Материалдар / Пікірсайыс –келешек қоғам көшбасшылары - белсенді жастар үшін жарқын болашақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пікірсайыс –келешек қоғам көшбасшылары - белсенді жастар үшін жарқын болашақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Пікірсайыс –келешек қоғам көшбасшылары - белсенді жастар үшін жарқын болашақ. Дебат бейіндік пәнінің мақсаты және қолданылатын материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2023
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пікірсайыс –келешек қоғам көшбасшылары - белсенді жастар үшін жарқын болашақ.



Ұрпақ тәрбиесі-ұлттың тағдыры.Бүгінгі мақсатымыз -тұлғаны дамыту болса,пікірсайыс белсенді тұлғаны қалыптастыруға үлкен үлес қосатын бағдарлама.Пікір-сайыс тұлғаның рухани әлемін байытып,адамгершілік-асыл қасиеттерін дамытып қана қоймайды,олардың көңіл көкжиегін кеңейтеді, зерттеушілік,ізденушілік қасиеттерін қалыптастырады,дамытады.

Шығармашылық-бүкіл тіршіліктің көзі. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен әрекеттері арқылы дамиды.Осы бейіндік пән арқылы ойлауға үйретеміз.



Біз «Дебат»бейіндік пәнін оқыту барысында мынадай әдебиеттерді ұсынамыз:

«Как побеждать в дебатах» Стивен Л.Джонс, «Путеводитель по дебатам»Т.В.Светенко, «Урок риторики и дебатов» Хайнц Леммерман, «Как подготовиться к турниру по парламентским дебатам в британском формате» Е.Акулич, «Искусство обьяснять.Как сделать так,чтобы вас понимали с полуслова» Ли Лефебер және сонымен қатар түрлі ақпараттық журналдар (инфобазалар) сонымен қатар кітапшалар М.Шуганов (фонд «Республика Дебатов) «Бремя доказывания в парламентских дебатах»,мәскеулік дебат клубының тәжірибесі «Основы аргументации» т.б. дебат клубтарының техникалары.

«Дебат» бейіндік пәнінің мақсаты: дебаттағы формат түрлерін,қарсыласты жеңу тәсілдері мен сөздік қорды жүйелі қолдануды үйрету,білім алушының шығармашылық белсенділігін арттыру,сонымен бірге зерттеушілік,ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру, дамыту;

«Есте сақтау арқылы емес,өз ойлауының күшімен меңгерген білім ғана шын білім болмақ» (Л.Н.Толстой).Пікірсайыс өнері мектеп оқушыларының анықтама,жіктеп-саралау,дәлелдеме,жалпылау т.б. сияқты логикалық амалдарды өзінің ойлау қызметінде ұдайы қолданып отыруына мүмкіндік береді,әлеуметтік-белсенді тұлғаны қалыптастырады,дәлелдеуге жаттықтырады.Дебатта қозғалатын өзекті тақырыптар-қоғамда орын алып жатқан проблемалар,сол проблемалар туралы сөйлеу,оны шешу жолдарын ұсыну.Қарсыласты жеңу үшін төрешіні өтірік аргументке сендіру емес,шынымен орындалуға келетін рационалды шешім ұсыну.

Осы орайда оқушыларға Ли Лефебердің «Түсіндіру өнері» («Искусство обьяснять.Как сделать так,чтобы вас понимали с полуслова» Ли Лефебер») кітабын оқу ұсынылады.Ол кітапта: Түсіндіру –бұл өнер,тек қана фактіні реттеу (упаковка) жасау ғана емес,неге,не үшін маңызды,не үшін мұны жасау керек,не үшін қызығуым керек?деген сияқты сұрақтарға жауап беретіндігін айтады.Түрлі мысалдар келтіре отырып,түсіндіру-түсінуді жеңілдететін формаға келтірілген фактілердің реттелу тәжірибесі,бұл кәдуілгі заттарға жаңаша көзқараспен қарауға көмектесетін,идеяларды реттейтін әдіс екендігіне тоқталады.Түсіндіру-аудиторияның назарын аударатындай ,идеяға өзіндік көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін информация екендігін баса айтады.Ли Лефебер –Common Craft компаниясының құрушысы,негізгі маманы.Ол өзінің бейнетүсірілімдерімен (видеоролик)күрделі нәрселерді қарапайым түрде түсіндірген.Сонымен қатар оқушыларға түсіндіруге көз жеткізу үшін сілтемеде көрсетілген Common Craft видеороликтерін көруге кеңес беріледі.

