Материалдар / PISA тапсырмалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

PISA тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
PISA бағдарламасы міндетті білім алуды аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.PISA тесті «Оқушылар мен студенттер қазіргі заманғы қоғамда еңбек ету үшін қаншалықты білімге ие?» деген негізгі сұраққа жауап береді. PISA білім алушылардың академиялық білімін емес, оларды қолдану тәжірибесін зерттейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2019
51838
46 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

PISA бағдарламасы міндетті білім алуды аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.PISA тесті «Оқушылар мен студенттер қазіргі заманғы қоғамда еңбек ету үшін қаншалықты білімге ие?» деген негізгі сұраққа жауап береді. PISA  білім алушылардың академиялық білімін емес, оларды қолдану тәжірибесін зерттейді.

8 сынып

11-мысал. «Химия» бөліміне арналған жетік деңгейдегі тапсырма:

Ахмет сынауыққа аз мөлшерді ұнтақ салды. Содан кейін ол ұнтаққа сұйықтық құйып, сынауықты шайқады. Химиялық реакция жүрді.

Химиялық реакция кезінде Сіз байқай алатын екі үрдісті сипаттаңыз.

Жауабы:

1) температураның өзгеруі;

2) газ көпіршіктерінің бөлінуі

Тапсырма орындауда химиялық реакция кезінде жүретін өзгерістерді нақты сипаттау қабілеті мен маңызды концепцияларды түсінуі ескеріледі.


12-мысал. «Физикалық ғылымдар» бөліміне арналған жетік деңгейдегі тапсырма:

Суретте парашютист төрт позициядан көрсетілген.


1. Секіру алдында ұшақта.

2. Парашюттің ашылуы алдында секіруден кейін еркін құлау кезі.

3. Парашют ашылғаннан кейін жерге қону кезі.

4.Қонғаннан кейін бірден жерге түскен кезі.


Парашютисттің қай позициясында гравитациялық күш әсер етеді?

А) Тек 2 позицияда; В) Тек 2 және 3 кездерде;

С) Тек 1, 2, 3 кездерде; D) * 1, 2, 3, 4 кездерде.

Гравитациялық күш сияқты физикадағы кешенді және абстрактілі түсініктерді сипаттап, көрсететін ілгері деңгейдегі тапсырма.


13-мысал. «Химия» бөлімінің «Ойлау» оқу-танымдық түріндегі жоғары деңгейіне арналған тапсырма:

Даниярға белгісіз қатты заттың үлгісін берді. Ол осы заттың металл екенін білгісі келеді. Осы заттың металл екенін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады?

Жауабы: металл электр тогын өткізеді. Ол оны затты, батарейканы және шамды қарапайым электр тізбектеу арқылы дәлелдей алады. Барлығы дұрыс қосылса шам жанады, бұл жағдайда зат металл екені анық.

Негізгі мектептің оқушылары металлды анықтай алуы және металл болу үшін заттың қандай қасиеттері болу керектігін сипаттауы қажет.

Оқушылар кейбір ғылыми зерттеу дағдыларын демонстрациялау, сәйкес келетін эксперименталды әдістерін таңдау мен негіздеу, әр түрлі типтегі диаграммалар, контур карталар, сызбанұсқалар мен кестелерді біріктіру мен ақпаратты логикалық қорытындылау, керекті ақпаратты таңдау, анализдеу мен қорытындылау, сонымен бірге қысқаша сипаттама беру керек.


1 есеп   1.1808 жылы ағылшын химигі Хэмфри Дэви ашты. Қосылыстарында +2 тотығу дәрежесін және ІІ валенттілік көрсетеді. Бұлщық ет жұмысына қажет фермент қызметі мен қан ұю жүйесі үшін . Ол кейбір фермент жұмысын жеделдетеді, адам және мал сүйектері мен тістері құрамына кіреді. Адам және мал азығында  мөлшері жетіспесе, мал рахит ауруына шалдығады, жүрек жұмысы әлсірейді,қанның сапасы кемиді. Минералдарының қоры Қаратау өнірінде.Мәрмәрдің,бордың,әктастың негізгі құраушысы.  

 2.Оқушы тәжірибе  барысында  байқаған денесіне су тисе бұрқырап, ашуланады.Сумен бөлме температурасында да оңай әрекеттесетінің ,түзілген заттан  әк сүті пайда болады.

 2 есеп  1.Бір топ балалар топсеруенге шықанда алдынан мына \а,б суреттегі \ жәндікке және өсімдікке тап болған .Бұл жәндікпен өсімдіктің арасында  қандай ұқсастық болған.

 

                                         А) сурет                            Б) сурет     

 2. Олар табиғатта кездеспейді, арнайы өнеркәсіптік жолмен химиялық өндірістердіе (заводта,цехта) алынадыКөміртек (ІІ )оксиді мен сілтіні 6-8 атм.қысымында әрекеттестіріп алады.

3. Қышқылдардың маңызы, пайдасын сәйкестіріңіз

Қышқылдар

 

Маңызы

Сүт қышқылы

Айран жасауда қолданылады

Қоңыздар, құмырсқа бөлетін қышқылдар

Тамаққа қышқылтым дәм береді

Бор, аскорбин қышқылы

Медицинада пайдаланылады

Асқазандағы тұз қышқылы

Жауынан қорғанады, қорегін өлтіреді  

Соустар, дәмдеуіштер

Тау жыныстарын бұзады, топырақ түзеді

Қына бөлетін қышқылдар

Сүйекке,тіске, тырнаққа мықтылық, қаттылық қасиет береді

Фосфор қышқылының тұздары

Ас қорытуға, бактериялардың дамуына жол бермейді

3 есеп. Д.И.Менделеев атындағы  ауданының №2 үйдің екінші қабатының №6 бөлмесінің тұрғыны аталған қабаттағы №8 бөлмеде тұратын қызды сырттай ұнатып қалады.Ол одан екі жас үлкен еді.Күндердің-күнінде жігіт оқуға кетеді. Сонан  бері түнде түсінен күндіз есінен кетпейді.

Амалы құрып портретін салып іліп қояды.

Кім-кімді ұнатқан ?

 №2,2 қабат,

6, №8 екі жас деген нені білдірді?

Қыздың портретін қалай салған?

Жауабы:

Көміртегі оттегін ұнатқан, №2 период 2 қатар да ,№6 бөлмеде тұратын көміртегі (жігіт), №8 бөлмеде тұратын  оттегі қыз . Екі жас деген көміртегінің реттік № 6.

Оттегінің реттік №8. Қыздың портреті О реакция теңдеуі

С+О2=СО2

Оттегі жайлы.

4 есеп  Ертеде елді-мекен ішінде оттегі деген газ өмір сүріпті.Ол өте күшті екен.Жер бетінде тіршілік тек қана мен сақтап тұрмын дейді екен. Күштілігі сондай кім кездесседе тотықтырып жібереді. сондықтан оттекті тотықтырғыш, алынған заттарды тотығу деп атайды.

 Мендеелев шаһарында  қыдырып жүріп, кездескен элементтердің  бәрімен реакцияға түсіп , аралас-құралас бола береді.Содан  мақтаншақ болып алды. Химия дүниесінде меннен күшті ешкім жоқ деп ойлайды.Бірақ оттегі қателескен еді. Бір күні елді мекен кестесінде фтормен кездесіп қалады.

Оны тотықтырғысы келіп еді,күші келмеді.Көмекке сутегін шақырды, екеуі бірігіп су молекуласын құрып фторға ұмтылды.СУ фторға бар күшін жұмсаса да әлі келмеді .Бірақ фтор күшті еді.естімеген ғажайып оқиға болды.Бұрын отты сөндіріп жүрген судың өзі фторда жанып кетті.

Мақтаншақ оттегі тотыға ма, тотықсыздана ма?

Реакция теңдеуін жаз?

Жауабы. Оттегі бұрын тотықтырғыш болып келсе,бұл реакцияда тотықсыздандырғыш рөлін атқарды.Сөйтіп фтордың оттегіненде тотықтырғыштығы асып түсті.«Өзіңнен зор шықса,екі көзің сонда шығар» дегеннің кері келді.

O2+2F2  =     2OF2

5 есеп

Латын тілінен аударғанда «камал» дегенді білдіреді.Бұл металл табиғатта кең таралған жер қыртысында көптеген минералды кендері бар. Оның тұздары теңіз суларында бар,тіптен мұхит түбінде бай табиғи шөгінділері кездеседі.Адамның денесінде 4- 4,5 г болады. Таза түрінде метеориттердің құрамында болады.Оны ертеде «аспан тасы» деп атаған.

Бұл қай металл?

2.суреттегі тәжірибеден нені байқадық?

2.   “Иә,  жоқ”

1.Темір құймалары таттанбайды.

2.Қоршаған ортаның әсерінен металдардың бұзылу құбылысы жеміріліу деп аталады.

3.Металдардың бәрі жемірілмейді.

4.Жемірілумен күресуге болмайды.

5.Жемірілу экономикаға үлкен шығын әкеледі.

6.Жыл сайын жемірілуден 20 % металл шығын болады.

7.Жемірілуді болдырмау үшін металл бұйымдардың бетін бояуға болмайды.

6 есеп

1.Адам қарынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір сүре алады. Адам ағзасында оншақты ішкі секреция бездері бар, олардың салмағы 100 гр бола­ды. Егер адамның салмағы 0,5 гр гипофиз безін алып тастаса адам өледі.10

Сұрақ: а) Ішкі секреция бездері өте кішкентай болғанымен ағза үшін маңызы өте зор.Неліктен?

ә) Ағзада олар қандай қызмет атқарады?

2.Ішкі секреция бездері тәулігіне өте аз мөлшерде гормондар түзеді.Тәулігіне В дәрумені 0,000003г,ал адреналин одан мың есе аз түзіледі.15 гр адреналин жер шарындағы бүкіл адамға жетеді екен.

Сұрақ:

а) Гормондар дегеніміз не? Аттарын атаңыз.

ә) Ағза үшін ішкі секреция бездері гормондарының маңызы қандай ?

3.Адамның өміріне, денсаулығына биологиялық белсенді заттар ферменттер, ви­таминдер және гормондар әсер етеді. Мысалы: қауіп төнгенде жануарлар, жүгірер алдында спортсменнің қанында адреналин көбейіп кетеді.

Сұрақ: Гормондардың ағзаға әсері қандай?


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!