Сабақтың
басталуы
(5
минут)
(10
минут)
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Каллоборативты ортаны
ұйымдастыру
Оқушылар алдында сабақтың
мақсаты мен міндетін қою. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен
танысады.
Оқушыларға роликтерді қарап
шығып, өз түсініктерін айтуды ұсыну. Қазақстандағы пейзаж жанрының
қандай ерекшеліктерін білесіздер?
Казахстанның табиғаты
HD
https://www.youtube.com/watch?v=9q9d1zHPFyk
Табиғаттың түрлі (орман,
шабындық,теңіз, таулар, шөл дала, және т.б.) көріністері бейнелеген
көшірме жұмыстар дайындап оқушылар көзқарасын байыту, сонымен бірге
табиғаттың түрлі өзгерістерін (бұлтты, жаңбырлы, тұманды, таң, кеш)
оқушыларға берілген картиналарды талдап, сұрақтарға жауап беруді
ұсынып, орындату.
Көшірмелердегі ауа
кеңістігіндегі көкжиек сызығын визуалды әдістерінің ерекшеліктерін
талдау.
Оқушылар картиналар
көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, сұрақтарға жауап
береді.
Бұл
картинада жалпы не бейнеленген?
Бұл
картинада табиғаттың қандай күйі бейнеленеген?
Табиғаттың күйін қалай анықтай
алдыңыз?
Алдағы бейнелеу жоспарын қандай түстер арқылы
табамыз?
Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің
ерекшеліктері неде?
Жұмыстың қандай материалдармен орындалғанын
айқындау.
|
Қазақстанның табиғаты
бейнеленген картиналар / Nature of
Kazakhstan
https://www.youtube.com/watch?v=DWysE0u_kZ0
https://www.youtube.com/watch?v=YDRPEXGOtJU
|
Сабақтың
ортасы
(10
минут)
(15
минут)
|
Жаңа
білім беру:
Ауа
перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген.
Ауа перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз
бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес
қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік
жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл
беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің
өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы ,
жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен
қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі
көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план
және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда
барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы
мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда
мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса
жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде
алынған.
Ауа
перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген
Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи
/15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары
бар,
1
заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама
бейнелейміз,
2
заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ
басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып,
мұнарланады,
3
заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті
заттар бозарып көрінеді.
4
заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар
жазық болып көрінеді,
5
заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай
болып көрінеді.
Тапсырма:
Оқушыларға өз пейзаждарын
табиғаттың кез келген күйін пайдалану арқылы алдыңғы сабақтардан
алған білімдері негізінде орындауын тапсыру. Оқушылар сарамандық
жұмысты орындау кезінде сәндік материалдар мен орындау техникасын
таңдайды.
Оқушылар материалдар мен
құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен
қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.
Оқушылар көрген жұмыстарынан
алған әсерлерінен өздеріне ұнаған табиғатты бейнелеуді жүзеге
асырады.
Жұмыс барысында мұғалім жеке
бастың гигиенасына, қауіпсіздік ережелеріне, материалдар мен
құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды басты назарға
алады
Оқушылар өздерінің қорытынды
жұмыстарын жариялап, көрсетеді.
|
Суретшілер жұмыстарының
көшірмелері
И.Айвазовский, И.Шишкин,
И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера,
К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М.
Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар
Абжанова
|