Дебат пәнін оқытуда басшылыққа алынатын оқулықтың бірі- «Путеводитель по дебатам»(Т.В.Светенко).Осы оқулықты пайдалана отырып, дебат-табысқа жетудің жолы екендігіне көз жеткіземіз.Дебатқа кіріспе,онда модуль структурасы,ойынның мақсаты,кім ойнайды,қалай ойнайды,не үшін ойнайды,төрешілік кім жасайды,қалай жасайды,модуль мақсаты,дебаттағы терминдер қамтылады.Діттеген мақсатқа жету үшін дебаттың негізгі үш принципін сақтау керек,олар:бірінші принцип-сыйластықтың болуы,екінші принцип-адалдық міндетті түрде керек,үшінші принцип-жеңілгендер жоқ.Сонымен қатар аргументтер,дәлелдер,шалыс сұрақтар,төрешілер шешімі де қамтылған.Әрбір тараудың соңында практикалық тапсырмалар берілген.Және осы кітапты басшылыққа ала отырып,дауыс қалай болу керек,дауыспен жұмыс істеудің бірнеше кеңесімен,сөйлеудегі шапшаңдық,паузаны дұрыс қоя білу,сол арқылы қалай төреші мен аудиторияның назарын қалай аударуға болады,дауыс қайда,қалай бағытталуы керек,интонацияны дұрыс қоя білу үшін қандай жаттығулар жасауға болады,мимика мен жестке арналған жаттығулармен танысады.Сонымен бірге сол жаттығуларды жасау ұсынылады. Өз тәжірибемізден де дебат ойынын ойнаған кезде тұжырымды ой,салиқалы пікір айтуға сенімділікті нығайту үшін кеңестер беріледі.Кейбір оқушыларда публиканың алдына шыққанда қорқу,сасқалақтау,айтатын сөздерін ұмытып қалу деген нәрселер болады.Кейбір оқушыларға өз даусы өзіне ұнамайды,даусынан ұялатындар бар,соны жою үшін де,болашақ өмірде де қажет болатын бұрыннан практикада бар,қолданылған техникалар ,мысалы,бір минуттық бір тексті алып,соны қайта-қайта оқып,еске сақтап,айнаның алдында отырып,өз өзіне мазмұнын айтып беру техникасы бар.Сол кезде адам өз өзін көріп отырады,өзі көріп отырғаннан кейін өз кемшіліктерін де көреді,көпшілік алдында сөйлеу қатты қорқынышты емес екендігін сезіне бастайды.Даусынан ұялатындар болса,айтып жатқан кезде диктофонды қосып қойып,артынан өз даусын өзі қайта тыңдаса болады,т.б. көптеген жаттығулар ұсынылады.Бұл жаттығулардың бәрі оқушының өз ойын анық ,тиянақты,жинақы түрде жеткізуіне мүмкіндік береді.



Пікірсайыс арқылы оқушылар шешендік сөз өнері мұраларын үйренеді.

Хайнц Леммерманның «Уроки риторики и дебатов» кітабы бойынша сөйлеу өнерінен бастап шешендік өнерден бастау алған шешендік сөз өнеріне қанық болады.

Шешендік өнер қазақтың қанына біткен қасиет.Жігін тауып сөйлей білудің, логикалық ойды жүйелеп айтып жеткізе білудің өзі шеберлікті,шешендікті,ойлылықты,ақыл-парасатты қажет етеді.Ақылдың көзі -ойда жатыр.Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу -дұрыс жүйелеп сөйлей білу мәдениетін қалыптастырады.Сондықтан ақылдың қадір-қасиетін көпті көрген қариялар бағалап,ақылдың адам өмірінен алатын орнын өз ұрпақтарының санасына сіңіріп келді.

(((((«Өздерімен туыстас түркі тектес елдермен салыстырғанда,-деп жазды орыстың тюрколог ғалымы В.В.Радлов,- қырғыздар да,қазақтар да сөзге шешендігімен ерекше көзге түседі. Олардың шешендігіне ,шынында таң қаласың.Қазақтар сөйлегенде ешбір мүдірмей, іркілмей сөйлеп кетеді.Өлең шумақтарында ғана ұшырайтын сөйлем түрлері жай сөздердің өзінде іркес-тіркес келіп жатады да,тыңдаушыға өлең тәрізді әсер етеді...Сондықтан да қазақ халқы поэзияның дамуының жоғарғы сатысына жеткен...»(В.В Радлов «Образцы народной литературы северных тюркских племен»)))))

Пікірсайыс қоғамда қажетті шешім қабылдауға,тәуелсіздікке т.б. дағдыларға шыңдайды. Сондай-ақ пікірсайыс арқылы негізгі мақсат-міндеттерін түсініп, қарсыластарын жеңуге деген ұмтылыстарын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра алады.Оқушылар пікірсайыс мәдениетін меңгеру арқылы адамзат мәдениетін игеруге мүмкіндіктер жасалады. Мысалы, оқушылар дебатқа дайындалу барысында танымдық ой-өрістерін дамытады.

Осы орайда оқушыларға ғаламтор беттерінен көптеген түрлі дебаттық ойын үлгілері көрсетіледі және түрлі тапсырмалар беріледі,мысалы,осы ойынды көріп шығып,әр ойыншыға сараптама жасау,әр ойыншы қалай ойнайды,ойнау стилі қандай,эмоциясы(кейбір ойыншыларда тек қана эмоция басым болатын болса,кейбір ойыншылар ұтымды айтылған ой-пікірлерімен ерекшеленеді),фактілерді көп келтіруі,аз келтіруі,осы ойыннан алған ойларыңыз,идеяларыңыз,өздеріңізге жаңалық болған нәрсе, осы ойында аргумент критерийлері сақталған ба,осындай қарар келген кезде сіз қалай кейс құрар едіңіз,қандай аргумент ұсынар едіңіз , т.б.

Пікірсайыс-командалық,ұжымдық ойлау.Оқушылар қатысу арқылы әртүрлі көзқарас білдіру барысында ойы белсенді дамиды,көпшілік алдында өз пікірін айтуға дағдыланады,мұқият ойланып,өз көзқарасын орнықтырып,мәселені өзінше түсінуге,сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.Сыни ойлау дағдысын жетілдіре отырып,оқушы қарама-қарсы көзқарастың күшті,әлсіз жақтарын сараптай алады,өзін басқаның орнына қоя алады.Өз білімінің шегін бағалайды,көпшілікке таныс емес идеялар мен сендіруді бағамдайды.Көпшілік алдында сөйлегенде өзіне сенімсіздік пен шешімсіздікті жояды.Резолюцияларды түсіне біліп,берілген ситуациядағы қолдануға қажетті сөз бен сөйлемді не үшін қолданғанын дәлелдей алады.Өз дегеніне жету үшін жақсы шешім іздейді.

Осыған байланысты оқушыларға әрқашан іштей және сырттай мәліметтер жинап жүру ұсынылады,әлем жаңалықтарынан ылғи хабардар болып жүру керектігі баса айтылып отырылады,күнделікті жаңалықтарды біліп отырса,қарарда факті келтіруге осы білімдерін пайдалана алады.Ықпалды,сенімді,нақты ақпарат беретін порталдар мен сайттардан орыс,қазақ,ағылшын тілдерінде ғаламтор материалдарын қарап жүру керектігі жөнінде ескертіліп отырылады.

Сонымен қатар пікірсайыстың тәрбиелік мәні уақытты үнемді,тиімді пайдалану оқушыны жинақылыққа,талғампаздыққа үйретуінде.Мәдениетті қарым-қатынас ,өзін-өзі ұстай білу,сыпайылықпен жауап қату,қандай жағдайда да төзімділік танытып, ашушаңдықтан аулақ болу,өзінің жолдастарын ұятқа қалдырмау,жауапкершілікті сезіну т.б. оқушы бойына қажетті тәрбиені сіңіру пікірсайыстың ұстанған басты бағыттарының бірі.

Дебат білімділікті ,шешендікті ,тапқырлықты қажет ететіндіктен оқушылар жүйелі сөйлеуге,өз көзқарасын ашық айтуға,білімін жетілдіруге ,қоғамда болып жатқан мәселелерге сыни көзбен қарауға тырысады. Ол шыдамдылықты және әртүрлі идеялар мен көзқарастарға сыйластықты өрістетеді.Қазіргі заманғы жеке тұлға үшін маңызды қасиет-шыдамдылықты қалыптастыруға жағдай жасайды,коммуникативтік қабілетті дамытуда маңызды роль атқарады. Оқушылар тілін дамыту арқылы ойкөкпар кезінде түрлі тақырыпта сөйлеуге, пікір таластыруға,өз ойын дәлелдеуге ,басқаның пікірінің қате екенін дәлелдеуге жаттығу арқылы шебер сөйлеуге тырысады,дағдыланады.Сыпайы,келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады,тыңдаушының ықыласына бөлейді. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, шаршы топта өздерін сабырлы, тәртіпті ұстауды ескере отырып, қарастырылатын мәселені тыңдай білуге үйренеді.

Дебат тек қана шебер сөйлеу ғана емес,өзіндік ережесі бар ойын,белгілі шарттары,ұстанымдары бар ойын. Дебаттың негізгі шарттарымен танысады,қарар,дәлелдеме,дефиниция,аргумент т.б. Бүгінгі қоғам талабы-егемен еліміздің азаматтарын тек білімді ғана емес,іскер де сауатты,өз пікірін ашық айта алатын тұлға тәрбиелеу.Біздің мақсатымыз-бүгінгі ақпараттар ағынын сауатты игере алатын,сол игерген білімнің қай жерде нақты көмекке келетінін пайымдай алатын,өз бетінше оқу-іздену арқылы кез-келген мәселенің шешімін таба алатын ұлт азаматын тәрбиелеу.

Пікірсайыс – бұл көңілді интеллектуалдық ойын. Келешек қоғам көшбасшылары - белсенді жастар үшін жарқын болашақ.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!