Материалдар / Пернетақта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пернетақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
2564
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтын тақырыбы: §6.Пернетақта

Сабақтын мақсаты: Пернетақта және пернелердің бөліктерін, бас әріппен жазу, тілді ауыстыруғ көшіру, қою, т.б командаларды үйрету.

Білімділік: Оқушыларды пернетақтамен, оның негізгі бөліктерімен, және олардың

міндетімен таныстыру.Пернетақтаның мүмкіндіктерін көрсету. Компьтердің

Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты тексеру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.

Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt


Пернелер комбинациясы


Ctrl + ↑

Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады

Ctrl + ↓

Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады

Ctrl + ←

Меңзерді бір сөзге солға жылжытады

Ctrl + →

Меңзерді бір сөзге оңға жылжытады

Ctrl + Home

Меңзерді құжаттың басына жылжытады

Ctrl + End

Меңзерді құжаттың соңына жылжытады

Shift + Ctrl немесе

Shift + Alt

Мәтінді енгізген кезде бір тілден екінші тілге ауысады. Мысалы, орыс тілінен қазақ тіліне, т.с.с.

Пернелердің қызметі


Page Up

Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады

Page Down

Меңзерді бір бетке төмен жылжытады

Home

Меңзерді ағымдағы жолдың басына жылжытады

End

Меңзерді ағымдағы жолдың соңына жылжытады

Delete

Меңзердің оң жағында тұрған әріпті өшіреді

Backspace

Меңзердің сол жағында тұрған әріпті өшіреді

Tab

Меңзерді белгілі аралыққа оңға жылжытады

Caps Lock

Әріптерді тек бас әрпімен жазады

Үйге тапсырма: Дербес компьютермен. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы.


























Сабақтың тақырыбы: §7.Программалық жабдықтаманың (ПЖ) сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы

Сабақтың мақсаты: программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, прог-раммалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін керсету; операциялық жүйенің қызметі, оның қүрылымы, жүктелу тэсілі туралы үғым қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: «Программамен қамтамасыз ету» үғымын, оның түрлерге бө-лінетінін, қызметін, қүрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» (қосымшалар) жэне «ути-лита» түсініктерін, колданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс: ПЖ-ны нақты ОЖ-ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйвер-лерге, утилит-программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді.

Сабақтың барысы

I     ¥йымдастыру кезеңі

II   Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

III  Үй тапсырмасын тексеру

1)   1, 2, 3 немесе 4 дүрыс жауап нөмірі бар карточкалар тарату арқылы қысқаша тест алу.

1-сүрақ. Артығы қайсы? А) жүйелік блок В) пернетақта С)  парта Э) тышқан2-сү.рақ. Компьютерді қандай жағдайда пайдалануға болмайды?

А) ақпаратты сақтауда

В)  ақпаратпен жүмыс істеуде

С)  шаң сорғызу үшін

Б) мэлімет беру үшін 3-сүрақ. Ақпаратты өңдеу қүрылғысы:

А) тышқан

В)  процессор

С)  пернетақта

Б) монитор 2)   Карточкалармен жүмыс

Білімдерін тексерумен бірге жаңа білім алу үшін карточка толтырады.

1.    Компьютер деген не?

А)  сандық ақпаратты өңдеу қүрылғысы

В)  графикалық ақпаратты өңдеу қүрылгысы

С)  кез келген акпаратты автоматты түрде өңдеу күрылғысы

Б) қағаздағы мэтін мен суретті жазатын, сақтайтын қүрылғы

2.    Компьютердін негізгі қүрылғыларын (енгізу жэне шығару қүрылғылары) ата.

3.    Жүйелік блоктың ішіндегі қүрылғыларды ата.

4.    Қүрылғынын қызметін жазып, аяқта. Процессор -...

Жедел жад-... Қатты диск-... Видеокарта - ... Дыбыс картасы - ...

5.    Ақпараттық өлшем бірлігін жазыңдар.

IV  Білімді өзектендіру

1.    Компьютер ақпаратты қалай жіберіп, қалай қабылдап алады?

2.    Компьютер көп ақпаратты сақтай ала ма, неліктен?

3.    Адам өз жадында көп ақпарат сақтай ала ма? Неге?

4.    Ақпаратты қандай қүрылғы өңдейді?

Қорытынды: Бүгін біз компьютердің ақпаратты қалай өңдейтінін білеміз.

V    Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ мазмүны оқушылар үшін көптеген жаңа түсініктерді қамтиды. Өткен тарауларда айтылғандай адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктері түрлі программалық жабдықтаманы қолдану арқылы қол жететінін оқушыларға түсіндіру керек. Жаңа мэлі-меттерге байланысты сабақ түсіндіру кезінде драйверлер мен утилиталарға ерекше на-зар аудару керек. Программалық жабдықтаманың (ПЖ) жіктелу сызбасы мүғалімнің оқу-шылармен бірлесе жүмыс істеу эрекеті нэтижесінде қүрылады (4-сурет).Сызбаның эр элементі сәйкес түрі (жүйелік программалық жабдықтама, қосымшалар, программалау жүйелері) толық түсіндірілгеннен кейін (эсіресе драйвелер мен утилиталардың маңызына тоқтала отырып түсіндірген тиімді) толтырылады.

Үлгі оқушыларга таратылады, соңынан дэптерлеріне жабыстырылады. Одан эрі түсінді-ру оқулық материалдары бойынша өтеді.

VI  Бекіту

Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. А деңгейлі тапсырма 3 түрлі нұсқада бе-рілген. Оқушы таңдауды өзі жасайды. Мұғалім электрондық үлгі түрган жерді көрсетеді. (оны эр компьютердің жүмыс үстеліне орналастырған дүрыс). Оқушы тиісті сызба-нүс-қаға белгі (+) қояды. Егер мүғалім мэтінмен жүмысқа проподевтикалық мақсат қойса, эр нүсқаның соңғы жолы жойылады. Бүл жағдайда оқушыға тапсырма қиындайды, ол мэ-тінді өзі теру керек. В, С деңгейімен жүмыс жасайтын оқушылар кестені өздері қүрай-ды. Әдетте олар Місгозой \Үогсі-ты немесе Ехсеі-ді таңдайды. Ехсеі-мен жүмыс істегенде бірнеше қателіктер туындайды. Бұл жерде мэліметтерді қажетті түрге өзгерту керек бо-лады.

VII Қорытындылау

Сұрақ қою аркылы кысқаша қорытындылау:

1.    Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не?

2.    Операциялық жүйе жүктеуі кашан болады?

3.    Программалық драйвер не үшін кажет?

4.    Программалық утилитаға мысал келтір. Мұғалім тэжірибелік жұмысты бағалайды.


Үйге тапсырма: §7.Программалық жабдықтаманың (ПЖ) сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы

Сабақтың тақырыбы:Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ОЖ - і бақарудың негізгі тәсілдерін түсіндіре отырып, объектілермен жұмыс жасай білуге үйрету.

Бағдарламалық және дидактикалық қамтылуы: Windows операциялық жүйесі, ДК.
Сабақ түрі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі және демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Өткен сабақтар бойынша қысқаша қайталап өту:

Біз өткен сабақта ОЖ дегеніміз - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған бағдарлама екендігін.
Сонымен қатар ОЖ - нің міндеттері: 1. пайдаланушымен диалогті жүзеге асырады;
2. басқа программаларды орындауды іске қосады;
3. компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орын, т. б.) үлестіреді деген болатынбыз.
ІІ. Жаңа сабақ:
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады. Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
1. буманың терезелерінің параметрлерін баптау;
2. негізгі менюді баптау;
3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Біз енді осы үш топқа жеке - жеке тоқталып өтейік.

1. Буманың терезелерінің параметрлерін баптауды Түрі/Вид/→Параметрлер... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады. Олар: Бума/Папка/, Қарап шығу /Просмотр/, Параметрлер.
Бума /Папка/ қосымша бетінен біз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көреміз.
Қарап шығу /Просмотр/ қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және өшіреді.
Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін қосуға мүмкіндік береді.

2. Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню /Баптау/Настройка/ →Тапсырмалар тақтасы/Панель задач/ немесе Тапсырмалар тақтасы контекстік менюінің қасиеттер командалар көмегімен орындаймыз.
Бірақ әрбір пайдаланушы Windows операциялық жүйесін қалауымызша баптауымызға болады. Ол үшін:
1. Терезелердің түсін өзгертуге;
2. Жұмыс үстелінің бетінде өрнекті таңдап алуға;
3. Команда мәтінінің қаріп өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге;
4. Тышқанның қозғалу жылдамдығын тағайындауға;
5. Жұмыс үстел бетіне өзіміз салған суретті орналастыруымызға;
6. Қондырманы тағайындауға болады.
Windows операциялық жүйесінің барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшықты мына жолмен ашамыз:

Іске қосу → Баптау → Басқару панелі

Күнді және уақытты баптау.
Біз енді Күн мен уақытты Басқару панелі арқылы қалай баптауға болатынын қарастырайық. Ол үшін мына тапсырмаларды рет - ретімен орындасақ, экрандағы есептер тақтасының төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттарымыз көрінеді.
1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;
2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Күн/Уақыт белгісін тышқанмен шертеміз;
3. Екі қосымшасы бар Қасиеттер(Свойства): Күн/Уақыт терезесі пайда болады.
4. Міне біз ашылған терезеден өзімізге қажетті күнді және уақытты таңдай аламыз, таңдап болған соң Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.

Windows жағдайындағы дыбысты тағайындау.
Компьютермен жұмыс жасаған кезде Windows-тің жұмыс процесіне әр алуан дыбыс – шиқыл, сықыр, лепті үн және т. с. с күйін келтіруге болады. Ол үшін мына тапсырмаларды ретімен орындасақ жеткілікті:
1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;
2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Дыбыс белгісін тышқанмен шертеміз;
3. Қасиеттер(Свойства): Дыбыс терезесі пайда болады.

Бағдарламаланған оқиғалар бөлімінде оған белгілі бір дыбыс меншіктейміз немесе Обзор... батырмасын шертіп ашылған Дыбысты іздеу терезесінде берілген оқиғаға сәйкес келетін дыбысты таңдаумызға болады, содан кейін ғана алдымен Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.
Сонымен қатар оқиғаға ішінде бар дыбыстардан дыбыстық схема таңдап, содан кейін оған ат қойып және Қалай сақтаймыз... батырмасында шертіп, жаңа дыбыс тағайындаумызға да болады.

Тышқанды баптау.
Тышқанның жүрісін баптау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;
2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Тышқан белгісін шертеміз;
3. Қасиеттер(Свойства): Тышқан терезесі пайда болады.
4. Араластыру /Перемещение/ қосымшасын екпінді етіп, онда орналасқан Шлейфті көрсету /Отображать шлейф/ опциясына жалауша орнатамыз, сонда тышқанды жылжытқанда, оның шлейфі пайда болатынын көреміз, содан кейін ғана алдымен Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.

Сабақты қорытындылау үшін жаңа сабақ бойынша қорытынды сұрақтар қоямыз:
1. Windows операциялық жүйесінің барлық баптауын қалай ашамыз?
2. Басқару панелі командасының ашылу жолын көрсет.
3. Күн мен уақытты қалай баптаймыз?
Үйге тапсырма: Түсіндірілген сабақ бойынша оқып келу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!