"Пішіндер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Пішіндер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Пішіндер туралы ұғым беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған орта. Экология.

Тақырыбы: Суды зерттеу.

Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Су, құм колбалар, сүт, мұз ғаламшар, термометр, термос, жайпақ табақ.

Сөздік жұмыс: Сұйық, сусымалы.

Билингвальды сыңары: Су – вода, сусымалы – сыпучий, сұйық – жидкость.

Шаттық шеңбері.

Күндей жарқырап

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не?

Балалар: Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта.

Тәрбиеші: Табиғат қандай болады?

Балалар: Тірі табиғат және өлі табиғат.

Тәрбиеші: Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер; ал, өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.

  Балалар, енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік.

  Жалт – жұлт еткен,

  Жылғадан өткен

  Бұл не?

                   ( Су )

  Аспаннан домалап,

  Көп моншақ төгілді.

  Бұл не?

              ( Жаңбыр )

Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осы су туралы суға байланысты айтамыз.



  • Ғаламшар деген не?

  • Ғаламшар – жердің мекені.

  • Қандай денеге ұқсайды?

  • Шарға ұқсайды.

Тәрбиеші: Ғаламшарды айналдырсақ бірақ түсті ғана болып көрінеді. Себебі, жер бетінде су өте көп. Сондықтан, картада, ғаламшарда суды көк түспен белгілейді. Көк түс судың түсі. Мұхиттардың, теңіздердің, өзен–көлдердің түсі көк.

1) Сылдыр – сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

2) Су – тіршілік білсеңдер,

Судан ырыс күткен жер,

Суды лайлап түкірме!

Деп үйретер үлкендер.

  Қане, балалар, су туралы мақал – мәтелдерді айтайық.

  1. Судың да сұрауы бар.

  2. Су – тіршілік көзі.

  3. Сусыз өмір жоқ.

  4. Су – тазалықтың досы.

  5. Бұлақ көрсең көзін аш.

  6. Сумен жер көгерер,

Батамен ел көгерер.

  Тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

1. Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын тәжірибе арқылы көреміз.

1 стақан суға шай қасықты салу. Қасығымыз көріне ме?

Балалар: Көрінеді.

1 стақан сүтке шай қасықты саламыз. Сүттің ішіндегі қасық көрінді ме?

Балалар: Жоқ көрінбейді.

Балаларға суы бар стақан және бояу жағылған таяқшалар. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды балалар бояйды.

Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге болама екен?

Балалар: Болады.

2. Менде екі түрлі ыдыс бар, пішіндері әр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай?

Балалар: Әр түрлі.

Тәрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.

- Су қандай зат екен?

Балалар: Су – сұйық зат екен.

3. Ал, балалар, ыдысқа құм саламын. Ол да ыдыстың пішініндей пішінге айналады. Сонда құм сұйық зат болғаны ма?

Осыны тексеріп көз жеткізейік.

Суды жайпақ табаққа төгеміз, су жайылып кетті. Яғни, су – сұйық зат.

Ал, енді құмды төгейік, ол үйіліп тұр. Олай болса, құм сұйық зат емес екен, сусымалы зат екен. Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен. Құм - сусымалы зат. Су – сұйық зат.

4. Тәжірибеміз мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.

Мұзды еріту. Суды ысытуға, мұздатуға және оны ерітуге болатынын көрсету. Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ, бу шығады. Бұл бу су тамшыларына айналады.

Сергіту сәті:

  Биік болып өсеміз,

  Жапырақтай жайқалып.

  Ағаштарға су құйып,

  Өсіреміз саябақ.

Балалар: Оқу іс - әрекетін қорытындылап, өз ойларын айтып, тәжірибелердің қызықты болғандарын, не көргендерін айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Судың сұйық зат екенін біледі.

Меңгеру: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.

Жасай білуі: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2021
414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі