400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педтехникум түлегі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ш.К.Айманов

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында мектеп пен колледж ұстаздарына пайдасы тиеді деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педтехникум түлегі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ш.К.Айманов


2013-2014 оқу жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің ағылшын тілі бөлімінде орналасқан №202 дәрісханаға қазақ кино әлемінде өшпестей із қалдырған саңлақтардың бірі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді. Теа­тр сахнасында болсын, кино әлемінде болсын, Шәкен Аймановтың қолтаңбасы тиген дүниелердің бәрі ерекше құнды. Сол себепті дәрісхана меңгерушісі Искакова А.Ж. басшылығымен атаулы оқу кабинетінің ашылуына байланысты материалдар жинақтау жұмыстары жүргізілді.

Кіші ғылыми зерттеу орталығына арнап «Қазақ киносының саңлағы» тақырыбында стенд жасалды. Оның мазмұны:

  • қазақтың әйгілі актері әрі дарынды режиссері, КСРО халық әртісі, «Қазақфильм» киностудиясының жетекшісі Ш.Аймановтың өмірбаяны, сонымен қатар Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Аймановтың есімі беріліп, аумағына актер бюсті орнатылғаны туралы,

  • Шәкен Айманов атындағы кабинет-мұражай ашылғандығы, Алматы қаласында дарынды тұлғанің құрметіне көше аты берілгендігі жөнінде,

  • Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр ашылғандығы жайында естеліктерді,

  • Фильмографиясы, режиссерлік еңбектері мен Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделерді қамтиды.

Дәл осы оқу жылында Шәкен Кенжетайұлы Айманов атындағы ғылыми орталықтың мүшелері бекітіліп, оқу кабинетінің даму жоспары құрастырылды.

Ш.Аймановтың 100 жылдық туған күніне орай өнеге сағаты өткізілді. Өнеге сағатының мақсаты:

- Шәкен Аймановтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру,

- актер және шебер режиссер ретінде насихаттау арқылы білім алушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру,

- халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнаған өнер майталманының құрметіне арнап өткізілетін «Шәкен жұлдыздары» атты халықаралық кинофестивалінің мақсатымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

«Шәкен біздің өмірде...» атты Шәкен Аймановтың педтехникумде оқып жүрген кезіндегі естеліктер мен қосымша мағлұматтар жинақталды.

«Кино әлемінен» тақырыбында фотоальбом жасалды.

2014-2015 оқу жылы Смаилова Т.А. бастамасымен Шәкен Кенжетайұлы Айманов атындағы ғылыми орталықтың мүшелері бекітіліп, оқу кабинетінің даму жоспары құрастырылды. Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы туралы фотоальбом толықтырылды.

Осы оқу жылының ақпан айында Шәкен Аймановтың туған күніне орай «Ұстаз, Білім, Шәкірт» облыстық газетіне мақала берілді. Қазақфильм киностудиясы туралы деректер жинақталды.

2015-2016 оқу жылы 17 «ә» тобында «Шәкен Айманов – қазақ киносының жарық жұлдызы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Топ жетекшісі Смаилова Т.А. колледж тарихында есімі қызыл әріппен жазылған ұлы тұлғалардың бірі Ш.Аймановтың туған күніне байланысты колледждің 1-курс білім алушыларын өнер және мәдениет қайраткерінің өмір жолы мен еңбектерімен таныстырды. Тәрбие сағатының барысында тақырыпқа байланысты слайдтар, суреттер мен фильмдерден үзінділер көрсетілді.

Оқу жылы басында 17 «ә» тобына М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің мұражайында «Алаштың білім ордасы» атты саяхат-сабағы жүргізілді. Мұражайда білім алушылар Шәкен Айманов туралы ақпараттармен таныстырылды.

Дәрісхана меңгерушісі Смаилова Т.А. ізденіс жұмысын жүргізуде жазғы демалыста Алматы қаласындағы Қазақфильм киностудиясына барып танысып, суреттер жинақтаған.

Жоспарға сәйкес 2015-2016 оқу жылында қабылданған 1-2 курс студенттеріне арналған тәрбиелік іс шара өткізілді. Шәкен Аймановты еске алу және әйгілі «Тақиялы Періште» фильмінен үзінді қойылды. Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының «Өнер» бөлімінен келген қонақтар кітап көрмесін ұйымдастырып, жұмыстарымен таныстырып өтті.

Студенттердің ғылыми шығармашылық бағыттағы жұмыстары баулуда ілгерілеушілік бар. Актердің өмірі мен еңбек жолын насихаттау мақсатында рефераттар папкаға жинақталған.

2017-2018 оқу жылы «Шәкен жұлдыздары» атты колледжішілік мүшәйра ұйымдастырылды. 15 ақпан Ш.Аймановтың туған күніне орай №201 дәрісханада орналасқан кіші ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл байқаудың мақсаты:

  • Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау; Ш.Аймановтың өмірі мен кино өнеріндегі шығармашылығын, туындыларының қуаты мен тәлімдік мәнін насихаттау;

  • жас ұрпақтың білікті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

  • кіші ғылыми зерттеу орталығының жұмысын жандандыру және құрамын толықтыру.

2018 жылдың 16 ақпан күні колледжімізде қазақтың әйгілі актері, режиссері, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың есімі берілген дәрісханада жұмыс істейтін кіші ғылыми зертеу орталығының ұйымдастырумен «Шәкен жұлдыздары» атты колледжішілік байқау өткізілді. Байқау Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болған, ұлттық кино өнерінің биік шыңы саналатын Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туған күніне орай ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясын колледже жүзеге асыруға атсалысу, Шәкен Аймановтың өмірі мен кино өнеріндегі шығармашылығы, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, туындыларының қуаты мен тәлімдік мәнін насихаттау, жастардың білікті де шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ете отырып, кіші ғылыми зерттеу орталықтарының жұмысын жандандыру және құрамын толықтыру. Сонымен қатар білім алушыларды сахна мәдениетіне баулу, кино өнері туралы таным көкжиектерін кеңейту.

Байқауға арнайы келген Баянауыл ауданының Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернаты жанындағы музейдің меңгерушісі Рахимтаев Ержан Бақтыбайұлы колледжімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған шараның ұлттық рухты, ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызын ерекше ықыласпен атай отырып, колледжге «Баянауыл ақындарының антологиясы», Баянауыл өлкесінің көрікті жерлерінен фотоальбом және Шәкен Кенжетайұлы өз қолымен ұстаған визиткасын сыйға тартты.

Байқауда М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Жанаева Шағанүл Алдамжарқызы, М.Төлебаев атындағы музыкалық училище оқытушысы Бейсханова Айшагүл Қалымбековна, Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Соғымбай Олжас Амангелдіұлы және ритмика, хореография пәндерінің оқытушысы Быдыкова Сәуле Кеңесқазықызы төрелік етті.

Байқаудың шарттары бойынша колледждің ІІ курс білім алушылары Ш.Айманов түсірген фильмін драма жанры арқылы сахнада сомдады. Нақтырақ айтсақ, білім алушылар «Біздің сүйікті дәрігер», «Әуен шақырады», «Тақиялы періште», «Алдар көсе», «Жамбыл», «Атаманның ақыры» кинофильмдерінен тамаша үзінділерін көрерменге ұсынды.

Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы шығарманы кино жанрынан драма жанрына әкелудегі шығармашылық және драматургиялық шеберлік, рөлді сомдаудағы актерлік шеберлік, тіл тазалығы, сахна мәдениеті, уақыт талабының сақталуы сияқты бірқатар критерийлерге сүйене отырып, жеңімпаздарды анықтады.

Арада ұзақ жылдар өтсе де, қазақ киносындағы ұлттық режиссураның дамуына өлшеусіз үлес қосқан дарынды актер, кинорежиссер Шәкен Аймановтың әрбір сөзі, әрбір естелігі әлі күнге бүгінгі ұрпағына сабақ болып келеді. Кинодраматургияны дамытамын деген, қазақ киносын жаңа белеске көтеремін деген әрбір жас ең әуелгі қадамын Шәкентанудан бастағаны жөн. Сондықтан да алдағы уақытта бірқатар жұмыс түрлері жоспарға алынуда:

  • Ш.Айманов туралы деректер базасын жинақтау, сондай-ақ Баянауыл өңірене барып Ш.Аймановтың мұражайына саяхат жасау және сұхбат алу;

  • Абай атындағы әмбебеп кітапханасымен байланысты ары қарай жүргізу;

  • «Қазақфильм» киностудиясының бүгінгі күнгі тіршілігі, фильмдер қоры, жаңа жобалары жайындағы ақпаратпен танысу, экскурсия жасау;

  • Ш.Айманов атындағы кинотека ұйымдастыру және келесі оқу жылында аталмыш кіші ғылыми-зерттеу орталығының ашық отырысын ұйымдастыру.

Ағылшын тілі ПӘК оқытушысы

Қ.Н.Орынбасарова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі