен қасиеті туралы түсінігі қалыптасады [3].
Жалпы, нашар көретін және көрмейтін балаларды оқыту мәселесі В.Гаюи, Л.Брайль,
А.Г.Литвак, Л.И.Солнцева, Р.С.Муратов, И.С.Моргулис, Б.И.Коваленко, В.С.Свердлов,
Ю.Д.Жаринцева және Ғ.Ә.Абаева, К.Ж.Төребаева, Г.С.Оразаева, Ж.Ж.Қартбаева,
А.Б.Айтбаева, Л.Н.Манжуова сынды отандық
ғалымдардың еңбектерінде кеңінен
қарастырылған.
Отандық ғалым Л.Н.Манжуованың еңбектерінен мүмкіншілігі шектеулі балалардың даму
ерекшеліктері, атап айтқанда, дамуында көру кемістігі бар балалардың сипаттамасына
тоқталып өтейік. Жалпы, арнайы педагогикалық тәжірибеде арнайы мектепте оқытуды талап
ететін балалардың екі тобын ажыратуға болады. Олар, мүлдем көрмейтін және нашар
көретін.
Мүлдем көрмейтін (соқыр) – көру сезімі толық жойылған, жарық сезуі немесе қалдық көру
қабілеті бар (жақсы көретін көзінде көзілдірікпен коррекциялаумен 0,04-ке дейін) тұлғалар,
сонымен қатар, көру өткірлігі 0,08 дейін және көру ауданы 10-15 градусқа дейін
прогредиенті аурулары бар тұлғалар. Көру қабілетінің бүзылу дәрежесіне қарай көріп
қабылдауы мүлдем жойылған, екі көзі мүлдем көрмейтін немесе жарықты, түсті, заттың
контурын қабылдауға мүмкіндік беретін қалдық көру қабілеті немесе жарық сезімі бар соқыр
адамдар деп бөлінеді. Нашар көретін – жақсы көретін көзінде жай көзілдірікпен
коррекцияланған, көрі өткірлігі 0,05 тен 0,2 дейін көру қабілеті зақымдалған тұлғалар [4].
Ал Ғ.А.Абаеваның еңбектерінде өтемдеп қайта өзгерту көздің мүлтіксіздігіне байланысты,
көру қабілетінің тіпті мардымсыз қалдықтары көздерінің ауыр мүкістіктері бар адамдардың
бағдарлануы және танымдық жұмыс жасауы үшін маңызы бар екендігі айтылған. Сонымен
қатар, Л.С.Выгодскийдің көрмейтін адамдарда заттарды қашықтықта байқауға мүмкіндік
беретін алтыншы (жылу) сезімі болатыны туралы сөз етілсе, ал мүлдем көрмейтін
тұлғалардың ең жоғарғы танымдық процестері қалыпты дамып, сезу, ой өрісілік
қызметтердің әрекеттесуінің бұзылуы абстрактілі ойлаудың дамуы басым болатын
ойлағыштық қызметінің ерекшеліктерінде білінетіні айтылған.
Сонымен қатар көздерінде ақаулары бар балалардың ата-аналары баланың жас кезінен
бастап оның қоршаған ортаны қабылдауына мүмкіншіліктер жасауы тиіс екендігі белгілі.
Баламен қарым-қатынаста оған ақпаратты ауызша үзбей бере отырып, «есту арқылы көруге»
5
Республикалық www.orleu.kz порталы
қалыптастыру қажет екендігі белгілі. Нашар көретін және мүлдем көрмейтін балаларды
мектепке дейінгі оқыту мекемелерінің басты мақсаты – балалардың бұзылған көру
функциясын емдеу, мүмкіндік болса қалпына келтіру, оларды мектепте оқуға дайындау.
Сондай-ақ көрудің қалған мүмкіндіктерін пайдалану, танымдық, тұлғалық тұрғыдан дамыту,
кеңістікте бағыт ұстау мен өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастыру бағытында коррекциялық
жұмыстар жүргізіледі.
Нашар көретін және мүлдем көрмейтін балаларды оқытатын мектептің өзіндік принциптері
мен міндеттері болады. Атап айтқанда, балалардың бұзылған көру функцияларын қайта
қалпына келтіру, коррекция және компенсация. Ал тифлопедагогиканың басты мақсаты –
дамуында ауытқушылықтары бар балалардың тұлға ретіндегі жан-жақты толысуы және
дамуы. Осыған байланысты нашар көретін балаларды оқытуға арналған мектептердің
атқаруға тиіс функциялары бар. Оларды төменгі пирамидадан көруге болады.
Оқыту-тәрбиелеу
Коррекциялық-дамытушылық
Санитарлық-гигиеналық
Емдеу-қалпына келтіру
Әлеуметтік бейімделу және кәсіби
бағыттандырылу
Нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді. Егер де нашар
көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқитын болса оның жұмыс қабілеті басқа
қалыпты оқушыларға қарағанда тез төмендеп кететіні белгілі. Егер оның үлгерімі оның
мүмкіншіліктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді. Көру
жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация
мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған.
Жоғарыда аталған балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру
арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болуын тәжірибе
көрсетіп отыр. Оған көруді түзетін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жататыны
белгілі, яғни кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін
құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады. Көру қызметінің
компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуалды құралдар
қолданылады. Оптикалық түзету құралдарынан басқа да есту сақтау құрылғылары бар
электронды-оптикалық жүйелер де қолданылады.
Ал олар қайда оқиды деген сұрақ туындауы мүмкін. Көздерінде ақаулары бар балалар
арнайы мектеп-интернаттарында, нашар көретіндерге арналған арнайы сыныптарда оқиды.
Олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен
жүргізілетін әдістерден көп ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқутәрбие жұмысының негізі міндеті – әлсіз көру жүйесін сақтау және де оны әрі қарай
жасартуға тырысу. Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен
ерекше қамтамасыз етілуі және оқу бөлмесінің терезелеріне ашық түсті перделер ілінуі тиіс.
6
Республикалық www.orleu.kz порталы
Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл және көк түсті бояулармен болғаны абзал. Сонымен
қатар, баланың сабақ оқитын орындары да дұрыс ұйымдастырылуы керек. Мәселен
отыратын парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасап,
кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтықта қоюға мүмкіндік туғызу керек. Оларға
аранайы үлкен әріппен жазылған кітаптар әзірленеді. Жазуға үйрету жолдары арнайы
сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады.
Мүлдем көрмейтіндерге арналған көрнекі оқулықтар балалардың елестетуін дамытуға және
көзді сақтауға әсер етеді. Сабақ барысында әртүрлі диафильмдерді, дыбыс жазатын және
дыбыс шығаратын көрнекі аппараттарды қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.
Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан оның даму
ерекшеліктерін, психикалық қызметтерінде қалыптасқан ақаулардың алғашқы жағдайы мен
динамикасы, әлеуметтік, оқу және басқа да ақпараттарды білу талап етіледі. Көруі
бұзылғандар үшін өзіне тән бағдарлануы дыбысқа реакция беру болып табылады. Көруі
бұзылған балаларда дыбыс – бағдар ұстаудың негізгі функциясы [5].
Нашар көретін және мүлдем көрмейтін балаларды оқытудың және оларды тәрбиелеудің
кейбір ерекшеліктері төмендегідей:
Баланың жалпы және жеке
даму ерекшеліктерін есепке
алу, сенсорлық негізде оқу,
еңбек, ойын әрекетінің
әдістері мен тәсілдерін
қалыптастыру, саралау;
Оқу материалын қайта қарау,
оның ұзақтығын өзгерту, оқу
жүктемесінің көлемін қайта
қарау, оқытудың арнаулы
әдістері мен формаларын,
баланың танымдық
қабілеттерінің арасын
кеңейтуге арналған
оқулықтар мен көрнекі
құралдарды , оптикалық
және тифлотехникалық
құралдарды пайдалану;
Оқу кабинеттері мен
сыныптарды жабдықтау,
санитарлық-гигиеналық
талаптарды сақтау, емдікқайта құру жұмыстарын
ұйымдастыру;
Кәсіптік бағдар беру
жұмыстарын, әлеуметтік
еңбекке бейімдеу
жұмыстарын күшейту.
Жалпы, нашар көретін және мүлдем көрмейтін балаларға арналған жалпы білім беретін
мектептер үш кезеңнен тұратыны бізге мәлім. Бірінші кезең – бастауыш мектеп, екінші кезең
– негізгі мектеп, үшінші кезең – орта мектеп. Бұл кезеңдер бала дамуының негізгі үш
кезеңіне сәйкестендірілген. Яғни, балалық шақ, жеткіншек шақ және жастық шаққа
байланысты болған.
Отандық ғалым Ғ.Ә.Абаеваның еңбектерінде бірінші кезеңдегі мектеп бала тұлғасының
қалыптасуына, потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті
коррекциялауға, емдеуге, көру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш мектепте көру
қабілетін дамыту, көрмейтіндердің сипап-сезу қабілетін дамыту, кеңістікте бағдарлау, сөйлеу
7
Республикалық www.orleu.kz порталы
тіліндегі кемшіліктерді түзету, ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш
мектептің оқушылары көрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу әрекетін,
есептеу, оқу, жазу дағдыларын, өз-өзіне қызмет етудің қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту
мен білім беру арнайы оқу жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады.
Екінші кезеңдегі мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін қажетті еңбек дағдыларын
игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, қоғамға араласуына көмек көрсетуге
бағытталатыны және денсаулықты нығайту мен танымдық, тұлғалық, қимылдық сфераны
түзетуге арналған жұмыстары жалғасады. Ал үшінші кезеңде, кейір пәндерге байланысты
өзгертулер енгізілген жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен ұйымдастырылады [6].
Білім берудің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету,
оның қабілеттерін анықтау және дамыту, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда таныта білу
мәселесі қолға алынып отыр. Әрине, бұл халыққа білім беру жүйелерінің барлық
буындарына, соның ішінде бастауыш буынға және ерекше білімді қажет ететін оқушыларды
оқытуда зор жауапкершілікті жүктейді. Себебі білім мен тәрбиенің негізі бастауыш мектепте
қаланады. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке
қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын, сонымен қатар негізгі мектептің
білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік
қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік
дағдыларын дамытуға бағытталғаны бәрімізге мәлім.
Жалпы, көзі нашар көретін оқушыларға арналған білім беру жүйесін теориялық негіздеп
тәжірибеде тиімді әдістермен толықтыру, нәтижені жинақтау арнайы мектептердің
оқытушыларына үнемі ізденуді, өз жұмыстарына шығармашылықпен қарауды қажет етеді.
Жоғарыда келтірілген көздерінде ақаулықтары бар балаларды оқытудың кейбір
ерекшеліктері сөз етілгенімен, осы бағытта әлі талай зерттеулер жүргізу керектігін, атап
айтқанда, оқытудың нақты әдіс-тәсілдерін, формаларын анықтауды талап етіп отыр.
Мұндағы негізгі мақсат – мүмкіндігі шектеулі балалардың толыққанды өмір сүруіне
көмектесу, жеке тұлғаның қасиеттерін жан-жақты дамыту болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. С.Н.Бейсенбекова. Даму мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып жасындағы оқушыларды
түзету-дамыту жолдары.//Дефектология. №9(75), 2019ж., 3-бет.
2. Р.Измағамбетова.
Мүмкіндігі
шектеулі
балаларды
оқытудың
ерекшеліктері.
//Дефектология. №8(74), 2016ж., 17-бет.
3. Ж.Хамидуллина. Заман талабына сай қазіргі сабақтарға қойылатын тифлопедагогикалық
және офтальмологиялық гигиеналық талаптар//Дефектология. №4(46), 2014ж., 7-бет.
4. Л.Н.Манжуова.
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық
ерекшеліктері. Алматы, 2010ж., 109-бет.
5. А.Б.Айтбаева. Арнайы педагогика негіздері. Алматы. 2017ж., 73-бет.
6. Ғ.Ә.Абаева, К.Ж.Төребаева, Г.С.Оразаева, Ж.Ж.Қартбаева. Арнайы педагогика.
Қарағанды, 2014ж., 141-бет.
8
Республикалық www.orleu.kz порталы
Кенжебек АЗАНОВ
«Ф. Оңғарсынова атындағы
№29 жалпы білім беру орта
мектебі» КММ
«Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне
психологиялық ықпал ету жолдары» тренинг
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 2020 жылдың, қыркүйек айының 14 жұлдызында
«Өркениетті келешек» қоғамдық қорының «Періште» орталығында өткен ең бірінші
тренинг «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуеттенуіне психологиялық ықпал ету
жолдары» атты тақырыпта өтті.
Бұл тренингті Нұр-Сұлтан қаласынан
келген білікті психолог:
Акгуль Бектибаевна өткізді. Тренинг барысында
«Мүмкіндігі шектеулі балалармен қалай жұмыстану керек?» екендігі туралы тоқталып
кетті. Әрине баламен жұмыстану үшін, ең алдымен ата-анасымен тығыз байланыста болып,
өзара
сыйластық
танытып,
ауызбіршілікте
жұмыстану керек екендігі туралы айтты. Сол
кезде атқарған жұмысының нәтижесіне жете
алатындығын айтып, бөлісті.
Мысалы, мүмкіндігі шектеулі балалардың
барлығы
өздерінің
қалыпты
дамыған
құрдастарымен қарым-қатынасты және әлеуметтік
тәжірибенің кеңдігін қажет етеді, бірақ әр баланың
дамуына интегративті білім берудің тиімді және
пайдалы
моделін
таңдай,
оның
барлық
жағдайларда
арнайы
психологиялықпедагогикалық көмегін сақтай білу керек. Осы
тапсырманы орындау үшін тәжірибеде біріктіріп
білім беру моделінің базалық жиынтығы өңделді.
Егер баланың психикалық даму деңгейі өз жасына сай келсе немесе жақын болса,
педагогтардың алдында ол баланың әлеуметтік және білімдік сәйкестігінің масимальді
қалыптасуына қол жеткізу тапсырмасы тұрады. Бұл тапсырманы шешу үшін баланың сау
балалар ортасына ылғи және толық интеграциялау пайдалы, яғни біріктіріп оқытудың
регламенттелмеген моделі, ол жекеше коррекциялық көмекті сақтау жолдарын қарастырады.
Егер балада қалыпты даму үстіндегі
құрастарымен қарым-қатынасқа түсу,
өзара әрекеттесу және білім алу
мүмкіндіктері
жоғарласа,
онда
болашақта оның әлеуметтік және білім
алу әрекеттестігін ұлғайту тапсырмасы
пайда
болады.
Оларға ылғидағы,
маңызды,
бірақ
толық
емес
интеграция пайдалы
болады.
Бұл
форма біріккен қызметтің мазмұнын
және мінезделуін регламенттейді.
Егер, баланың қарым-қатынасқа түсу
және әлеуметтік
серіктестіктері,
баладағы
дамуының
бұзылуымен
байланысты
қиындатыла
түссе,
9
Республикалық www.orleu.kz порталы
онда бірен-сарандаған, бірақ ылғидағы интеграция пайдалы болуы мүмкін. Бұл форма
біріккен қызметтің ылғидағы ұйымдастырылуын қарастырады.
Егер балада қарым-қатынастың және қоршаған ортамен әлеуметтік өзара әрекеттестігінің
минимальді мүмкіндігі болса, оған қарым-қатынасқа түсудің бастапқы тәжірибелік жағдайын
жасау талап етіледі. Бұл балаларға да
жалпы ағымға қосылу қажет, бірақ ол
үшін бірен-сарандаған және уақыттық
интеграция ғана пайдалы болуы мүмкін.
Бұл модель балаларды нақты, бірақ ұзақ
емес уақытқа біріктіруді қарастырады.
Базалық модельдерді қарастыра отырып,
біз интеграцияны ұйымдастыру әр
баланың дамуына және кемістігінің
деңгейіне байланысты сау балалармен
біріктіріп оқытудың тиімді және пайдалы
модельін таңдай алатындығымызды көре
аламыз.
Арнайы
білім
беретін
мекемелерде дамуында ауытқушылығы
бар балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру педагогикалық дайындықты жүзеге
асырады. Өмір қызметтілігінде барьерсыз ортамен қамтамасыз етіледі. Арнайы мектептерде
балаларды оқыту және оларға білім берудің мақсаттарының бірі оларды әлеуметтік
интеграциялау (қоғамға кіруге дайындау). Бірақ арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және
арнайы мектептерде бала әлеуметтік әрекеттестіктің нақты тәжірибесін жинауда шектеледі
және мәселе мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты дамудағы құрдасымен серіктесуге
дайындығында емес.
Қазірдің өзінде арнайы білім беретін мекемелер мынаған қабілетті:
- мүмкіндігі шектеулі балаларға
мамандандырылған
консультативті көмек көрсету
үшін аз уақыт аралығында
оқылатын топтар мен сыныптар
ашу;
- мектепке дейінгі мекемелерде
толықтырушы түрдегі аралас
топтарды ашу, бұл жерде бір
уақытта қалыпты балалар және
мектепке дейінгі жастаға нақты
бір дамуында ауытқушылығы бар
балалар тәрбиеленіп, білім алады;
- қалыпты дамудағы балалармен
дамуында ауытқушылығы бар балалрды тәрбиелейтін және білім беретін арнайы мектепке
дейінгі мекемелерді және мектептерді қайта құру.
Жалпы білім беретін және арнайы білім беретін мекемелердің шекаралары өткізгіш болуы
керек, оқшаулану тосқауылын жеңе білу керек. Әрбір «ерекше» бала өзінің конституциялық
құқығын қолдана алуы керек, яғни білім беру мекмесінің қай түрінде болмасын білім алу,
соған қоса жалпы мектепке дейінгі білім беру мекемелері немесе мектептер. Арнайы білім
беру мекемелері дамуында кемістігі бар, жалпы білім беру мекемесінде білім алуға қабілетті
балаларға, сонымен қатар бұрын білім алуға қабілетсіз деген, күрделі кемістігі бар балаларға
қажетті жекелей көмекті ұсынулары керек. Әрине, ұйымдастырушылық қиындықтар қалады,
жаңа жағдайда әр түрлі балаларға көмек көрсетудің әдістемелік мәселелері шешілмеген, атааналармен бірлесіп жұмыс жасау сұрақтары өңделмеген. Топтың штаттық кестесіне
коррекциялық білім беруді жүзеге асыру үшін дефектолог-мұғалімі кіргізіледі. Аралас
10
Республикалық www.orleu.kz порталы
топтың толуы баланың жасына және біріншілік кемістігінің сипатына байланысты. Аралас
топтардың жұмысын ұйымдастыру барысында бір қатар спецификалық
тапсырмалардың шешуін қарастыру керек:
- дамуында ауытқушылығы бар оқушылардың толық әлеуметтік және білімдік
интеграциясын жағдай жасай отырып қалыпты балаларға қосуды ерте жүзеге асыру;
- дамуында кемістігі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық, медико-психологиялық
және әлеуметтік жұмыстар жүргізу;
- жас нормасынан артта қалған, бірақ айқандалған біріншілік кемістігі жоқ балаларға
қажетті коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету;
- ата-аналарға психологиялық көмек көрсету, оларды тәрбиелеудің әдіс-тәсілдеріне және
білім беруге, өз баласымен қарым-қатынас жасауға педагогикалық технологияларға үйрету.
Ендеше, осы тренингтен үйренгенім өте көп. Болашақта өз тәжірибемде қолданамын. Осы
орайды пайданалып, «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының «Періште» орталығының
басшысы: Карабалина Гулбаршын Аманкосовнаға және «Қазақстан әйелдері» ҚБ
ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық
қаржыландыру шеңберінде «Бала және денсаулық» жобасының аясында осы тренингті
ұйымдастырған әріптестерге алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс
тілеймін.
11
Республикалық www.orleu.kz порталы
«Балдәурен» бөбекжай-бақшасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Ескендирова Майраш Абуовна
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМ ТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ
Бағдарламалық мазмұны: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерімен, соның ішінде әйел мен
ер адамдардың киімдерімен таныстыру. Киімдерге қатысты түсініктер мен сөздерді есте
сақтау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаға деген қызуғушылықтарын арттырып, ұлттық
салт-дәстүрге деген ынта сезімін, өзара сыйластық пен достыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: ұлттық киімдер - национальная одежда, ата – баба – предки,
кездеме – ткань, зергерлік бұйымдар – ювелирные изделия, туған жер – родной край.
Құрал – жабдықтар: қазақтың ұлттық киімдері бейнеленген суреттер, бала – қуыршақ, ала
жіп, қайшы, шашу, әр түрлі қима оюлар. (Бөлме іші қазақы тұрғыда безендірілген)
Мотивациялық – қызығушылық кезеңі
Шаттық шенбері.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Мейрімділік шоғын алайық.
Жиналған жылы шуақты,
Таратайық аймаққа!
Ұйымдастыру – іздестіру кезеңі.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендер ерекше киім үлгілерін көріп отырсыңдар. Олар әртүрлі,
өздері сондай әдемі. Бұл қандай киім деп ойласыңдар?
Балалар: Біз қазақтың ұлттық киім үлгілерін көріп отырмыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Ендеше бүгін біз қазақтың ұлттық киімдері жайлы
әңгімелесеміз. Олай болса, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа-райы қалай өзгереді?
-Қыс айларын атаңдар
-Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар.
-Ұлттық тағамдарын білесіңдер ме?
-Ұлттық бұйымдарды атап беріңдер.
(Топқа жүгіріп ұл бала келеді)
Бала: Алақай, алақай! Біздің үйде той болады. Келіңіздер! Келіңіздер!
Тәрбиеші: Балалар, тойға дайындықпен бару керек. Ол үшін сендер менің әңгімемді
тыңдаңдар.
-Мына көрмедегі киімдер ерте заманда ата-бабаларымыз киген киім үлгілері.
Сәукеле қыз бала ұзатылғанда арнайы тігілетін бас киім. Сәукелені алтын, күміс, маржан
қымбат тастармен әшекейлейді. Төбесіне үкі таққан, екі жағында салбыраған шолпысы бар.
Ерлер бас киімі – айырқалпақ. Ол жұқа киіз немесе қалың мата салынып тігіледі.
Тақия. Ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияны пүліштен, ал астарын жібек сәтеннен тігеді.
Кимешек. Оны әйел адамдар киеді. Кимешек кию инабаттылққа, тазалыққа тәрбиелейтін
салттың бірі.
12
Республикалық www.orleu.kz порталы
Қамзол. Бұл әйелдердің киімінің бір түрі. Оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш,
мақпал сияқты асыл сапалы кездемелерден тігіледі, қазақы оюмен өрнектеледі.
Шапан. Аталардың киетін киімі. Қымбат матадан тіккен. Етек – жеңіне жібек жіппен
өрнектеп ою салған. Бұл шапанды тойға киеді.
Саптама етік. Ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілген жылы аяқ киім.
Мәсі. Оны да былғарыдан тігеді.
Сергіту сәті: Тымақ киіп басыма,
Иыққа шапан жабайық.
Тізілген маржан тасы бар,
Қаусырыма белдік тағайық .
Етек женді жинақтап ,
Төрден орын табайық. (Ұл балалар малдас қуып, қыз балалар аяқтарын жинақтап отырады)
Тәрбиеші: Міне, балалар, сендер енді қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін білетін
болдыңдар.
Жарайсыңдар, балалар. Біз енді әжеміздің үйіндегі тойға жету үшін үш қақпадан өтуіміз
керек.
(Балалар жолға шығады, қақпаға келеді)
Бірінші темір қақпаның тапсырмасы.
-Ерлер киімін ата.
-Әйелдер киімін ата.
-Зергерлік бұйымдарды ата.
Балалар: Ерлер киімі – айырқалпақ, тақия, шапан, саптама етік.
-Әйелдер киімі – сәукеле, кимешек, қамзол.
-Зергерлік бұйымдар – алқа, сырға, сақина, білезік.
Екінші күміс қақпаның тапсырмасы.
Дидактикалық ойын: (Сыңарын тап).
Ойыншының шарты: балаларға оюлардың жартылары салынған қағаздарды үлестіру.
Сол оюдың жартысын әуең тындап жүріп табу.Тоқта деген белгі бойыншы, әр ою өз
сыңарын табу тиіс. Балалар, оның қандай ою екенін, түр түсін әңгімелеп береді. Ал сыңарын
таба алмағандар ойынның шарты бойынша өлең немесе таппақ айтады.
Үшінші алтын қақпаның тапсырмасы. Туған жер, Отан турал мақал-мәтелдер айту керек.
-Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
–Отан оттанда ыстық.
-Отансыз адам, ормансыз бұлбүл.
-Отанды сүю от басынан басталады.
– Отанды сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
Балалар әженің аулына келіп жетеді, оларды әже қарсы алады.
Әже : Бәрекелді бағанада күткен қонақтарымыз келді. Қош келдіңдер! Қонақтар тойға
дайындықпен келген болар.
Тәрбиеші: Әрине біздің балалар сіздерге киімдерге қатысты қазақтың тыйымдары мен
ырымдарын айтып береді, ал сіздер естеріңізге сақтап алыңыздар.
1-бала: Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң колдан киімді кию,
жақсы ырым болып саналады.
2-бала:Көпшіліктің алдында жалаңаш жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
3-бала:Киімнің жағасын басуға болмайды, жаман ырым болып саналады.
4-бала:Киімді желбегей жабылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана желбегей жамылады.
5-бала:Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның
маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза,
ұқыпты ұстап, босағаға емес төрге ілу керек.
6-бала: Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Мұндай жағдайда адамның жолы
болмайды жамандыққа ұшырайды.
13
Республикалық www.orleu.kz порталы
Әже: қандай білімді баласыңдар . Бүгін сендер (Тұсау кесу) тойына дәл келдіңдер. Олай
болса мен міндетіме кірісейін.
–Келін, әкеле ғой немеремді мұнда.
Тоқ ішекпен кескенім,
Тоқшылық болсын дегенім.
Көк шөппен кескенім,
Көктей көгерсін дегенім.
Ала жіппен кескенім,
Адал болсын дегенім. (Тұсау кесе отырып айтады)
Қаз-қаз балам қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Қадамыңа қарайын ,
Басқаныңды санайын. (Тұсау кесіп болған соң айтады)
Әжеге сыйлық беріледі, шашу шашылады.
Ата бата береді: Құлындай құлдырып жүгірші,
Кәнеки өзіңді сына да.
Секірсең ешқашан сүрінбе.
Шыңдарға шыққанда бүгілме.
(Балаларда алақандарымен беттерін сипайды)
Рефлексиялық-түзетушілік
Тәрбиеші: Ал, балалар біздің де бақшамызға оралатын кез келді. Балабақшаға барғанша
әңгімелесіп барайық.
-Балалар бүгін біз қайда бардық?
-Нелер жайында білдік?
-Сендерге кімнің жауабы ұнады ?
-Балалар міна балабақшамызға да келіп жеттік. Бүгінгі күнге мен өте ризамын, өйткені,
сендер өздеріңді жақсы көрсеттіңдер. Іс – әрекетімізді әдемілеп аяқтайтын кез келеді.
(Балалар шеңберге тұрып жылулық шеңберін жасайды)
Осындай ойын-сауық бола берсін,
Үй іші той думанға тола берсін.
Өмірдің гүл жайнаған жанатындай,
Бақшаға бақыт құсы қона берсін!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жалпы киімдер жайлы қарапайым түсініктер.
Қандай түсініктерді игерді: қазақтың ұлттық киімдері және оның түрлері, соның ішіндегі
әйел мен ер адамдардың киімдері туралы түсінікті игерді.
Меңгерген дағдылықтары мен іскерліктері: киімдерге байланысты ырымдар мен
тыйымдарды дұрыс айта білу, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындай алу, өзара
сыйластықты орната білу дағдылары мен іскерліктерін меңгерді.
14
Республикалық www.orleu.kz порталы
Раханова Бота Сексенбаевна
І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№37 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Менің жүрегімнің мектебі
Кешегі Алаш арыстарының жалғасы ретінде осындай киелі мамандықтың
тұтқасынан ұстағаным үшін кеудемді қуаныш кернейді. Әуелі Аллаға арқа сүйеп, сонан
соң Абай атамыз айтпақшы, өзіме сеніп бастаған мұғалім атты мәртебелі мамандықта
еңбек еткелі 26 жыл өтіпті. Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылы №37
І.Жансүгіров атындағы мектепте тарих пәнінің, І санатты мұғалімімін. Оқушы - ұстаз
жүрегі болса, мектеп ұстаздың жүрегі болмақ, демек менің жүрегімнің мектебі. Ұстаз
деген ол – әрбір адамның жүрегінен орын алған қасиетті ұғым. Жас ұрпақты әр қырынан
танып, сауатын ашатын, ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін адам. Абай атамыз
балаға мінез, үш алуан адамнан жұғады: бірінші- ата-анасынан, екінші – ұстаздан,
үшінші- досынан деген екен. Балаға қалыптасқан бірінші мінезі отбасындағы ата-ананың
балаға берген тәрбиесі. Атаның ақылын тыңдап, әженің әлдиі мен өнегесін естіп өскен
әрбір ұрпақ үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алады.
Екінші ұстазынан жұғады дегені, мұғалім балаға білім мен қатар тәрбиені де бере
біледі. Баланыны қиыншылықта жеңе білуге, өзгенің қуанышына ортақ бола білуге
үйретіп келемін. Алғашқы ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин: «Балалармен ашуланбай,
байсалды сөйлесу, әр пәнді бар ынтамен, пейілмен, қарапайым тілмен түсіндіру керек»деген сөздер менің өмірлік ұстанымым. Балаларды ана тілінде еркін сөйлеп, өз ойын
анық жеткізуді үйретіп, сәби жүрегіне сөзді қонымды жеткізе білу үшін күнделікті
өткізілген сабақтар мен шығармашылық жұмыстарым, іс-әрекеттер жақсы, әрі қызықты,
сәтті өткізе отырып, оқушының болашақ өміріне деген қажетті дағдыларының
бастамасына жол аша білдім.
Ұстаздық мамандығының қазіргі таңда қызығы мен қиындығы қатар жүретіні айдан
анық. Арқасына артылған ауыр жүгі, мол жауапкершілігі, міндеті айта берсең өте көп.
Өзіме артылған міндет пен жауапкершілікті дұрыс атқара алмасам, жас ұрпаққа сапалы
білім, саналы тәрбие бере алмасам, содан өткен сорақылық жоқ. Ұстаздық жолында биік
белестерді бағындырып, алдағы қиындықтарды мойымай, қасқая қарсы тұрып, өз
іскерлігімен көрсете білсе, міне ұстаздың еккен егінінің жемісі, өзінің білім берген –
шәкірттері болып табылмақ. Ұстаз - бағбан болса, шәкірт - жеміс іспеттес. Бағбан ағашты
күтіп баптаса, шыққан жемісінің өсіп – жетілуі, шәкіртінің білімді болуымен пара – пар.
Мен қандай мұғаліммін? «Ұстаз мектептің жүрегі» болу қасиеті менің бойымнан
табыла ма? Міне осындай сауалдарды бой елегінен өткізе отырып, алдыма басты мақсат
қойдым. Мен ұстаз ретінде ұлт болашағын ойлап, алдымда отырған қаракөз шәкірттеріме
жаңартылған білім мазмұнына сай сапалы білім мен саналы тәрбие бере білдім. Қазақ
елінің болашағы, шамшырағы бола білетін жас шәкірттерімді білімді етіп тәрбиелеу
жолында аянбай еңбек етудемін. Жас ұрпаққа біліммен тәрбиені, ұлттық құндылықты,
адамгершілік пен жауапкершілікті бойына сіңіріп, дарыта білу бірден бір асыл қасиет.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңа ғасыр, жаңа
заман талабына сай ұстаздар үнемі ізденіс үстінде болу керек» деген болатын. Елбасы
айтқандай қазіргі жаһандану дәуірінде үнемі ізденіс үстінде болып, шығармашылықпен
жұмыс жасап, шәкірттеріме аянбай білім беріп келемін! Мақсаты айқын болса, қазақ
елінің болашағы жарқын болары анық. Үштілділік, латын әліпбиіне көшу, цифрлық
сауаттылық, білім мазмұнының жаңаруы жолында, әрбір ұстаздың шығармашылық
15
Республикалық www.orleu.kz порталы
ізденісі мен талпынысы арқылы іске асады. Жаңартылған бiлiм беру жүйесiнің басты
мақсаты – өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін
өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілеті,
жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен көшбасшылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа әдіс
- тәсілдердің тиімді жақтарын көрсетіп, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдала

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)