Материалдар / педпгогикалық оқу "Бейнелеу өнерінде критериалды бағалауды пайдалану жолдары"

педпгогикалық оқу "Бейнелеу өнерінде критериалды бағалауды пайдалану жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері үшін қажетті материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
1855
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады































Бейнелеу өнерінде критериалды бағалауды пайдалану жолдарыЕлеусинова Назгуль БорангалиевнаШоқпартоғай селосы, Жылыой ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектептің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңындағы негізгі міндеттерінің бірі – жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның өзіндік мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету және оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Себебі оқушының шығармашылық қабілетін арттыру оның ойлау қызметіне тікелей ықпал етеді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ең басты міндетіміз. Жеке тұлғаны қалыптастыру ал жеке тұлғаны даралық қабілетін көрсетуде бейнелеу өнері пәнінің орны ерекше. Өйткені бейнелеу өнері пәні – оқушының дербес, жеке – дара шығармашылық ойлау қабілетін көрсетуге болатын ерекше пән. Бұл өнер саласы бойынша баланың бейнелеу, сурет салу дағдысы мен шеберлігі қалыптасып, сурет салу, жабыстыру, мүсіндеу, бояумен жұмыс істеуге үйретеді және бейнелеу өнерінің алуан түрін меңгереді. Әрбір ғылым саласының өзіндік ерекшелігі болатын сияқты бейнелеу өнерінің де ерекше талаптары бар. Олар: жаңа материалды түсіндірудегі белсенділік, көрнекілік, дидактикалық әдіс – тәсілдермен қатар оқушыларға берілетін тапсырмалардың жүйелі түрде, оқушылардың сауатты білім алуына әсер ететіндей жағдайда сабақты ұйымдастыра білу. Әрбір сабақта сурет салу үшін оның әдіс – тәсілдерін оқушы білуі тиіс болғандықтан алдымен сызықтың түрлерін үйретіп аламын. Сызық – суреттің ең негізгі, мейілінше әсерлі элементердің бірі. Сызық заттың пішініне қарай әр түрлі бағытта өзгеріп отырады. Суреттегі сызық «жанды» сызық өйткені ол үнемі қозғалыста болады. Сызықтың ең негізгі түрлері: түзу, көлбеу, ирек, дара, үзік, сынық. Сызықтың түрлерін терең меңгерген оқушы заттың пішінін қағазға бейнелеуге бейім болады. Оқушылардың қолдары еркін сызуға жаттығады. Жалпы сурет салуда таңдап алған бұйымымыздың көлеміне байланысты қағаз бетіне орналасуын (тігінен немесе көлденең) анықтап аламыз. Көмескі сызықтар арқылы қағазға оны көз мөлшерімен бейнелейміз. Сонан кейін біртіндеп бейнелеуде жее бөлшектеріне көшеміз. Заттың жарық, көлеңкесін ажыратып, өз түсіне тән бояумен бастаймыз. Жылы және суық түстерді үйлесімді қолдану арқылы заттың толық пішінін бейнелейміз. Жалпы бейнелеу өнерінің мақсаты – оқушыларды сауатты сурет салуға бейімдеу. Сурет жанрының әр түрлілігіне байланысты сурет салуда қолданылатын заңдылықтарда әртүрлі. Бұл заңдылықтар сурет салуға қойылатын талаптармен қоса критериалды бағалауда табыс критериін құрайды. Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына, жан – жақты дамуына бағытталған. Баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алу өте маңызды болып табылады. Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етуі қажет. Осыған орай оқушының дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі енгізілмек. Бұл үшін әрбір оқушы мен оның ата – анасына түсінікті болатын айқын және нақты өлшенетін бағалау критерилері бекітілген.

Бүгінгі таңда бағалаудың екі түрі қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады. «Мақсат – жетiстiктiң желкенi» - дегендей, менің алға қойған мақсатым бейнелеу пәнін құрметтеу, сурет салу дағдыларын қалыптастыру болғандықтан мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс жасауға көңіл бөлемін. Өйткені оқушы шағын топтарда немесе жұппен жұмыс жасауда, бірлесіп үйреніп, ортақ мәселелерді талқылай алады. Сонымен қатар барлық сабақтар барысында қалыптастырушы бағалаудың келесі түрлерін қолданған тиімді деп ойлаймын.Текшелер (фишка) тарату арқылы: Қол шапалақтау немесе мадақтау; Стикерге бағалау; "2 жұлдыз, 1 тілек"; "Мақсат ағашы" арқылы бағалау; Өзін - өзі бағалау; Жұптық жұмыста бірін -бірі бағалау; Топтық жұмыста бірін- бірі бағалау. "Сұқ саусақ" белгісі арқылы бағалау; «Алақан » белгісі арқылы бағалау.Текшелер немесе геометриялық пішіндер (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) арқылы оқушылардың берген жауаптарын бағалауға болады. 5 - 6 сынып оқушыларының арасында текше алуға қызығуышылықтары жоғары болады. Текшелерді алған оқушылар бір - бірімен салыстыра отырып, бір - біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болады. Қызыл (3-ұпай) және сары (4 - ұпай) текшелерді алып қалған оқушылар жасыл (5 - ұпай) текшені алғысы келіп, тырысатыны байқалады, дегенмен де қызыл текшеге де қол жетіп қуанған оқушылар да болады. Қалыптастырушы бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмайды, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып, «Табыс баспалдағы», «Алақан» тренингісі арқылы кері байланыс жасап, өздерінің білім дәрежелерінің қай деңгейде екенін ұялмастан айтып, келешекте неге көңіл бөлу керек екенін түсінді. Ал топ мүшелерінің текшелерін біріктіріп есептеп, көшбасшы болған топты анықтауға ыңғайлы болады. «Екі жұлдыз, бір тілек » бағалауы топтар арасында постер жасап, қорғаған кездегі топтардың жасаған жұмыстарының сапалылығына, мәтіндерінің дұрыс құрастырылғанына көңіл аударып, кемшіліктерін таба білуге үйретеді. Бастапқы кезде қалыптастырушы бағалау бойынша өздерін бағалау қиындау болғаны сөзсіз. Бір - бірін бағалаған уақытта бір - біріне сенімсіздік танытып, ренжігендерін де байқадым. Сондықтан мен қандай да бір жұмысты бағаламас бұрын оқушылармен бірлесіп, бағалау критерийін құрастырған соң, әділ баға қойылатын болды. Осы кезден бастап, бағалау критерийінің оқушылар үшін маңызды екенін түсіндім.Бағалау критериі - дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесінің негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. ( Глоссарий) [3]. Қалыптастырушы бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым - қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Қалыптастырушы бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған.

Қалыптастырушы бағалаудың басты ерекшелігі:Алдын - ала ұсынылған бағалау шкаласы;анық, айқындылығы;бағаның әділдігі;өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуіҚалыптастырушы бағалау сабақтың өн – бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критериймен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін ерін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады. Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады.Оқушыларға өз оқуын жақсарту тура кері байланысты (пікірлер мен ұсыныстар) беру мақсатында қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау барысында балаға баға қойылмайды. Оны баланың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында қалыптасатын уақыт деп те айтуға болады. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім оқушымен кері байланыс жүргізу арқылы оқушы біліміндегі олқылықтарды толықтырып отырады. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі: Оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін (бөлім бойынша жиынтық бағалау); Тоқсан алдында (тоқсандық жиынтық бағалау). Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға ауыстырылып қойылады. Бейнелеу өнері пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жиынтық бағалауды сәйкес келетін тақырыптар бойынша топтастырып өткізіп отырамын. Мысалы: 5 – сыныптағы « Композиция заңдылықтары», «Кескіндеме түстік шешімін табу», «Акварель бояуымен жұмыс», «Ылғалды кескіндеме», «Графика өнерінің түрлері», «Затқа қарап сурет салу», «Геометриялық денелерден құралған натюрморт» салу тақырыптары бойынша шығармашылық еркін тақырып беріп сурет салуды жоспарлаймын. Салынған суреттерге сәйкес оқушылармен бірлесіп табыс критериін белгілеймін. Табыс критериінің жеңіл, күрделілігіне сәйкес ұпай белгіленеді, жиынтық ұпай көрсеткіші арқылы баға белгіленеді. Сурет салу ережесінің әрбір қадамы табыс критериін құрайды. Олар төмендегіше құрылады.
Табыс критериіСәйкес ұпай
1.

2.



3.

4.

5.

6.
Жобалық сызықты қолдану

Заттың пішінін қағаз бетіне орналастыруы

Жеке бөлшектерін дәл орналастыруы

Заттың жарық көлеңке бетін анықтауы

Түске тән бояуды қолдануы

Жылы, суық түстерді үйлесімді қолдануы.
2 ұпай

3 ұпай



3 ұпай

2 ұпай

2 ұпай

3 ұпай



Барлығы: 15 ұпайЕнді осы кестеге сәйкес бағалау өлшемін көрсетсек: 14 – 15 ұпайға «5», 10 – 13 ұпайға «4», 7 – 9 ұпайға «3» бағасы қойылады. Бұндай бағалау жүйесінің тиімділігі оқушы білімі нақты бағаланады, оқушы өз біліміндегі кемшілікті анықтай алады. Бағалау жүйесінің жаңа әдісін бейнелеу өнерінің түрлері бойынша қалай қолдануға болатына көз жеткізіп көрейік. Бейнелеу өнерінің түрлері төрт топқа бөлінеді. Олар: график, живопись, мүсін, қолөнері. Енді осы өнердің түрлеріне тоқталсақ, әрбір өнер түрлерін меңгертудің әдіс – тәсілдері бір – біріне ұқсамайды, әр жанрдың өзіндік ерекшелігі бар екенін көруге болады. Графика – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ, қара дақ, таңба. Графикаға соңғы кездері түрлі – түсті бояуларда қоланылады.

Бұл суретті салу кезінде оқушылардан төмендегідей табыс критериілері талап етіледі.
Табысты критериінің өлшемдеріҰпай саны

1.

2.

3.

4.

5.

Суретті парақ бетіне орналастыру.

Өлшемнің дәлдігі (пішіні)

Композициялық құрастыруы

Түс түрлерін таңдауы, үйлесімділігі

Суреттің сапасы
2 ұпай

2 ұпай

2 ұпай

2 ұпай

2 ұпай
Барлық ұпай: 10 Жиынтық ұпай – 10. Енді ұпайға сәйкес бағалау өлшеміне тоқталсам, 9 – 10 ұпайға «5», 8 – 7 ұпайға «4», 5 – 6 ұпайға «3» қойылады. Осы сабақ бойынша оқушылардың критериалды бағалау нәтижесі төмендегідей болады. «5» - ке орындаған – 3 оқушы, «4» - ке орындаған – 9 оқушы, қалғандары 5 – 6 ұпайға ғана жинады. Сабақ барысында табыс критериалды оқушыларға түсіндіріледі, сондықтан оқушылар өз білімін бағалауға мүмкіндік алды, кеткен кемшіліктерін өздері анықтады, жұмыстарын өзара салыстыра білді. Міне мұның барлығы сурет салу шығармашылық жұмыс, яғни сауаттылықты, ерекше қабілетті талап ететін оқушылар түсіне білді. Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Кескіндемедегі басты құрал – бояу түстері болып табылады. Кескіндеме мынадай жанрларға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық картина. Осы жанрлар туралы оқушыға алдымен теориялық білім беріледі де практикалық жұмыс жасау тапсырылады. Практикалық жұмысты бастар алдында критералды бағалаудың іс – әрекеттері мен өлшем ұпайлары таныстырылады. Бұл слайд арқылы оқушылардың назарында ұсталады. Оқушы жұмысты ақталмаса келесі сабақта, үйде жалғастыруға рұқсат етіледі. Тапсырманы оқушы аяқтаған соң бетше таратылады. Бетшеде оқушының өзін – өзі бағалауы жүзеге асырылады. Бұл әрекет қалыптастырушы бағалау кезінде жүргізіледі де кері байланыс жүргізіледі. Кері байланыс кезінде оқушы өзінің қателігін түзетіп суреттегі қателерін түзетуге жұмыстанады. Білмеген жерлерін оқулықтан, ақпарат метериалдарынан іздеп зерттейді, оқиды. Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап сурет салу Пәні: Бейнелеу өнеріСыныбы: 5 сыныпСабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды нұсқаға қарап сурет салуға баулу. Кескіндеме түрлері жайлы мағлұмат беру. Оқушыларға натюрморт жанры туралы түсінік беру, сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету.Тәрбиелілік: Оқушыларды натюрморт салуға баулу. Бейнелеу өнері мәдениеттілігін таныстыру. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық қабілетін арттыру. Дамытушылық: Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету. Кескіндеме өнері жанрларына тоқталу. Есте сақтау, қиялдау, көре білу қабілеттерін дамыту.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: аралас, практикалық Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, практикалық жұмыс, түсіндірме, сұрақ-жауап, бағалау, «Б-Б-Б», «Кластер», «Аквариумдағы алтын балық» әдістері, ойынКөрнекілігі: бағалау парағы, бағалау критерийі, «Б-Б-Б» жазылған плакаты, 4-кезеңге бөлінген суреттің үлгісі, заттардан құралған компоновка, үлестірме карточкалар, бағалау үшін бағдаршам көздерінің түстері.Қажетті құрал-жабдықтар: альбом, түрлі-түсті қарындаштар, құмыра, жеміс-жидектер, жабын, маркерлер, плакаттар.Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындауға дағдыланады. 2. Ортада еркін сөйлеуге үйренеді. Топта көшбасшы болуға әрекет етеді, сол үшін жұмыстанады. 3. Өзін-өзі бағалауды, топты бағалауды критерий бойынша жүргізуді үйренеді. 4. Затқа қарап сурет салуда кезеңге бөліп жұмыс жасау керек екендігін саралайды, ескереді.5. Топпен жұмыс жасай отырып, жеке оқушылардың белсенділігін анықтау. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау. А) Қызығушылығын ояту Сыныпты 2 топқа бөліп отырғызу. Ол үшін бірнеше бөлікке бөлінген екі суретті оқушылар мұғалімнің қолынан бөлшегін суырып, құрастыру. Топтар анықталғаннан кейін, атауларына шағын түсінік беріп, ұйымшылдықпен жұмыстануға шақыру. Б-Б-Б («Білемін-Білгім келеді-Білдім» әдісімен ой қозғау, өткен тақырып пен үй тапсырмасына шолу жасау арқылы кестені толтыру)«Білемін» «Білгім келеді» «Білдім»ІІ. Үй тапсырмасын тексеруА) «Кластер» әдісі (әр топқа плакат пен маркер және фламастер беріледі. Үйге берілген тапсырмадан түсінгендерін схема ретінде сызып, талдап, суретін салып, келесі топқа түсіндіреді.) Мысалы: Б) «Аквариумдағы алтын балық» әдісі ( Топ өз жобасын ортада қорғайды. Келесі топ түстер арқылы бағалайды.)Бұл кезеңнің бағалау критерийі: «Қызыл түс»- түсінікті «5», «Сары түс» - аздап түсінікті «4», «Көк» - түсініксіз «3». Қолдарындағы түстер арқылы топтың жұмысын бағалайды. Әр топтың оқушысынан кім жобаны қорғауға қатынасты сол оқушы топтың алған бағасымен сәйкес өз тұсына стикер жапсырады.)ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек. Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы – нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат – ең әуелі нәрселердің жалпы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау. Сурет салудың басты талаптары – жалпыдан дараға және дарадан жалпыға. Оны кезеңге бөліп қарастырамыз. 1-кезеңде заттың жалпы белгілерін көрсетіп, оның сұлбасын сызып алу керек. Заттың пішінін бірнеше сызықтар немесе геометриялық фигуралар түрінде, көп жағдайда түзу сызық арқылы белгілейді. Схемасын тұрғызу. Кетіргішпен жұмыс жасай білу. 2- кезеңде сурет салуды типке келтіру басталады. Схемалық бейне өзара жақын тұтас топқа тән зат пішінінің типтік ерекшеліктерін айқындайтын нақты белгілердің пайда болуымен толықтырылады. 3-кезең – жекелеу. Бұл – заттың елеусіз элементтерін, бірақ өзіне тән қайталанбайтын ерекшеліктерін айқындайтын маңызды кезеңдердің бірі. 4-кезең – бұрын жасалғандарды қорытындылау. Ол үшін суретті үлгімен мұқият салыстыру керек. Қателерін түзеткеннен кейін зат пен оның бейнесін толық көру үшін сурет пен үлгіні тағы да салыстырады. ІV. Машықтық кезең Ортаға компоновка қойылады. Сол компоновканы затқа қарап сурет салудың кезеңдерін сақтай отырып, бейнелеу қажет. Мұғалім нұсқау беріп отырады. Бұл кезеңді бағалаудың критерийі:«5» - 4-кезеңді бастап жатырған болса. «4» - 3- кезеңмен жұмыстанып жатырса.«3» - 1-2 кезеңді салып жатырса. ( Критерий бойынша оқушылар өз жұмыстарын стикер түсі арқылы бағалайды)V. ҚорытындыБ-Б-Б әдісінің үшінші кестесін толтыру. (Оқушылар өздері маркермен жазады. «Экипаж» ойыны.Бұл ойынның жалпы мақсаты: алған білімдерін саралау, есте сақтау үшін тағы бір мәрте қайталап өту. Топта еркін сөйлеуге үйрену. Барысы: әр топқа мұғалім қолындағы карточкалардың ішінен біреуін суыртады. Карточкада мынадай жазулар болады. «Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді. «Барлығы» карточкасын алған топтан мұғалім тақырып бойынша барлық оқушыдан сұрайды. «Делегат» карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сұраққа жауап айтуға жібереді. «Сенім» карточкасын алған топта топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардан өзі сұрайды, бағалайды, мұғалім оған сенім білдіреді. (Ойынның барысына қарай бағалайды) VI. Үйге тапсырма: заттардан тұратын көп нобай дайындап алып келу.Бағалау: Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалап, 2 жұлдыз 1 ұсыныс айту. Оқушының аты-жөні:...................................................................
І. Үй тапсырмасыІІ. Затқа қарап сурет салуІІІ. «Экипаж» ойыныҚорытынды баға










Мүсін – бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсінді үш жағынан кеңістікте көруге болады. Мүсіндеуде барлық форма анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі – адам. Мүсіндеудің түрлері: жұмыр мүсіндеу және рельеф. Мүсіндеу өнері бойынша 5 - сыныпта « Жануар мүсіні» тақырыбы берілген. Бұл тапсырманы орындау кезінде ол сәулет өнері болғандықтан мүсіннің биіктігі , ендігі, аумағы ескеріледі. Мүсінші өзі бейнелеп отырған жануар мүсінінің сыртқы тұлғасымен қатар оның жүрісін, қозғалысын бедерлеуге жұмыстанады. Мүсіндеу қнері бойынша табыс критерийлерін анықтағанда мүсіндеу шарттары ескеріледі. Оқушының білімін критериалды бағалауды тоқсан соңындағы сауалнама жұмыстарын орындау кезінде де пайдалануға болады. Бұл кезеңде сауалнаманы үш бөлімге бөліп құрастырған жөн. Менің тәжіребемде 6 – сыныпта тарау бойынша өткізген сауалнаманы төмендегіше құрастырдым.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