Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«PISA зерттеулерінің әдістерін математикада тиімді қолдану»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндама: «PISA зерттеулерінің әдістерін математикада тиімді қолдану»
PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты – мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау.
Қазақстан Республикасы 2011 - 2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр» деп жазылған. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің өтпелі кезеңі аяқталып, дамыған елдер моделіне сәйкес келетіндігін және ТМД елдерінің арасынан мемлекетіміз көшбасшылық орынға шығып, 2020 жылға дейін жоғары білім сапасы мен халықаралық деңгейде нәтиже беретіндігінің айғағы. Cондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өткізілетін оқушылардың ғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда. Қазіргі оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға қатты көңіл бөлінуде.Теориялық білім мен практикалық білім дәрежесін теңестіру осы күнгі маңызды міндеттердің бірі.
PISA халықаралық зерттеуіне Қазақстанның қатысудағы мақсаты - оқушылардың оқу жетістіктерінің бақылау-бағалау жүйесін реформалау, халықаралық стандартқа сәйкес білім мазмұнын оңтайландыру, қазақстандық білім сапасын бағалау жүйесін құру болып табылады. 2013 жылы PISA - 2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан қарастырылып, 65 мемлекет қатысуымен Қазақстан Республикасы математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша - 52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленгені белгілі болды. Еліміздің төменгі деңгейде болуы білім беру жүйесіндегі талаптарды өзгертуге, стандарт талаптарын қайта қарауға итермелейтіні сөзсіз. Ол үшін білім саласының мамандарына жоғары білімді берумен қатар, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға, сыни көзқарас қалыптастыра отырып, функционалдық сауаттылыққа баулу құзыреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді.Бұл әсіресе мұғалімдердің жауапкершілігін, міндеттерін күшейтеді. 2015 жылы РISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың жаратылыстану бағытында оқушының функционалдық сауаттылығы тексерілді, сондықтан жас ұрпаққа теориялық мәліметтермен қоса әлеуметтік ортада алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатындай деңгейде жеткізу – педагогтардың басты міндеті.Егер оқушылардың белгілі бір тапсырмаларды ой елегінен өткізуге ықпал ететін, осы жағдай проблемаларын зерттеуге және одан шығу жолдарын көрсететін жаңа мәтіндер мен тапсырмалар құрастырылса, жеке шешім қабылдай алатын, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді тұлға қалыптасады.
Оқушының білімін қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік түрлері :
1.Ақпараттық
құзыреттілік: Өз бетінше табуға, талдауға,
іріктеу жасауға, түсіндіруге және ақпаратты тасымалдауды, оның
ішінде қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың
көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
2.Коммуникативтік
құзыреттілік: Нақты өмірлік жағдайларда
өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың
түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік
береді.
3.Проблемалардың шешімін табу
құзыреттілігі: Әр түрлі жағдайда
проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің
нәтижесін бағалауға мүмкіндік
туғызады.
Бірінші топқа енетін тапсырмалар ғылыми тану әдістеріне жататын, ғылыми білімдерді алу тәсілдеріне жататын құзыреттілікке тиісті. Осы тапсырмаларда оқушыға қандай болмасын фактілерді орнату тәсілдерін табу ұсынылуы мүмкін, физикалық өлшемді анықтау, гипотезаларды тексеру, ұсынылған мәселенің зерттеу жоспарын белгілеу.
Екінші топ тапсырмалары үдеріс барысы немесе өзгерістерді болжауға, құбылыстарды түсіндіру және сипаттау біліктерін қалыптастырумен байланысты құзіреттілікке тиісті (құзыреттіліктің екіншісі). Осы біліктер анық ғылыми білімдер мөлшерінде негізделмей, сондай құбылыстардың модельдерімен қызмет ету қабілеттілігінің, және сол тілде түсіндірме және сипаттама беріледі.
Үшінші құзыреттілікке тиісті тапсырмалар бар мәліметтер негізінде қорытынды алуға біліктілікті алуды қалыптастырады. Осы тапсырмалар сандар, суреттер, кестелер, схемалар, диаграммалар, сөз сипаттамасының көпшілік түрінде беріледі.
Мен математика пәні мұғалімі болғандықтан, оқушыларға PISA тапсырмаларына қарай отырып, есептерді өмірмен байланыстыруға тырысамын. Оқулықтарда берілген есептердің негізгі мағынасын қалдырып, есептің құрылымын өзгертіп оқушыларға ұсынамын. Мұндай есептер оқушыға әрі түсінікті , әрі қызық,әрі мағыналы.
Мысалдар келтіріп өтсем:
1-есеп: Аквариум.
1сұрақ: Аквариумның биіктігі 2дм,ұзындығы 5дм, ені 3дм болса, оған қанша су құюға болады?(1дм3=1л)
Жауабы: ______________дм3
Түсіндір:______________________________
______________________________________________
2cұрақ: Аквариумға 35л су құюға бола ма?
Жауабы:_________________Неге?_________________
Шешімі:1. Аквариум көлемі V=abc формуласынан V= 2*5*3=30(дм3)
2. Аквариумға 35 л су құюға болмайды, себебі оның көлемі 30л тең.
2-есеп: Үй шатыры.
Саматтың үйінің шатырының табанының ұзындығы 6м,биіктігі 4м болатын тең бүйірлі үшбұрыш.
1cұрақ: Самат үйінің шатырын жаңалау үшін қанша шифер сатып алуы қажет?
Жауабы: _______________м2
Түсіндір:_____________________________________________
2cұрақ: Самат 50м2 шифер сатып алса , үйінің шатырын жаңалай алады ма?
Жауабы:_________________
Шешімі: 1. 48м2 шифер сатып алуы қажет. Себебі үй шатырының толық бетінің ауданы Sт.б=4*(1/2а*h); Sт.б=4*12=48(м2).
2.Жаңалай алады, себебі оған 48м2 шифер керек.
3-есеп : Шөп жинау.
Шөп жинаушылар мәшинеге шөпті ұзындығы 2,5м, ені 2м, биіктігі 1,5м тік бұрышты параллелепипед тәрізді етіп жинады. (1,5м3=1ц)
1сұрақ: Мәшинеге қанша центнер шөп жиналды?
Жауабы: _______________ц.
Түсіндір:_____________________________________________
_________________________________
2сұрақ: 1 мәшинеге қанша көде шөп жиналды? (1көде шөп = 25кг)
Жауабы:_________________ көде.
Шешімі: 1. 7,5 ц, себебі жиналған шөп көлемі V=abc формуласынан V=2,5*2*1,5=7,5(м3) =7,5ц.
2. 30көде.(1ц=100кг;7,5ц=750кг; 750/25=30(көде))
4есеп: Туған күн.
Туған күнге 15 оқушы келді.Туған күнге арнайы торт алынды. Торттың биіктігі 10см, радиусы 15см. (100г=408,5см3)
1сұрақ: Әр оқушы қанша торт жеді?
Жауабы: _______________грамм.
Түсіндір:________________________________________________________________________________________________________________________________________
2сұрақ:Торттың массасы қанша ?
Жауабы:_________________________кг.
Шешімі: 1. 116г, себебі торт көлемі V=πr2*h=3,14*152*10=7068,6(см3)
Хг - 7068,6 см3
100г - 408,5см3
Х≈706860/408,5≈1732(г)
1732/1567≈116(г) Жауап нақты түрде беріледі.
2. торттың массасы: 1,732кг.
5 есеп. Алма бағы
№108есеп. Шыныбеков А. 9 класс.
Бақта жұмыс істеп жүрген Нұрлан мен Самат қалталарына алма салып шықты. Олар көшеде Берікті кездестіріп, Нұрлан оған бір алмасын, ал Самат екі алмасын беріп еді, үшеуінің алмаларының сандары бірдей болды.
1 сұрақ.Нұрлан мен Самат әрқайсысы бақтан неше алмадан алып шықты?
Жауабы:_____және____алма
Түсіндір:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2сұрақ. Нұрлан мен Самат барлығы қанша алма салып шықты?
Жауабы:________алма
А) 6
В) 7
С) 8
Д) 9
№ |
Есептің талдау нәтижелері |
1 |
Есептің шығару жолы: Нұрлан - х алма Самат - у алма Нұрлан 1 алма берді: х-1 Самат 2 алма берді: у-2 Барлығы Берікте 3алма болды. х-1=3 у-2=3 х=3+1 у=3+2 х=4 у=5 |
2 |
Сипаттау: кеңістік, тұрмыстық-математикалық есеп |
3 |
Математикалық саласы: Сан, қатынас,кеңістік |
4 |
Оқу-танымдық әрекеттері: қолдану |
5 |
Сұрақ форматы: толық жауап таңдау |
6 |
Деңгей: 3 |
Бұл есептерді орындағанда оқушылар ынтамен, есепті күнделікті өмірге байланыстырып,дұрыс жауабын табуға тырысты. Олардың пәнге деген қызығушылығы артып, логикалық ойлауы дамыды..
PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыру құрылысы 4 бөлікті қарастырады:
1. Құзырлықтар:Ғылыми сұрақтарды тану және қою, құбылыстарға ғылыми анықтама беру, ғылыми дәлелдерді пайдалану.
2. Білім: Жаратылыстану , математика ғылымы – ғылым туралы білім (пайымдау әдістері мен тәсілдері)
3. Мәнмәтін:Жаратылыстану математика білімі және технологиямен байланысты шынайы жағдаяттар:жеке бас; әлеуметтік; ғаламдық
4. Қатынастар:
Аталған 4 бөлікті қамтыған жағдайда ғана оқушылар жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге ие болатыны сөзсіз.
PISA тест тапсырмаларының жауаптарының типтері:Бұл тапсырмалардың жауаптары мынадай түрде болуы мүмкін: Қысқа жауапты таңдауы, «Ия» немесе «жоқ» жауаптарын таңдау, жабық түрде құрастырылған жауаптар, ашық түрде құрастырылған жауаптар .