Бекітемін _____________
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Күні: 10.02.2021
Білім беру салалары: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Мақсаты: табиғи материалдармен құрастыру дағдыларын қалыптастыру, пингвиндер туралы білімдерін бекіту, табиғи материалдарды тиімді пайдалануға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Пенопласт салынған бос қауырсын, ақ және қара түсті ермексаз, көк, қызыл түсті қағаздар, пенопласт, үлестірмелі материалдар.
Алдын ала жұмыс: педагог балаларға пингвиндер туралы мультфильм көрсетеді немесе ертегі, әңгімелер оқып береді.
Сөздік жұмыс: пингвин, суық жақтарда тіршілік ету, пенопласт.
Билингвальді компонент: мұз – лед, қар – снег.
|
Іс әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Қуанамыз біргеміз Бөлінбейді іргеміз Аясында достықтың Бір жүреміз күнде біз |
Балалар шаттық шеңберін жасайды |
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
Балалар жылдың қай мезгілі? Қыс айында неше ай бар? Жоны қара тақтайдай, Бауыры аппақ мақтадай. Мекендейді мұз қарды, Сүйеді тек ызғарды. Бұлғандайды қашпайды. Асықпайды саспайды, Мұз үстінде билейді. Балалар ол қандай құс? Балаларға пингвиндер туралы айтылған әңгімені немесе мультфильмді еске түсіреді. Пингвиндердің суық жақтарда тіршілік ететінін және олардың дене бөліктеріне назар аударады. Пингвиндердің ерекшелігі: қанаты бар болса да олар ұша алмайды, бірақ суда жүзеді және сүңгиді. Олар суда жүзгенде тоңбайды. Мұзды жерде өмір сүреді. Олар неге тоңбайды деп ойлайсыңдар? Олардың қауырсындары маймен майланған. Оны байқау үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: -қауырсынды алып жалпақ ыдыстағы суға саламыз, не болады, көрейік? Олар маймен сыланған. Су қауырсыннан ағып кетеді, қауырсын құрғақ күйінде қалады. Демек, пингвиндердің қауырсыны тығыз, тегіс маймен қапталған, қауырсыны жылы жаурамайды. Ақ қара түстері жылынуға жақсы көмектеседі. Балалар өздері көргендері, естігендері жайында айтады. Педагог ойыншық пингвинді (жұмсақ ойыншық, резинадан жасалған т.б.) үстелдің үстінде пенопластан жасалған «мұз айдыны» үстіне орналастырады. Ол балалармен амандасады. «Мен бүгін қатты боран соғып балапандарымнан адасып қалдым оларды іздестіруге көмектесесіңдер ме?»– деп өтініш білдіреді. Педагог: - Ол бізден көмек сұрайды, адасып қалған екен, пингвинге көмектесеміз бе, балалар? Балалар көмектесетіндерін айтады. –Ол үшін қазір алдымызда тұрған бос құтыдан пингвиндерді жасаймыз, солардың ішінде бұл пингвиннің балапандары болуы мүмкін?! Педагог пингвинді табиғи материалдардан қалай жасау керектігін үлестірмелі материалдардан көрсете отырып түсіндіреді. Пингвиннің денесін бос қауырсыннан жасалады: – Басын қара және ақ түсті ермексазды алақан арасына салып, домалақтау арқылы жасаймыз. – Қанаттарын қара түсті қағазбен ермексазбен бекіту арқылы жасаймыз. – Аяқтарын қызыл түсті қағазбен жасаймыз. – Қызыл түсті қағаздан тұмсығын қиып алып орналастырамыз. – Көк түсті қағаздың үстіне пенопластан немесе ақ қағаздан мұздарды қиып алып, дайын болған пингвиндерді оған әдемілеп мазмұн бере орналастырамыз. Педагог құрастыру барысында билингвальді компонент бойынша мұз – лед, қар – снег сөздерін қайталап, бекітеді. |
-Қыс мезгілі -3 ай (желтоқсан, қаңтар, ақпан) -Пингвин -қауырсындары майлы -Я көмектесеміз -Я -сөздерді қайталайды |
|
Рефлексивтік –түзетушілік |
Сергіту сәті; Бойымызды тік ұстап, Жоғары-төмен қарайық. Кәне, сапты түзейік, тіземізді бүгейік, Ыршып алға түсейік. Бір, екі, үш, Ал, кәнеки, ұш (секіреді). Төрт, бес, алты, жеті, мынау-жолдың шеті.
-Балалар, сендер бүгін не? құрастырдыңдар? -Сендерге, бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма |
-балалар сергіту жаттығуын жасайды -пингивин -иә ұнады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: пингвиндер туралы жаңа мәліметтерді;
Игереді: пингвиндерді табиғи материалдардан жасауда оның дене бөліктерін дұрыс орналастыруды;
Меңгереді: табиғи материалдардан жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Пингвиндер

шағым қалдыра аласыз