400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"PISA халықаралық бағдарламасы аясында мәтін түрлерімен талдау жұмыстарын жүргізу"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Өрлеу" Қостанай филиалында облыс педагогтарының біліктілігін арттыру курстарынан өту нәтижесінде жасалған конспект-баяндама. Жалпы педагогтарға ұсынылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

PISA халықаралық бағдарламасы аясында мәтін түрлерімен талдау жұмыстарын жүргізу

Талдау дегеніміз - жеке қасиет ерекшеліктерді арнайы карастырып, танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін, соған қызмет ететін тәсіл. Мұғалім қызметіндегі оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда қарастыратын басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, оқыған мәтіннен ғибрат ала отырып, оқиғаны шынайы өмірмен байланыстыра суреттеу, көркем шығармаларды оқуға деген ынталарын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы сауатты ұрпақ тұлғасына, адамгершілікке, парасаттылыққа, сұлулыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуға қатысты талдау түрлерін жүзеге асыру үшін белгілі бір жүйе арқылы әдеби шығармаларды оқытып, талдатып, өзіндік дербес жұмыстарды жүргізіп, ұйымдастырып, машықтандыру іс-әрекеттерін дұрыс жүргізу керек.

Шығарманың мазмұнын, оқиға желісін оқушыларға түсіндіру
төмендегідей жүйеде іске асырылуы керек:

Мұғалімнің кіріспе әңгімесінен кейін, шығармадан үзінділер келтіре отырып, мазмұнымен таныстырып шығу.

Әңгімені іштей оқу арқылы әр бөлімге ат қойғызу, оны талдау және жоспар құрғызу.

Жоспар бойынша әңгімені мазмұндап айтқызу. Тірек сөздерді қолданып, оны жадында сақтай білуге дағдыландыру.

Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы мінездеме жасату.

Шығарма оқиғасының бастауын, байланысын, өрбуін, дамуын, шарықтау шегін, шешімін айқындауға кірісу.

Оқылған әңгіме оқиғасына байланысты жазба жұмыстар орындау.


Тұтас мәтінді талдаудың келесі сатысы- кейіпкер бейнесін талдау
Оқиғаның дамып, өрбуі тікелей кейіпкерлерге, олардың іс-қимыл, әрекеттеріне, өзара қарым-қатынасына байланысты. Нақтылап айтсақ, кейіпкер- оқиға желісінің арқауы.

Кейіпкерлер бейнесін таныту белгілері:

1. Жазушының кейіпкерге берген сипаттамасы және олардың портреттерін суреттеуі.

2. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктерін талдау.

3. Кейіпкерлер диалогы, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздерді, суреттемелерді табу.

4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысы.

5. Кейіпкерлердің адами ұнамды қасиеттерін анықтау, олардың оқушыларға әсері.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
04.06.2023
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі