Пішіндер әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пішіндер әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Танымдық дағдыларын арттырып, алған білімдерін бекіту. Балалардың ойлау және логикалық дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Пішіндер әлеміне саяхат»

Білім беру саласы: Таным. Коммуникация.

Бөлім: ҚМҰҚ , Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Балалардың оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Танымдық дағдыларын арттырып, алған білімдерін бекіту.
Балалардың ойлау және логикалық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеті: Балаларға дидактикалық тапсырмаларды орындату арқылы
логикалық дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық жүйелендіру
мен онымен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.

Кіріспе :

Шаттық шеңбері

Армысың, шапағатты күніміз!

Aрмысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, табиғат анамыз!

Келді сізге, өзіңіздің балаңыз!

Здравствуй, небо голубое!
Здравствуй, солнце золотое!
Здр
aвствуй, воздух и вода!
Здр
aвствуй, матушка земля!


ІІ. Негізгі бөлім:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Здравствуйте ребята!
— Балалар бүгін көңіл күйлерін қандай?
— Балалар бүгін бізде ерекше күн!
Ал, олай болса, біз бүгін «Пішіндер әлеміне» саяхатқа шығамыз. Сендер саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

Балалар барлығымыз назарымызды Интерактивті тақтаға аударайықшы?

Тәрбиеші: Сендер нені көріп тұрсыңдар?

Балалар: Көліктерді

Көлік суреттері: көлік, поезд, ұшақ, т.б.

Жарайсыңдар , балалар! Осы көліктердің біреуін таңдап, саяхатқа шығайық.

Тәрбиеші: Сендер қандай көлікті таңдайсыңдар?

Балалар: Поезд ( Поезд суреті жеке )

Ал, енді осы поездбен саяхатқа шығайық.

Тәрбиеші: Поезд қандай дыбыс шығарады?

Балалар Поездың дыбысын келтіреді.

Балалар бізге арналған тапсырма бар екен?

Ал, енді назарымызды тақтаға аударып, жұмбақты мұқият тыңдаймыз.

Жұмбақ:

Бұрыштан, сызықтардан

Құрылған бұл не екен? (Пішіндер)

(Бейне таспамен жұмбақ жасырады)

Ал, саяхатымызды жалғастырайық.

Балалар қараңдаршы біз «Пішіндер әлеміне» келдік. Сендер пішіндерді атай аласыңдар ма?

Ендеше тақтаға назар аударайық.

(Пішіндер туралы бейне таспа көрсетіледі)

РЕКЛАМА

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»

Шарты: Балалар Интербелсенді тақтамен жұмыс жасап, пішіндерді орнына орналастырады.

Балалар сендерге пішіндер әлемі ұнады ма?

көлеңкелі

Ендеше келесі саяхатымызға қандай көлік таңдаймыз?

  1. Барлық көліктердің суреттері.

  2. Ұшақ жеке

Ұшақ қалай ұшады?

Балалар әжей сендерге жұмбақ жасырады екен! Ал, сендер шешуін табуға дайынсыңдар ма?

Жұмбақ:

Кемпірқосақ қандай түстен тұрады?

(Бейне таспамен жұмбақ жасырады)

Балалар әжей сендерге жасырған жұмбақтың жауабын білесіңдер ме?

Ал, саяхатымызды жалғастырайық. Балалар, қараңдаршы, біз «Пішіндер әлеміне» келдік.

Сендер пішіндерді атай аласыңдар ма?

Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай топтастыр»

Шарты: Балалар Интерактивті тақтадан жалаушаларды түсіне қарай жинайды.

Балалар, сендерге шаршаған шығарсыңдар. Ендеше біраз бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәт

(Бейне таспамен орындалады)

Ал, ендеше біз келесі көлігімізді таңдаңдаймыз.

(Көліктер, кеме, қайық, т.б.)

Ал, енді соңғы жұмбақ қалды балалар,

Жұмбақтың шешуін табамыз ба?

Жұмбақ

Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Жан – жағына қарамай
Айтыңдаршы бұл не? (Сандар)

(Бейне таспамен жұмбақ жасырады)

Дидактикалық ойын: «Тура және кері санау»

(Интерактивті тақтадан)

Шарты: Балалар сандарды тура және кері санайды.

Қорытынды: Балалар біз бүгін қайда саяхатқа бардық?

Сендерге ғажайып әлемге саяхат жасаған ұнады ма? Балаларға сұрақ қойып, жауап ала отырып, оқу қызметімізді қорытындыладым. Балаларды белсенділіктеріне қарай мақтап, мадақтадым.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі