Пифагор теоремасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пифагор теоремасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Пифагор теороемасымен танысып, дәлелдеуін тұжырымдайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Пифагор теоремасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.2 Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады;


Сабақ мақсаттары

Пифагор теороемасымен танысып, дәлелдеуін тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері

  • - Пифагор теоремасын біледі;

  • - Пифагор теоремасын дәлелдейді;

  • - Пифагор теоремасын қолданып есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; бұрышқа іргелес жатқан катет; бұрышқа қарсы жатқан катет; катеттердің квадраттарының қосындысы; Египет үшбұрышы; негізгі тригонометриялық тепе-теңдік; перпендикуляр, проекция және көлбеу; катеттердің гипотенузаға проекциялары; геометриялық орта.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең; тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...; катеттің квадраты ... тең.

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, физика

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты жаңа тақырыппен таныстыру.

Бастапқы білім


Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут



1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру.

2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.




https://bilimland.kz/kk/home#lesson=11478


Сабақтың ортасы



Ж

15 минут
















































ЖЖ

15 минут


































1. Білу және түсіну

Оқушылардан Пифагор теоремасын сұраймын және күнделікті тұрмыстан мысалдар келтіруін сұраймын.


2. Қолдану

Жұптық жұмыс.

1-тапсырма. (Пифагор теоремасының авиацияда қолданылуы)

А эродромнан екі ұшақ бір уақытта ұшты: біріншісі батысқа қарай, екіншісі оңтүстікке қарай. Екі сағаттан кейін олардың арақашықтығы 2000км болды. Егер бір ұшақтың жылдамдығы екіншісінің жылдамдығының 75%-ын құраса, ұшақтардың жылдамдықтарын табыңдар.

Шешуі:

Пифагор теоремасы бойынша:

4x2+(0,75x*2)2=20002

6,25x2=20002

2,5x=2000

x=800

0,75x=0,75*800=600.


жауабы: 800 км/с.; 600 км/с


2 -тапсырма.

(архитектурада қолданылуы)














(шатыр құрылысы)

ҚГруппа 21 ұрылыста үйлер мен коттедждерді салуда, стропиланың (үйдің шатырына қажет ағаш материалы) ұзындығы туралы мәселе жиі туындайды. мысалы: үйге суреттегі

формада шатыр құруды жоспарлады. Егер

дайындалған балкалардың өлшемдері

AC=8 м. және AB=BF болса, стропиланың ұзындығы

(суретте AF және DC) қанша

метр болуы керек. Егер ADC тең бүйірлі, FD=1,5м болса.


Шешуі:

ADC үшбұрышы – тең бүйірлі, AB = BC = 4 м., BF=4 м. Егер, FD=1,5 м. деп алсақ, онда: DBC үшбұрышынан: DB = 2,5 м, DC =4,7 м , ABF үшбұрышынан: AF= 5,7 м


Жауабы: DC =4,7 м , AF= 5,7 м


Жеке жұмыс. 3-тапсырма

Ұ
Группа 14 зындығы 20м болатын өрт сөндіргіш машинаның баспалдағы (пожарная лесница)
жерден 2м биіктікте машинада орналасқан және ғимараттан қашықтығы 5м. Егер бір этаждың биіктігі 3м болса, баспалдақпен нешінші этажға дейін шығуға болады?


4-тапсырма

Мачтаны (тірек) бекіту үшін төрт трос орнату керек. Тростың бір ұшы 12 м биіктікке, екінші ұшы мачтадан 5м қашықтыққа жерге орнатылуы керек. Мачтаны бекіту үшін 50м трос жеткілікті ме?

С



Ә.Н.Шыныбеков. Алгебра, 8. Алматы, 2012


Слайд 4





























Слайд 5






















Слайд 6

















Слайд 7





Сабақтың соңы

Ой толғаныс

3-минут





2 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.



4. Үйге тапсырма:

1) Пифагор теоремасының қолданылуына күнделікті тұрмыстан мысалдар қарап келу.

2) (Есепті шығару)

Баянауылдағы парк тік төртбұрыш формасында. Парк диагоналы бойындағы аллея ұзындығы қанша болуы мүмкін, егер оның парктің ауданы 7200м2, ені 200м болса.






Rabinovich_Geometriya_7_9_upr_na_gotovih_chertejah

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі