Функционалдық сауаттылық.
PISA зерттеуіндегі функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөліктері
ХХІ ғасыр – білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойылатын жаңа технологиялар мен инновациялар ғасыры. Еңбек нарығының құрылымы өзгерді және еңбек нарығы уақыт өткен сайын анағұрлым жоғары деңгейлі дағдыларды қажет етуде. Жұмыс берушілер тарапынан әмбебап дағдыларды игерген функционалдық сауатты мамандарға сұраныс артып келеді. Оларды сыни ойлауға қабілетті, тиісті міндеттерді креативтілікпен шеше алатын қызметкерлер қызықтырады.
Жұмыс берушілер жаңа білім мен инновациялық тәсілдерге ашық, командада тиімді қарым-қатынас жасай алатын мамандарды таңдайды.
Қазіргідей қарқынды өзгеріп жатқан әлем мектеп бітірушіні даярлауға көзқарасты өзгертуді талап етеді. Мектеп пәндік білім мен дағдыларды қалыптастырумен қатар оқушылардың өз білімін өмірдегі шынайы жағдайларға ұқсас әртүрлі жағдайларда қолдану дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі керек, яғни функционалдық сауаттылықты дамытуы қажет. Бұл мектеп түлегінің қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді, оның өмір бойы білім алуына көмектеседі.
Қазіргі орта білім беру мазмұны оқушылардың заман талаптарына сәйкес білім-дағдыларын дамытуға бағытталған, олардың бірі функционалдық сауаттылық болып табылады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда функционалдық сауаттылық әрбір жеке тұлғаның ортаға табысты бейімделуінің және табысты дамуының негізгі іргетасы болып табылады. Интернет арқылы және басқа ақпарат құралдары арқылы қолжетімді ақпарат көлемінің артуына байланысты ақпараттың сенімділігі мен маңыздылығын айқындау барған сайын кұрделене түсуде. Функционалдық сауаттылық әртүрлі ақпарат көздерін оқу, түсіну және талдау, фактілерді жеке пікірлерден ажырата білу және әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын қамтамасыз етеді.
|
Оқушылар мектептен өзінің өмір бойы дамып-жетілуіне, жаһанданған әлемде оқуына, жұмыс істеуіне және өмір сүруінеге, әрі қарай дамуына мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды игеріп шығуы керек. Білім сапасын бағалау арқылы білім беру жүйесі жаңа нәтижелерге бағдарланады. Функционалдық сауаттылық білім берудің негізі нәтижелерінің бірі болып табылады және мамандықтар әлемінде дұрыс бағыт-бағдар таңдауға ықпал етеді.
|
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО (ағылшынша UNESCO, United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) – Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша мамандандырылған мекемесінің құжаттарында қолданылды.
Қазіргідей қарқынды дамып жатқан әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметке белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
|
Функционалдық сауаттылық – адамның қоғаммен өзара әрекеттестікке түсу барысында (банкте шот ашу, нұсқаулықтарды оқу, кері байланыс парағын толтыру және т.б.) алған білімі мен дағдыларын қолдануға қабілеттілігі, яғни бұл адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуіне, оған мүмкіндігінше тез бейімделуіне және қызмет атқаруына мүмкіндік беретін сауаттылық деңгейі. Ол қарқынды өзгеріп жатқан қоғамда әрбір адамға қажет қолданбалы білім негізінде әртүрлі қызмет салаларындағы өмірлік міндеттерді шешу дағдылары арқылы көрініс табады. Функционалдық сауатты адам – адам іс-әрекеті мен қарым-қатынастарының, қоғамдық қатынастардың әртүрлі салалары бойынша өмірлік маңызы бар міндеттердің барынша кең ауқымын шешу үшін тұрақты түрде өмір бойы жинақталатын барлық білім, білік, дағдыларын тиімді қолдана білетін адам.
|
Кең ауқымды мағынада функционалдық сауаттылықты білімнің (ең алдымен жалпы білім) адамның көп қырлы қызметімен байланысын қамтитын жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсінеміз.
Функционалдық сауаттылық – нақты жағдайда көрініс табатын жеке тұлғаның ситуациялық сипаттамасы, сондықтан функционалдық сауаттылық мәселесі адамның өмір сүре білу мәселесі ретінде қарастырылады.
Негізінде функционалдық сауаттылық оқушылардың іс-әрекеті арқылы көрініс табады, ал функционалдық сауаттылықтың қалыптасу дәрежесін бағалауды оқушылардың өмірдегі әртүрлі жағдайларда қолдана алатын белгілі бір іс-әрекет стратегиялары мен іс-әрекеттерін бағалау арқылы жүзеге асыруға болады.
Халықаралық деңгейде 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығының даму деңгейі PISA (Programme for International Student Assessment- Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын халықаралық бағдарлама) халықаралық зерттеуі шеңберінде бағаланады.
Жасөспірімдер 15 жаста негізгі білім деңгейін аяқтап, ересек өмірге дайындалады. Осыған байланысты зерттеу 15 жастағы оқушылардың өз бетінше өмір сүруі үшін қажет білім, білік, дағдыларын анықтауға бағытталған.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен өз білімін тәжірибе жүзінде қолдана білу қабілетін бағалайтын тестілеуді (PISA) ұлттық білім беру орталықтарының қатысуымен 3 жылда бір рет ұйымдастырып өткізеді.
PISA зерттеуі әртүрлі елдердің білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді айқындауға және салыстыруға, білім беру саласындағы стратегиялық шешімдердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мониторингілік зерттеу болып табылады.
PISA зерттеуіне қатысу елдердің білім беру жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын айқындай отырып, олардың жағдайын объективті бағалауына мүмкіндік береді. Елдің зерттеуге қатысу нәтижелері ұлттық сарапшылар мен академиялық қоғамдастық үшін маңызды материалдар береді.
Қатысушылардың нәтижелерін салыстыруды қамтамасыз ету үшін PISA зерттеуі белгілі бір жас шеңберіндегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалайды. Зерттеуге 15 жас 3 айдан 16 жас 2 айға дейінгі жас мөлшері аралығындағы оқушылар қатысады.
PISA қатысушыларының басым бөлігі 15 жаста болғандықтан, «15 жастағы оқушылар» термині қолданылады. PISA-ға қатысушылар мектептер мен колледж білім алушылары қатарынан іріктеледі.
PISA зерттеуі шеңберінде функционалдық сауаттылықтың келесі негізгі мазмұндық құрамдас бөліктері қарастырылады:
математикалық сауаттылық
оқу сауаттылығы
жаратылыстану сауаттылығы
қаржылық сауаттылық
жаһандық құзыреттілік
креативті ойлау.
PISA зерттеуінің негізгі бағыттары оқушылардың математикалық сауаттылығын, оқу сауаттылығын және жаратылыстану сауаттылығын бағалау болып табылады.
|
PISA зерттеуі 2000 жылдан бері үш жылдық циклдермен жүргізіліп келеді. Әрбір циклде тереңірек талдау үшін негізгі үш бағыттың бірі (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы) басты бағыт ретінде белгіленеді. PISA зерттеуінің әрбір циклінде бағалаудың басым бағытын өзгерту осы бағыт бойынша толық ақпарат алуға және осы саладағы жетістіктерді салыстырмалы түрде талдауға мүмкіндік береді. Басты бағыт бойынша тест тапсырмалары барлық тапсырмалардың жартысын құрауы мүмкін. 2018 жылғы зерттеу оқу сауаттылығына бағытталған және интербелсенді тапсырмалар қолдану арқылы толығымен компьютерлік негізде жүргізілді PISA-2022 зерттеуінде математикалық сауаттылық басты бағыт болды. ЭЫДҰ PISA жобасын дамыту шеңберінде елдерге оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың түрлі нұсқаларын ұсынады: Digital Reading (цифрлық оқу), міндеттерді өз бетінше шешу, проблемаларды бірлесіп шешу, қаржылық сауаттылық. PISA-2018 шеңберінде функционалдық сауаттылықтың жаңа компоненті – жаһандық құзыреттілік, PISA-2022 шеңберінде – креативті ойлау енгізілді, ал PISA-2025 зерттеуінде цифрлық әлемде оқу компоненті енгізіледі. |
Халықаралық PISA зерттеуінің форматы әртүрлі тапсырмаларды қамтиды. Тестілеудің негізгі түрі ретінде жабық сұрақтар қолданылады. Бұл тестілеуге қатысушы берілген мәтіндегі сөйлемді көрсетіп, ақпаратты мағынасына қарай байланыстыруы және бірнеше жауап нұсқасын таңдауы қажет көп жауап нұсқасы бар тапсырмалар.
Сонымен қатар PISA тест тапсырмаларында еркін құрылымдалған жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Дегенмен мұндай сұрақтарды қолдану барысында бағалаудың өзгеруіне байланысты туындайтын бірқатар қателіктер орын алуы мүмкін. Сондықтан ашық сұрақтар PISA зерттеуінің үштен біріне дейінгі бөлігін құрайды.
Тест тапсырмалары сұрақтарға жауап берудің үш түрін қамтиды:
- еркін құрылымдалған (толық және негізделген жазбаша жауап);
- жабық құрылымдалған жауап (баяндалған оқиғаларды реттілігімен орналастыру, қажетті сандарды немесе сөздерді көрсету және белгілеу);
- ұсынылған жауап нұсқаларынан таңдау (төрт жауап нұсқасының ішінен бір дұрыс жауапты таңдау (a, b, c, d).
Сілтеме:
OECD. (2019). PISA 2018 Assessment and Analytical Framework, PISA. Paris: OECD Publishing. doi:https://doi.org/10.1787/b25efab8-en
OECD (2023), PISA 2022 Results (Volume I): The State of Learning and Equity in Education, PISA, OECD Publishing, Paris, https://doi.org/10.1787/53f23881-en
«PISA-2022 зерттеуіндегі Қазақстан нәтижелері» ұлттық есебі – Астана: Қазақстан «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ, 2024 ж., 162 бет.
https://taldau.edu.kz/ru/o-mezhdunarodnom-ocenivanii/pisa
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
PISA зерттеуіндегі ФС құрамдас бөліктері

шағым қалдыра аласыз