Периодтық заңы 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Периодтық заңы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Атом құрылысы.

Мектеп: Аманкелді атындағы ЖОМ.

Күн: 21.11.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Манапбек С.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің заңы.

Берілген сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

периодтық жүйеде элементтер атомдық (протондық) номерлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіну

Оқу мақсаты

периодтық жүйеде элементтер атомдық (протондық) номерлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіну

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

- Периодтық кестенің құрылу принципін біледі

Оқушылардың көбісі:

- химиялық элементтердің қасиеттері периодты түрде өзгеретінін түсінеді

Кейбір оқушылар:

- периодтық кестенің құрылу принципіне сәйкес келмейтін химиялық элементтің орналасуын түсіндіреді

Бағалау критериі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Периодтық жүйенің құрылысының принциптерін түсінсе

  • Үлкен және кіші периодтарды білсе

  • Элементтер тобын білсе (металл, бейметалл)

  • Қазіргі периодтық кестенің құрылысын білсе және сипаттаса

Тілдік мақсаттар

Оқушылар элементтерді жіктеу принциптерін ауызша немесе жазбаша түсіндіріп, сұрақ қоя алады.



Пәнге қатысты лексика және терминология: блок, тенденция, қасиеттер, топ, периодтық кесте, ядролық белгі, протон, атомдық нөмір, элемент, радиоактивті, қатты заттар, сұйықтар, газдар (бей-) металдар



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген

Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

X у сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де z тең



Неге (элемент) осы топқа жатады?

Құндылықтарды қалыптастыру


Өзара көмек (бір-біріне деген дұрыс бәсекелестік) сабақ барысындағы ойындар арқылы қалыптасады.


Пәнаралық байланыс

Физика – атом құрылысы (протон, нейтрон, электрон, орбиталь немесе энергетикалық деңгей)

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті Периодтық кесте: http://www.webelements.com/

Периодтық кестенің ұзын формасы

http://www.chemiemania.ru/chemies-1615-1.html

интерактивті Периодтық кестемен ойын:

http://www.funbrain.com/periodic/index.html

Алдыңғы білім

Химиялық элементтердің жіктелуі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті (2мин)

Шаттық шеңбері (3мин)











Қайталау

( 7 мин)






















  • Ынтымақтастық ахуалын тудыру

  • Элементтердің физикалық және химиялық қасиетіне байланысты шаттық шеңберін құрып, жақсы тілек айтқызу

Мұғалім интербелсенді тақтаға оқушылармен бірге сабақ тақырыбын жазады, сабақтың мақсаттарын айқындайды.



«Бұлттардан сұрақ жауғанда» арқылы өткен тақырыптарды қайталау.

1. Элементтер нешеге жіктеледі мысалы?

2. Атом неден тұрады

3. Металлға 3 мысал келтіріңіз

4. Натрий элементінің атом құрамында неше протон және нейтроннан тұрады.

5. Бейметалға 3 мысал келтіріңіз.

6. Оттек, көміртектің атом құрамында неше протоннан тұрады

7. Азотта қанша нейтрон бар

8. Мыстың атомдық массасы қаншаға тең

9. Темірдің атомдық массасы қаншаға тең



Бағалау критерийлері

Сұрақты тақырыпқа сай жауап беру

Ноутбуктер

ХЭПЖ презентация

Элементтер берілген сұрыптау карталарының жиынтығы (Химиялық элементтің атауы мен символы сртқы жағында, ал басқа жағында химиялық қасиеттері)



Интерактивті Периодтық кесте (көбінің біреуі): http://www.webelements.com/

интерактивті Периодтық кестемен ойын:

http://www.funbrain.com/periodic/index.html

Сабақ ортасы

15-17 мин




Жаңа сабақ

Оқушыларға әртүрлі периодтық кестелерді көрсетіңдер. Бұл кезеңде s, p, d, f блоктары тек белгілеу болып табылатындығын және толығырақ жоғары сыныптарда оқылатынын түсіндіріп кету керек.

Халықаралық Теориялық және Қолданбалы Химия Одағының жаңа топтық нөмірлерін пайдалану (римдік, 1-18), себебі осы әдіс қана ғана келешекте оқушыларда қателесушілік туғызбайтын жалғыз жүйе болып табылады.

Басқатырғыларды қолданған кезде олар іздеген сөздердің өзін бермей тек кілт сөздермен қамтамасыз ету керек

Оқушылар қазіргі ХЭПЖ және Менделеев кестесін білу керек және сипаттай алу керек. Ол үшін үлкен және кіші периодтардың анықтамасын, элементтер топтарға қалай бірігетінін оқушыларға түсіндіріп, дәптерлеріне жазғызу керек.


Период бойынша қасиеттер қалай өзгереді? Белгілі периодты мысалында (периодта орналасқан әр элементке тоқталыңыз) периодтағы қасиеттердің өзгеруін түсіндіріңіз.


Әрі қарай ойын арқылы материалды бекіту жүзеге асады.

Кесте құру бойынша жұптық жұмыс

Әр жұпқа элементтер келтірілген карточкаларды тарату. Карточкалар арқылы оқушылар элементтерді протон санының өсу реті бойынша орналастыруға мүмкіндік береді. Осы уақытта әр жұптан атом құрылыс туралы сұрақ қойып отыру керек. Атом құрылысы бойынша әр оқушының жақын арада даму аймағын білген маңызды.

Бастапқы кезде оқушылар элементтерді протон санының артуы бойынша орналастыруы мүмкін, сол кезде оқушылар қасиеттері бірдей элементтерді бір веритикалды топқа орналастыруға болатын көреді.


Ойын «кім артық»

Негізгі белгілері бойынша басқаларға ұқсамайтын топты табу керек. Тапсырманы алғаш бітірген оқушы жеңеді.

Нұсқа 1

Химиялық элементтердің символдары жазылған карточкалар:



Әр карточкадағы металл/бейметалл сипаты бойынша артық элементті анықтаңдар.

Жауабы: а) гелий; б) натрий; в) хлор.

Нұсқа 2


Периодтық жүйенің фрагменттері берілген карточка:

Әр карточкадағы артық элементті атаңдар. Басты белгі – осы элементтер тобына тиістілік.

Жауап: а) кальций; б) углерод; в) йод.

Нұсқа 3

Периодтық жүйенің фрагменттері берілген карточка:

Әр карточкадағы артық элементті атаңдар. Басты белгі – осы периодқа тиістілік.

Жауап: а) фосфор, гелий; б) калий, азот.



Ереже: 1.Барлық химиялық элементтер реттік номерге ие және олар реттік номерінің өсу реті бойынша орналасады


2.Элементтердің атомдық массасының өсу ретін бойынша орналасқан горизонталь қатарлар периодтар деп аталады.


3.Атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан қасиеттері жағынан ұқсас элементтердің вертикаль қатары топ деп аталады.


Қосымша 1(жаттау)









Сабақтың аяғы

2-3 мин























Үй жұмысы

1 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды: Бас бармақ әдісі арқылы кері байланыс жасау



Мүмкін болған жағдайда оқуышлар өз жұмыстарын немесе сыныптастарының жұмыстарын белгілі критериялар бойынша бағалай алады.











Негізгі анықтамаларды жаттау, презентацияны қайта қарастыру

Тақтаға арналған стикерлер












Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Қосымша 1.

1. бір топта орналасқан элементтер – химиялық және физикалық қасиеттері жағынан ұқсас.

2.Бірінші топты сілтілік металдар құрайды: литий, натрий, калий, цезий, рубидий. Олар жұмсақ, ауадағы оттегіментез тотығады. Сумен әрекеттескен кезде сілті түзеді. Бұл сілтілік металлдар тобы.

3.Екінші топ- сілтілік жерметалдар тобы: кальций, стронций, барий.

4.Жетінші топ –галогендер тобы: фтор, хлор, бром, йод. Молекулалры екі атомнан тұрады. Фтор мен хлор газдар, бром- сұйық, ал йод – қатты зат.

5.Сегізінші топ - инертті газдар тобы: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон,радон.

6.Периодтағы элементтердің қасиеттерінің өзгеруі. Барлық периодтарда атомдық массаның өсуімен (солдан оңға қарай) металдық қасиеттердің әлсіреуі және бейметалдық қасиеттердің күшеюі байқалады.

Периодта солдан оңға қарай атом заряды, сыртқы деңгейдегі электрондардың саны, бейметалдық қасиет артады. Атом радиусы мен энергетикалық деңгейлер саны өзгермейді.

7. топ және басты топша бойынша қасиеттердің өзгеруі. Топтарда, басты топшаларда жоғарыдан төмен қарай металдық қасиеттің артуы және беметалдық қасиеттің кемуі байқалады.

Топтарда жоғарыдан төмен қарай ядро заряды, атом радиусы, энергетикалық деңгейлер саны, металдық қасиеттері артады. Сыртқы қабаттағы электрондар саны өзгермейді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі