PISA ТАПСЫРМАЛАРЫ БИОЛОГИЯ
САБАҒЫНДА
Жақсылыққа бастайтын жарқын
жұлдыз – оқу.
Бүгінгі күннің талабына сай
оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру басты
мақсатымыз.
PISA зерттеушілерінің
ұраны: Өмір сүру үшін білім алу»
Функционалдық сауаттылық
дегеніміз – оқу барысында алған
білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын өмірде кездесетін алуан
түрлі мәселелерді шешу үшін қолдана білу.
Мұндағы басшылыққа алынатын
сапалар:
1.Белсенділік
2.Өз ойын еркін
жеткізу
3.Шығармашылық тұрғыда
ойлау
4.Шешім қабылдай
алу
Осы зерттеулердің негізі
мектеп бағдарламасын меңгеру ғана емес, оқушының білімін шыңдау,
ойын еркін айту, оны өмірде қолдана алуға
бағыттау.
Енді сабақ барысында
оқушыларға PISA тапсырмаларын әзірлеуге
келейік.
Тапсырманы құрастырудағы
мақсат:
-Алған білімдері арқылы
сұраққа еркін жауап беруге дағдыландыру;
-Мәтінмен жұмыс жасай алуды
үйрету;
-Қосымша ақпарат жинауға
бағыттау;
Тапсырмалар күнделікті өмірмен
байланыстыра құрастырылса оқушыға түсінікті, әрі тиімді болатыны
белгілі.
Тапсырма 1 «Көмірсулар»
тақырыбына байланысты «Қант»
Қанттар – моносахаридтер мен
олигосахаридтердің қоспасы. Олар тәтті заттар. Қанттардың ішіндегі
ең тәттісі – фруктоза. Шай ішкенде, басқа да тағамдарды дайындауға
қолданылып жүрген қант көптеген моно-олигосахаридтердің қоспасы.
Олардың ішіндегі мөлшері ең көбі – сахароза. Оның құрамында глюкоза
мен фруктоза бар. Көп қанттардың 95 пайызы – сахароза, ал
қалғандары – глюкоза, арабиназа, рафиназа, стахиаза, сорбоза,
т.б.
Ал кейбір қанттың құрамында 80
пайыз сахароза болады, ал қалған 20 пайыз басқа
моно-олигосахаридтер. Демек бұл қантта сахарозаның үлесі аз, олай
болса фруктоза да аз.
Сұрақ
1 Көмірсулардың типтеріне
тоқталыңыз.
Жауабы: моносахаридтер,
олигосахаридтер, полисахаридер.
Сұрақ
2 ТМД елдерінде алынатын қант
пен Қытай елінде алынатын қанттардың ерекшеліктерін
сипаттаңыз.
Жауабы: ТМД елдерінде алынатын
қанттың құрамында сахароза-95 пайыз, ал Қытай елінде алынатын
қанттың құрамында сахароза 80 пайыз. Сондықтан Қытай елінде
алынатын қанттың тәттілігі төмен.
Сұрақ
3 Сахароза мен сахар бір зат па
әлде әр түрлі зат па?
Жауабы: Сахароза-дисахарид.
Сахар – моно – олигосахаридтердің қоспасы.
Бағалау:
1. Көмірсуларды
жіктейді-1балл
2.Қанттың құрамын
салыстырады-1 балл
3. Екі затты айқындайды- 1
балл
Тапсырма
2 «Нан» Нәруыздар
тақырыбында
Адамдардың жейтін тағамдарының
бірі – нан. Нанның құрамында адам ағзасына керек құрам бөліктер
толық бар. Солардың ішінде басқа дәндерде толық бола бермейтін не
аз болатын, бидай дәнінде толық және керекті мөлшерде болатын
«Айырбастамайтын амин қышқылдары: валин, лейцин, изолейцин,
треонин, метионин, лизин, фенилаланин, триптофандар» бар. Бұл амин
қышқылдары адам мен жануарлар ағзаларында басқа органикалық
молекулалардан синтезделмейді. Бұларды синтездейтін ферменттер жоқ.
Бидай дәні адамға физиологиялық қажетті
ас.
Сұрақ
1. «НАН»
Берілген мәліметтерді
пайдаланып амин қышқылдарының құрамын
сипатта.
Жауабы: Айырбастамайтын және
айырбастайтын, 20 түрлі амин қышқылынан
тұрады.
Сұрақ
2. Мәтіндегі мәліметтен
нәруыздардың қайда синтезделетін
қарастырыңыз.
Жауабы: Өсімдіктерде. Соның
ішінде бидай дәнінде айырбастамайтын амин қышқылдарының бәрі
бар.
Сұрақ
3 Нансыз тамақтану адам ағзасын
неге қанағаттандырмайды?
Жауабы: Нан ас атасы. Нанның
құрамында адамға қажетті барлық құрамбөліктер
бар.
Жауаптарын одан кеңейтіп
жазуларына болпды.
Бағалау: 1.Ұсынылған мәліметтен
нәруыздардың құрамын сипаттайды-1балл
2. Айырбастамайтын амин
қышқылдарының қайда синтезделетінін
дәлелдейді-1балл
3. Нанның құрамын толығымен
сипаттайды-1 балл
Бұл тапсырмаларды құрастыру
қиындау болғанымен, көп уақыт алғанымен оқушы жауабын оқыған кезде
бір жауапқа ғана сүйенбей оқушының еркін түрде өз ойын жазуы, кейде
біз білмейтін мысалдар келтіруі маған қатты ұнайды. Сонысымен
тапсырмалар қызықты. Оқушының жауабы дұрыс жауапқа жақындаса жауап
қабылданады.
Нәтижесі:
-
PISA
тапсырмалары арқылы есте
сақтау қабілеттері дамиды;
-
Өз ойын еркін жеткізуге
негізделеді;
-
Өз бетінше жұмыс жасауға
үйренеді.