Материалдар / Петуняны қалай өсіру керек?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Петуняны қалай өсіру керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
ауылдық жерде петуняны өсіру жолдарын табу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
671
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


КІРІСПЕ


Жасыл көшектер ауылымызды көркейтудегі ең маңызды және тиімді түрлері болып табылады. Жасыл көшеттердің адам өмірінде, әсіресе қалада маңызы өте зор.

Жасыл көшеттер ауа температурасын мықты реттеуші болып табылады; ауа құрылымына және тазалығына қолайлы ықпалын тигізеді; қала шуымен күресте қолдануға болады; қала мен оның жеке бөлшектеріне көрік беріп әдемі етіп көруге септігін тигізеді. Өсімдіктер өзінің әр түрлі болуымен, яғни пішіні, түсі және фактурасы және қаланың сәулеттік ансамбілін байытып, парктер мен бау сәулетінде алдыңғы рөлдерді атқарады.

Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ережелерінің «табиғатты қорғау шараларын қолдану» жетінші тарауында жазылған елді мекендерді көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру;

Орман қорын сақтауға және молықтыруға, жасыл аймақтарды кеңейтуге, республикадағы елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ ормандарды қорғау, сақтау және молықтыру саласында жағдайды тұрақтандыруға және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған «Жасыл ел» бағдарламасы іске асырылды.

Гүлдер табиғатқа ең сұлулықты туғызады. Ерте кезден –ақ олар адаммен ілесіп келеді. Гүлдерді әртүрлі салт-дәстүр, ырым, әдет-ғұрыптарға қолданған. Таңғажайып танымал болуы адамдарға кездейсоқ емес,олар адамның сезімін оятады.

Гүлмен алғашқы рет мектепке барады, жаңа үйленгендерді, туған күнмен, алыстағы және жақын туыстарға қонаққа барғанда гүл сыйлайды.Адам өзінің тарихи дамуында гүлдерді әртүрлі мақсатта пайдаланған ; бір кездерде дәрілік ретінде бірінде сәндік ретінде қолданған. Кейбір елдің елтаңбасы, тиындарында гүлдердің суреті бейнеленген. Қоршаған орта берген гүлдермен де адамдар мыңдаған жылдар пайдаланған. Сонан- соң адам дала, шалғындықтағы гүлдерді әкеліп үйлерінің жанына еге бастаған. Жағдай туғызудың әсерінен гүлдер ірі,сәнді биік өсімдікке айналған. Жақсы, ірі шыққан өсімдіктердің тұқымдарын жинап алып келесі ұрпаққа таратып отырған.Қазіргі уақытта сәндік гүлдер алуантүрлі биологиялық ерекшеліктерімен және сәндік сапасымен көзге түседі. Селекционерлер,генетиктердің еңбектерінде гибридтеу және сұрыптаудың нәтижесінде алуан түрлі ешқашан кездеспеген сәндік өсімдіктерді алды [5].

Сондай ғажайып сәндік гүлдердің бірі петуния. Селекционерлердің ашқан сорттары мен гибридтерін өсіру өте оңайға соқпайды. Әсіресе гибридттік петунияны өсіргенде одан тұқым алу өте қиын ,сол себепті басқа жолдарды осы ғылыми жұмыста қарастырылды.

Мақсаты: Гибридтік петунияны қалемше арқылы көбейту

Міндеттері:

- ғылыми әдебиеттерге шолу

- петуниянияны тұқыммен өсіру және шығымдылығын анықтау;

- сәндік гүлді өсімдіктерді вегетативтік жолмен көбейту түрлері;

Өзектілігі:Қазіргі уақытта сәндік өсімдіктерге көп көңіл бөлуде және өнеркәсіп орындары гүл өсіруді жоспарлауда.Әсіресе гүлдерді елді мекендердегі газондар, клумбалар,қоғамдық орындарды сәндік гүлдермен көгалдандыруға көп көңіл бөлуде

Болжам: Ауыл шаруашылығында гүл өсіру өнеркәсібін де қолдануға болады.


1 Әдеби шолу

1.1 Петунияның ботаникалық сипаттамасы

Петуния туысының алғашқы түрін 1793 жылы Монтевидеоның (Уругвай) шет жағынан табылып ,сипатталған. Петунияны Ламарк Темекі туысына кіргізді, ал кейінірек Nicotiana axillaris деп аталды. Көп уақыт өтпей Американың тропикалық ормандарынан петунияның бірнеше түрлері табылды. 1803 жылы Jussieu бөлек туысқа біріктірді, бразилия тілінен аударғанда «табак» (petun) түсінікті берді. Алғашқы рет жаңа туысқа P. Parviflora және P. nyctaginiflora (синоним — P. axillaris). Оңтүстік Америка — Аргентина, Боливия, Парагвай, Уругвай аймақтарында, ерекше бразилия облыстары Паранда, Сайтта, Катаринда және Рио-Грандте — 30 -ға жуық петунияның түрлері табылып, сипатталды.

Қазіргі уақытта әдебиеттерде 64 петуния түрі белгілі, бір түрдің синонимін кіргізгенде, петуния жүйесінде осы уақытқа дейін көптеген түсініксіз жайттар бар екенін мойындауымыз керек. Петунияның көптеген түрлері мен алуан түрлігі XVIII—XIX ғасырларда табылған және сипатталған болатын, Fries (1911) жұмысынан кейін 1992 жылға дейін ешқандай да туысқа толық шолу жасалынбады, P. integrifolia.туралы жүйе сол күйінде қалды. 1831 жылы Hooker бұл түр «кішкене ғана күлгін түсті гүлі өсімдік» ,оны Salpiglossis integrifolia деп атады. 1833 жылы Don бұл түрді Nierembergia phoenicea деп атады. Lindley (1833) мен Fries (1911) жұмыстарында біз Petunia violacea атпен атаймыз делінген, бірақ Fries бұл түрді жаңа түршеге енгізді, ол Eu-Petunia деп аталынды, барлық петунияны бір туысқа біріктіретін күлгін түсті гүлді өсімдік делінді. 1904 жылы Chodat пен Hassler 5 алуантүрлі P. Violaceaeға сипаттама берді.1966 ж. Smith мен Downs бұл түрге қазіргі P. Integrifolia атауын берді. Llave мен Lexarza 1825 ж. Calibrachoa туысын бекітті. Соңынан С. procumbens — басқа емес дәл С. Parviflora немесе Petunia parviflora (1990 жылы) деді.

Берілген түр 1825 жылдан 1990 жылға дейін бір мезгілде екі туыста есептелінді.1992 жылы Бразилиядан Ando, Ueda және Hashimoto Petunia туысының толық шолуы құрылды және Calibrachoa, бірақ оларда көптеген түрлердің статустары көрсетімеген деген. Олардың деректері бойынша барлығы 6 түр Petunia туысына жататынын анықтаған, 12 түр Calibrachoa туысына басқа жүйемен жатады делінген. Wijsman 1990 жылдары сегіз түрді, оның ішінде 4 түрді Fries (1911жылы) шолуында болмағанын көрсетті. Өткен ғасырда 90-шы жылдың басында Жапонияда бірінші коммерциялық калибрахоа сорты пайда болды, ал 1997 жылы тағы да 7 түр Stehman Semir туысынан Petunia Calibrachoa туысына ауыстырылды. Ботаниктер келісе алмай жатқанда селекционерлер қол қусырып отырмай жаңа сорттар және гибридтік петунияны алды. Жаңа жасанды алынған Гибридтік петуния (Petunia x hybrida Vilm.) P. axillaris (синоним — P. nyctaginiflora) және P. integrifolia (синоним — P. violacea) будандастыруынан шықты.

Алғашқы түр Шотландиядан ботаникалық бақтан, 1823 жылы Глазгоға,екінші рет – 1830 жылы әкелінді.1834 жылы алғашқы рет гибридтік өсімдік гүлдеді, осы кезеңде барлық елдердің бақтарында және парктерінде арнайы атап өтті. Қазіргі уақытта гибридтердің ашық сарғылт,ақшыл қызыл тағыда басқа гүлдердің түсінің пайда болуы селекционерлердің гибридті шығаруына күшті бағыттағанның нәтижесі деп білуге болады.

Сонымен қатар петунияның сорттары мен гибридтерінің әртүрлі ауруларға тұрақтылығы өзекті мәселе. Бұл мақсат үшін гендік инженерияны кеңінен қолдануда, мысалы ақшыл сары гибридті раушангүл гені көмегімен алуға тырысты, пигменттердің сәйкестік синтезделу жауапкершілігімен , Қазіргі уақытта петунияның неше сорт шығарылғанын айту қиын [8].

Гибридтік немесе бақ петуниясы, Petunia hybrida Hort.(P. х hybrida Vilm.) алқа тұқымдасына жатады. (Solanaceae). Бұл түр P. axillaris (синоним - P. nyctaginiflord) и P. integrifolia (син. - P. violacea) шағылыстыру арқылы Х1Х ғасырдың қырқыншы жылдары алды. Аталған түрдің Отаны Оңтүстік Америка. Гибридтік петуния көп жылдық өсімдік, мәдени түрде бір жыл өсімдік ретінда қолданады. Сабағы бұтақталып тармақталған, сүректелмеген,онда көптеген өркені бар,екінші және үшінші қатардың сабағы тік,жатаған,салбырап өседі (ампельді), сабағының ұзындығы 20-75 см болады.

Жапырағы сопақша көбінесе өркен бойына кезектесіп орналасқан бөбе жапырақтары болмайды, гүлдері дұрыс пішінді , қос жынысты бірігіп өскен күлте жапырақшалардан құралған,тостағаншасы және бірігіп өскен бес күлте жапырақшалардан құралған жұлдыз тәрізді жалпақ күлтелері әртүрлі түсті болады. Күлте жапырықшалардың түп жағы қысқы түтікше түзеді, дәл ортасында аталығы және бір аналығы шығып тұрады. Гүл саны өте көп болады. Өсімдіктің жасыл бөлімі темер түсті түкті желімденген болып келеді, тамыры тайыз жатады, кіндік тамырлы, жайылып өскен. Гүлшоғыры бір апта дамиды, әрбір гүл бес тәулік ашылып тұрады. Гүлшоғырларының түрлі түсті болады. Түстері әртүрлі түсті ақшыл қызыл, көк, күлгін, қызыл, сарғылт ақшыл сары , жүйектері кейбіреулерінің ақшыл ,қызғылт болады. Көптеген петуния сорттары мен гибридттерінің жүйкелері қаралау болып келеді. Өсімдіктің сабағының төменгі жағында қосалқы тамырылары пайда болады. (Pareys Blumengartherei, 1960).

Петуния айқас тозаңданатын өсімдік , протерегонияны түзулуіне әкеліп соқтырады, яғни аталық аналықтан бұрын түзеді. Кейбір өсімдіктерде цитоплазмалық аталық және аналық үйлеспеушілікті байқауға болады. петунияның хромосомасы 2n = 14, бірақ селекцияның дамуында петунияның сорттары мен гибридтерін алады. Бұл топқа ірі гүлді гибридтік петуниялар жатады (Sink, 1984).

Петунияның түкті түрлері түйнек түзбейді.Бірақ аналықтары біршама жақсы дамиды.

Петунияның тұқымдары ұсақ диаметрі 0,5-0,6 мм, ұзындығы 0,6-0,7 мм, қара қоңыр түсті кейбіреулерінде сары түсті болады. 1граммда 50000 тұқым ал ірі гүлді сорттарының бір грамында 10000 тұқым кездеседі. Жемісі екі жақтаулы қауашақ ұзындығы 10-13 мм, ені 7-8 мм, тұқымы піскен сары –қоңыр түске айналады. бір қауашақтың ішінде 11000 тұқым түзеді Өсімдік тозаңданғаннан 4 апта өткен соң тұқымы піседі [10

1.2 Гибридтік петуния мен сорттары және оларды жіктеу

Петуния сорты мен гибрид саны өте көп, жүздеген. Селекционелер мен гүл әуесқойлар алдында олардың жіктелу міндеті тұр. Қазіргі сорттар мен гибридтерді жіктелу негізінде гүлдерінің сыртқы құрылысы,мөлшері, пішіні жағынан айырмашылықтар жатыр.

Көптеген бұрынғы сорттарын топтарға бөлуде үлкен жапырақты болатын,ал барлық сипаттамалар бойынша флорибунд тобына жатады. Практика жүзінде петунияны төрт топқа біріктіреді; көпгүлді, флорибунд, ірігүлді және ампельді(1-кесте)

1-кесте

Гибридтік петуния. Классификациясы.

Топ

Өсімдік

Гүлі

Егілген күннен,гүлдегенге дейін күндері


Биіктігі,

см

Пішіні

Диаметрі,

см

Сыртқы түрі

Аласа көпгүлді(multiflora nana compacta)

20-25

Жинақты

4-7

Типті

70-75

Аласа түкті көпгүлді

(multiflora nana flore pleno)

25-35

Жинақты

5-8

Түкті

80-90

Флорибунда

(floribunda)

20-35

Жинақты

7-10

Типті

80-90

Ірі гүлді

(grandiora)

До 60

Жайылған

9-13

Типті

80-90

Аласа ірігүлді

(grandiflora nana)

25-30

Жинақты

10-13

Типті

85-95

Ірігүлді шашақты

(grandiflora fimbriata)

До 75

Жайылған

10-13

Шашақта

85-95

Аласа ірі гүлді шашақты

(grandiflora fimbriata nana)

25-30

Жинақты

10-13

Шашақты

85-95

Толқынды ірі гүлді

(grandiflora superbissima)

До 75

Жайылған

10-13

Жиектері шашақталған

85-95

Аласа толқынды ірігүлді (grandiflora superbissima nana)

30-40

Жинақты

10-13

Жиектері шашақталған

85-95

Түкті і рігүлді

(grandiflorflore pleno)

50-60

Жайылған

10-13

Түкті

85-95

Ампельді

(pendula)

80-150

Ампельді

4-9

Типті

Вегетативтік жолмен көбееді

Ампельді түкті

(pendulaflore pleno)

80-150

Ампельді

4-8

Түкті

Вегетативтік жолмен көбееді


Көпжылдық бұл шөптесін өсімдіктің аталуы Оңтүстік Америкадан «petum»,ал бразилиялықтардың табак деген сөзінен шыққан. Жапырағы темекі жапырағына ұқсас келеді екеуіде бір тұқымдасқа жатады. Көптеген петунияның гибридін өсіреді.Гибридтік петунияны әртүрлі петуниямен шағылыстыру арқылы алады : қолтықты –ақ гүлді және күлгінгүлді қара карминді иіссіз гүлді Петунияны үлкен екі класқа бөледі- көпгүлді (Petuнеnia hybrida multiflora) және ірігүлді (Petunia hybrida grandiflora). Көпгүлді гибридтер гүлдерінің диаметрінен ажыратылынады, шамамен 5 сантиметрге жетеді,өсімдіктің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі орташа. Көпгүлді петуния гүлінің диаметрі 10 см, олар жауын шашынға өте төзімді емес.

Гибридтік петунияның сабағы тік және жатаған ,биіктігі 20-80 сантиметр болып келеді. Бұтаның пішіні шар тәрізден ампельдіге дейін болады. Қалың бұтақтанады және жапырақтары салбырап тұрады,сабағы түбінен жуандап сүректенеді. Хош иісті түтік тәрізді гибридтік бір -бірлеп қысқа гүл сағағымен петуния буын қолтығына кезектесіп орналасқан. Гүлінің түсі қарапайым түстен немесе жұмсақ жапырақты алуантүрлі болады: ақ, ақ сары түс, сары, көгілдір, сирен тәрізді, көк, күлгін, ашық қызыл, қызғылт.

Ірі гүлді Петуния (грандифлора). Петунияның ең көп санды және алуантүрлі таралған тобы Диаметрі 12 сантиметр ірі және әдемі гүлдерімен көзге түседі. Гүлдері қарапайым және түкті жиектерінің пішіндері әртүрлі,көбінесе екі түрлі түсті,бүрмелі,кұмкеркерілген,жұлдызшалы, және теңбілді болып кезеседі (1-сурет).

Агротехникалық және өте жоғары көңіл бөлуді талап етеді. Басқа түрлерге қарағанда еркелеу,ауруларға шалдыққыш және ауа райының құбылыстарына –жаңбыр, желге шыдамсыз ,бірақ ассортимент жағынан көпке белгілі.


1-сурет.Ірі гүлді Петуния (грандифлора)

Жүздеген сорттары және гибридтері бар ірі және сәнді гүлді ең танымал топ, бірақ біздің жайсыз климатымызға, яғни, жаңбырға төзімділігінің нашарлығы белгілі. Ірі гүлді петунияның гүлдері кез-келген жаңбыр және желге зақымданады,сөйтіп өсімдік өзінің сәндік қасиетін жояды (2-сурет).

2-сурет. Петуния Ред Стар

Ірігүлді (f. grandiflora) — жайылған бұта биіктігі 60 см , гүлдері тегіс,диаметрі 8-10 см ,еккен соң 80-90 күннен кейін гүлдейді;
аласа ірігүлді (f. grandiflora nana) — шағын бұта биіктігі 25-30 см , гүлдері тегіс ,диаметрі 8-10 см екеннен соң ,80-90 күннен кейін гүлдейді;
ірігүлді шашақты (f. grandiflora fimbriata) — бұта биіктігі 60-75 см , гүлдері тар түтікті ірі, жиегі асып түскен тамаша , диаметрі 10-12 см , сепкеннен соң 85-95 күннен кейін гүлдейді (3-сурет).



3-сурет. Ірі гүлді, Игл красная (Petunia Eagle Red) сорты


Аласа шашақталған ірігүлді (f. grandiflora fim-briata nana) — шағын бұта биіктігі 25-35 см ,гүлдерінің жиектері шашақталған диаметрі 10-12 см.еккеннен соң 85-95күннен кейін гүлдейді;

Асып түскен тамаша ірігүлді (f. grandiflora super-bissima) — жайылған бұта биіктігі 50-75 см ,гүлдері ірі ,диаметрі 12 см , жиегі тегіс толқынды,түтігі кең, жаппай қара жүйкелі, еккен соң 85-95 күннен кейін гүлдейді(4-сурет).


4-сурет. Супербиссима петуниясы

Аласа асып түскен тамаша ірігүлді (f. grandiflora superbissima nana) — шағын 85-95 күннен кейін гүлдейді; гүлдері ірі ,түкті жиегі тегіс немесе шашақты(5-сурет).

5-сурет. Grandiflora superbissima nana

Көпгүлді петуния (мультифлора) . Гүлдері ұсақ және ірігүлді петуния тәрізді әсер қалдырады, бірақ гүлдері жеткілікті, ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді . Мультифлораның бұталары әлде қайда жинақы. Ірігүлді түкті (f. grandiflora flore pleno) – жайылған бұта, биіктігі 50-60 см қаптаған гүлдері бар. Ерте гүлдейді бірақ грандифлорадан кешірек гүлдейді. бұта, биіктігі 30-40 см , гүлдері ірі, диметрі 10-12 см, жиегі тегіс , еккен соң , қазіргі уақытта түкті гүлдерінің саны және екі түсті формалы диаметрі 5 - 7 см гүлдер аз емес (6-сурет).


6-сурет. Көпгүлді петуния

Бұл сорттар және гибридтер жататын топтардың гүлдері көп ,бірақ ұсағырақтығымен ажыратылынады. Ерте гүлдейді,күй талғамайды,суыққа жауын шашынға, желге төзімді . Өсімдік қазіргі гибридттерді F1 шар сияқты гүлдерімен еске түсіреді ал гүлдері төселген көлемдей көрінеді. Сорттардың сәндігі керемет емес жайылған бұта түрін береді.

Аласа көпгүлді жинақты петуния (f. multiflora nana compacta) — биіктігі 20-35 см , гүлдері тегіс, диметрі 5-6 см , еккен соң 70-75 күннен кейін гүлдейді;
шашаққталған аласа көпгүлді (f. multiflora nana flore pleno) —өсімдіктің биіктігі 30-40 см, гүлдерінің диаметрі 6-7 см ,тегіс еккен соң 70-75 күннен кейін гүлдейді.

Флорибунд петуниясы. Бұл сорттың топтары ірі гүлді және көпгүлді петунияның аралық жағдайынан орын алады,біріншіден әжептәуір ірі гүлдері өте әдемі ,гүлдерінің түсі әртүрлі екіншіден салқын және жаңбырлы күндерге төзімді. Бұл сортқа жататын топтарды үлкен клумбалар және жаппай жерлерге кеңінен қолданады.

Көпгүлді петуния мен ірігүлді петуния аралық жағдайын алады.Өсімдік өте ірі гүлді, көпгүлді петуния тәрізді, жауын шашынға төзімді. Мақсатқа сай бұл топтың сорттары мен гибридтерін қолданады петуния жаппай гүлдегенде эффетілі көрінеді (7-сурет).


7-сурет.Флорибунд петуниясы

Ампельді петуния −жеке топ өкілі , ұзын сабақтары салбырап өседі,сабақ бойы гүлдер орналасқан , гүлдерінің мөлшері әртүрлі .Көбінесе ампельді петунияны вазаларда ,контейнерлерде, балконда, кейде грунтқа отырғызады. (8-сурет).


8-сурет.Ампельді петуния

Калиброхоа сорты сатуға бақ орталықтарында енді шыға бастады. Сонымен қатар гүл әуесқойларын өзіне қаратып ала алды. Корзина мен кашпода өркендерін сәнді ұсақ гүлдері, гүлдерінің диаметрі 3 сантиметр болатын көзге сондай тартымды өсімдік [9].

Калиброхоа өсімдігі сыртқы құрылысы жағынан петунияға өте ұқсас, петуниядан айырмашылығы күшті бұтақтанып сүректенеді, ұзын ампельді өркен түзеді, калиброха негізінен қалемшемен көбейеді (9-сурет).

9-сурет.Түкті Калиброхоа

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!