Сабақтың басы
1 кезең
Сабақтың ортасы
2 кезең
|
Бірінші тапсырма:
Оқушылардан алдыңғы сабақтағы
білімдерін қайталап шығуы керек.(Ұ) (Ұ) Оқушылар картиналар
көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, төмендегі сұрақтарға жауап
береді. Тақырып бойынша видеороликтер немесе суретшілердің
жұмыстарын көрсетуге болады.
Бұл картинада жалпы не
бейнеленген?
Бұл картинада табиғаттың қандай күйі
бейнеленеген?
Табиғаттың күйін қалай анықтай
алдыңыз?
Алдағы бейнелеу жоспарын қандай түстер
арқылы табамыз?
Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің
ерекшеліктері неде?
Табиғаттың түрлі (орман,
шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген
көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге
табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш)
оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді
ұсынып, орындату. Көшірмелердегі ауа кеңістігіндегі көкжиек сызығын
визуалды әдістерінің ерекшеліктерін талдау.
.(Ө) (Қ) Оқушыларға өз пейзаждарын
табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы
алдыңғы сабақтардан алған білімдері
негізінде орындауын тапсыру. Оқушылар сарамандық жұмысты орындау
кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын таңдайды.
Оқушыларға таратпа материалдар ұсынуға болады.
Оқушылар материалдар мен
құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен
қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.
(Ұ)(Қ)Оқушылар шығармашылық
бастамаларын өз өлкелерінің табиғатынан алған әсерлерін түсіне
отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы орындайды. Бұл жұмыс жеке
орындалады. Мұғалім табиғаттың төрт құбылысын естеріне түсіру
қажет. Оқушылар жай қаламмен пейзажды қағаз бетіне орналастырып
бояуға дайындап қояды. Жұмысты екінші сабақта жалғастыруы
қажет.
|
Суретшілер жұмыстарының
көшірмелері
И.Айвазовский, И.Шишкин, И.Левитан, А.
Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера, К. моне, Уке
Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М.
Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар
Абжанова
Қазақстанның табиғаты бейнеленген
картиналар / Nature of Kazakhstan
https://www.youtube.com/watch?v=DWysE0u_kZ0
https://www.youtube.com/watch?v=YDRPEXGOtJU
|