Пікір-сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пікір-сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің жариялағалы отырған мақалам мектепте өткізілген дебат, яғни пікір-сайыс туралы. Көтерілген тақырып қазіргі таңдағы өзекті мәселе жастар тәрбиесі жайында. Бұл мақала көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймын. Әсіресе, мектеп мұғалімдеріне, жас мамандарға өте қажетті ақпарат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі жастар сыпайылық сияқты асыл қасиеттерден алыстап бара жатқан жоқ па?

Биылғы жылдың қаңтар айында №20 орта мектепте мектеп психологі Сатаева Жансұлудың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында "Қазіргі жастар сыпайылық сияқты асыл қасиеттерден алыстап бара жоқ па?" деген тақырыпта пікір-сайыс болып өтті. Пікір-сайыс өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа баулу, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Аталмыш шараға барлық жас мамандар ат салысып, ұсынылған тақырып бойынша өз ойларын барынша ашып жеткізуге тырысты. Пікірталастың ережесі бойынша қатысушылар жеребе тастау арқылы жақтаушы және даттаушы топ болып екіге бөлінді. Ал, қазылар алқасы ретінде мектебіміздің директоры Қалдыбике Мадиярқызы бастаған бір топ мұғалімдер мен әдіскерлер, жас мамандардың тәлімгерлері түгел қатысты.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Саналы да тәрбиелі, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болады" деген сөзі бар. Қазіргі біздің болашаққа апаратын алтын көпіріміз, яғни жастарымыз қандай, олар қаншалықты білімпаз, еліміздің өркендеуі мен көркеюі үшін нендай үлес қосып жатыр, жалпы бүгінгі жастардың келбеті қандай деген сияқты сұрақтар талқыға салынып, небір сөзмергендері осы тұста өздерін көрсетіп жатты.

«Жаңғыру түп тамырымыздан басталсын»-деді елбасымыз. Ендеше, ата-бабаларымыздан келе жатқан әдет-ғұрпымызды ұмытпай, ұлы тұлғаларымыздың кітаптарын сүрлеп қоймай, жастарға насихаттауымыз керек, рухани білім нәрімен сусындандыруымыз керек емес пе? Сөз арасында даттаушы "Келешек" тобы Мағжанның өлеңдерінен, Абайдың қара сөздерінен керемет мысалдар келтіре кетті. Ж.Баласағұнның, Б.Момышұлның еңбектерінен дәйексөздер тілге тиек етілді.

Пікір-сайыс өте тартысты өтті. Сұрақ-жауап кезеніңде жақтаушы "Болашақ" тобы ұтымды сұрақтарымен көзге түсті. Қатысушылар бір-біріне сыйластық, шыдамдылық танытып, тек қана шындықты айтуға тырысты. Қызу сөз таластырудың нәтижесінде, статистикалық мәліметтер мен дәлелдерді көп келтіре білген даттаушы "Келешек" тобы жеңімпаз атанды. Екі команда мүшелері де жүлделі дипломдармен марапатталды.

Жастар – қашан да қоғамның барынша белсенді бөлігі болып саналады. Жастарды тәрбиелеуде ата-ана тәрбиесі мен діни-рухани жолкөрсетушіліктің маңызы зор. Қазақ елі сәлеміне қарай әдебін жасаған сыпайы халық, кішіпейілділікті кісіліктің төресі деп санаған халық.Ендеше, адамгершілік, әдептілік, ізеттілік сияқты асыл қасиеттерді бойымыздан аластатпау, намыс, ар деген ұғымдарды жоғары бағалау – біздің басты ұстанымымыз болу керек.

20 орта мектептің «қазақ тілі мен әдебиеті»

пәнінің мұғалімі-Рыстаулетова Халима Еркенқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2018
1237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі