PISA анықтама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

PISA анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
PISA анықтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халықаралық зерттеулелерге дайындық жұмыстары

TIMMS, PISA


Халықаралық PISA 2024 зерттеуі бойынша арнайы мектепішілік бұйрық шығарылып, жауапты тұлғалар тағайындалды. Әр сауаттылық бойынша 9-10-11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Мектептің жоспары жасалынып, сол жоспар негізінде пән мұғалімдері өз пәндері бойынша жоспар құрып, жұмыс жүргізді. Аптасына 2 рет дайындық жұмыстары жүргізілді, оқушыларға қосымша сабақ кестесі құрылып, офлайн түстен кейінгі уақытта қосымша сабақтарға дайындыққа келіп отырды.

PISA зерттеуіне 15 жас 3 айдан 16 жас 2 айға толған 9-10-11 сынып оқушылары НОБД дан таңдап алынып, 50 оқушыға пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын жүргізді.

Мектеп психологтары Махметова Д, Амангелдіқызы Т. оқушылардан және ата-аналардан тренингтер мен сауалнамалар жүргізу арқылы PISA зерттеуіне оқушылардың дайындық барысын, көңіл күйлерін қадағалау, мотивациясын ояту үшін түрлі жаттығуларды өткізді.

9-10-11 сынып жетекшілері ата-ана жиналыстарында PISA зерттеуіне қатысты ақпараттармен таныстырып, ата-аналардың да қолдауы көмегі қажет екендігін айтып, өз баласының ҰБТ ға дайындалудың бір септігі, көмегі екендігін түсіндіріп, ата-ана жиналысы мен оқушыларға жиналыстар өткізді.

PISA зерттеуі компьютер форматында өтетіндіктен информатика кабинетінде аптасына 2 рет PISA ға дайындық жұмыстары жүргізілді.

PISA тапсырмалары бойынша оқушылардан алынған тапсырмалардың нәтижесін пән мұғалімдері аптасына 1 рет қандай тапсырмаларды жасады, нәтижесі қандай болды, мониторингпен көрсетіп, анықтама жазып өткізеді.

Тестілеу білім алушылардың іс-әрекеттерін бақылап, олар тапсырма барысында мақсаттарына жету үшін қандай нәтиже көрсеткенін және кеңестер, кері байланыс сияқты оқу ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланатынын бағалайды.

Әдістемелік көмек ретінде telegram чатына барлық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар жиынтықтары мен қосымша ютубтан түсіндірме сабақтары өткізілді. Жаратылыстану, оқу сауаттылығы, математика сауаттылық бойынша әр түрлі тапсырмалар жиынтықтары бар, осы тапсырмаларды пән мұғалімдері шығарып алып, оқушыларды әр сабақта және қосымша сабақтарда дайындау үстінде болды.



































Testter.kz платформасы арқылы әр сауаттылық бойынша тапсырмалар жиынтығы бар. Оқушыларға және мұғалімдерге логин-парольдар берілді. Оқушылар үйде немесе мектепте де дайындала алады. Мұғалімдер де осыған ұқсас тапсырма даярлау мақсатында сайтқа кіріп, тапсырмаларды көре алады, өзін-өзі тексеріп, қатемен жұмыс жасай алады.
























Мектептерге арналған PISA зерттеуі 20.11.2024 ж. №9 орта мектеп базасында өткізілді. Тестке қазақ сыныбы-34 оқушы, орыс сыныбы-16 оқушы қатысты. Оқушылар 3 кабинетте отырды. Арнайы программа орнатылып, компьютерде тапсырманы орындады.

Тестілеуге арнайы бөлінетін уақыт кестесі берілді. Сол уақыт кестесі бойынша тест бақылаушылары аранйы бақылап отырды.

Тестілеу біткен соң оқушылар сауалнама тапсырды.


Ұсыныс



  1. PISA тапсырмаларын әр пән мұғалімдері өз сауаттылықтары бойынша тапсырма даярлап, оқушыларды сабақ барысында да үнемі дайындық үстінде болуы керек.

Әр пән мұғалімдері өз жоспарларына сәйкес, тапсырмаларын және тест нәтижелерінің мониторингісін өткізіп отыруы керек.

Жауапты: 9-10-11 сынып пән мұғалімдері (оқу сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы, математикалық сауаттылық)

  1. Мектеп психологтары әр оқушымен жұмыс жасап, сауалнама мен тренингтер жиі өткізіп отыру керек. Жауапкершілік жүктеледі: мектеп психологтары Д.Махметова,

  2. Осы бұйрықтың орындалуы, жұмыстың жүргізілу барысы:Директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға жүктеледі: Қ.Жакупова, С.Туткабаеваға.




Жауапты ДОТЖО Қ.Жакупова

С.Туткабаева








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2025
283
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі